24
растайтын стандарт болып табылады. Көптеген елдерде ECDL сертификатының
болуы жұмысқа қабылдау кезіндегі міндетті талап болып табылады.
Білім беру саласына ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
(АКТ) енгізудің үздік әлемдік практикаларын зерделеу жөнінде жұмыстар
үздіксіз негізде жүргізілуде, мәселен, атап айтқанда, Live@Edu (білім беру
мекемелері үшін тегін лайықты сервис), Office365,DreamSpark (әзірлеу және
дизайн үшін Microsoft құралдарының толық лицензиялық нұсқаларына тегін
қолжетімділік) бағдарламаларын енгізу, бұл Зияткерлік мектептерде АКТ-ның
ең соңғы жетістіктерін пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Толыққанды Бірыңғай ақпараттық білім беру ортасын құру барлық
ДББҰ-ны біріктіретін бірыңғай корпоративтік желі құрғаннан кейін ғана
мүмкін. Үлкен қашықтықтың және Интернет-провайдерлер қызметі құнының
бірте-бірте төмендеуі салдарынан корпоративтік желі құру Интернет желінің
мүмкіндіктеріне және әлемдік үрдістерді ескере отырып негізделетін болады.
Бірыңғай корпоративтік желіге ДББҰ және өздерінің ішкі компьютерлік
желілері бар Зияткерлік мектептер қосылатын болады. ДББҰ-ның бірыңғай
корпоративтік желісі және ішкі желілер тұтастылық, жеткіліктілік және қарсы
тұруға тұрақтылық ұғынымдарынан құралатын болады. Ақпараттық орта құру
әкімшіліктің басқару қызметінің сапасын арттыру туралы айтуға мүмкіндік
береді.
3.1.8 Білім беру бағдарламаларының орталығы
Ұдайы зерттеу жүргізу және байқаудан өткізу нәтижелерін талдау және
интеграцияланған білім беру бағдарламасын, сондай-ақ көрсетілетін білім беру
қызметтерінің сапасын үздіксіз арттыру үшін Білім беру бағдарламаларының
орталығы (бұлан әрі – ББО) құрылды. ББО алдыңғы қатарлы қазақстандық
және шетелдік тәжірибені интеграциялауды жүзеге асырады. ББО қызметінің
негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік сабақ беру және оқыту
практикасына зерттеулер жүргізу және талдау, оларды Қазақстанның
білім беру жүйесіне бейімдеу және енгізу;
Зияткерлік мектептер мұғалімдерінің және бастауыш, негізгі және
жоғары мектептер үшін Интеграцияланған білім беру бағдарламасын
әзірлеумен айналысатын халықаралық сарапшылардын жұмысын
үйлестіру және ұйымдастыру;
Интеграцияланған білім беру бағдарламасын байқаудан өткізу,
мониторинг жүргізу және
жетілдіру;
Зияткерлік мектептерге Интеграцияланған білім беру бағдарламасын
енгізуге әдіснамалық қолдау көрсету;
базалық және басқа да жалпы білім беретін мектептерге
Интеграцияланған білім беру бағдарламасын қоса алғанда, ДББҰ-ның
білім беру моделін бейімдеуге және енгізуге қолдау көрсету;
25
ел ішінде конференциялар мен семинарлар өткізу, халықаралық
конференцияларға қатысу.
ББО қызметі білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.
ДББҰ оқу-әдістемелік ресурстарды үздік әлемдік практикаға сәйкес
әзірлеу, бейімдеу және енгізу жөніндегі жүйені қалыптастыру үшін, сондай-ақ
e-learning жүйесін дамытуға білім беру контентін әзірлеу үшін жеке
мамандандырылған институт – Білім беру ресурстары орталығын құрады.
Қызметтің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
ДББҰ-ның жаңа интеграцияланған білім беру бағдарламасының
талаптарына сәйкес келетін оқу-әдістемелік кешен әзірлеу;
дайын білім беру ресурстарын аудару және бейімдеу;
e-learning жүйесін дамыту үшін білім беру контентін әзірлеу;
қазақстандық
авторларды,
редакторларды,
дизайнерлерді,
иллюстраторларды,
суретшілерді,
аудармашыларды,
медиа-
зерттеушілерді және оқу ресурстарын әзірлеу жөніндегі басқа да
мамандарды оқыту.
3.2
Білім беру сапасын бағалау жүйесі
Білім беру процесін тиімді ұйымдастыру, білім беру қызметтерінің
жоғары сапасын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жоспарлау және
жұртшылықты білім берудің жай-күйі туралы ақпараттандыру үшін
стандартталған бағалау нәтижелері қажет. Қазақстанның білім беру жүйесінде
жалпы орта білім беру ұйымдарының қызметін және оқушылардың оқу
жетістіктерін бағалауға стандартталған көзқарас жеткілікті әзірленбеген және
пайдаланылмайды. Сондықтан ДББҰ көрсетілетін білім беру қызметтерінің
жоғары сапасын қамтамасыз ету және олардың қызметінің тиімділігін бағалау
үшін білім беру сапасына мониторинг жүргізу мен бағалаудың кешенді жүйесін
әзірлейді және енгізеді.
Сапаға мониторинг жүргізу мен бағалау жүйесінің негізгі міндеттері
мыналар болып табылады:
оқушылардың оқу жетістіктерін конкурстық іріктеуден қорытынды
аттестациялауға дейін бағалау;
халықаралық ұйымдардың мектептердің қызметін бағалауы
(аккредиттеу және авторландыру);
білім беру сапасын қамтамасыз етуді бағалау.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау мыналарды қамтиды:
оқушылардың жаратылыстану-математика ғылымдарын оқуға
қабілетін бағалау. Бұл үшін ДББҰ Сито Педагогикалық өлшемдер
институтымен (Голландия) және Джонс Хопкинс Университетінің (АҚШ)
Талантты жастар орталығымен (CTY) бірлесіп, күрделілігі жоғары деңгейдегі
оқу бағдарламалары бойынша оқу үшін оқушыларды анықтау және қабылдау