«назарбаев зияткерлік мектептері»



жүктеу 0,55 Mb.
Pdf просмотр
бет2/18
Дата31.05.2018
өлшемі0,55 Mb.
#18534
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

 



КІРІСПЕ 

 

1.1 



Девиз, миссия және пайымдау 

 

Девиз 

Білім берудегі жоғары сапа және көшбасшылық! 



 

Миссия 

Өзіне  үздік  қазақстандық  дәстүрлерді,  халықаралық  тәжірибе  мен 

практиканы үйлестіретін мектепте жаратылыстану-математика бағытында білім 

берудің  инновациялық,  көптілділік  жүйесінің  моделін  әзірлеу  мен  енгізу 

арқылы Қазақстанның зияткерлік әлеуетін арттыруға ықпал ету. 

 

Пайымдау 

Зияткерлік  мектептердің  түлектері  –  орнықты  адамгершілік  құндылығы 

қалыптасқан  өз  елінің  патриоты  болып  табылады,  қазақ,  орыс  және  ағылшын 

тілдерін еркін қолданады. Олар – үйлесімді дамыған, дені сау, өзін-өзі дамытуға 

және шығармашылыққа ұмтылған, сыни ойлайтын және проблемаларды шеше 

алатын азаматтар.  

Зияткерлік  мектептердің  түлектері  беделді  қазақстандық  және  шетелдік  

университеттерге  оқуға  түсіп,  аяқтайды  әрі  еңбек  нарығында  табысты 

бәсекелесе алады.  

Зияткерлік  мектептердің  түлектері  елде  болып  жатқан  әлеуметтік-

экономикалық және саяси процестерге белсене қатысады. Барлық деңгейлерде 

кеңінен  өзара  әрекет  етеді  және  инновацияларды  енгізеді,  Қазақстанның  

халықаралық аренадағы ықпалын ұлғайтады.  

Зияткерлік  мектептер  оқуға  инновациялық  көзқарастарды,  өз  тәжірибесі 

мен  практикасын,  үздік  шетелдік  тәжірибені  Қазақстанның  орта  білім  беру 

жүйесіне  көрсетеді,  осылайша  елде  берілетін  білім  мен  тәрбиенің  сапасын 

арттыруға жәрдемдеседі. 

 

 




 

1.2 



Стратегиялық мақсат 

 

Үздік  қазақстандық  және  халықаралық  тәжірибе  мен  практиканы 



ықпалдастыратын инновациялық білім беру моделін құру және енгізу. 

 

1.3 



Стратегиялық міндеттер 

 



 

«Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  дербес  білім  беру  ұйымының  (бұдан 

әрі – ДББҰ) жүйесінде қазіргі заманғы басқару нысандарын іске асыру; 

 



бастауыш, негізгі және жоғары  мектептер үшін білім беру бағдарламасы 

мен оқу материалдарын жасау; 

 

функционалды сауатты, патриот, жауапты, көптілді, креативті, және сыни 



ойлайтын,  салауатты  өмір  салтын ұстанатын,  өмір бойы  оқуға  қабілетті, 

жетекші  қазақстандық  және  халықаралық  университеттерге  түсетін 

оқушыларды қалыптастыруға ықпал ететін оқытатын орта жасау; 

 



білім беру сапасын бағалаудың айқын жүйесін әзірлеу; 

 



мұғалімдер  мен  басқа  да  педагог  қызметкерлерді  кәсіби  дамытуды 

қолдау; 


 

жаратылыстану-математика  ғылымдарын  оқуға  қабілетті  балаларды 



іздестіру мен конкурстық негізде қабылдау; 

 



ДББҰ  қызметіне  ата-аналар  жұртшылығын,  үкіметтік  емес  ұйымдарды, 

жергілікті атқарушы органдар мен басқа да мүдделі тараптарды тарту; 

 

Зияткерлік мектептер желісін кеңейту; 



 

Зияткерлік  мектептердің  тәжірибесін  Қазақстанның  орта  білім  беру 



жүйесіне көрсету; 

 



әлемде  халықаралық  деңгейде  танылған  білім  беру  және  ғылыми 

ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту. 

 

1.4 

Зияткерлік мектептерді құрудың алғышарттары 

 

Қазақстанның 



21-ғасырдың 

басындағы 

қарқынды 

әлеуметтік-

экономикалық дамуы техникалық, басқарушылық және көшбасшылық құзыреті 

жоғары деңгейдегі мамандарға аса қажеттілікті тудырды, сондықтан 2008 жылы 

Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  –  Елбасы  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  бастамасы  бойынша  Зияткерлік  мектептер  құру  жөніндегі  жоба 

іске қосылды.  

Зияткерлік  мектептер  бастауыш  мектеп  (оның  ішінде  мектепке  дейінгі 

тәрбие  мен  оқыту),  негізгі  мектеп  және  жоғары  мектеп  деңгейлері  бойынша 

білім  беру  бағдарламаларының  қазіргі  заманғы  модельдерін  әзірлеуді,  оларға 

мониторинг  жүргізуді,  зерттеуді,  талдауды,  байқаудан  өткізуді,  енгізуді  және 

іске асыруды жүзеге асыратын эксперименттік алаң болып табылады.    

Қазақстан  Республикасындағы  қазіргі  бар  білім  беру  талаптары  мен 



 

стандарттары  білім  беру  саласындағы  қазіргі  заманғы  басқару  нысандарын 



лайықты    деңгейде  енгізуге,  инновациялық  білім  беру  бағдарламалары  мен 

ғылыми жобаларды іске асыруға мүмкіндік бермеді.   

Осыған  байланысты  инновациялық  білім  беру  бағдарламалары  мен 

ғылыми  жобаларды  іске  асыру  үшін  қажетті  білім  беру  саласындағы  қазіргі 

заманғы  басқару  нысандарын  енгізу,  академиялық  еркіндік  пен  дербестікті 

дамыту  үшін  2011  жылғы  19  қаңтарда  «Назарбаев  Университеті»,  «Назарбаев 

Зияткерлік  мектептері»  және  «Назарбаев  қоры»  мәртебесі  туралы»  Қазақстан 

Республикасының Заңы қабылданды.   

Бұл  мәртебе  білім  беретін  оқу  бағдарламаларын  дербес  бекітуге, 

қабылдау  емтихандарына  қойылатын  талаптарды  белгілеуге,  үлгерімділікті 

ағымдағы бақылауға, аралық және қорытынды аттестациялау мен басқаларына 

құқықты  білдіреді.  Академиялық  еркіндік  қағидаты  жаңа  бағдарламаларды 

әзірлеу  мен  байқаудан  өткізуді  жеделдетуге,  орта  білім  беру  жүйесін 

жаңғыртуға мүмкіндік береді.  

 

1.5 

Қызметінің қағидаттары 

 

ДББҰ өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады: 



1) заңдылық 

ДББҰ  өз  қызметін  Қазақстан  Республикасының  Конституциясына, 

Қазақстан 

Республикасының 

заңдарына, 

Қазақстан 

Республикасының 

Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, 

сондай-ақ ДББҰ-ның Жарғысына қатаң сәйкестендіріп жүзеге асырады; 

2) патриоттық 

ДББҰ  оқушыларының,  педагогтары  мен  қызметкерлерінің  қазақстан 

қоғамының, қазіргі заманғы өскелең мемлекеттің игілігіне қызмет етуі; 

3) төзімділік 

этностық тиесілігіне, жынысына, азаматтығына, әлеуметтік мәртебесі мен 

дене жағдайына қарамастан барлығына ашықтық; 

4) теңдік 

шыққан  тегіне,  әлеуметтік,  лауазымдық  және  мүліктік  жағдайына, 

жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге 

де жағдайларға қарамастан тең жағдай беру; 

5) транспаренттілік 

ДББҰ қызмет туралы, оның ішінде оның қаржылық жағдайы, ДББҰ-ның 

басқару  құрылымы  туралы  шынайы  ақпаратпен,  барлық  мүдделі  адамдарға 

мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді 

қоспағанда,  ақпаратқа  еркін  қолжетімділікті  қамтамасыз  етеді.  Қызмет 

бағыттары  бойынша  қоғам  мен  бұқаралық  ақпарат  құралдары  үшін  міндетті 

түрде ашықтық; 

6) академиялық еркіндік 

ДББҰ-ның  білім  беру  бағдарламаларын,  білім  беру  қызметін  жүзеге 




жүктеу 0,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау