да физикалық өрістердің әсерімен болуы мүмкін. Мысалы, термикалық (жылыту
не суыту), электрлік, акустикалық және т.б.
2-сурет. Қисаю деформациясы
Жинақтап қорытылған Гук заңы
Серпінділік теориясының негізі ретінде барлық серпінді қатты материалдар
Гук
заңына бағынады, яғни серпінді дененің деформациясы әсер етуші күштің
мәніне пропорциональ болады. Дегенмен, тау жыныстарын сынау кезінде бұл
заңдылық,
кей
кезде
жыныстардың
күрделі
құрамына,
кеуектілігіне,
ылғалдылығына және т.б. қасиеттеріне байланысты бұзылады.
Жыныстардың серпінділік қасиеттерінің көрсеткіштері ретінде:
серпінділік
модулі Е. Пуассон коэффициенті
, қисаю модулі G,
көлемдік қысылу модулі К
алынады.
Серпінділік модулі Е (Юнгтің модулі) дегеніміз – нормаль кернеу
мен
салыстырмалы деформация
арасындағы пропорциональдық коэффициент:
.
Бұл қарапайым қысу мен созу деформациясына арналған Гук заңы.
Тау жыныстарының серпінділік модулі оларды құрайтын минералдардың
серпінділік модулінен әрқашанда аз болады.
Себебі жыныстың құрамындағы
түйіршіктерінің арасындағы байланыс минерал түйіршіктерінің арасындағы
байланыстан нашар болады. Осы жағдай тау жыныстарын деформациялаған кезде
Гук заңынан алшақтауларға әкеліп соғады.
Қысу деформациясы кезінде түйіршіктер арасындағы байланыстар күшейеді,
себебі көрші екі минералдың атомдары мен молекулалары арасындағы қашықтық
азаяды. Бұл жағдайда Юнгтің модулі үлкейеді. Созу деформациясы кезінде
керісінше болады.
Қабатталған тау жыныстарының серпінділік қасиеттері әсер етуші күштің
бағытына көп байланысты болады.
Статикалық күштің әсері арқылы анықталған
Юнг модулінің мәні
динамикалық күштің әсері арқылы анықталатын модулден 35% ке дейін аз болады,
ал олардың қатынасы былайша көрсетіледі:
Еg = 8,3 Ec + 0,97.
Жыныстардың серпінділік модулі қысылудың шартына байланысты болады.
Көлемдік қысылуда статикалық Ес және динамикалық Eg модульдің мәндері
олардың сызықтық қысылудағы мәндерінен көп болады.
Жан-жақты қысылу
кезінде әсіресе көп статикалық серпінділік модуль өседі (3 есе). Ал динамикалық
модуль Eg-ның мәні 1,5 есе ғана көбейеді. Жыныстың кеуектігі көп болған сайын
Eg және Ес тың айырмашылығы көп болады.
Пуассон коэффициенті дегеніміз – салыстырмалы бойлық және ендік
деформациялар арасындағы пропорциональдық коэффициент болады.
Достарыңызбен бөлісу: