«назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет1/16
Дата18.12.2017
өлшемі0,51 Mb.
#4996
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


 

«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» 

ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ

 

Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне 

арналған критериалды бағалау бойынша 

нұсқаулық  

Оқу-әдістемелік құрал 

Астана, 2017 


УДК 371.3 

ББК 74.202.5 

Р 85 

Пікір білдірушілер:  

М.Н.Сарыбеков  –  п.ғ.д.,  профессор,  М.Х.Дулати  атындағы  Тараз  мемлекеттік 

университеті 



К.М.Кертаева  -  п.ғ.д.,  профессор,  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 

университеті 

Р 85   Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау 

бойынша 


нұсқаулық: 

Оқу-әдістемелік 

құрал. 



О.И.Можаева, 



А.С.Шилибекова, 

Д.Б.Зиеденованың 

редакциялауымен 

– 

Астана: 



«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016. -  54 б. 

ISBN 978-601-7905-69-9 

Оқу-әдістемелік  құралда  негізгі  және  жалпы  орта  мектеп  мұғалімдерінің 

әрекетінде  білім  алушылардың  оқу  жетістігін  қалыптастырушы,  жиынтық  бағалау 

үдерісін  жоспарлау  мен  ұйымдастыруға  қатысты  мәселелер  қарастырылған.  Бұдан 

басқа үлгілер мен тәжірибелік ұсыныстар берілген, тоқсандық және жылдық баға қою 

механизмі сипатталған. 

Аталған  нұсқаулық  жаңартылған  орта  білім  беру  мазмұны  аясында 

құрастырылған  және  педагогикалық  мамандықтағы  студенттерге,  мұғалімдерге, 

мектеп әкімшілігіне, сондай-ақ барлық педагогикалық қауымға арналған.  

УДК 371.3 

ББК 74.202.5 

ISBN 978-601-7905-69-9 

© 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 



«

Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы, 2017 




МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ 


1 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР 

2 КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ (ПРИНЦИПТЕРІ) 



3  


КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ 



КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 

10 


4.1 Қалыптастырушы бағалау үдерісі 

12 


4.1.1 Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру 

13 


4.1.2 Қалыптастырушы бағалаудың әдістері 

17 


4.1.3 Кері байланыс беру 

20 


4.1.3 Қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау 

22 


4.2 Жиынтық бағалау үдерісі 

23 


4.2.1 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау 

24 


4.2.1.1 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау және 

ұйымдастыру 

25 

Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың міндеті – білім алушының ағымдағы оқу 



жетістігін, аралық нәтижелерін белгілеу. 

28 


4.2.1.2 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерін талдау28 

4.2.2 Тоқсандық жиынтық бағалаудың үдерісі 

32 

4.2.2.1 


Тоқсандық жиынтық бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру 

33 


4.2.2.2  Тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін талдау 

35 


4.2.2.3 Тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау 

35 


6 БАҒА ҚОЮ МЕХАНИЗМІ 

38 


6.1 Тоқсандық баға қою 

39 


6.2 Жылдық баға қою 

40 


 


КІРІСПЕ 

 

Орта  білім  берудің  тиімді  әрі  маңызды  көрсеткіштерінің  бірі 



мектептегі  білім  беру  әрекетінің  қызметін,  дамуын,  оқушыларға  және 

олардың  нәтижелеріне  әсер  ететіндігін  көрсететін  білім  алушылардың 

оқу жетістіктері деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың 

оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің сапалы құрылуы білім беру сапасын 

арттырудың әлеуетті деңгейіне тікелей байланысты.  

Бағалау  жүйесіндегі  тиімділігі  маңызды  көрсеткіштердің  бірі  орта 

білім  беретін  мектептердегі  білім  беру  әрекеттерінің  қалай  қызмет 

ететінін,  даму  жағдайын,  білім  алушыға,  оның  нәтижесіне  әсер  етуін 

көрсететін білім алушылардың оқу жетістігінің деңгейі болып табылады. 

Сондықтан  білім  алушылардың  оқу  жетістігі  деңгейін  бағалау  жүйесінің 

қаншалықты  сапалы  құрылуы  білім  беру  сапасын  арттырудың  шама 

деңгейіне соншалықты байланысты.  

Мемлекет  басшысы  «100  нақты  қадам»  ұлттық  жоспарында  

экономикалық  өсудің  түбегейлі,  негізгі  сапасы  ЭЫДҰ  елдерінің 

стандарттары  негізінде  адам  капиталының  сапасын  көтеру  екенін  атап 

көрсетті.  Аталған  бағытты  жүзеге  асыру  білім  алушылардың 

функционалдық  сауаттылығын  дамыту  үшін  мектептегі  оқыту 

стандарттарын жаңартуды көздейді.    

«Ұлттық білім беру саясатына шолу. Қазақстандағы орта білім беру» 

(2014) 


ЭЫДҰ есебінде сыныпта жүргізілген бағалаудың жиілігін арттыру, 

маңыздылығын,  сапасын  жетілдіруге  бағытталған  шаралар  реті 

ұсынылған.  Сондай-ақ,  критерийлер  негізінде  бағалау  жүйесін  енгізу, 

жоғары  ойлау  деңгей  дағдыларына  қатысты  бағалау  критерийлерін 

анықтау,  мұғалімдерді  даярлау,  білім  берудің  әр  кезеңінде  ұлттық 

стандартталған  тестілеу  өткізу,  мәліметтерді  сенімді  жинақтау,  тиімді 

жүйе құру және т.б. Бұл ретте өткізілген бағалаудың нәтижелерін тиімді 

қолдану қажеттілігі ескертіледі.  



Критериалды  бағалау  –  белгіленген  критерийлер  негізінде  білім 

алушылардың  нақты  қол  жеткізген  нәтижелерін  оқытудың  күтілетін 

нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі. 

Критериалды  бағалау  жүйесін  енгізудің  мақсаты  әрі  қарай  оқу 

үдерісін  жетілдіре  түсу  үшін  бағалау  критерийлері  негізінде  білім  беру 

үдерісіне қатысушылардың барлығына білім алушылардың оқу нәтижесі 

туралы нақты ақпарат алу болып табылады.    

Үздік  қазақстандық  және  халықаралық  тәжірибені  кіріктіре  отырып 

құрастырылған  критериалды  бағалау  жүйесі  төмендегідей 



міндеттерді 

 




жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау