Бөлім
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Натурал
сандар және
нөл саны
Натурал сандар
жиыны ұғымын
меңгеру
натурал сандар жиынын анықтайды
Білу және түсіну
Бірлік кесінді
ұғымын түсіну
бірлік кесіндіні анықтайды
Білу және түсіну
Натурал сандарды
координаталық
сәуледе кескіндеу
берілген координатаға сәйкес
координаталық сәуледе нүктелерді
кескіндейді
Қолдану
сол жақта/оң жақта орналасқан
нүктелерді анықтайды
берілген нүктеден оңға қарай
орналасқан нүктені анықтайды
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың міндеті – білім алушының
ағымдағы оқу жетістігін, аралық нәтижелерін белгілеу.
4.2.1.2
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау
нәтижелерін талдау
Мұғалімге бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың
нәтижелеріне талдау жүргізу ұсынылады. Аталған талдау білім
алушыларға кері байланыс беруге, сыныптың оқу жетістігі деңгейін
анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа мұғалім қажет болған жағдайда
қалыптастырушы, жиынтық бағалау рәсімдерінің алдағы уақыттағы
әдістерін, тапсырмаларды, сабақ жоспарларын қайта қарауына болады.
Жалпы алғанда бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау
білім алушының оқудағы кемшіліктерін уақытында анықтау және оның
алдын алу үшін өткізіледі. Белгілі болғандай, білім алушылардың басым
бөлігі өз оқуында түріне, санына, сапасына және т.б. қарай белгілі бір
кемшіліктерді жинақтай бастайды және жалғастырады.
Егер «кемшілік» сөзінің мағынасына мән беретін болсақ, ол қателік
немесе кемшілік, жетіспеушілік дегенді білдіреді (Ушаков, 1940). Өз
кезегінде қателік дегеніміз тиісті нәрсені орындамау, жеткіліксіз қарау,
ұқыпсыздықтан қателік жіберу, ал кемшілік, жетіспеушілік дегеніміз
жетілмеу, ақаулық, олқылық, бір нәрсенің сапасыздығы деп
сипатталады. Сондықтан оқудағы кемшіліктердің сипатын қарастыра
келіп, кейбір білім алушылардың кемшілік деп танылатын мардымсыз,
жөндеуге болатын қателіктері, кейбіреуінде маңызды кемшіліктер,
олқылықтар бар деп айтуға болады.
Кемшіліктерді анықтау үшін мұғалімдерге сапалы (валидті)
тапсырмаларды іріктеуі/құрастыруы, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша
28
жиынтық бағалау үдерісін сабақта әр білім алушының материалды
меңгеру деңгейін дер кезінде диагностикалауға мүмкіндік беретіндей
жоспарлау қажет. Бұл ретте кемшіліктерді қарастыруға қатысты асығыс
шешім қабылдау, ұсыныс беруден аулақ болған дұрыс. Нақты тұжырым
тек бір ғана шағын тапсырмаға немесе бір реттік бақылауға негізделмеуі
тиіс.
Оқу білім алушының басында түсіну, жеткізу, болжау түрінде
болатынын, сондықтан қорытындыны (бағалау пайымы) дұрыс тиянақтау
үшін ең сенімді, жарамды (валидті) негізді талап ететін үдеріс екенін
естен шығармауымыз қажет. Негіз ретінде қалыптастырушы бағалау
кезіндегі бақылау және бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық
бағалау кезіндегі нәтижелер қызмет атқаруы мүмкін. Бұдан басқа
қосымша негіздеме ретінде мұғалімнің кемшіліктердің алдын алу туралы
шешім қабылдауы кезіндегі сенімділігін арттыру мақсатында туындаған
қиындықтарды білім алушымен бірге талқылауына болады. Оған көмегі
тиетін жағдай туындағанда, осы шара туралы оның пікірін, ойын білуіне
болады.
Бағалаудың дәстүрлі жүйесінде мұғалім, білім алушы мен ата-
аналар туындаған таптаурын жағдайларды анықтауда, кемшіліктерді
түсінуде сапалық көрсеткішті пайдалануға дағдыланған. Егер мұғалім
«5» немесе «4» деген баға қойса – бұл кемшілік жоқ немесе елеусіз ғана
қателік деген сөз; «3» деген баға қойса – түзетуге болатын және түзетуді
қажет ететін кемшіліктер бар; «2» деген баға қойса – қосымша күшті
қажет ететін салмақты қателері бар деген сөз. Мұндай түсінік кейбір
мектеп мұғалімдері мен өз балалары тарапынан кемшіліктердің алдын
алуға болады дейтін немесе сыртқы көмекке, мысалы, сабақ үйретушіге
(репетитор) сүйенуге болады деп түсінетін ата-аналарға жеткілікті,
қолайлы болуы мүмкін. Алайда білім алушылар мен мұғалімдер үшін
мұндай бағалау тәсілінің пайдасы шамалы.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау үдерісінде
оқудағы кемшіліктерді айқындау үшін білім алушының нақты неден
қиналатынын анықтау ғана маңызды емес, сондай-ақ, қалай, неге
туындағанын анықтау да маңызды.
Білім алушылардың оқудағы кемшіліктерінің алдын алу үшін
бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелеріне
қатысты сындарлы (конструктивті) кері байланыс беру және мұғалім
тарапынан (оқыту үдерісіне түзетулер енгізу) да, білім алушы тарапынан
(қосымша және/немесе өз бетінше оқу) да білім мен дағдыны
толықтыруға бағытталған әрекеттер жасалуы қажет.
29
Ақпараттарды жинау және бөлім/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалау нәтижелерінің талдауы үшін «Тапсырманы орындау
пайызы» көрсеткішін қолдану ұсынылады. Бұл көрсеткіш максималды
мүмкін балдарға қатысты білім алушылардың жинақтаған балдық үлесін
көрсетеді. Тоқсан барысындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалауға қатысты білім алушы нәтижесінің мысалы 7-кестеде
берілген.
7-
кесте. Білім алушының тоқсан барысындағы бөлім/ортақ
тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелері
Бөлім
бойынша
ЖБ
№
Білім
алушы
балы
Бөлім бойынша
ЖБ
максималды
балл
Тапсырманы
орындау
пайызы *
Деңгейі
1
7
10
70%
Орта
2
8
10
80%
Орта
3
4
12
33,3%
Төмен
*
Есептеулер электрондық журналда автоматты түрде жүзеге асырылады
Бөлім бойынша жиынтық жұмыс қорытындысы негізінде білім
алушының жеткен оқу жетістігі деңгейі тапсырманы орындау пайызына
сәйкес анықталады. Білім алушылардың оқу жетістігі деңгейлерінің
жалпы сипаты 8-кестеде көрсетілген.
30