Н. С. Сейітов г-м.ғ. д., профессор Оқулықта «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау»


Тау жыныстарының кейінгі өзгеру процестеріне /тектогенез



жүктеу 8,17 Mb.
Pdf просмотр
бет23/168
Дата08.12.2022
өлшемі8,17 Mb.
#40519
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   168
Бурение

4.4.2 Тау жыныстарының кейінгі өзгеру процестеріне /тектогенез, 
мүжілу/ байланысты қасиеттер 
Бұл қасиеттер де геологиялық процестермен байланысты. Пайда болған тау 
жыныстары кейін әр түрлі өзгерістерге душар болады. Ол өзгерістер жердің 
қозғалуымен, әр түрлі мүжілу факторларымен /судың шаюы, мұздың жылжуы, 
желдің әсері, жылудың әсері және т.б./ байланысты болады. Осындай 
факторлардың 
әсерінен 
тау 
жыныстарында 
жарықшақтық, 
кеуектілік, 
тақтатастылану, ұнтақтық және тағы басқа қосымша қасиеттер пайда болады. Бұл 
қасиеттердің кейбір бұрғылау процестеріне өте көп әсер ететіндеріне тоқталып 
өтейік. 
Тау жыныстарының жарықшақтығы 
Жарықшақтық деп, бүтін ортаның жазық түрде мөлшері кристалдық 
қаңқадағы атомдар арақашықтығынан бір шама асатын қашықтыққа жіктелуін 
айтады. Геологиялық қасиет ретінде жарықшақтық бұрғылау процестеріне өте 


үлкен кедергі жасайды. Өйткені ұңғы қабырғасындағы тау жыныстарының 
орнықтылығы, бұрғылау кезінде жуғыш сұйықтардың жоғалып кетуі, колонкалы 
бұрғылауда керннің шайылып кетуі және тағы басқа бұрғылау процестеріне әсер 
ететін кедергілер осы жарықшақтықпен байланысты болады. 
Структуралық 
геологияда 
жарықшақтықтың 
екі 
түрін 
ажыратады: 
тектоникалық /экзокинетикалық/ және тектоникалық емес /эндокинетикалық/. 
Тектоникалық жарықшақтықтар жыныстарға сыртқы күштер әсер еткенде 
немесе күшті алып тастағанда /жыныстардың өзара қозғалысы аса көп болмайды/ 
пайда болады. 
Тектоникалық емес жарықшақтықтар тау жыныстарының пайда болуымен 
немесе олардың затының өзгеруімен байланысты болады. Мысалы: жыныс 
құрағыш минералдардың гидратациясының себебінен, тау жыныстарының 
көлемінің үлкеюі немесе кішіреюі арқасында, еріген магманың қатуынан, шөгінді 
тау жыныстарының диагенезі кезінде және т.б. Жарықшақтықтардың көпшілігі 
жер қабатының жоғарғы жағында кездеседі. Олар: жіктегіш жарықшақтық, 
мүжілуден болған жарықшақтық, құлау жарықшақтығы және т.б. 
Жіктегіш жарықшақтық тау жыныстарының пайда болу жағдайларымен 
байланысты. Базальтты лаваға көбінесе діңгек тәрізді, немесе шар тәрізді 
жіктегіштік тән болады. Кейде граниттерде де матрац тәрізді, параллелепипедальді 
жіктегіштік кездеседі. Мүжілуден болған жарықшақтық, тoзу зонасының жоғарғы 
қабатында кездеседі. Жыныстар жеке кесектерге, шағылдарға, қабыршық тастарға 
бөлшектенеді. Мұндай қабаттарды бұрғылағанда цементация жүргізу керек, ол 
ұңғының бұрғылауын бәсеңдетеді. Құлау жарықшақтықтары өзен аңғарының, 
таулардың және биік төбелердің баурайларында пайда болады. Олар баурайға 
параллель келіп, тереңдеген сайын азая береді. Мұндай жарықшақтықтар шайғыш 
сұйықтардың жоғалуына жақсы жағдай туғызады. Жіктегіш жарықшақтықтар 
құлама жарықшақтыққа ұқсас келеді. Олар жанартау атылуынан пайда болған тау 
жыныстарына, граниттерге және т.б. тән болады. 
Кливаж 
Тау жыныстарының кливажы – ол жарықшақтардың өте ұсақтары немесе 
жіктеу жазықтықтары өте жиі орналасқан бөлінгіштік. Кливаж қабатты тау 
жыныстарына тән және қатпар түзу процестерімен байланысты болады.Кливаж 
қатпарлардың бір жақты бағытталуымен ерекше көзге түседі.Кливаждың үш түрі 
бар: ағу,сыну және опырылу кливаждары. Ағу кливажы жалпақ немесе ұзынша 
келген жыныс құрайтын минералдардың жіктеуші жазықтықтар бойының 
бағытталуымен сипатталады. Сондықтан мұндай тау жыныстарында бөлінгіштік 
қасиет пайда болады. Ол жердің жоғарғы қабаттарында мүжілу процестері кезінде 
жүзеге асады. 
Сыну кливажы – жынысты жұқа пластинкаларға бөлшектейтін жіңішке 
жарықшақтардың жүйесі. Бұл жүйенің ішінде жыныс құрағыш минералдар 
ешқандай бағытталғандық көрсетпейді. Опырылу кливажы сыну кливажына 
қарағанда жыныс құрағыш минералдардың тек қана жіктелу жазықтықтарының 
маңайында бағытталатындығымен сипатталады. 

жүктеу 8,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау