ШҚО
Көкпекті ауданы.
І.Жансүгіров атындағы орта мектеп.
Баланың жеке қасиетін аша отырып,
тұлға етіп тәрбиелеу
Аудандық педагогикалық оқу. Баяндама
Байжакупова Шакен Мукановна.
Баланың жеке қасиетін аша отырып, тұлға етіп тәрбиелеу
Байжакупова Шакен Мукановна
Бүгінгі таңда мектептің басты мақсаты: білімді, мәдениетті, шығармашылық, белсенді және азаматтық құндылықтары толысқан тұлға қалыптастыру. Ол үшін педагогиканың, психологияның және психофизиологияның жалпы заңдарын біріктіре, үйлестіре қолдануға тура келеді, себебі, оқытудың психологиялық негіздерін білу әрбір оқушының таным деңгейін дұрыс саралауға да көмектеседі. Оқушыны жеке тұлға ретінде жан – жақты зерттей білу оның даму бағытын айқындаудың басты шарты қазіргі психологиялық қызмет жүйесі оқушылар, мұғалімдер, ата – аналар деп саналатын санаттарды қамти отырып,оқу – тәрбие үрдісін жақсартуға үлес қосуда. Жеке тұлғаны жан – жақты психо–педагогикалық іс-әрекетпен қызықтыра отырып,танымдық қабілетін дамытуға болады. Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны мәлім.Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесі ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі әрекеттерімен ұштасады. Мектеп жасына дейінгілердің көбірек шұғылданатыны ойын әрекеті. Ойын арқылы балалармен қарым – қатынас жасайды, алғашқы білім дағдыларына бой береді. Ал, мектепке барысымен ол ұқыптылық пен зейінділікті талап ететін жүйелі оқу, еңбектену іс әрекетін меңгеретін болады. Осындай елеулі өзгерістерде қиналмай іс-әрекет жасай білуі үшін 5- 6 жасар баланың кәдімгідей дайындығы болуы тиіс.
Балаларды жүйелі оқытуға дайындауда әлеуметтік – жетілгендіктің, яғни баланың ұжымда жұмыс істей алуы,құрбыларымен қарым – қатынасы, басқа балалардың пікірімен санасуы т.б. аз емес. Қазіргі уақытта көптеген мектептерде мектепке қабылдау алдында балаларға психологиялық тексеру жүргізіледі. Бір жағдайда бұл белгілі бір мамандықтарға үйрету немесе арнайы (математикалық, тілдік, эстетикалық) бағытқа салу критерийлері бойынша сай келетін дайындығы жоғары балаларды іріктеп алу үшін жасалса, басқа жағдайда балаларды оқытуға әртүрлі деңгейлі сыныптарға бөлу үшін жасалады. Яғни әртүрлі жағдайда балалардың мектепке даярлық деңгейін анықтауда әртүрлі психологиялық тесттер қолданылады. Тестілер балаларды оқыту немесе диагностикалау үшін ғана емес тәрбиешілер мен ата – аналарға балаларды мектепке даярлау үшін де қолданылады. Бала айналадағы құбылыстардың ең маңыздысын бөліп ала білуі керек оларды салыстыра білуі, дұрыс ойлай білуі, қорытынды жасай алуы қажет. Міне осындай жағдайды анықтау барысында мектепалды даярлық тобына келген балалармен «Векслер тесті» жүргізілді. Кейбір бала құбылыстардың байланыстары мен қатынастарын жалпылаған түрде анықтай алмайды,ал оларды анықтай алатын ойлау іс - әрекет қалыптасса, осылардың бәрі қамтамасыз етіледі. Ал мұндай әрекеттер мектепке дейінгі шақта көбінесе бейнелі ойлаудың көрнекті схематикалық түрінде қалыптасады,-деген еді белгілі психолог Выготский А.С. Осы Выготский ұсынған әдістеме бойынша өз ойын жинақтап, жалпылай алатындықтарын анықтау жұмысы “Қояндар” немесе “Қайсысы артық” әдістемесі арқылы жүргізілді. Сол сияқты логикалық ойлауларын анықтауға “Пиктограмма” әдісі қолданылса, есте сақтау қабілеттерін зерттеуге С.Я.Рубейнштейннің “10 сөзді жаттау” әдісі қолданылады. Ал баланың мектеби жетілгендік деңгейін анықтауда Керн-Йирасек тесті кеңінен қолданылады.
Қандай зерттеу болмасын, баланы соңғы нәтижеге емес, болашақ мектеп оқушысының іс-әрекетінің сипатына, оған кездесетін қиындықтарға ерекше көңіл бөліп, оны жеңе білу жолдарына назар аудару керек.
Баланың қызығушылығы мен бейімділігін анықтау–басқа да психо-диагностикалық жұмыстар секілді күрделі үрдіс. Баланың қызығушылығын, бейімділігін зерттеу барысында мұғалім төменгі сынып оқушылары жайлы алған мағлұматтарды алады. Бұл өз кезегіндегі дарынды баланы анықтауға ,оның бейімділігіне нақты баға беруге мүмкіндік ашады.
Төменгі сынып оқушыларының қызығушылық бағытын зерттеу кезінде ,олардың осы жастағы қызығушылығы тұрақсыз болатындығына байланысты дамыту жұмыстары жүргізіледі.
Мектептегі оқу үрдісін нормаға сай қалыптастыруда, бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясын дамытуға, баланың білімді, шығармашылық әрекетте қажеттілікті, интеллектуалдық және шығармашылық мүмкіндіктерін дамуын қалыптастыруда «Зейінге тапсырма», «Пікір-талас», ойын « Басқа планетадан келген адам », « Қабылдау және көз мөлшері », « Іздеу », «Жағдаяттар шешу, «Өзгерісті тап» жаттығуларын орындауға болады
Мектеп оқушыларына орта буыннан бастап сырттай жалпы бақылау жүргізіледі. Бұл оқушының бағдар таңдауға келгенде көмегін тигізеді. Сыныптарға оқушы қабылданғанда оқушының білім деңгейін анықтайтын пәндік тесттермен қатар психологиялық сараптау өткізеді.
Бір тест жүргізіп оқушы бағыты анықталды деу мүмкін емес, сондықтан біз оқушыларға 3 – 4 бағытта тесттер жүргізіп, салыстырып, анықтаймыз. Мысалы:
« Қызығушылықтар картасы » (А.Е. Голомшток) әдістемесі,«Кәсіби бейімділікті анықтау » (А.И. Савенков) әдістемелері жеке тұлғаның саласын анықтауда көп көмегін тигізеді.
Жоғары сынып оқушыларының білім алу бағыттарының өз қабілеттеріне сай жүзеге асуына мүмкіндік береді.Ал қазіргі таңда 9-сынып бітірген жасөспірімнің алдында өзінің болашақ жолын таңдау, яғни, бағдарын таңдау мәселесі тұрады.Осы кезде жасөспірім мен мектеп алдында үлкен мәселе :әр жеке тұлғаның даму аймағын анықтау және дәлелдеу тұрады.
Жеке тұлғаның кәсіби бағдарын таңдауда көптеген қиындықтар кездесіп отырады,оларды анықтау және қиындықтарын шешу мектеп психологтарының міндеті деп ойлаймын. Жеке тұлға психологиялық даму арқылы біз тұлғаның ашылуына жол сілтейміз.Мектепте оқушыға кәсіби бағдар берудің бірнеше сатылы жүйесі құрылған:
1.Оқушыларға сауалнама жүргізу.
2.Оқушылармен тест жинақтарын өткізу.Оны мониторингтеу.
3.Оқушылардың кәсіби бағытталу туралы мәлімет банкін жинақтау.
4.Оқушыларға кәсіби түсініктеме жинақтау.
а) Мамандармен кездесу.
ә) Мамандықтар картасын жасау.
в) “Әзір бол” әдістемесі
г) Ата-аналармен кеңес өткізу.
д) Жұмыс орындарына экскурсия
е) Психологиялық тренингтер.
5.Оқушы портфолиосымен жұмыс.
6.Оқушының өзіндік таңдауына психологиялық-педогогикалық демеу жасау.
7.Дамытушы орта жасау.
Оқушы қай бағытқа икемді екендігін анықтап сол сала бойынша әзірлік қажет екендігі айтылады және жұмыс 10-11 сыныптарда ары қарай жалғастырылады..
Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты жеке тұлғаның ой - өрісімен, біліктілігі, логикалық ойлау қабілетінің дұрыс дамуымен қалыптасуына, жеке тұлғаның дарындылық – шығармашылық мүмкіндіктерінің толықтай ашылуына көмектесу, олардың психикалық дамуындағы ауытқушылықты болдырмаудың жолдарын іздестіру, жеке тұлға ерекшеліктерін ескеріп, жан – жақты терең зерттеу болып табылады.
Егер адамның туысынан қабілеттілік танылып, ол тәрбиеленбесе, оның қабілеті дамымайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, олар әр–түрлі, бір–біріне ұқсамайды.
Көпшіліктің ортасында ол өзінің іс-әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен бірден көзге түседі.
Қабілетті балалар категориясы
І – категория ІІ – категория ІІІ – категория
Қабілетімен ерте Жеке бір іс - әрекет Дарындылығы күш
жастан бастап түрімен белгілі бір қажырымен ерекшеленетін
байқалған оқушылар мектептегі ғылым оқушылар
ретінде қабілеттілігімен
көзге түскен оқушылар
Бала дарындылығының негізгі белгілерін:
арнайы психологиялық тест;
баланы бақылаудың түрлі тәсілдері;
арнайы бағдарлама аясында сабақ өткізу;
әр түрлі зияткерлік жарыстар, байқаулар, олимпиадалар т.б. өткізу;
оқушы шығармасын, туындыларын эксперттік бағалау (сурет, өлең, т.б. )
арнайы психо-диагностикалық тренинг;
Дарындылықты анықтауға байланысты ақыл - ой дарындылығын анықтауға
байланысты әдістемелерді, танымдық әрекетіндегі тұлғалық ерекшеліктерін, артық сөзді алып тастау әдістемесі, ауызша – логикалық ойлауды әдістемелерін ұсынуға болады.
Дарынды баланы анықтау үлкен шеберлікті қажет етеді. Бала жанын түсініп, баланың табиғатын толық анықтау үлкен өнер.
Дарынды оқушылармен жұмыс барысында мұғалім – оқушылардың қыр – сырын меңгерген ұстазды айтады. Бұл қасиет оның жеке басының ерекшеліктері мен білім дәрежесі, мақсаттылығы, сөйлеу шеберлігі, ой қорыту жоғарылығы, оқу бағдарламасын қажетіне қарай өзгерте білуі, ғылыми тілмен сөйлеу мәдинеттілігі, ата – анамен байланыс жасап, кеңес беруінен көрінеді. Біздің мектепте осындай көрсеткіш көрсетіп жүрген мұғалімдер аз емес. Атап кетсем көп жылдан бері қызмет етіп келе жатқан география пәнінің мұғалімі Аубакирова Раушан Төлеуғазықызы 9-сынып оқушылары Разаева Арай және Мұратова Мадинамен ғылыми жұмыс жүргізуге, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ердібаева Айгүл Бақтыбайқызы 7 – сынып оқушысы Қабаев Ерматпен әдеби оқуларға, орыс тілі мен әдебиет мұғалім Мукатаева Кенже Әбілмажінқызы 10 – сынып оқушысы Мукатаева Ақботаны олимпиадаларға, биология пәнінің мұғалімі Жылкыбаева Роза Төлеуғазықызы 9 – сынып оқушысы Мұратова Мадинамен ғылыми жұмыс жүргізуге дайындық үстінде. Қорыта келгенде дарынды балаларға психология тұрғысынан көп көңіл бөлінуі керек. Себебі білім беру жүйесінде шығармашылық қабілетін дамытуда, психологиялық тұрғыдан оқушыға көмек көрсету қажет.
Дарындылықты анықтау диагностикасында «Интеллектуалдық портрет » әдістемесі балалардың ойлау қабілеті туралы толық мағлұмат бере алады.
Баланың белгілі бір іс-әрекетке белсенділігі ,қызығушылығы,бейімділігі жас кезінен байқалады.Ал күнделікті өмірде қабілетті баланы қалай анықтауға болады? Жаңа адамды , болашақ қоғам адамын рухани зияткерлік жағынан дамыта тәрбиелеу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Сөзімді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашақта еңбек етіп өмір сүретін – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, яғни тәрбиенің түпкі мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарында жеңіп шыға алатын, ізгілігімен ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген жан-жақты мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеп қалыптастыру ” деген тұжырымдамасымен аяқтағым келіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |