14
университет мойындайды. Олардың ішінде әлемге әйгілі Гарвард, Оксфорд,
Кембридж, Йель, Сорбонна, Лондон экономика мектебі сияқты жоғары оқу
орындары және басқалары бар.
5-кесте: 2-білім беру моделі
Жоғарғы мектеп
Пәндер бойынша кредиттері көрсетілген орта білім туралы аттестат, халықаралық
емтихандардың сертификаттары мен МБ дипломымен қоса (оқуды табысты
аяқтаған жағдайда)
Негізгі мектеп
7-10 сынып:
MYP
(12-16 жас)
грант
Грант
Үлгерімін жыл сайын растау
2 білім беру моделі
Конкурстық
іріктеу
Жалпы білім
беретін
мектептердің 6
сыныптары
Конкурстық
іріктеу
Конкурстық
іріктеу
грант
Назарбаев
Зияткерлік
мектептерінің 10
сыныптары
11-12сынып :
DP
(16-18 жас)
ХБ негізгі мектебі бағдарламасының (Middle Years Programme)
ерекшеліктері:
оқушылардың қорытынды жұмыстарын ХБ стандарттарына сәйкес
сырттай бағалау;
емтихандар мен жеке жобалар тапсыру;
оқыту негізінен ағылшын тілінде;
МYР сертификатын және негізгі мектепті бітіргені туралы куәлік алу.
ХБ Диплом бағдарламасының (DiplomaProgramme) ерекшеліктері:
11-12-сыныптарда оқу ХБ Диплом бағдарламасының талаптарына
сәйкес жүзеге
асырылады;
пәндердің мазмұны мен оқыту әдістерін ХБ ұйымы регламенттеген;
оқыту негізінен ағылшын тілінде;
ХБ дипломы емтихандар мен эссенің нәтижелері бойынша беріледі;
бағдарламаны сырттай бағалауды ХБ модераторлары жүргізеді;
оқушыларға IELTS, TOEFL және басқа да емтихандарға дайындалуға
және тапсыруға көмек;
жоғары мектепті бітіргеннен кейін бітіруші пәндер бойынша
кредиттер көрсетілген Жоғары мектепті бітіргені туралы аттестат
алады;
15
ХБ дипломы, егер бітіруші жеткілікті балл санын алса (бағдарламаны
ресми авторландырғаннан кейін) беріледі;
міндетті емтихандарды табысты тапсырғаннан кейін қосымша
сертификаттар беру (мысалы, IELTS, TOEFL және басқалары);
өту емтихандарының негізінде басқа Зияткерлік мектептерден 11-
сыныпқа өтудің арнайы бағдарламасы.
ДББҰ іске асыратын барлық бағдарламалар «халықаралық деңгейде
бәсекелесуге»
1
қабілетті «Қазақстанның зияткерлік элитасын тәрбиелеу үшін
іргетас» қалыптастыруға, «бастапқы зияткерлік әлеуетті және жас
қазақстандықтардың мықты денсаулығын қалыптастыруға» бағытталған. Олар
сол сияқты барлық орта білім беру жүйесін реформалауға бағытталған.
3.1.2 Сабақ беру мен оқытудың негізгі практикалары
Стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін отандық және халықаралық
білім беру бағдарламаларын үздік мазмұнын, сондай-ақ сабақ беру мен
оқытудың үздік отандық және халықаралық тәжірибесін интеграциялау жүзеге
асырылады.
Қазақстандық мектептердің дәстүрлі түрде күшті жақтарымен
біріктірілетін отандық және шетелдік алдыңғы қатарлы практикалар өзіне
мыналарды қамтиды:
үздік халықаралық мектептерге қойылатын талаптардың деңгейіне
сәйкес
келетін
инновациялық
интеграцияланған
білім
беру
бағдарламасы;
үш тілде білім беру;
оқу және оқудан тыс
қызметті интеграциялау;
құндылыққа бағдарланған білім беру;
әлеуметтік жобаларды енгізу;
жаңа педагогикалық әдістемелер мен технологияларды енгізу:
o
оқушыларды белсенді оқыту, өз бетінше оқуын дамыту;
o
пәннің мазмұны мен тілді оқытуды интеграциялау;
o
шығармашылық және сыни ойлауды дамыту;
o
АКТ және WEB 2.0 технологияларын тиімді пайдалану;
o
зерттеу дағдыларын дамыту;
o
ынтымақтастықты, коммуникативтік дағдыларды және
мәдениаралық қарым-қатынасты дамыту.
Жоғарыда
санамаланған
практикалар
мынадай
құндылықтарға
негізделген:
Өзіне
және
айналадағы
адамдарға
құрмет:
әлеуметтік
бейімдеушілікті және салауатты өмір салтын ұстануды білдіреді. Өз
1
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы
«Қазақстан дағдарыстан кейінгі әлемде: болашаққа зияткерлік серпін» дәрісінен
16
мәдениеті мен тіліне құрмет сияқты, басқа да мәдениеттер мен
тілдерге, құқықтарға, адамгершілік пен пікірлердің әртүрлілігіне
құрметті қамтиды.
Ынтымақтастық:
өзіне
жағымды
қатынастарды
дамытуды,
ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруды және сындарлы
көзқарасты дамытуды, өзара қарым-қатынастар құрған кезде сыни
ойлай білуді қамтиды.
Жауапты азаматтық позиция: өзіне
патриоттықты қамтиды.
Жауапты азаматтар адал, сындарлы әрі белсенді, олар тұтастық, сыни
идеялар мен қоғамды дамыту, ұлт пен қоршаған ортаны қорғау үшін
пікір алуандығын әкеледі, олар қазақша, орысша және шет тілдерінде
сөйлейді.
Академиялық әділдік: академиялық әділдік, шығармашылық ұрлыққа
және ақпаратты оның шыққан көзін көрсетпей көшіруге төзбеушілік
қағидаттарын сақтаудан тұратын басқа адамдардың идеялары мен
ойларын құрметтеу.
Өмір бойы оқу: білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын
материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу, ақылын,
денесін, қарым-қатынас пен мінезді ұдайы дамыту. Өзіне оқушылардың
өз бетімен оқуына ықпал ететін икемділік мен дағдыларды дамытуды
қамтиды.
Ашықтық: өзіне Зияткерлік мектептің даму жоспарлары, оқытудан
күтілетін нәтижелер мен бағалау рәсімдері сияқты ақпаратқа еркін
қолжетімділікті қамтамасыз етуді қамтиды. Бір-бірінің сабақтарына
қатысу (сынайтын достар), сұхбат, сауалнама жүргізу.
Жоғарыда келтірілген құндылықтар оқушыларға болашақта өз білімін
табысты дамытуға, еңбек нарығында бәсекелесуге және социумда өзара әрекет
етуге, өзінің мақсаты мен қоғамның мақсатына жету үшін білімін пайдалануға
ықпал ететін функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған.
3.1.3 Үш тілді орта
Зияткерлік мектептерде үш тілді орта құру оқушылардың жалпы дамуына
ықпал етеді. Осы саланың негізгі ерекшелігі үш тілде сабақ беру мен сабақтан
тыс қызметті жүргізуді білдіреді, бұл қосымша ақпаратқа қолжетімділікті және
басқа мәдениеттерді түсінуді кеңейтеді. Құрылған үш тілді ортаның арқасында
оқушылардың әлеуеті артады, икемділік, сыни және шығармашылық ойлау,
мәдениаралық ынтымақтастыққа қабілеттілік, өзіне және айналасындағыларға
құрмет, басқа тілдерді білуге құштарлық пен дағды дамиды.
Үш тілді оқыту моделін қалыптастыру үшін мынадай міндеттерді шешу
қажет:
оқушыларға тіл құзыретін және пәндерді үш тілде оқыту үшін
қабілеттілікті өрістетуге көмектесу үшін үш тілді орта құру;