22
жоғары оқу орындарына түспей тұрып-ақ ғылыми зерттеуге қойылатын
талаптардың барлық спектрін түйсінетін ғалымдардың позициясынан қарау
мүмкіндігін алады.
3.1.7 Білім беру қызметін ақпараттандыру
Зияткерлік мектептерді ақпараттандырудың басты мақсаты ДББҰ-ны
ақпараттандыру саясатын жетілдіру, инновациялық-ақпараттық технологиялар
мен жүйелерді әзірлеу, енгізу және дамыту негізінде білім беру деңгейін
арттыру
және
оқушылардың,
мұғалімдердің,
ата-аналардың
және
қызметкерлердің мәдени және интеллектуалдық байлығын өсіру үшін
инфрақұрылымдық жағдай жасау болып табылады.
Ақпараттандыру Зияткерлік мектептердің білім беру бағдарламаларының
модельдеріне сәйкес сабақ беру мен оқыту сапасын арттыруға және білім беру
процесіне қатысушылардың барлығының қазіргі заманғы инновациялық
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану мәдениетін және
оларды ұдайы жетілдіру қажеттілігін қалыптастыруға бағытталған.
Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін ДББҰ мыналарды іске асырады:
ақпараттық білім беру жүйесін және ақпараттық-коммуникациялық
басқару жүйесін құру;
ақпараттық сауаттылықты, оқу-тәрбие процесінде жаңа ақпараттық
технологияларды пайдалану арқылы білім берудің және ғылыми
қызметтің тиімділігі деңгейін арттыру;
оқу-тәрбие
процесінде
ақпараттық
технологияларды
үздіксіз
пайдаланып, оқу бағдарламаларын енгізу;
білім беру процесіне барлық қатысушылардың ақпараттық мәдениетті
қалыптастыруы;
қазіргі заманғы инновациялық ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды, жабдықтар мен бағдарламалық қамтымды үздіксіз енгізу;
инновациялық технологиялар базасында тотальды автоматтандыру
жүйесін құру.
Ақпараттандыруда ДББҰ мынадай қағидаттарды ұстанады:
ұғымдылық қағидаты – кез келген есеп құжатында берілген ақпарат
осы құжатты пайдаланушыға орынды және түсінікті болуға тиіс;
дұрыстылық қағидаты – ақпарат шынайы және қарама-қайшы
келмейтіндей болуға тиіс;
толықтық қағидаты – оқу процесінде болатын барлық механизмдер
жүйесінде
көрініс табу;
ашықтық қағидаты – Бірыңғай ақпараттық-білім беру жүйесі (бұдан
әрі – БАБЖ) арқылы ата-аналар өз балаларының үлгерімі мен мектепке барып
жүргендігін бақылайды, бақылаушы органдар Зияткерлік мектептердегі басқару
процестерін (бюджеттеу, сатып алу және т.б.) бақылайды;
23
жеткіліктілік қағидаты – бағдарламаны іске асыру нәтижесінде
білім беру процесін қамтамасыз ету үшін қажетті техникалық құралдар мен
ақпараттың жеткіліктілігіне қол жететін болады;
үйлесімділік қағидаты – барлық кіші жүйелер мен модульдердің
үйлесімділігі. Бір дерекқорды бірнеше жүйенің сыпайы пайдалануы,
ақпараттың дұрыс көрінуі және есептілікті қалыптастыру.
Әлемдік тәжірибені, жалпы білім беретін мектептердің ағымдағы жай-
күйін талдауды және оқушылардың, мұғалімдер мен ата-аналардың
қажеттілігін назарға ала отырып, ақпараттандыру негізіне оқу процесін басқару
сапасын арттыруға ықпал ететін технологияларды енгізу жатады.
Бірыңғай ақпараттық білім беру ортасы (БАБО) – бірыңғай
ақпараттық әлеуметтік білім беру жүйесін білдіреді, ол мыналардан тұрады:
Ақпараттық білім беру жүйесі (АБЖ) – бағдарламалық-
телекоммуникациялық кешенді білдіретін жүйе, ол оқу процесін жүргізуді, оны
ақпараттық қолдауды және құжаттандыруды қамтамасыз етеді. АБЖ мынадай
кіші жүйелерден тұратын болады: оқу процесін басқару (LMS –
LearningManagementSystem),
мектепті
басқару
(SMS
–
SchoolManagementSystem),
сыныпты
басқару
(CRMS
–
ClassroomManagementSystem),
контентті
басқару
(CMS
-
ContentManagementSystem), тестілеу модулі және «электронды кітапхана»
модулі;
Ақпараттық-әкімшілік жүйе (АӘЖ) – ДББҰ-ның әкімшілік
қызметін жоспарлау, есепке алу және басқару процестерін автоматтандыратын
жүйе, оны мынадай кіші жүйелердің интеграцияланған жиынтығы ретінде
қарауға болады: материалдық-техникалық құралдарды есепке алу және бақылау
жүйесі, бюджеттеу жүйесі, сатып алуды ұйымдастыру жүйесі, адами
ресурстарды басқару жүйесі.
Цифрлық білім беру ресурстарын және қозғалысты танудың
мультимедиялық бақылаушылары сияқты жаңа технологияларды пайдалану
оқушылармен тәрбие және сабақтан тыс жұмыстардың жаңа түрін (ойындар,
жарыстар, тапқыр математика сабақтарын өткізу, топтық сабақтар) өткізу үшін
жаңа мүмкіндік береді.
Робот техникасы негіздерін қалыптастыру модельдеу және бағдарлама
жасау және математикалық процестерді өмірде тереңдетілген оқыту
процестерін анық түсінуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оқуды аяқтағаннан
кейін ECDL сертификаттау (Еуропа компьютерлік құқықтары) – дербес
компьютерді игеру дағдыларын тәуелсіз халықаралық сертификаттауды енгізу
мәселесі зерделенеді.
ECDL сертификаты Еуропа мен АҚШ-та жалпыға бірдей танылған, оның
иесі ақпараттық технологиялардың негізгі тұжырымдамаларымен таныс, дербес
компьютерді және неғұрлым таралған қосымшаларды қолдана алатындығын