Н. А. Баранова Г. Е. Есімхан маркетинг



бет16/17
Дата17.01.2018
өлшемі3 Mb.
#7585
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

14.4 Тәжірибелік жаттығулар
1 тапсырма. Тапсырманың шешімін табыңыз және қойылған сұрақтарға жауап беріңіз.

Бальзам тамшысы

Bittner кәсіпорыны биттнерлік бальзамның негізін құрайтын шөптер өсірілетін биік таулы плантациялары бар Альпіде, Австрияның оңтүстігінде орналасқан. Кәсіпорын альпілік шалғындар мен ормандар арасында, қаладан және автострадалардан алыс жердегі Гуркталь қала маңылық паркінде орналасқан. Сөзсіз, бұл Орталық Еуропадағы экологиялық жайлы аймақтардың бірі. Бұл жердің көлдері мен өзендерінің суы соншалықты таза, оны құйып алып іше берсе болады.

Үлкен қалалардан алыс орналасуы бір қатар күдіксіз басымдылықтарды береді. Олардың ең маңыздысы біз өзіміз өсіретін шөптерден экологиялық таза өнім, дәрі-дәрмек шығарамыз, сондықтан біз олардың сапасын бақылап және оған кепіл бере аламыз- деп айтады Рихард Биттнер. – Біз тіршілік етіп жатқан уақытта ұялы немесе стутниктік телефонмен, телефакспен байланыс жүргізуге болатынына байланысты, «биттнерлік география» кемшіліктері жоққа жақынын айта кету керек. Негізгі мәселе, фирмада жақсы мамандарға қажеттілік туғанда, олар басқа жақтан келеді, оларды орналастыру қиыншылықтары пайда болады.

Bittner фирмасы Рихардттың әкесімен 1954 жылы пайда болды. Соңғы жылдары өндіріс күрт кеңейіп жаңартылды. Айтарлықтай қаржы жаңа технологияларды және фирманың өзі шығарған жаңалықтарды иеленуге кетті. Қазіргі кезде фирманы қалыптастырушының балалары басқарады. Рихард Биттнер фирманың қызмет ету қағидаттарын және дауының негізгі стратегиялық бағыттарын былай сипаттайды:

Біз жаңа шетелдік нарықтарды меңгеруді көздеп, қателеспедік. Қағида былай болды емді бальзамдарға сұраныс бар елдерде өкілдік ашамыз. Кызметкерлерді жергілікті дәрігерлерден, дәріханашылардан, фармацевттерден аламыз. Олар елдің нарығына біздің тауарлардың шығуына, тіркелуіне, ақпараттың таратылуына және әріптестермен ғылыми жұмысқа жауапты.



Біздің фирма жаңа технологияларға үлкен қаржы бөледі. Экстракция саласында қолданатын технологиямызды нарықтан табуға болмайды. Бұл біздің инженерлермен бірігіп жасалған арнайы технология. Технология әрдайым даму үстінде, осы уақытқа дейін жылына бір жаңалық енгізумен болдық.

Гуркталь табиғи паркінде шөптерді өзіміз өсіріп мен жинап, осыны бақылап отыруымыз өте маңызды. Бұның барлығы қол жұмысы. Біз ешқандай машиналарды, химиялық қоспаларды, химиялық шашыратуды қолданбаймыз. Біздің меншігімізде шөптерді өсіретін және ғылыми зерттеулер жүргізетін өз ботаникалық бағымыз бар. Мысалы, бұрын бұнда өспеген шөптерді жерсіндіру тәжірибелері.

Осы жерден 20 шақырымдай жерде, Фильдкирхенде біз қосымша өндірістік қуатты салдық. Егер Вайтенсфельд экстракцияға негізделсе, онда Фильдкирхен гомеопатиялық дәрілерге шикізат өңдеуге негізделген.

Бәсекестікке қатысты Рихард Биттнер, ол жарыстың бір түрі деп есептейді. Бірақ, оның ойынша, ойын тәртіптері бұзылғанда қауіпті жағдай туады. Бұл жағдай нарыққа нашар сапалы тауар шығатынын айтады. Bittner бальзамін де қолдан жасау болды. Бірақ бұндай бәсекелестік негізінде ешкім де жетістік таппады. Алдаушыларды «жеңіл ақшаға» жолдың алғашқы қадамдарында-ақ тоқтаттық. Халықаралық бальзам нарықтарында фирма жұмысы қалыпты жағдайда жүріп жатты.



Ресей нарығында 1992 жылдан бастап белсенді жұмыс істейміз - дейді фирма басшылары. – Басқа елдердегідей жобамен жұмыс істейміз. Ресей заңнамасына сай жұмыс істейтін жауапкершілігі шектеулі өкілетті фирма аштық. Сол кезден ақ жұмысшыларды қабылдап, Австрияда оқу курстарына апардық. Олар біздің өнімдерімізбен танысып, жұмыс істеу әдістерімен танысқан дәрігерлер мен фармацевттер болды. Қазір Мәскеуде 45 қызметкеріміз бар. Олар фармацевтикалық және коммерциялық бөлімдерді және өндіріс бойынша менеджментті жасауды құрайды. Ақпараттық жұмысты да ұмытпаймыз, Bittner өнімдерін жақсы білетін қызметкерлер Мәскеудегі дәріханалар мен дәрігерлермен жұмыс істейді, аймақтарға барады. Өндіріс әзірше толығымен Австрияда орналасқан. Бірақ қазір Ресейде өндірістің ұйымдастырылуының алғашқы қадамдарын жасаудамыз. Жоба өзімізге қызықты. Өйткені Ресейдің нарығы мен тұтынушысы әлем бойынша алдыңғы орындарды. Неге екенін түсіндірейін. Ресейде шөппен емделу ертеден бері жүргізіледі, өндіруші мен тұтынушыны осы жақындатады.

Одан басқа, Ресей үлкен ел. Оның территориясында климаттық аймақтардың көптігі емдік шөптердің үлкен байлығына әкелді. Ресейлік серіктестермен бірігіп жаңа технологияларды енгізу, жаңа дәрі-дәрмектерді шығару, алдына әрдайым қозғалыста және сенімді жұмыс істеуді көздеген фирма үшін бұдан қызықты ештеңе жоқ сияқты. Қазірдің өзінде біз Ресейдің ғылыми-зерттеу мекемелерімен, кейбір университеттердің кафедраларымен байланыстамыз. Жарнаманы фирма ақпараттық мақсатта қолданады, тұтынушыларға өнім туралы ақпарат жеткізеді. Бұл емдік шөптерге келгенде өте маңызды, өйткені оларды дәріханадан рецептсіз аламыз. Тұтынушылар емдік шөптер туралы толық ақпарат алған кезде ғана, дәріні дұрыс қолдана алады. Дәрі-дәрмектер дәрігердің рецептінсіз сатылады.

1996 жылы Рихард Биттнер Ресей нарығында дамуының болашағын осылай көрді:



Ресейде біздің өндірісіміздің орналасуы анықталғаннан және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тексеруінен өткен қондырғыларды орналасқан кейін басқа қиындылықтар туады. Олар жеткізулер мен инфрақұрылымға байланысты. Қазірдің өзінде-ақ, Ресейлік жағдайда маңызды қиыншылықтардың бірі материалдарды алу болып табылады, өйкені сапалы материалсыз өнім сапасының жоғарғы деңгейіне жету мүмкін емес. Материалдарға машиналар мен құрылғылардың қосалқы бөлшектері ғана емес, бальзамға арналған фирмалық шыны ыдыстар, этикеткалар және қаптайтын қораптар сияқты «ұсақ түйектер» де жатады.

Сонымен істің басталуын жоғарғы технологиялар тоқтатып тұрмағаны байқалады. Небәрі қаптамалы материалдардың жеткізушілерінің жоқтығы, сондықтан біз оны Ресейге импорттауға мәжбүрміз.

Бүгін шөптермен де қиындықсыз болмайды. Көптеген ұсыныстар қабылдаймыз. Шөп дайындықтары өндіріске дайын деп те айтуға болады, сапа сертификатына ие. Бірақ, бұл тауарлардың қайдан келгенін, қашан терілгенін, тіпті берілген сертификат бұл шөптерге берілген екенін ешкім де айта алмайды. Сондықтан, өз мойнымызға Ресейдің әртүрлі аймақтарында экологиялық таза топырақта, ешқандай химиялық қоспасыз шөптерді өсіру бойынша шығындарды алуымыз қажет.

Басқа елдердегідей Ресейде де фирма бірдей қағидаттар ұстауға тырысады:

Біздің өмірлік заңымыз – құдіретті сөз ұстау – қалыпты шаруа жүргізуге көмектеседі. Ешқандай халықтық ерекшелік кедергі бола алмайды.

Еуропалық үй, әсіресе осы кезеңде өте тығыз. Туған қалам Вайтенсфельде машинама отырып, екі сағаттан кейін Италияға жетіп қалам. Ал ұлттық ерекшеліктер мұнда мүлдем басқа. Оны сыйлауға, түсінуді тырысуға және өз жұмысыңда қолдана білу керек. Сонда өз ара жұмыспен екі жақ та қанағатты бола алады.

Сұрақтар мен тапсырмалар


  1. Bittner фирмасының дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын түсіндіріңіздер.

  2. Әлемдік нарықта Bittner фирмасы қандай тауарлық және сатылым саясатын жүргізеді?

  3. Bittner фирмасының коммуникациялық саясатының ерекшеліктерін сипаттаңыз.

  4. Ресейлік нарықтағы өз фирмаларының келешекті дамуын компания басшылары қалай бағалап отыр?

  5. Әлемдік нарықта фирма дифференцияланбаған маркетингке бағытталған деп айтуға болады ма? Неліктен болады немесе неліктен болмайды?


2 тапсырма. Тапсырманың шешуін табыңыз және қойылған сұрақтарға жауап беріңіз

Арзан аяқ киім шығаратын американдық компания Үндістан нарығына шығу мүмкіндіктерін орындау туралы шешім қабылдады. Кабинеттік зерттеулер негізінде Үндістанда аяқ киімнің бөлшектеп сатылуы әсіресе бір біріне қатыссыз сатушылардың қолында екендігі, оларға қалалық сатудың 60%-ы, ал ауылдық сатудың 90%-ы жататыны анықталды. Қалаларда сатылатын аяқ киімнің 40%-ға жуығы әртүрлі компаниялардың дүкенінде сатылады. Халық тұрмыс деңгейінің нашар болғандығынан ауылды жерлердегі сату айтарлықтай аз мөлшерде жүреді. Үнді аяқ киім нарығындағы бәсекелестік негізінен ұлттық фирмалар арасында байқалады. Олар жоғары сапалы аяқ киімдерді тек қана қалалық аймақтарға ғана әкеледі. Шетелдік фирмалардың жұмысы бұл нарықта әлі көрінбейді және де американдық фирма тауарлары сапасы жағынан көптеген басқа фирмаларға қарағанда әлдеқайда жоғары.

Тасымалдау амалдарын зерттеп, компанияның маркетингтік қызметі қымбат бағасынан әуе жолымен тасымалдау аяқ киімнің бағасын тым қымбаттатын болғандықтан, оны Нью-Йорктан Бомбейге теңізбен тасымалдауды таңдады. Үнді көтерме саудагерлерінің айналым капиталының аз болғандығынан үнді саудагерлерінің қоймаларына жеткенге дейін тауардың тасымалдау шығындарын төлеу және түгендемесін жүргізу керек болады. Тауар қоймаға келгеннен кейін көтерме саудагерлер тауарды тапсырыстар мөлшері бойынша басқа көтерме саудагерлерге немесе бөлшек саудагерлеріне сата алады. Үнді нарығының үлкен үлесін бомбейлік көтерме саудагерлер саудасы қамтиды. Сатуды Үндістанның 15 ірі қаларының көтерме және бөлшек саудагерлеріне жүргізеді.

Қалалық аймақтағы жай дүкендер тұтынушылардың үлкен қызығушылығы бөлінетін орындар болып саналады. Өйткені, өз тұрғылықты орындарынан алшақ жерде орналасқан дүкендеріне жетуге тұрғындардың үлкен бөлігінің мүмкіндігі жоқ.

Әдетте, кішігірім дүкендерде бір сатушы сатып алушыға тауарлық қызмет көрсетеді, екіншісі есеп береді, үшіншісі тауарды орайды. Соңғысы сирек кездеседі.

Үндістанға экспортқа лицензия алғаннан кейін, компания Бомбейдің көтерме саудагерімен келісім шарт жасасты. Бірақ компания президенті соңғы шешім қабылданғанға дейін, компанияға маңызды, сатудың кейбір мәселелерін толық қарастыру керек деп санады.



Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. тауар өткізудің қандай түрлері компания мамандарымен қабылданды, бұл таңдау ең жақсы болып саналады ма?

2. бомбейлік көтерме саудагерлермен компанияның жұмыс істеуінде өткізу нарығының қандай сипаттамалар қолдану керек еді?

3. өткізу каналдарын басқаруда қандай мәселелер айтарлықтай қиынға түсуші еді және оларды қалай басқару қажет?


14.5 Жеке үй жұмысы
Келесі тапсырма жағдайының шешімін табыңыз

Венгер нарығындағы жаңа тіс пастасы

Fiko косметикалық кәсіпорыны Венргияда өз өнімдерінің жоғары сапасымен кең танымал. 80-ші жылдардың соңында кәсіпорын директоры жұмысты пайданы көбейтуге бағыттауды ұсынды. Әрбір басшы жұмысшыға жаңа тауар шығарудың мүмкіндіктерін ізденуді тапсырды. Ең тез шешім жаңа тіс пастасын шығару екендігі болып шықты. Пастаны шығару бойынша барлық зерттеулер мен талдаулар аяқталып, пастаға жаңа атау табу керек болды. Жаңа паста ең сапалы құраушылардан жасалды. Ағартқыш қасиеті, хош иісі, кариеске қарсы және никотин жоюшы қасиеттері басқа пасталарға қарағанда айтарлықтай жақсы болды. Сондықтан ол нарықтағы пасталардың орнын басушысы болатынына күдік болмады.

Венгрия нарығына тез арада шығудың тауары осы деген шешім қабылданды. Тіс пастасына «Квалиташ» деген атау беріліп, оны көзге жайлы көрінетін қаптама таңдалды. Маркетинг бөлімі бұл пастаны нарықтық бағадан жоғары бағамен нарыққа шығарушы ұсынды. Нарықтағы арзан өніммен үздік маркалы тауарды ажырату үшін кәсіпорын бұндай әдісті бұрыннан бері қолданып келуде. Басшылық бұл ұсынысты қолданды. Тауарды сату қиындыққа түспеді, өйткені Fiko баяғыдан бері көтерме сауда кәсіпорындарымен жақсы қатынаста болды.

Бірақ «Квалиташ» пастасы нарықта сұранысқа ие болмады. Сатып алушыларға жүргізілген сауалнама негізінде келесі жағдай көрінді:

  • Мен қазір қолданып жүрген паста өте жақсы, ал «Квалиташа» пастасының дәмі маған ұнамады;

  • Тауар сатып алатын универсамнан ешқашан «Квалиташ»-ты көрмедім, маған бұрыннан қолданып келе жатқан паста ұнайды, не үшін мен оны ауыстырам?

  • Қымбат пастаны алғым келмейді, менің ойымша ол қаншалықты қымбат болғанымен, соншалықты жақсы болуы мүмкін емес;

Сұрақтар мен тапсырмалар

    1. Fiko кәсіпорынының қызметкерлерінің алдына қойылған тапсырманы сипаттаңыз.

    2. Венгерлік кәсіпорын нарықта қандай стратегия жүргізді?

    3. «Квалиташ» пастасын қалай позициялады?

    4. Fikо нарықтың қандай сегментіне бағытталды?

    5. Венгерлік нарықта жаңа пастаның сәтсіздікке ұшырауының себебі неде екенін түсіндіріңіз.






15 Тақырып

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ МАРКЕТИНГІ







Қызмет көрсетулердің айрықша сферасы – нонсенс.

Әрбір сала үлкен не кіші дәрежеде қызмет көрсетеді.



Т. Левитт
15.1 Жалпы теориялық ұғымдар
Оқудың мақсаты

1 Қызмет көрсету және коммерциялық емес қызметтердің маркетингі

ерекшеліктерін оқу.

2 Қызмет көрсету және коммерциялық емес қызметтердің маркетингі

аумағындағы білімдерін бекіту.
Сұрақтар

1 Қызмет көрсету және оның сипаттамасы.

2 Қызмет көрсету маркетингінің ерекшеліктері.

3 Коммерциялық емес қызмет сферасындағы маркетинг.


1 Қызмет көрсету және оның сипаттамасы

Қызмет көрсету сферасы – экономика салаларының ішіндегі ең тез дамитын саласы.

Қызмет көрсету түсінігінің түрлі анықтамалары бар.

Қызмет көрсету деп, әдетте бір жақ екіншіге беруі мүмкін әрбір шара немесе пайда; бірдемені иеленуі сезілмейтін әрекеттер танылады. Оның көрсетілуі материалды өніммен байланысты немесе байланыссыз болуы мүмкін.

Қызмет көрсетудің материалды тауардан ерекшеленуі келесі факторлармен байланысады:


  • өнімнің табиғатымен (қызметтердің сезілмеуі, қолға түспеуі немесе материалды емес сипаты; өндірушілерден де, тұтынушылардан да қызметтердің ажырамастығы; қызметтердің өзгермелілігі, ұзақ еместігі, сақтаудың мүмкін еместігі, т.б.);

  • сапаның стандартизациясының және бақылауының күрделілігімен;

  • өнім қоймасының болмауымен;

  • уақыттық фактордың маңыздылығымен;

  • бөліну арналарының құрылымымен.


2 Қызмет көрсетулер маркетингінің ерекшеліктері

Қызметтердің айырмашылық сипаттамалары және қызметтер нарығының ерекшеліктері қызметтер нарығының ерекшеліктері қызметтер маркетингінің спецификасын анықтайды.

Қызмет көрсетулер маркетингі, деп басқарылатын әлеуметтік процесс танылады, неге қажеттілікте болатын, соны сатып алады және басқа пайда болған өнімдер мен құндылықтарды айырбастайды.

Қызметтер маркетингіне маркетингтің барлық негізгі функциялары сәйкес келеді, бірақ олардың әрбіреуі өз ерекшеліктеріне ие.

Қызметтер маркетингіне аналитикалық функциясында үлкен орынды, клиенттермен қызмет сапасын қабылдаумен байланысты сұрақ қойылады. Қызметті таңдау кезінде клиенттер психологиялық себептерді және кейбір объективті критерийлерді басшылыққа алады, өйткені қызметтерді олардың тұтынылуына дейін стандарттау мен бағалау қиын, ал олардың кейбіреулерін тұтынғаннан кейін де бағалау мүмкін емес (мыс, медициналық қызметтердің бірқатар бөлігі). Осында тұтынушылардың назарына ақпараттың болуы, қызметтердің «сезілетін» сапалары, сезілетін тәуекел, маркаға сенімділік, альтернативті қызметтердің бар болуы кіреді. Көрсетілетін қызметтер көлемін арттыруға бағытталған маркетингтік бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асыру кезінде маркетинг бойынша менеджерлерге фирманың бар және потенциалды клиенттерімен қызметтерді қабылдау ерекшеліктерін, және де қызметтерді таңдау, олардың сапасын бағалау және осы компанияның қызметтерін қайта сатып алуға итермелеуге әсер ететін факторларды есепке алу керек.

Қызметтер сферасындағы өндірістік-өткізушілік функция өзінің спецификасына ие болады, ол келесіні білдіреді, егер материалды тауарлар үшін өндіру және өткізу процестері уақытта бөлінетін болса, онда қызмет көрсетуде осы процестер біруақытта өтеді. Осыдан басқа жоспарларды жүзеге асыру кезінде қызмет көрсету жүйесіндегі фирма персоналы мен оның клиенттерінің маңызды роль алатынының үстіне, кадрлық саясатпен және қызметтің қоршаған ортасы мен оны тұтыну процессімен байланысты сұрақтарға айрықша назар аударылады.

Басқару мен бақылау функциясында маркетинг кешенін жоспарлау процесінде оның құрастырушыларының санын арттыруына назар аудару керек. Дәстүрлі «4Р»-ға – тауар (product), баға (price), сату (place), өткізу (promotion) – персонал (personnel) және тағы да «2Р» жағдай немес қоршау (physical premises) мен процесс (process) қосылады.

Қоршау – бұл белгілі бір көңіл күйді қалыптастыратын және клиенттерді тартуға мүмкіндік беретін интерьер. Қызметті тұтыну процессін сипаттағанда келесі сұрақтарға жауап беру керек:



  • сату және клиентке қызмет көрсету қалай жүзеге асырылады;

  • сатып алушы қызметті сатып алуға қанша уақыт жұмсайды.

Осылай қызметтер сферасындағы кәсіпорындарға нарықтық саясат пен маркетинг бағдарламасын әзірлеу кезінде маркетинг кешенінің жеті құрастырушысын есепке алумен стратегиялар мен оларды жүзеге асыру жоспарларын анықтау керек.
3 Коммерциялық емес қызмет сферасындағы маркетинг

Коммерциалық емес маркетинг қоғамдық мүдделерге әрекет ететін немесе белгілі бір идеяға сүйенетін және қаржылық пайда алуға тырыспайтын ұйымдар мен жеке тұлғалармен жүзеге асырылады.

Коммерциялық емес маркетингтің коммерциялық маркетингпен ұқсас жақтары да, айырмашылықтары да бар.

Коммерциялық емес және коммерциялық маркетингтің арасындағы негізгі айырмашылықтар мақсаттардың түрлілігінен туындайды. Коммерциялық емес ұйымдардың жетістігі немесе кемшілігі қаржылық көрсеткіштермен есептелмейді, себебі осы ұйымдардың мақсаты күрделі сипатта болады. Коммерциялық емес ұйымдардың басым бөлігі көбінесе демеушілердің және қайырымдылық қаражаттардың негізінде өмір сүреді.

Маркетингтің объектілері ұйымдар, жеке тұлғалар тұрмыстық құрылыстағы, демалыс зоналарындағы жерлер, идеялар және т.б. объектілер болуы мүмкін.

Ұйымдар маркетингі – бұл нақты ұйымдарға қатысы бойынша мақсатты аудиторлардың позицияларын құру, қолдау немесе өзгерту мақсатында жүзеге асырылатын қызмет.

Жеке тұлғалар маркетингі – бұл нақты тұлғаларға қатысы бойынша позицияны құру, қолдау немесе өзгерту үшін жүзеге асырылатын қызмет. Осы қызметтің кең тараған формалары болып танымал адамдардың маркетингі және саяси кандидаттардың маркетингі табылады.

Орындар маркетингі – нақты орындарға қатысы бар қатынастарды құру, қолдау немесе өзгерту мақсатында жүзеге асыратын қызмет. Оның төрт типін ажыратады – тұрғын үй, демалыс орындары, шаруашылық құрылыстар зонасы және жер меншігіне инвестициялар маркетингі.

Идеялар маркетингі – бұл идеяларды нарыққа ұсыну бойынша қызмет. Мысалы, «Темекі шегу – сіздің денсаулығыңыз үшін зиянды» идеясы, қоршаған ортаны қорғау бойынша идеялар, нәсілдік және ұлттық теңдік идеясы т.б. Бұл қызметті басқаша қоғамдық маркетинг деп аталады. Әрине, әлеуметтік даму әрқашан да күрделі, дегенмен қоғамдық маркетинг мынадай аймақтарда кең тарап үлгірді: отбасын жоспарлау, қоршаған ортаны қорғау, темекіге қарсы күрес және нашақорлыққа қарсы күрес және басқа да қоғамдық өмірдің мәселелері.
15.2 Бақылау сұрақтары


  1. Қызмет материалдық тауардан қалай ерекшеленеді?

  2. Маркетингтік қызметтің ерекшелігі неде?

  3. Маркетингтің қызмет кешені құрамына не кіреді?

  4. Коммерциялық қызметтің ерекшеліктері неде?

  5. Қоғамдағы маркетингтің орны неде?

15.3 Тесттер

1. Қызмет көрсету – бұл

A) жеке материалдық зат;

B) сезілетін материалдық зат;

C) бір жақ келесі жаққа ұсынатын кез-келген шара немесе пайда;

D) сақтауға болатын зат;

E) дұрыс жауап жоқ.

2.Қызмет көрсетуді материалдық заттан ерекшелендіреді:

A) сезілмейтіні;

B) материалдық емес сипаты;

C) өндіруші мен тұтынушылардан ажырамайтыны;

D) сақтауға боламайтыны;

E) барлық аталғандар.

3. Қызмет көрсетуге тән:

A) сезілмейтіні;

B) материалдық емес сипаты;

C) өндіруші мен тұтынушылардан ажырамайтыны;

D) сақтауға боламайтыны;

E) барлық аталғандар.

4. Төмендегі тұжырымдамалардың қайсысы дұрыс емес:

A) қызмет көрсету маркетингтің аналитикалық функциясын қолданғанда тұтынушылардың қызмет сапасын қабылдаумен байланысты сұрағы маңызды болады;

B) маркетингтің өнеркәсіптік-өтімділік функциясы саласында өндірушілік процессі және қызмет көрсетуінде уақыт бойынша бөліну ерекшелігі бар;

C) қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарға нарықтық саясатын және маркетингтік бағдарламасын жасарда стратегиясын және 7 жиынтықтан тұратын кешенді жоспарын анықтау қажет;

D) дәстүрлі «4Р»-де маркетинг жиынтығын жоспарлау процессіне «жұмыскерлер», «орта», «процесс» қосылады;

E) қызмет көрсету аясы- экономиканың қарқынды дамып келе жатқан саласы.

5. Берілген тұжырымдамалардың қайсысы дұрыс емес:

A) коммерциялық және коммерциялық емес маркетингте тұтынушылар түрлі ұйымдардың ұсыныстарын зерттей алады;

B) коммерциялық маркетинг қоғамның пікірін қолдайтын немесе белгілі мақсатты көздейтін ұйымдармен іске асады;

C) коммерциялық емес ұйымдардың барлығы дерлік негізінен колдаушылардың көмегімен және қайырымдылық қорлардың есебінен өз жұмысын жүзеге асырады;

D) коммерциялық және коммерциялық емес маркетингтің негізгі ерекшеліктері олардың мақсаттарынан көрініс алады;

E) дұрыс емес анықтама жоқ.

6. Коммерциялық емес маркетингтің объектілеріне жатады:

A) ұйымның маркетингі;

B) жекелеген тұлғалардың маркетингі;

C) орын маркетингі;

D) ұсыныс маркетингі;

E) жоғарыда көрсетілгендердің барлығы.

7. Атақтылардың маркетингі және саяси кандидаттардың маркетингі мына маркетингтің нысаны болып табылады

A) ұйым маркетингі;

B) жекелеген тұлғалардың маркетингі;

C) орын маркетингі;

D) демалыс маркетингі;

E) ұсыныс маркетингі.

8. Тұрғын үй, демалыс орындары, шаруашылық құрылыс зонасы және жер меншігіне инвестициялар қай маркетинг типі?

A) ұйым маркетингі;

B) жекелеген тұлғалардың маркетингі;

C) орын маркетингі;

D) ұсыныс маркетингі;

E) кандидаттар маркетингі.

9. Ұсыныс маркетингін басқаша былай атайды:

A) жалпылама маркетинг;

B) қоғамдық маркетинг;

C) жеке маркетинг;

D) орын маркетингі;

E) ұйым маркетингі.

10. Төмендегі тұжырымдамалардың қайсысы дұрыс емес:

A) маркетинг жүйесі тұтынушылардың қажеттіліктерін анықтап және оларды қанағаттандыратындай қызмет етуі қажет;

B) маркетинг жүйесі тұтынушылардың өмір сүру сапасын жақсартатындай қызмет етуі қажет;

C) кәсіпкерлер тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жағымсыз қылықтар жасауы мүмкін;

D) маркетинг позитивті және негативті жағдайларға әкелуі мүмкін;

E) маркетинг тек қана позитивті жағдайға әкеледі.

11. "Сақтанбаушылық" – маркетинг бағдарламасын жасарда есепке алынатын сипат

A) материалдық өндіріс аясында;

B) қызмет көрсету аясында ;

C) жеке тұлғалардың маркетингі процессінде;

D) қоғамдық маркетинг процессінде;

E) барлық жауаптар дұрыс.

12. Берілген тұжырымдамалардың қайсысы дұрыс емес:

A) коммерциялық және коммерциялық емес маркетингте тұтынушылар түрлі ұйымдардың ұсыныстарын зерттей алады;

B) коммерциялық маркетинг қоғамның пікірін қолдайтын немесе белгілі мақсатты көздейтін ұйымдармен іске асады;

C) коммерциялық емес ұйымдар пайда алуға тырысады;

D) коммерциялық емес ұйымдардың барлығы дерлік негізінен колдаушылардың көмегімен және қайырымдылық қорлардың есебінен өз жұмысын жүзеге асырады;

E) коммерциялық және коммерциялық емес маркетингтің негізгі ерекшеліктері олардың мақсаттарынан көрініс алады.

13. Тұжырымдамалардың дұрыс емесін анықтаңыз.

A) логистика – тауарлардың жеке реттеуі туралы ғылым;

B) дәрігердің медициналық көмегі қызмет көрсету болып табылады;

C) нарықтық потенциал нарық сыйымдылығынан да көп;

D) мақсатты нарықта кәсіпорынға сатып алушылар мен тұтынушылардың іс әрекетін зерттемеуіне болады;

E) маркетинтік реттеу пайдаланушылықты қалыптастыруда және өндірілетін тауарлардың тиімді сатуында сатып алушылық талғамына мақсатты әсер етуін ұйғарады.

14.Кәсіпорынның тұжырымдамасы және саяси партиялардың белсенді пікірін, белгілі топтардың қызығушылығын қорғайтын ғана емес, сонымен қатар барлық азаматтардың құрметін басқаратын Үкіметтің қызметі, бұл-

A) эго – маркетинг;

B) өзіндік маркетинг;

C) саясимаркетинг;

D) орын маркетингі;

E) инвестициялар маркетингі.

15.Қоғамның әр белсенді мүшесі құра алатын тұлғаны жетілдіру бағдарламасы қалай аталады

A) эго – маркетинг;

B) өзіндік маркетинг;

C) саясимаркетинг;

D) орын маркетингі;

E) инвестициялар маркетингі.

16. Барлық қоғамның кәсіби мүшелеріне тиісті, негізгі «тауарға» - еңбек күшіне максималды қолайлы жағдай жасау міндетті тұлғалардың ерекше қызметтерінің бағдарламасы былай аталады:

A) эго – маркетинг;

B) өзіндік маркетинг;

C) саясимаркетинг;

D) орын маркетингі;

E) инвестициялар маркетингі.

17. Төмендегі тұжырымдамалардың қайсысы дұрыс емес

A) саяси маркетингтің негізіне қоғамдық ортада ойдың, қызығушылық пен пікірлердің қозғалысы жатады;

B) саяси маркетинг өзінің негізінде қоғамның кең мүдделеріне қызмет етуге тырысады;

C) саяси маркетинг кейбір топтардың мүддесін қорғауды емес, тек өзіндік мүддені қорғауды көздейді;

D) саяси маркетингтің негізгі мақсаты ымыралық және қоғамның түрлі жіктерінің арасындағы үйлесімділікке талпыну жолдарымен қоғамда максималды келісушілік жолдарын іздестіру болып табылады;

E) саяси маркетинг барлық азаматтардың мүдделерін сыйлауды көздейді .

18. Төмендегі тұжырымдамалардың қайсысы дұрыс емес

A) эго – маркетинг – қоғамның әр белсенді мүшесі құра алатын тұлғаны жетілдіру бағдарламасы;

B) эго – маркетинг мақсаты – тұлғаны нақты істерге, қойған мақсаттарына реттелген қадамдарға, кездесетін қиындықтарға төтеп беруге итермелеу;

C) эго – маркетинг бағдарламасының мақсаты – қоғамға маңызды және пайдалы болу ойынан қанағат алу;

D) тұлғаның жетілуіне жүйелі түрде келу эго – маркетинг тұжырымдамасын анықтайды;

E) дұрыс емес тұжырым жоқ.

19. Төмендегі тұжырымдамалардың қайсысы дұрыс емес

A) адам бәсекелестік жағдайында қоғамдағы орнын анықтауы қажет;

B) қоғамдағы орнын адам максималды күш-жігер мен бастамалармен, табиғи қасиеттерімен, жиналған білім мен біліктілігімен, жеке пысықтығымен және белсенді өмірлік ұстанымымен анықтау қажет;

C) өзін жетілдіруге жүйелік келу эго-маркетинг тұжырымдамасын және оған жақын тұжырымдама өзіндік маркетингпен түсіндіріледі;

D) өзіндік маркетинг- негізгі «тауар»-жұмыс күшіне қолайлы жағдай жасайтын негізгі іс-әрекеттер бағдарламасы;

E) дұрыс емес тұжырым жоқ.

20. Аймақ маркетингінің негізгі объектілері қандай

A) қалалар, муниципалдық құрылымдар;

B) елдер, аймақтары, ықшамырақ жерлер;

C) аймақ ішінде орналасқан фирмалардың тауарлары мен қызметтері;

D) түрлі аймақтардағы тауарлық саясат және маркетингтік қатынастар;

E) баға саясаты және түрлі аймақтардағы өтімділік.

21. Аймақтың дамуының алғышарттары не?

A) тұрғын үй қорының, жолдың, абаттандыру, қатынас қызметтерінің жағдайы және пайдаланылуы;

B) көрмелік белсенділік;

C) жәрмеңкелік белсенділік;

D) ішкі инвестицияның динамикасы;

E) абаттылық, өнеркәсіп, инфраструктарының жағдайы және динамикасы.

22. Аймақтың маркетингтік тартымдылығы немен анықталады?

A) аймақтағы бәсекенің дамуымен;

B) аймақтың жалпы азық деңгейімен;

C) аймақтың жалпы азық динамикасымен;

D) шынайы және нормативті тұтынушылық қатынасының

деңгейімен;

E) аймақтық қордың шығарылуы және аймақ ішіне тартылған қордың пайдалануының тиімділігімен.

23. Төмендегі тұжырымдамалардың қайсысы дұрыс емес

A) аймақ маркетингі аймақ ішінде де және оның сыртында жүзеге асады;

B) аймақ маркетингі аймаққа қатысты ішкі субъектілеріне, сондай-ақ аймақтағы жеке және заңды тұлғаларға бағытталған;

C) маркетингті аймақтық және аймақ ішіндегі деп бөледі;

D) объектерге көңіл бөлу деңгейіне байланысты аймақтар мемлекеттік, облыстық, қалалық болып бөлінеді;

E) дұрыс емес тұжырым жоқ.

24. Төмендегі тұжырымдамалардың қайсысы коммерциялық емес маркетингтің мазмұнын ашпайды:

A) коммерциялық емес маркетинг ұйымдармен, аймақтармен, ойлармен, сондай-ақ тауарлар мен қызметтермен байланысты;

B) коммерциялық емес маркетингтің мақсаттары өте күрделі, өйткені табыс немесе сәтсіздік тек қаржылық тұрғыдан өлшенеді;

C) коммерциялық емес маркетингтің артықшылықтары көп жағдайда тұтынушылардың төлемдеріне байланысты емес;

D) коммерциялық емес ұйымдардан экономикалық тиімсіз нарық сегменттеріне қызмет етуін күтеді немесе талап етеді;

E) коммерциялық емес маркетингте мақсаттар, әдетте, өтімділік және қолма-қол ақша алуын қамтиды.

25. Кіріссіз құрамалар мен ұйымдардың маркетингі былай аталады:

A) коммерциялық;

B) коммерциялық емес;

C) жинақты;

D) синхромаркетинг;

E) кешенді.

26. Коммерциялық емес ұйымдарда философияны қолдану мен маркетингтің болуы кешенділікті талап етеді. Бұл келесі жағдайларға байланысты

A) коммерциялық емес ұйымдардың шешімдерінің қауіп-қатерлеріне байланысты мақсаттардың әртүрлілігіне;

B) коммерциялық емес ұйымдардың қабылдайтын шешімдерінің қауіп–қатерлеріне тәуелділігіне;

C) коммерциялық ұйым нарығына қарағанда коммерциялық емес ұйымдардың жоғары бәсекелестігіне;

D) коммерциялық емес ұйымдарға қоғам және мемлекет тарапынан жоғары көңіл бөлінуіне;

E) жоғары аталғандардың барлығына.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау