Н. А. Баранова Г. Е. Есімхан маркетинг



бет12/17
Дата17.01.2018
өлшемі3 Mb.
#7585
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

10.2 Бақылау сұрақтары


  1. Маркетингтік коммуникациялар кешені деген не?

  2. Қоғаммен байланыс бойынша жұмыстарды жүргізу барысында қандай құралдарды пайдаланады?

  3. Жеке сату аумағындағы маркетингтік шешімдерді талдаңдар.

  4. Тауарды сатуды ынталандыру бойынша маркетингтік шешімдерді жіктеңдер.

  5. Көрмелер және жәрмеңкелердің маңызы неде?


10.3 Тесттер
1. Коммуникациялық саясат – бұл

A) келісімді саясат;

B) дистрибьютерлік саясат;

C) нарыққа тауарды жылжыту саясаты;

D) табысқа жататын маркетинг жиынтығының жалғыз ғана элементі;

E) негізгі сұрағы тауарлы топтардың анықтамалары болып табылатын саясат.

2. Маркетинг коммуникациялық кешенінің құрамына кірмейтін біріктіруші, ол:

A) спонсоринг;


B) жарнама;
C) көрмелер;
D) логистика;
E) қоғаммен байланыс.

3. Медиабағдарламадағы қызметтер немесе өнім жарнамасының функцияларының интеграциясының тиімділігі есебінен жүзеге асырылатын тауардың орын ауыстыру және орналастыру формасы, қалай аталады

A) спонсоринг;
B) өнім– плейсмент;
C) PR – қоғаммен байланыс;
D) көтерме;
E) жәрмеңке.

4.Қоғаммен жақсы қарым-қатынас орнату және сол қатынасты басқару қалай аталады?

A) спонсоринг;
B) өнім – плейсмент;
C) паблик рилейшнз;
D) көтерме;
E) жәрмеңке.

5.Қоғаммен байланысты қалыптастыру жұмысында негізгі ықылас бағытталатын объектілерге жатпайды

A) БАҚ;
B) мемлекеттік мекемелер;
C) несие – қаржылық мекеме;
D) халықтың кең шеңбері;
E) дұрыс жауабы жоқ.

6. Төменде берілген пікірлердің қайсысы дұрыс емес

A) фирма қоғамға қандай әсер ететіні жайлы алаңдайды;

B) фирманы өз беделінің қалыптасу ерекшеліктері алаңдатпайды;

C) фирма үшін өзі және қоғам арасындағы сенім атмосферасын қалыптастыру өте маңызды;

D) PR-дың мақсаты болып фирманың іс әрекетіне адал ниетпен қарамайтын адамдарды өзінің қоғамдасы мен қоғамдық тірегі болып табылады;

E) PR өзімен қоғаммен жақсы қатынас құруды және сол қатынасты басқаруды бекітуді ұсынады.

6. Фирма немесе тауар жайлы ақпаратты сендіретін құралдар, тауардың тұтынушылық құралы және фирма қызметінің беделін коммерциялық насихаттау, активті және потенциалды сатып алушыны сатып алуға дайындау, қалай аталады

A) жарнамалық;
B) қоғаммен байланыс;
C) спонсорингтік;
D) жеке сату;
E) өнім – плейсменттік.

7. Жарнаманы таратудың қандай әдістері бар

A) бөлмелік және далалық;
B) сақтандыратын және ішкі бірлескен;
C) жеке және жақсыз;
D) ақпараттық және агрессияшыл;
E) біртекті және біртекті емес.

8. Жарнаманы таратудың тікелей (жеке) каналдарына не жатады:

A) баспасөздегі жарнама;
B) дара жарнамалық жұмыс;
C) телефон арқылы жарнама;
D) пошта арқылы жарнама;
E) факс арқылы жарнама.

9. Жарнаманың жақсыз құралына қайсысы жатпайды

A) баспасөздегі жарнама;
B) басылған жарнама;
C) ТВ- маркетинг;
D) радиожарнама;
E) телефон арқылы жарнама.

10. Коммуникациялық процесстің негізгі элементі болып қайсысы табылады

A) идеяны жетілдіру, беру;

B) жіберуші, идея, канал және алушы;

C) идея, хабарлау, шифрды шешу;

D) жіберуші, хабарлау, канал, алушы;



E) жіберуші, хабарлау, кері байланыс.
10.4 Тәжірибелік жаттығулар
1 тапсырма. Төменде негізгі терминдер мен олардың анықтамалары жеке берілген. Берілген анықтамаларға сәйкес өздерінің терминдерін табу қажет.

А. Жарнама

М. Жеке сату

Б. Ақпараттық жарнама

Н. Қоғаммен байланыс

В. Көрме

О. Тікелей маркетинг

Г. Фирмалық стиль

П. Мәліметтер жүйесі

Д. Жәрмеңке

Р. Тікелей пошталық маркетинг

Е. Өткізуді ынталандыру

С. Каталог бойынша маркетинг

Ж. Алға басу

Т. Телефон маркетингі

И. Имидж

У. Телемаркетинг

К. Мақсатты аудитория

Ф. Интернет

Л. Пайдасыз аудитория







  1. Бірсыпыра тауарды сату және іскерлік қатынасты қолдау мақсатында тұтынушының (немесе кәсіпорынның) тікелей үй мекен-жайы арқылы сәйкес келетін ақпараттық мағлұматты пошталық тарату негізінде іске асырушы ... .

  2. Бірсыпыра шұғыл ұйымдастырылған мағлұматтар, берілген мәселелердің шешімін қалыптастыру негізін зерттеушіге рұқсат беру, ... деп атау қабылданды.

  3. Қандай болса да делдалдардың қатысуысыз өз сатып алушылары мен тұтынушыларымен тікелей қарым қатынасты жүзеге асыратын кәсіпорын, ... өткізеді.

  4. Теледидар арқылы әр түрлі видеожарнамаларды көрсету және сол арқылы сатып алушылармен кері байланысты жүзеге асыра отырып, сатушы жүзеге асырады ... .

  5. Өз тауарларын тегін және ақылы төлем үшін таратылған каталогтар негізінде өткізетін сатушы, ... іске асырады.

  6. ТСР/ІР хатамалар негізінде бір бірімен байланысатын құрамдас бөліктері және олардың ары қарай кеңеюінің негізінде болатын ғаламдық ақпараттық жүйе, ... болып табылады.

  7. Сатып алушылар мен тұтынушылар арасындағы байланысты сақтау үшін коммуникациялық құрал негізінде телефонды пайдаланатын сатушы, ... өткізеді.

  8. ... фирма және оның элементтері жайлы кейбір әсерлер, оған ойша қатысы бар жарнамалар.

  9. ... – бұл фирма атынан тауар және қызметтің әрбір жеке емес ақылы ұсыныстары мен ойлардың алға басуы.

  10. Үлгілердің экономикалық демонстрациясы, өзі өткізілетін жақтың дәстүріне сәйкес жеке тұтынудағы тауардың ірі нарығын және өндіру құралдарын ұсынады және ол ... деп аталады.

  11. … - бұл хабарлаудың барлық формасы, кәсіпорынға өзі жайлы немесе өзінің тауарлары жайлы еске салу немесе көз жеткізу үшін қолданатын ақпарат.

  12. … нарықты жаңа тауар немесе қызмет жайлы ақпарат беруге бағытталған; алынған тауарларды қолданудың жаңа әдістерін ұсыну.

  13. Фирманың коммуникациялық маңызы бар, сипатталатын әлеуетті тұтынушылардың ойындағы бейнесі, бұл ... .

  14. Негізгі мақсаты демонстрация құралы арқылы бұқараны ақпараттандыру болып табылатын, тұтынушыларды қанағаттандыру үшін өндірушілердегі бар билік құралдары ... деп аталады.

  15. … - бұл тауарлар немесе қызметтерді сату немесе сатып алуды қысқа мерзімде ынталандыру әдістері.

  16. Жарнама бағытталған аудиторияның бір бөлігі, бірақ ол фирманың мақсатты нарығы болып табылмайды.

  17. … - тауарды жылжытуға бағытталған тұтынушылар тобы.

  18. … - фирма мен әртүрлі аудитория арасында өзара сенімділік пен түсіністік орнату атмосферасын жасауға бағытталған қызмет.

  19. … - бұл нақты клиентке шығу коммуникациясы.


2 тапсырма. Төменде келтiрiлген сөздердің жалған немесе дұрыс екенін анықтаңыз, егер дұрыс болған жағдайда "иә" жауабын; қате болса, "жоқ" деген жауап беріңіз.

  1. Сауданы ынталандыру, сатушы мен сатып алушы арасында тікелей коммуникацияны қолдауды және орнатуды болжамдайды.

  2. Қоғамдық байланыстар мақсатты аудиторияға тауарды ақылы түрде көрсету болып табылады.

  3. Сатуды ынталандыру арқасында кәсіпорынның имиджі құрылады және сақталады.

  4. Тұтынушылық тауардың мақсатты нарыққа өткізуде, әлеуетті сауда маңызды болып келеді.

  5. Көпшілік кәсіпкерлер олардың жарнамаға кеткен қаражаттардың жартысы босқа кетті деп санайды, бірақ олар қай жартысы кеткенін білмейді.

  6. Мықты, өздеріне сенімді, ержүрек ковбой бейнесін қалыптастырғандықтан, «Marlboro» сауда маркасы нарықтағы көшбасшыларының біріне айналды.

  7. Мақсатты аудитория хабарды толық қабылдап және есте сақтайды, егер хабарды танымал, сенімді, атақты адамдар жеткізетін болса.

  8. Өндірістік техникалық бағыттағы өнім шығаратын кәсіпорындар, коммуникациялық саясатқа бөлінген қаражаттарды әділетті саудаға көбірек қолданады.

  9. Сауданы ынталандыру үшін мынадай әдістер қолданылады: тауардың үлгісін ақысыз тарату, жеңілдіктері мен сауда жасау үшін купондар тарату және баға жеңілдіктері.

  10. Сатушыларға қатысты мынадай ынталандыру шаралары қолданылады, сайыстар өткізу, экскурсия жүргізу, сыйақы беру, лотерея ұйымдастыру және конференциялар.

  11. Тауарды нарыққа шығару кезеңінде оны жылжытуға үлкен мәнді ақпаратты жарнама және қоғамдық байланыстар алады.

  12. Журнал немесе газеттің бірінші бетінде, әсіресе жоғарында орналастырылған жарнама назарды көбірек өзіне аударады.

  13. Жарнама берушілер өзінің теледидарлық роликтерін кейбір бағдарламалардың басталу алдына қоюға тырысады.

  14. Түсті реклама көбірек активизациялық әсер қалдырып, есте жақсы сақталады.

  15. Журналдың басында немесе соңында орналасқан материалдар, журналдың ортасында орналасқан материалдарға қарағанда, толығырақ қабылданады.

  16. Тікелей маркетингті жүзеге асыра отырып, кәсіполрын өзінің клиенттерімен тікелей байланыс орнатады, ал ол өз кезегінде сұраныс пен тұтынудың өзгерістеріне дер кезінде шағылысуға мүмкіндік береді.

  17. Тікелей маркетинг сатушыларға нарықтық текшелерді табуға мүмкіндік береді және олардың қажеттіліктерін қанағаттандырады.

  18. Тікелей маркетингті пайдалану коммерциялық қызметтің тиімділігін арттырады, ал ол өз кезегінде, бөлшек сауда бағасының төмендеуіне әкеледі.

  19. Кәсіпорын өз тауарларын тікелей пошталық жіберудің арқасында сатады, тікелей маркетингті қалыптастырмайды.

  20. Деректер қорында тұтынушылық әдеттер мен тұтынушылардың мінез құлқы жайлы мағлұматтар болуы мүмкін емес.

  21. Деректер қорын қолдану нарықты сегменттеуге және мақсатты аудиторияны анықтауға мүмкіндік береді.

  22. Туристтік фирма тікелей пошталық жолдамалар материалдарына атақты маршруттарды, мәдениеті жайлы және әр түрлі елдердің тарихы, туристтердің «жол белгілері» және саяхаттаушының кеңесін қосуы мүмкін.

  23. Тікелей телефонды маркетинг тамақ өнімдерін сату кезінде жүзеге асырылуы мүмкін.

  24. Телефонды маркетинг жүргізу арқылы сатушы сатып алушыға сатып алынған тауар құнын телефонмен сөйлесу төлем құнына қосу мүмкіндігін жасай алады.

  25. Телефонды маркетинг медициналық қызмет аясында тиімді қолданылуы мүмкін.

  26. Интернетті қолдану арқылы мақсатты нарықты зерттеу үшін әрқашан респонденттерді репрезентативті таңдауды қолдану керек.

  27. Барлық маркетингтік зерттеулер интернетті қолданумен жүргізілмейді.

  28. Интернетті қолдану арқылы қабылданатын мәліметтерді өңдеу кезінде, зерттеушіде бар EXCEL және ACCESS бағдарламаларын қолдануға болады.

  29. Электронды поштаны қолдана отырып, бір біріне бейнесуреттерден тұратын жолдаулар жолдауға болады.

  30. Электронды поштамен жіберілген хабарламаларда конфидециалды ақпаратты өзіне қосуға болады, өйткені ол хабарлама бөтен адамдармен оқылуы мүмкін емес.

  31. Виртуалды дүкен ол театр, олардың актерлары тауарлар болып табылады.

  32. Көптеген банктік құрылымдарда валюталық сауда негізінде электронды аукцион технологияларын қолданады.

  33. Электронды поштаны қолдану арқылы тарату тізімін қалыптастыруға болады, ол бір адамға сияқты үкен топ адамдарға бір уақытылы және оңай хабарлама жіберуге мүмкіндік береді.

  34. Электронды дүкендерде әртүрлі дүкендерде сатып алуға болатын күнделікті тұрмыста қажет етілетін тауарларды ұсынады.

  35. Интернетті қолданушы электронды дүкендерде өзіне қажет арзан бағамен сатылатын тауарларды таңдай алатынын ескеру қажет. Төмен табысты халық тобына арналған осындай дүкендер арқылы тауарларды сату және қызмет көрсету қарастырылған.

  36. Жеке тұтынушылар жайлы олардың рұқсатынсыз ақпарат жинау жеке өмірлеріне қол сұғу болып саналады, сондықтан да ол заңсыз.


3 тапсырма. Талқылаңдар

«Имиджді құрастырудың басты мақсаты – өзің жайлы түсінікті жүзеге асыру» (психолог С. Геллерман).


V. Сұрақтарға жауап беріңіз
4 тапсырма. Талқылаңдар

Прессаның пропагандалық жүргізетін жекелеген шараларына байланысты, мысалы сапа факторына басымдылық жасау, функционалдық пен тауардың сапасына екінші дәрежедегі көңіл бөлуі (арзандатулар, сыйлық ұтып алу мүмкіндіктері, ұтыс және т.б.)

Бұл фирманың сәтті жұмыс істеуіне қалай әсер етеді?
5 тапсырма. Қойылған сұрақтарға жауап беріңіз және тапсырманың шешімін табыңыз

Сіз аяқ киім кәсіпорнының менеджері болдыңыз делік, сізге модельді аяқ киім сатып алушылар жайлы мәліметтер базасын құру бойынша жұмысты басқару тапсырылды.

Өз жұмысыңызды неден бастайсыз?


  • Қандай мәліметтерді және оларды қалай жинайсыз?

  • Мәліметтер базасы қалайша қолданылады және олардың көмегімен қандай маркетингтік тапсырмаларды шешесіз?


6 тапсырма. Қойылған сұрақтарға жауап беріңдер және есептің шешімін

табыңдар

Бәрімізге белгілі, жарнаманы әзірлеу үшін бірнеше тәсілдер пайдаланылады, олардың ішінде ең кең тараған түрі копирайтер кең тараған фразалар түрін (мақал – мәтел,т.б) таңдап алады. Содан соң осы атрибут жарнамалайтын тауар немесе кәсіпорынды (атауы, өрнегі, логотипі) таңдап алады. Осы екі элементі бір фразамен біріктіреді. Мысалы, FAST FOOD дәмханалар торабының сайты осындай қағида бойынша құрастырылған. «Қай орыс тез даярланатын тамақты жек көреді?» деген ұран. Осы аталған мысалды пайдалана отырып, Интернет торабына арналған бірнеше жарнамаларды ойластырыңдар.


7 тапсырма . Тапсырманы орындаңдар

Сіздің көзқарасыңыз бойынша марканың деңгейіне қаптаманың ерекшеліктері қалай әсер етеді? Өзіңіз қалаған кез келген тауар түріне сипатама жасаңыз.



8 тапсырма. Тапсырманы орындаңдар

Қандай коммуникациялық құралды таңдау, бізге брэнд тапсырмасындағы негізгі коммуникациялық жағдайларды шешуге мүмкіндік туғызады, егер оның сипаттамасы эмоционалды болса:



  • мықты және табысты адамдарды таңдау;

  • қазіргі өнім;

  • талғамнан ляззат алу;

  • өзін күту;

  • табысты сезу.


9 тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер

Сату орындарында түзілу қызметін ыңталандыру мақсатында қандай нақты әдістер қолданылуы тиіс (мерчендайзинг)?


10 тапсырма. Талқылаңдар

Пресса жеке насихаттау шараларын жүргізген кезде, мысалы, сапа факторларындағы акцентті, функционалдылықты, тауар сенімділігін екінші дәрежелі факторларға ( жеңілдіктер, сыйлық алу мүмкіндігі, лотереялар және т.б.) ығыстыруы мүмкін.

Бұлар қалайша фирманың табысына немесе сәтсіздігіне әсер етеді?


10.5 Жеке үй тапсырмасы
1. Келесі тауарларды өткізуді ынталандыру шаралары бойынша жетілдіріңдер:


  • Шырша бұйымдары;

  • Компьютерлік ойындар;

  • Ерлерге арналған галстуктер;

  • Алтын сағаттар.

2.Тұтынушы ретінде өзінізге жақсы танымал және сол тауарға қатысты өзіңізді сарапшы деп санайтын бір тауарды атаңыз. Өзіңізге ең маңызды деп саналатын сипаттарды анықтап, оларды тауар жарнамасында көрсетілген сипаттамалармен салыстырыңыз. Жарнама берушіге қандай кеңес берер едіңіз?





11 Тақырып

МАРКЕТИНГ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАРНАМА







Жарнама- ХХ ғасырдың ұлы өнері.

Маршалл Маклюэн

11.1 Жалпы теориялық ұғымдар
Оқудың мақсаты

1 Жарнамалық шараларды жүзеге асыру үрдісі мен маңызын оқу.

2 Фирманың жарнамалық қызметі аумағындағы білімдерін бекіту және

жарнама аясындағы маркетингтік шешімдерді қабылдай білуді үйрену.


Сұрақтар

1 Жарнаманың түсінігі мен функциялары.

2 Жарнаманы тарату түрлері және құралдары.

3 Жарнамалық компанияның түсінігі мен кезеңдері.

4 Жарнамалық агенттіктердің типтері мен функциялары.
1 Жарнаманың түсінігі мен функциялары

Жарнама мен оның түрлері коммуникациялық саясатта ерекше орын алады. Маркетингтік қызметте ол ең күрделі және қиын жүзеге асырылатын есепті сұранысты қалыптастыру және ынталандыруды шешуге арналады.

Жарнама – бұл тауар немесе фирма туралы сендіретін ақпарат құралы, активті және потенциалды сатып алушыны сатып алуға дайындайтын, тауардың және фирма қызметінің жетістіктерінің тұтынушылық қасиеттерін коммерциялық насихаттау.

Маркетингтің классикалық теориясында тауарды нарыққа жылжыту жүйесінде маңызды рөлді жарнама ойнайды, қысқартылған, көркемделіп, өрнектелген түрде болашақ сатып алушылардың назары мен түйсігіне тауарлар мен қызметтер жайлы ең басты және маңызды мәселелерді жеткізуге болады.

«Жарнама» деген сөздің мәні әлі күнге дейін талдану үстінде. У.Уэлс, Дж.Бернетт, С.Мориартидің пікірлері бойынша жарнама (advertisement) шамамен 1655 ж., пайда болған, бірақ ол Библияда ескерту мен хабарламалардың мәнін білдірген. Ф.Панкратов, Т.Серегина латынның «reclamere» деген сөзінен шыққан деп есептейді, ол аударғанда қатты айқайлау немесе хабарлау деген сөзді білдіреді, Ежелгі Грекияда және Римде жарнамаларды халықтың көп жиналған жерінде айқайлап хабарлайтын болған.

Жарнама - бұл қарапайым төленетін және тауарлар мен қызметтер немесе әртүрлі тасымалдаушылар арқылы атақты жарнама берушілердің идеялары туралы қарапайым сипаты бар ақпаратты беру болып табылады. Жарнама туралы негізгі ұғым — ол маркетингтің маңызды элементі, маркетинг аясы дамыған елдерде экономиканың барлық салаларын қамтуға негізделген, сонымен қатар фирманың маркетингтік қызметінің кез-келген кезеңі жарнамалық қызметпен тікелей және жанама түрде байланысады.



2 Жарнаманы тарату түрлері және құралдары

Жарнаманың бірнеше түрі бар: тауарлық, престиждік (фирмалық), тікелей және жанама, ақпараттық және агрессивтік, біртекті және біртекті емес, кіріс, ішкікорпоративтік, сондай-ақ адал емес жарнама.



Жарнаманы таратудың құралдарымақсатты аудиторияларға дейін жарнамалық хабарламаларды жеткізетін және өндіріске қызмет көрсететін сыртқы жарнамалық құрал, баспасөз, полиграфия, басылым, визуалдық және вербалды емес құралдар (ТВ, радио, Интернет).

Жарнама таратылуының арналары:

- тікелей жеке (жеке жарнамалық жұмыс, почта, телефон, факс бойынша);

- жеке емес (прессадағы жарнама, баспадағы жарнама, экрандық жарнама, теледидарлық жарнама, ТВ-маркетинг (электронды маркетинг), радио жарнама, сыртқы жарнама, көліктегі жарнама, тауарларды сату орындағы жарнамалар).
3 Жарнамалық компанияның түсінігі мен кезеңдері

Жарнамалық компанияны жоспарлау келесі тәртіпте жүзеге асырылады:


  1. Жарнама объектісі және активті және пассивті сатып алушыларға тауар туралы айтуға қажетті ақпараттың мазмұны анықталады.

  2. Жарнама субъектісі таңдалады.

  3. Жарнама мекен жайы орнатылады.

  4. Жарнама себебі анықталады.

  5. Жарнама құралдарының түрлері таңдалады және олардың оптималды жиынтығы мен қатынасы анықталады.

  6. Жарнамалық хабарландыру құрастырылады.

  7. Жарнама шығарылымдарының графигі бекітіледі.

  8. Жарнамалық шараларға шығындар сметасы құрастырылады.

  9. Жарнама тиімділігі анықталады.

Мерчендайзинг – бөлшек сауда нәтижелігін арттыру және қолдау, бақылау бойынша жарнамалық қызмет түрлерінің бірі.
4 Жарнамалық агенттіктердің типтері мен функциялары

Жарнамалық агенттік мамандандырылған келесі функцияларды атқаратын тәуелсіз фирма болып табылады:

- жарнамалық зерттеулерді жүргізу;

- жарнамалық қызметтің жоспарын әзірлеу;

- жарнамалық компанияларды әзірлеу және жүргізу, соның ішінде жарнамалық айналымдарды даярлау;

- жарнама тасушылардың өндірісі;

- жарнамаларды орналастыру және т.б.

Жарнамалық агенттік бәрін өз клиенттері – жарнама берушілер атынан және солардың есебінен істейді. Агенттіктің жарнама берушілердің алдында қаржылық, заңды және моральдық - этикалық міндеттемелері бар. Жарнамалық агенттіктерді шартты түрде қызметтердің толық циклы агенттігі және маманданған қызметтерді ұсынатын агенттіктерге бөліп көрсетуге болады.

Бірінші топқа жарнамалық өнімдерді өндіру, зерттеулер, жоспарлауды жүзеге асыратын сонымен қатар жарнамалық емес сипаттағы қызметтерді ұсынатын: паблик рилейшнз шараларын әзірлейтін және жүргізетін, қораптауды әзірлейтін және т.б. жарнамалық агенттіктер жатады.

Екінші тобы. Соңғы жылдары жарнамалық тәжірибеде агенттіктердің мамандануына үлкен тенденция жасалынып жатыр. Нәтижесінде жарнамаларды газеттерде (кейде тіпті толық тізімдері де беріледі) немесе белгілі бір телеарналарда орналастыратын агенттіктер пайда болады. Кейбір агенттіктер жарнамалық өнімнің нақты түріне маманданады (мысалы, биік үйлердің үстеріне орналастырылатын жарнамалар, ауада шарларда орналастырылатын жарнамалар және басқа да аэроконструкцияларда орналастырылатын жарнамалар). Сонымен қатар жарнамалық шиттерді даярлайтын көркем шығармашылық шеберханалар және т.б.

Мамандану жекелеген жұмыс түрлері бойынша мамандандырылған агенттіктердің жұмыстарын орындау сапасын жоғарылатқанмен, бұл жұмыстардың әрқашан маркетингтік әзірлемелерден өте бермейтінін атап өткен жөн. Маркетигтік зерттеулер барысында алынған тұтынушы, нарық және т.б. жайлы толық және объективті ақпараттың болмауынан, мамандардың немқұрайлы қарауы салдарынан жарнаманың жоғары деңгейде тиімді болмай жатқанын көрмеу мүмкін емес.

Ірі жарнамалық агенттіктердің негізгі бес функционалдық бөлімшелерін бөліп көрсетуге болады:


  1. шығармашылық бөлім;

  2. тапсырыстарды орындау бөлімі;

  3. өндірістік бөлім;

  4. маркетинг бөлімі;

  5. қаржылық-шаруашылық бөлім.

Жарнаманың көптеген түрлері бар: тауарлық, беделді (фирмалық), тікелей және жанама, ақпараттық және агрессивтік, біртекті және біртексіз, первенттік, кіргізуші, ішкікорпоративтік, және адал емес жарнама.

11.2 Бақылау сұрақтары


  1. Жарнаманың маңызы неде?

  2. Жарнаманың функциялары қандай?

  3. Жарнамалық компанияларды ұйымдастыру аумағындағы маркетингтік шешімдерді талдаңдар.

  4. Жарнамалық агенттіктердің түрлеріне сипаттама жасаңдар.

  5. Жарнаманың қандай түрлері бар?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау