8-
кесте. Білім алушылардың оқу деңгейлерінің сипаты
Деңгейлер Тапсырманы
орындау
пайызы
Сипаты
Төмен
деңгей
0%-39%
•
Пән бойынша терминдер мен ұғымдарға қатысты қарапайым
білімін және түсінігін көрсетеді
•
қарапайым
тапсырмаларды
орындайды
және
тікелей
нұсқаулықтарға сай орындау рәсімдеріне ілеседі
•
ақпаратты ұсынудың әр түрлі формалары (кестелер, графиктер
және диаграммалар) негізінде қарапайым қорытынды жасайды
•
қарапайым тапсырмалардағы үлгілерді ажыратады
Орта
деңгей
40%-84%
•
пән бойынша терминдер мен ұғымдарды жеткілікті түсінгенін
және білімін көрсетеді
•
әдеттегі тапсырмаларды орындайды, таныс және кейбір таныс
емес жағдайларда білімін орынды қолданады
•
ақпаратты жинақтайды және ішінара негіздей отырып,
қорытынды жасайды, алынған нәтижелерге қатысты аргументтер
келтіреді
•
әдеттегі
тапсырмалар
үлгілерін
ажыратады,
шешудің
стандартты жолдарын ұсынады және қолданады
•
тапсырмалардың бекітілген жиынын шешу үшін оқу
бағдарламасының басқа өрістеріне қатысты білімін, дағдыларын
кіріктіреді
Жоғары
деңгей
85%-100%
•
пән бойынша терминдер мен ұғымдарға қатысты терең білімін
және түсінгенін көрсетеді
•
қиын тапсырмаларды орындайды және кең өрістегі
жағдайларда білімін орынды қолданады
•
әр түрлі дереккөздерден алынған ақпаратты жинақтайды және
толық негіздей отырып, қорытынды жасайды, алынған
нәтижелерге қатысты логикалық бірізді аргументтер келтіреді
•
қиын
тапсырмалар
үлгілерін
ажыратады,
шешудің
альтернативті және стандартты емес жолдарын ұсынады және
қолданады
•
тапсырмалардың кең өрісін шешу үшін оқу бағдарламасының
басқа өрістерінен білімін, дағдыларын кіріктіреді, әр түрлі
стратегияларды
қолданады,
алынған
нәтижелердің
маңыздылығын және негізділігін бағалайды
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауда орындалған
жұмыстардың нәтижелері білім алушыларға түсінікті болып, одан әрі
білім алуға ынталандыруы қажет. Кері байланыс – білім алушылардың
оқу жетістігінің жеткен деңгейі туралы ақпараттардан тұруы керек. Білім
алушылар мен олардың ата-аналарын ақпараттандыру үлгісін мұғалім өз
бетінше анықтайды. Аталған ақпаратты рубрика түрінде беру
ұсынылады (6-қосымша). Рубрика бөлім/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалаудың әр рәсімі үшін құрастырылады, ол әр критерий
аясындағы оқу жетістігі деңгейін көрсетеді. Бөлім/ортақ тақырыптар
31
бойынша жиынтық бағалау нәтижелерімен білім алушыларды таныстыру
кезінде оған оның жиынтық жұмысын және оқу жетістігі деңгейі
көрсетілген рубриканы ұсынуға болады. Рубрика үлгісі 7-суретте
көрсетілген.
7-
сурет. Бөлім бойынша жиынтық бағалау нәтижелері бойынша
рубрика үлгісі
Мұғалімдерге көмек ретінде жиынтық бағалау бойынша әдістемелік
ұсыныста бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың
тапсырмалар үлгілеріне рубрикалар құрастырылып, ұсынылған.
4.2.2
Тоқсандық жиынтық бағалаудың үдерісі
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мазмұнындағы
білім, дағды және түсінуге қатысты дәлелдеулерді ұсынады, тоқсандағы
оқу барысының ілгерілеуін өлшейді. Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан
соңында өткізіледі. Тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар
қойылады.
32
Тоқсандық жиынтық бағалауда бақылау-тексеру жұмыстарын әр
түрлі өткізу қарастырылады. Жиынтық бағалау жұмыстарын құрастыру
кезінде ойлау дағдыларының деңгейлерін, жетістігін көрсетуін, ойлау
деңгейлерінің талдау, жинақтау және бағалау сияқты жоғарғы
сатыларымен қоса әр түрлі тапсырмалардан тұруын есепке алу қажет.
4.2.2.1
Тоқсандық
жиынтық
бағалауды
жоспарлау
және
ұйымдастыру
Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау мен ұйымдастыру
жұмыстары оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларына сәйкес
жүргізіледі.
Әдістемелік бірлестіктер жасаған оқу жылына арналған жиынтық
бағалаудың жоспарында тоқсандық жиынтық бағалаудың рәсімдері
көрсетілуі қажет (4.2 Жиынтық бағалау үдерісі бөлімін қараңыз). Аталған
жоспар бойынша білім алушыларға шамадан тыс қиындық туғызбауы
және тиімсіз болмауы үшін әр тоқсанда өткізілетін жиынтық бағалаудың
кестесін құру ұсынылады, яғни, бір күнде 2-ден артық жиынтық
жұмыстарды өткізу ұсынылмайды. Тоқсандық жиынтық бағалаудың
кестесі мұғалімдерге, білім алушыларға, олардың ата-аналарына
таныстырылады.
Егер мектепте мүмкіндік болса әр пән бойынша бір параллельдегі
сыныптарға бірдей кесте құру ұсынылады, мысалы, 7-сыныптар үшін бір
күнде, бір сабақ үстінде математика пәнінен жиынтық жұмысын өткізу.
Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда, тоқсандық жиынтық бағалауды
кесте бойынша өткізуге болады, алайда ақпараттың тарап кетуі және
көшіріп алу сияқты кемшіліктерді болдырмау үшін жиынтық жұмыстың
бірнеше нұсқасын құрастырған дұрыс.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу уақытын жоспарлау кезінде
демалыс және мереке күндерді, сондай-ақ, тоқсандық және оқу
жылының аяқталу мерзімін есепке алу қажет. Тоқсандық жиынтық
бағалауды тоқсанның және оқу жылының соңғы күндерінде өткізу
ұсынылмайды.
Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлауда әуелі оқу
бағдарламасындағы оқу мақсаттарына шолу жасау керек, себебі
бағалау олардың меңгерілуін тексереді.
Бағалаудың аталған рәсімдерін ұйымдастыру, жоспарлау кезінде
жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныста берілген
тапсырмалар үлгілері бар тоқсандық жиынтық бағалаудың
спецификациясы қолданылады.
33