Қабатталған жыныстардағы белгілі типті кливаждың жүйесі немесе массивті
жыныстардың бөлінгіштігі мен жарықшақтығы. Тақтатастылықтың
пайда болуы
қатпар түзеу процестеріндегі пластикалық деформациялармен байланысты.
Тақтатастылану
Тектоникалық
ірі
бұзылыстардың
аумағында
кездесетін
бөлгіш
жазықтықтардың немесе жарықшақтықтардың жиі алмазуы.
Кеуектілік
Іс жүзінде барлық тау жыныстар минералдық және кеуектік көлемнен тұрады.
Кеуектік көлем тау жыныстарының минералдық бөлшектерінің немесе олардың
қоспаларының арасындағы қуыстардың салыстырмалы көлемімен бағаланады.
Салыстырмалы көлемі жалпы кеуектік деп аталады да мына формуламен
анықталады:
P=[V
қ
/ (V
о
+ V
қ
)]
100 ,
мұнда:
V
қ
-қуыстар көлемі, м
3
.
V
о
-минералдық қаңқаның көлемі, м
3
.
Қуыстар көлемінің минералдық қаңқаның көлеміне қатынасы кеуектік
коэффициент деп аталады.
K
қ
= V
қ
/ V
о
Бұл екі формулалардан мынадай формула шығады.
P = [K
қ
/(1+K
қ
)]
100
Жыныстармен бірге пайда болған қуыстарды алғашқы қуыстар дейді. Ал
метоморфизм, сілтілену, қайта кристалдану т.б. құбылыстардың салдарынан пайда
болған қуыстарды кейінгі қуыстар дейді. Қуыстар көлеміне байланысты
субкапиллярлық (қуыстың диаметрі 0,2мкм ден кіші), капиллярлық (қуыстар
диаметрі 0,2-100мкм) және өте үлкен капиллярлық (қуыстар диаметрі 100мкм ден
үлкен) болып бөлінеді. Іс жүзінде тау жыныстарындағы
барлық қуыстарды
кеуектікке жатқызуға болады. Тек қана жарықшақтықтар мен каверналарды жеке
қарайды.
Жобасына қарай қуыстар түйіршік аралық, көбік тәріздес, канал тәріздес,
саңылау тәріздес, тармақталған және т.б. болып келеді.
Жеке қуыстардың өлшемі мен жобасы, олардың
бір-бірімен байланыстары
қуыстар кеңістігінің жобасын жасайды. Ал ол болса тау жыныстарында болатын
әр түрлі процестерге мүмкіндік туғызады. Мысалы, тау жыныстары арқылы су мен
газдың өтуі.
Қуыстар бір-бірімен сыртқы ортамен байланысып, тұтас, иректелген каналдар
құруы мүмкін. Мұндай қуыстардың жалпы көлемінің жыныстың барлық көлеміне
қатынасы ашық (эффективті) кеуектік Рэф делінеді. Әрине Рэф<Р. Тау
жыныстарының кеуектілігі үлкен аралықта өзгереді. Кеуексіз (қуыссыз) жыныстар
да болады және кеуектілігі 90%-ке дейін тау жыныстары болады. Орта есеппен тау
жыныстарының кеуектілігі 1,5-30% болады.
Өте үлкен кеуектілік шөгінді жыныстарда болады. Тақтатастың орташа
кеуектілігі – 8%, құмтастікі – 15%, әктастікі – 5-10%, магмалық жыныстардың
кеуектілігі шамалы болады.
Тек қана туфолава, трахит сияқты атқыланған
жыныстардікі ғана өзгеше болады (Р=55
60%). Сондай-ақ мүжілген магмалық
жыныстардың да кеуектілігі үлкен болады.
Кеуектілік жынысты құрайтын түйіршіктердің жобасына, өлшеміне, олардың
сортталуына, цементтелгендігіне және тығыздығына байланысты болады. Егер
жыныстар өлшемі бірдей бөлшектерден тұратын болса, онда ең аз кеуектілік
жалпақ үшкірленген түйіршіктерден тұратын жыныстарға тән болады.
Тіпті
өлшем мен жобасы бірдей бөлшектерден тұратын жыныстардың өзінде де
бөлшектердің өзара орналасуының ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі
кеуектілік болады.
Бірқалыпты түйіршіктерден цементтелген жыныстардың кеуектілігі әр түрлі
түйіршіктерден тұратын жыныстардың кеуектілігінен көп болады. Өйткені үлкен
түйіршіктердің арасы кішкене түйіршіктермен толтырылады.
Жыныстық минералдың көлемі мынандай параметрлермен анықталады:
түйіршіктердің өлшемі және жобасы бойынша әр қилы болуы; әр өлшемді, әр
жобаны құрайтын түйіршіктердің салыстырмалы өлшемі, түйіршіктердің
өзара
бағдарлануы, жыныс түйіршіктерінің арасындағы байланыс шамасы. Көрсетілген
параметрлердің ішіндегі өзара бағдарлану жыныстық текстуралық белгіге, ал
қалғандары структуралық белгіге жатады.
Түйіршіктердің өлшеміне байланысты тау жыныстары ірі, орта және ұсақ
түйіршікті, жасырын кристалды және шыны тәрізді болып келеді.
Минералдың
түйіршіктерінің
жобасына
қарай
метаморфты
жыныстар
гранобластылы
(теңөлшемді түйіршіктер), лепидобластылы (пластинка жобалы), матобластылы
емес (діңгек жобалы) болады.
Балшықтан тұратын тау жыныстарының кеуектілігі олардың құрылымы мен
текстурасына байланысты болады және сан мәні өте құбылмалы келеді. Олардың
жалпы кеуектілігі 50%ке дейін болғанымен кеуектердің мөлшері өте кішкене
болады. Сондықтан мұндай тау жыныстары сумен
қаныққан кезде жабысқақтығы
көбейіп, күштің әсерімен иілімді деформацияға бейімделіп, су өткізгіштігі
төмендейді. Кепкен кезде балшықтардың кеуектілігі азайып беріктігі артады.
Ылғалдылығы көбейген кезде балшық ісініп, одан құралған тау жыныстарының
кеуектілігі көбейеді. Ұңғыдан шығарылатын керннің көлемінің үлкеюі, ұңғы
қимасының кішіреюі сияқты бұрғылау процестерін
қиындататын құбылыстарды,
балшықтың су әсерінен ісінуі арқылы түсіндіруге болады. Бұрғылау тәжірибесінде
балшықты бұрғылаған кезде бір рейіс кезінде көтерілген керннің ұзындығы,
бұрғыланған аралықтан 2,0-2,5 есе үлкен болатын жағдайларда кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: