34
Жұмыс стратегиялық әріптестер: Cito Педагогиялық өлшемдер
институтымен (Нидерланды) және Джонс Хопкинс Университетінің (АҚШ)
Талантты жастар орталығымен (CTY) бірлесіп жүргізілді.
Әзірленген жүйе жаратылыстану-математика ғылымдарын оқуға қабілетті
балаларды іріктеуге бағытталған және математика бойынша суреттермен,
кестелермен, диаграммалармен жұмысты бағалау, тілдер бойынша мәтінмен
жұмыс істеген кезде тілдік құзыретті бағалау арқылы оқушылардың
функционалдық сауаттылығын тексеруге бағдарланған жаңа тапсырмаларды
қамтиды.
Сол сияқты көргенін есте сақтауды, кеңістік ойлауды, логиканы бағалау
жүзеге асырылатын болады, бұл оқушылардың жаратылыстану-математика
бағытындағы мектептерде оқуы үшін маңызды.
Алғаш рет тест тапсырмаларының сапасын ескеруге және барлық
үміткерлерге апелляция өткізбестен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ете
отырып, қорытынды балдарды автоматты түрде түзетуге мүмкіндік беретін
оқушылардың нәтижелерін психометриялық өңдеу қолданылатын болады.
Жалпы білім беретін мектептердің 5 және 6-сыныптарының қабілетті
оқушыларын қолдауды және кейіннен 7-сыныпқа түсуін қамтамасыз ету үшін
«Виртуалды мектеп» және «Каникулярлы мектеп» жобалары іске асырылуда.
«Үздік» және «жақсы» бағаларға оқитын оқушылар Виртуалды мектепте
онлайын оқу үшін тіркеле алады. Виртуалды мектеп 5 – 6-сыныптардың
оқушыларына жалпы білім беретін мектептің бағдарламасы бойынша
күрделілігі әр түрлі деңгейдегі онлайн-тапсырмалардың сериясын ұсынады.
Виртуалды мектептің тапсырмаларын табысты орындаған оқушылар мектеп
каникулдары кезінде Каникулярлы мектепке оқуға шақырылады. Каникулярлы
мектеп оқушыларға Зияткерлік мектепке түсу үшін білімін жақсартуға қолдау
көрсетуге бағытталған және бірінші кезекте пәндік бағдарланған оқытуды
қамтамасыз етеді.
Каникулярлы мектепке қабылдаудың басқа да мүмкіндігі бар. ДББҰ
мұғалімдері мен психологтарын қамтитын топтар 5 және 6-сыныптардың
оқушыларын байқау үшін үлгерім көрсеткіштері үздік мектептерге барады,
пәндік және психологиялық тестілеу өткізеді, тестілеуден табысты өткен
оқушыларды Каникулярлы мектепте оқуға шақырады.
Талантты жастарды анықтау және қолдау, олардың академиялық және
әлеуметтік әлеуетін дамыту мақсатында Зияткерлік мектептер базасында жазғы
мектептер өткізу және жыл бойғы оқу-сауықтыру орталықтарын құру
жоспарлануда.
3.5
Зияткерлік мектептер желісін құру және дамыту
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму
жоспарына сәйкес Қазақстанның бүкіл өңірлерінде 20 Назарбаев Зияткерлік
мектебі жұмыс істейтін болады. 2013 жылғы наурызда Астана қаласында (2
35
мектеп), Көкшетау, Семей, Талдықорған, Орал, Өскемен, Қарағанды, Ақтөбе
және Шымкент (2 мектеп) қалаларында 11 Зияткерлік мектеп жұмыс істейді.
2015 жылы Қазықстанның бүкіл өңірінде Зияткерлік мектептер салуды аяқтау
жоспарлануда.
Зияткерлік мектептер оқу бейініне қарай физика, химия, биология,
информатика және басқа да пәндер бойынша мамандандырылған оқу және
кеңейтілген зертханалармен жарақтандырылатын болады.
Тұтастай алғанда, жобалау, салу, материалдық-техникалық жарақтандыру
жөніндегі жұмысты ұйымдастыру білім беру моделінің талаптары ескеріле
отырып жүзеге асырылады.
Бұдан басқа, оқушылардың физикалық және рухани жан-жақты дамуын
қамтамасыз ету үшін жыл бойғы оқу-сауықтыру орталықтары құрылады.
Жобалау мен салуды ұйымдастыру үшін ДББҰ жанынан еншілес ұйым
құрылды, оның құзыретіне болашақта салынған ғимараттарды күтіп ұстау
мәселелері кіретін болады.
3.6
Тәжірибені тарату
Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы
18 сәуірдегі кеңейтілген отырысында берген Назарбаев Зияткерлік
мектептерінің тәжірибесін көрсету туралы тапсырмасына сәйкес Қазақстан
Республикасының Үкіметі ДББҰ тәжірибесін тарату жөніндегі тұжырымды
көзқарастарды мақұлдады.
Мемлекет басшысының Зияткерлік мектептердің тәжірибесін көрсету
туралы тапсырмасын орындаудың маңызды бөлігі педагогтардың біліктілігін
арттырудың түбегейлі қайта құрылған жүйесі болып табылады. Оны
жаңғыртуды ПШО әлемдік тәжірибені және халықаралық көзқарастар
деңгейінде даярлықтан өткен үздік педагог ұжымдар жиналған Зияткерлік
мектептер тәжірибесін интеграциялау негізінде жүргізеді.
Кәсіби қоғамдастықтарды дербес оқытуды және дамытуды қолдайтын
кәсіби даму бағдарламалары әзірленді, онлайн ресурстар құрылды, онда кәсіби
даму үшін мүмкіндік беріледі, онлайн сабақтар мен семинарлар, әр түрлі
конференциялар мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.
Республиканың педагог қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби дамуына жағдай
жасау үшін ПШО сайтының базасында www.cpm.kz. біліктілікті арттырудың
деңгейлі бағдарламалары шеңберінде оқудан өткен педагогтардың желілік
қоғамдастығы құрылды. ПШО сайтының форумы мұғалімге білікті
консультативтік көмек алуға мүмкіндік береді.
Кәсіби желілік қоғамдастық Қазақстанның әр түрлі өңірлерінде тұратын
мұғалімдерге кәсіби мәселелерді шешуге және өзінің шеберлік деңгейін
арттыруға мүмкіндік береді.
Республика ауқымында бірыңғай ақпараттық-әдістемелік кеңістік құру
қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға, оқушыларды