«назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет11/16
Дата18.12.2017
өлшемі0,51 Mb.
#4996
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Тоқсандық  жиынтық  бағалаудың  спецификациясы  мазмұнын, 

құрылымын анықтайтын келесі ақпараттардан тұрады: 

• 

тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты; 



• 

пән бойынша күтілетін нәтижелер; 

• 

пән бойынша ойлау дағдылары деңгейлерінің сипаты; 



• 

ойлау  дағдыларының  деңгейіне  байланысты  тексерілетін 

мақсаттарды тоқсандарға бөлу; 

• 

тоқсандық жиынтық  бағалауды өткізу ережесі; 



• 

тоқсандық жиынтық бағалауға шолу; 

• 

тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы;  



•   

тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері; 

• 

тапсырмалардың балл қою кестелері.  



Әр  мектептің  ұсынылған  үлгілерді  қолдануына  немесе  өз  бетінше 

тапсырмалар құрастыруына мүмкіндігі бар. Тоқсандық жиынтық бағалау 

тапсырмаларын  құрастыру  спецификацияға  сәйкес  бір  параллельдегі 

барлық сыныптарда бірыңғай талаптар негізінде жүзеге асырылады.  

Тапсырмалар  әр  түрлі  болуы  мүмкін:  диктант,  мазмұндама,  эссе, 

тест, зертханалық жұмыстар, бақылау жұмыстары, жобалар және т.б.  

 

Тоқсандық  жиынтық  бағалау  бір  параллельде  бірдей  жағдайда 



өткізіледі.  Тоқсандық  жиынтық  бағалауды  қайта  орындауға  (көшіруге) 

рұқсат етілмейді.   

Тоқсандық  жиынтық  бағалау  уақытында  белгілі  себептерге 

байланысты  (ауруына,  жақын  туыстарының  қазасына,  конференция, 

олимпиада,  ғылыми,  спорттық  жарыстарға  және  т.б.  қатысуына 

байланысты)  білім  алушылар  келмеген  жағдайда  оларға  мектепке 

келген  соң  екі  апта  ішінде  тапсыруға  рұқсат  етіледі,  ол  үшін  жиынтық 

бағалаудың қосымша нұсқалары қолданылады.   

Тоқсандық  жиынтық  бағалау  материалдарын  білім  алушылар 

жұмысты орындағанға дейін қол жетпейтін орында сақтау қажет.    

Тоқсандық  жиынтық  бағалау  әдетте  мұғалімдермен  өткізілетін 

болғандықтан,  білім  алушылар  жиынтық  бағалауды  орындайтын 

кабинетте  тек  бір  мұғалім  ғана  болады.  Мүмкіндігінше  кез  келген  бос 

мұғалімнің  тоқсандық  жиынтық  бағалауды  өткізуді  ұйымдастыруға, 

өткізуге,  мысалы,  бақылаушы  ретінде  көмектесуі  ұсынылады. 

Тоқсандық  жиынтық  бағалауды  өткізу  кезінде  мұғалімнің  жиынтық 

бағалаудың  өткізілуін  үздіксіз  қадағалауы  маңызды  және  басқа 

әрекеттер жасамағаны дұрыс (мысалы, дәптер тексеру, компьютермен 

жұмыс жасау).   

 

Тоқсандық жиынтық бағалау өткізілетін кабинеттерді мұғалімдер 



34 

 



алдын  ала  дайындайды.  Айналасы  білім  алушыларға  таныс  болуы, 

күнделікті  сабақ  өтіп  жүрген  кабинеттері  болуы  ұсынылады. 

Кабинеттерді дайындау кезінде келесілерді ескеру қажет: 

• 

Көшіріп  алудың  алдын  алу  үшін  білім  алушылардың  отыратын 



орнын ойластыру қажет.  

• 

Білім  алушыларда  сұрақ  немесе  мәселе  туындаған  жағдайда 



парталардың  арасы  мұғалім  мен  бақылаушының  еркін  жүріп  тұруына 

мүмкіндік беретіндей орналасуы тиіс.   

• 

Негізгі  нұсқаулық  пен  уақыт  жазылып  тұратын  болғандықтан 



тақта білім алушылардың алдында болғаны дұрыс.  

• 

Тапсырманы орындау барысында білім алушыларға көмегі тиюі 



мүмкін 

деген 


плакаттар, 

ақпараттық 

сипаттағы 

қабырға 


материалдарының алынып тасталуы немесе беті жабылуы тиіс.    

Тоқсандық  жиынтық  бағалауды  өткізуге  дейін  мұғалім  білім 

алушылардың  тапсырманы  орындау  барысында  көмегі  тиюі  мүмкін 

тыйым  салынған  заттарды  әкелмегеніне  көз  жеткізуі  қажет.  Тыйым 

салынған  заттардың  болу  жағдайы  ережені  бұзушылық  болып 

саналады.     

Тоқсандық  жиынтық  бағалауды  өткізу  туралы  жан-жақты  ақпарат 

тоқсандық  жиынтық  бағалауды  өткізу  бойынша  мұғалімдерге  арналған 

нұсқаулықта берілген (7-қосымша).    

 

4.2.2.2  



Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін талдау  

Тоқсандық  жиынтық  бағалау  тоқсандық  жиынтық  бағалау 

спецификациясына 

сәйкес 


құрастырылады. 

Жиынтық 


жұмыс 

тапсырмаларына  сәйкес  балдар  қойылатын  балл  қою  кестесі 

құрастырылады.  

Мұғалім  әр  жауапқа  қойылған  балдардың,  нәтижелердің  дұрыс 

жазылғанына көз жеткізуі тиіс.  

Бағалау  нәтижелерін  мұғалім,  білім  алушы  оқудағы  ілгерілеуді 

бағамдау үшін қолдануына болады. Мұғалім тоқсандық жиынтық бағалау 

нәтижелерін  білім  алушылардың  оқу  бағдарламасы  мазмұнын 

қаншалықты  тиімді  меңгергенін,  қандай  дағдыларды  игергенін  талдау 

үшін  қолдануына  болады.  Сонымен  бірге  мұғалім  үшін  аталған 

ақпараттың  келешекте  қалыптастырушы  бағалау  кезінде  оқу  үдерісін 

жоспарлауға көмегі болуы мүмкін.   



4.2.2.3 

Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау  

Бағалауды 

стандарттау 

мақсатында 

мұғалімдер 

білім 


алушылардың  жазбаша  тоқсандық  жиынтық  бағалау  жұмыстарының 

35 


 


нәтижелерін  талқылауы  үшін  модерация  белгіленген.  Модерацияда 

белгілі  бір  пән  бойынша  мұғалімдердің  балл  қою  кестесі  бойынша  бір 

ұғымда,  түсінікте  болуын  қамтамасыз  ету  үшін  жұмысты  бағалауды 

алдын ала талқылайды.   

Модерация  отырысында  жиынтық  бағалау  дұрыс  өтті  ме,  білім 

алушылардың  барлық  жауаптары  ескерілді  ме,  мұғалімдер  арасында 

бағалау бойынша келіспеушілік бар ма сияқты мәселелерді түсіну және 

талқылау  қажет.  Модерация  қорытындысы  бойынша  мұғалімдер  балл 

қою  кестесіне  толықтырулар  немесе  өзгерістер  енгізуге  қатысты  шешім 

қабылдайды.  Модерацияны  аяқтаған  соң  барлық  шешімдер  хаттамада 

көрсетіледі.  

Модерация  қорытындысы  бойынша  білім  алушылардың  балына 

өзгеріс  енгізу  қажет  болғанда  жиынтық  жұмыстарын  қайта  тексереді. 

Мұғалім  мұнда  тоқсандық  жиынтық  бағалау  нәтижелерінің  модерация 

қорытындысы бойынша жоғары сондай-ақ, төмен деңгейге қарай өзгеруі 

мүмкін екенін ескеруі қажет.

    

Модерацияны  өткізу  орнын,  уақытын  алдын  ала  қарастыру 



ұсынылады.  Тоқсандық  жиынтық  бағалауды  өткізу  мен  модерация 

өткізудің арасы 3 жұмыс күнінен аспағаны жөн.  

Бір отырыста бірнеше пәнге модерация өткізуге болады.  

Модерация  отырысына  бір  параллель  сыныпта  сабақ  беретін 

мұғалімдер  қатысады.  Модерация  төрағасы  әдістемелік  бірлестіктің 

жетекшісі,  одан  басқа  кез  келген  пән  мұғалімі  бола  алады.  Шағын 

жинақталған  мектептер  үшін  модерацияны  мұғалім  жақын  пәндер 

мұғалімдерін  немесе  критериалды  бағалау  бойынша  мектеп 

үйлестірушісін қатыстыру арқылы өз бетінше өткізуіне болады.  

Модерация  отырысы  үшін  мұғалім  тексерілген  жиынтық 

жұмыстардың  ішінен:  жоғары  және  төмен  балл  қойылған,  сондай-ақ, 

бағалау қиындық туғызған тек 3 жұмысты іріктеп алады.  

Модерация  кезінде  іріктелген  жиынтық  жұмыстарда  көрсетілген 

білім  алушының  аты-жөнін  жұмысты  қарастырған  кезде  нақты  бір  білім 

алушыға қатысты болмауы үшін жасырып қою ұсынылады.  

Отырыс  кезінде  ұсынылған  жұмыстар  балл  қою  кестесіне  сәйкес 

қарастырылады.

  

Осылайша, төмендегідей жағдайларды анықтауға болады:   



дұрыс  жауап  есептелмеген,  сол  сияқты  балл  қою  кестесінде  де 

көрсетілмеген;  

жауап синонимдес басқа сөзбен берілген, ал ол жауап балл қою 



кестесінде көрсетілмеген; 

36 


 


жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау