диалогтік оқуды дамытуға, маңызды кезеңдерге назар аудартуға,
оқудағы бастамашылдығын қолдауға мүмкіндік беруі, қызықтыруы
мүмкін.
Осылайша, сұрақ білім алушы қалайтындай, жауап бере алатындай
немесе оқуда, жауап іздеуде қызықтыратындай берілуі қажет.
Алайда сұрақты қолдану кезінде кейбір пікір білдірілмейтін,
толықтырылмайтын, жауап алу ұзаққа созылатын сұрақтар механикалық
түрде қайталана берген жағдайда қиындықтар туындауы мүмкін
(Геффрой Э. К., 1997).
Осындай қателіктердің алдын алу үшін:
•
негізгі және екінші кезектегі мәселелер көтерілген, жетекші және
басқа да сұрақтарды қою;
•
егер білім алушылар тапсырма жауабын білетінін алдын ала
білсеңіз ондай сұрақтарды қоймау;
•
сұрақты қысқа етіп құрастыру, әр білім алушы үшін түсінікті,
қисынды болуын қамтамасыз ету;
•
әлсіз тұстарын анықтауға бағытталған, білім алушыларға өздерінің
қателескен тұстарын анықтай алуға мүмкіндік беретін сұрақтар
құрастыру;
•
оқытудың тиімділігін арттыратындай сұрақтарды алдын ала
жоспарлау ұсынылады. Сондай-ақ, қашан, қандай сұрақтарды қоюды,
мүмкін жауаптарды, қате жауаптарды қалай жөндеуге болатынын,
күтпеген сұрақтарды қалай қабылдайтынын, жауапты қалай жақсартуға
болатынын анықтау да ұсынылады.
Қалыптастырушы бағалау әдістерін жеке, жұптық және топтық
жұмыстарда қолдануға болады.
Жеке жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау
Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың оқу әрекеттері
нәтижелерін ұғынуға бірден-бір мүмкіндік жасайды. Бұл олардың өз
оқуын «құрушылар» ретінде жағдай жасауына мүмкіндік береді, алған
нәтижелеріне деген жауапкершілігін арттырады.
Жеке жұмыс кезінде қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін
мұғалім білім алушылардың әрекеттерін жүйелі қадағалап және аралық
нәтижелерді тіркеп отыруы қажет. Нәтижелерді тіркеу кезінде білім
алушылар жұмысының күшті жағына да, әлсіз тұстарына да назар
аударып отырған дұрыс.
Жеке жұмыс нәтижелерін талқылауды тікелей білім алушылармен
бірге жүргізуді есте сақтау қажет. Сондай-ақ, білім алушылардың өз ойын
айтуына мүмкіндік беру маңызды болып табылады. Жұмысты әрі қарай
18
жоспарлау кезінде білім алушылардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін
ескерген дұрыс.
Жұптық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау
Жұптық жұмыс қалыптастырушы бағалаудың тиімді формаларының
бірі болып табылады. Жұптық жұмыста жалпы мұғалім, жұптар бір-бірін
және жұп ішінде бірін-бірі бағалауына болады. Мұндай өзара қарым-
қатынас кезінде білім алушылардың дайындық деңгейіне қарамастан
өзара көмегі, рефлексиясы, өзін-өзі реттеуі белсенді байқала бастайды.
Жұптық жұмыста қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру,
жоспарлау кезінде білім алушылар тапсырманы орындау, оның
нәтижесіне бірдей жауапкершілікпен қарау қажет екенін түсінуі керек.
Сондықтан оларды өз әрекетімен келісуге, өзара әрекеттесуге, пікір
алмасуға, сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруге үйрету
маңызды.
Топтық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау
Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім белгілі бір дағдыны
бағалаудың тиімді тәсілі ретінде қолданып, топтық жұмысты
ұйымдастыруына болады. Білім алушылар алдын ала бағалау
критерийлерімен таныс болуы тиіс. Топтық жұмыс кезінде мұғалім әр
топтағы білім алушылардың талқылауын тыңдайды, қадағалайды: кейбір
білім алушылар оқу мақсатына жетуді бағалау критерийлеріне сәйкес тез
көрсете алуы мүмкін.
Әрі қарай мұғалім білім алушыларға қосымша қолдау көрсетуге
қажетті сұрақтар қояды, бақылайды, мысалы:
-
Бұл туралы сіз не ойлайсыз?
-
Сіздің тобыңызда қандай талқылау болғанын айтып бере аласыз
ба?
Егер білім алушылар тәжірибелік тапсырмалар орындайтын болса,
онда осы тапсырмаға қатысты сұрақтар болуы мүмкін, мысалы:
-
Сіз қазір не істеп жатырсыз?
-
Сіз қалай ойлайсыз, әрі қарай не болады?
-
Осы тапсырмада ерекше бір нәрсе байқадыңыз ба?
Топтық жұмыс кезінде мұғалім барлық топтың және әр жеке білім
алушының жұмыстарын бақылауы қажет. Топтарды бақылауды
тапсырма орындау кезінде қатысып, бірлесе жүргізуге де болады. Бұл
жағдайда білім алушыларға:
•
жаңа идеяны тұжырымдауды;
•
екі (одан да көп) идеяларды салыстыруды;
•
идеяларды бағалауды;
19
•
топтық талқылау негізінде пікір білдіруді;
•
сұрақтарға жауап беруді ұсынуға болады.
Жоғарыда аталған бөлімдер белгілі оқу мақсатына жетудің дәлелін
көрсетеді.
4.1.3
Кері байланыс беру
Кері байланыс сабақтың әр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім
алушылармен үздіксіз өзара әрекет етуін жүзеге асыруға, нәтижесінде
оқу үдерісін түзетіп, сабақты әрі қарай жоспарлауына мүмкіндік береді.
Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге:
•
білім алушылардың жақсы жақтарын ескеруі;
•
тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып,
«олай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбауы;
•
білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік
тұстарын жөндеудің жолдарына ұсыныс беруі;
•
кері әсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекету,
келемеждеуге қатысты, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға
ақылың қалай жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбауы
ұсынылады.
Кері байланыс беру кезінде мұғалім де, білім алушы да 4-кестеде
ұсынылған сұрақтарды негізге алғаны дұрыс. Аталған сұрақтарға толық
жауап беру кері байланыстың тиімділігін көрсетеді.
4-
кесте. Кері байланыстың тиімділігін тексеру сұрақтары
Мұғалім
Білім алушы
•
Білім алушы оқытудың қай
сатысында?
•
Олар білім алуда неге талпынады?
•
Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу
керек?
•
Мен оқытудың қай сатысында
тұрмын?
•
Нәтижеге қалай қол жеткіземін?
•
Кемшіліктерімді жою үшін не істеуім
қажет?
Қажет болған жағдайда кері байланыс ауызша, жазбаша,
графикалық немесе кез келген басқа түрде берілуі мүмкін. Аталған
үдеріс құжаттаманы қажет етпейді.
Төменде кері байланыс беру үлгілері ұсынылған (3, 4, 5-суреттер).
20
Достарыңызбен бөлісу: |