Н. А. Баранова Г. Е. Есімхан маркетинг



бет17/17
Дата17.01.2018
өлшемі3 Mb.
#7585
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

15.4 Тәжірибелік жатығулар
1 тапсырма. Тапсырманың шешімін табыңыз және қойылған сұрақтарға жауап беріңіз.

Фермерлік туризм

Inter Tourist фирмасы 1976 жылдан бастап қызмет етеді. Ол туризм саласына маманданған кәсіпорындаға маркетингтік кеңес береді және нарық мүмкіндіктерін зерттейді. Оның соңғы клиенттерінің бірі американдықтардың ұшатын елдері туралы көзқарастарымен қызыққан ірі еуропалық әуекомпания болды. Inter Tourist «жету мемлекеттері» туралы негізгі сипаттамаларды қалыптастырғаннан кейін, әуекомпания қызметтерімен қолданатын туристердің санын үлкейткен маркетингтік бағдарламаны жасау жеңіл болды.

Inter Tourist фирмасының бұрыннан келе жатқан клиенті Globally Unique Travel фирмасы, вице-президентті голландиялық және австралиялық фермаларға баруға американдық туристтердің қызығушылық деңгейін бағалап беруді сұрады. Globally Unique Travel туризм индустриясында өзінің қымбат бағаларымен әйгілі.

Фирманың Голландия мен Австралияда жұмыс тәжірибесі бай агенттерінің бірі, фермаларға баруға америкалық туристтердің қызығушылығы туады деп ойлады. Ол америкалықтардың өміріндегі өзгерістердің барлығын біліп жүрді, сондықтан ол ойластырылған іске олардың көмегі тиеді деп санады. Америкалықтарды салауаты өмір салты мәселелері қызықтырды, олардың қалаулары белсенді демалыс болды.

Голландтық фермалар өзінің кішкентайлығымен, табиғатының әсемдігімен ертегідегі голландтық суретшілердің суреттеріне ұқсады. Бұл американдық саяхатшылардың қызығушылығын тудыра алды. Американдық туристтер арасында әйгілі, Амстердам маңындағы фермалар ерекше керемет. Бұдан әрі, голландтық оқыту жүйесіне байланысты әр отбасында, кем дегенде бір адам ағылшынша сөйлей алды.

Австралиялық фермалар голландтық фермалардан ерекше. Әдеттегідей олар үлкен болды. Австралиялық фермалар әдетте ірі қара малды өсіру үшін де, астық өсіруге де қолданылады. Бұл фермаларда атқа мініп демалудан табиғат аясында қыдыруға дейін белсенді демалыстың көп мүмкіншіліктері бар.

Фермерлік туризм Еуропа мен Австралияда өте жиі кездеседі. Екі аймақта да мемлекеттік агенттіктер фермерлерді туристтердің жақсы демалуы үшін не керек екендігін хабардар етіп отырды. Осы агенттіктер осындай туризм түріне сұранысты ынталандырды. Фермерлік туризм фермерлердің қалтасына да, туристтердің денсаулығына да жайлы болды.

Америка үшін фермерлік туризм идеясы жаңа болды. Бұл саладағы зерттеулер Голландия мен Австралияда жүргізілген болатын. Соның негізінде келесі сегменттер айқындалды: отбасылар, фермерлік өмір түрін ұнататындар және таза ауада қыдыруды жақсы көретіндер. Еуропалық зерттеулер негізінде, потенциалды туристтердің көбісі демалыстарын фермада өткізген, 60 %-ға жуығында 16 жасқа дейінгі жастағы балалар бар. Зерттеу нәтижесінде «таза ауада дем алғысы келетіндер» сегменті ішінде көп үлесті үлкен жастағы балалары жоқ, жалғыз адамдар алады. Олар фермада өмір сүру қалай екендігін көргісі келе отырып, «қолдарын кірлеткісі» келмейді.

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Сіздің ойыңызша осы зерттеулерді жүргізу кезінде компания қандай негізгі қиыншылықтарға кездесуі мүмкін?

  2. Американдық туристердің қалауларының зерттеу әдістерін ұсыныңыз.

  3. Туризмнің жаңа түрін америка нарығында алға басуының әдістерін қолдануға бола ма?

  4. Туристтердің нарығының сегментациясын ескере отырып жаңа ұсыныстың позициялануының аргументтерін жасаңыз.


2 тапсырма.

Өзіңізге жақсы таныс өнім өндіруші немесе қызмет көрсетуші ұйымды қарастырыңыз.

  1. Кедергі келтіретін ұйымның сыртқы ортасының қаупін немесе мүмкіндіктерін атап өтіңіз.

  2. Ішкі ұйымдастыру ресурстарын сыртқы мүмкіндіктерімен сәйкестігін қамтамасыз етуі мүмкін маркетингтік стратегияны сипаттаңыз.


15.5 Жеке үй тапсырмасы
Келесі тапсырма жағдайының шешімін табыңыз.

Туризм және жарнама

Данияның туристік бюросы – мемлекеттік ұйым. Оның алдында тұрған міндет шетел мемлекеттерден туристердің санын, сонымен қатар мемлекетте болудың уақытын ұлғайту. Бюроның негізгі клиенттері болып соңғы бес жылда жыл сайын 5-7%–ға өсетін Жапония мен АҚШ-тың туристері саналды. Жапондық топтар көп болатын, бірақ тек 2—3%-ға ғана өсті. Негізгі түпкі мәселенің жатқан жері американдықтар да, жапондықтар да Данияда өз демалыстарын өткізбегені болды.

Халықаралық туризм корпорациясы маркетингтік зерттеулер негізінде мынадай қорытынды шығарды: Дания бұрын осы аймақта қызмет көрсететін бінеше еуропалық және американдық авиа желістеріне іс жүзінде жабық болды, себебі туристер, соның ішінде фирмаларды қызықтыратын мемлекеттер ішінде, Еуропаға саяхаттануды ойластырғанда, ең алдымен Германия, Англия мен Францияны таңдады. Тек сауалданған амрикандықтардың 10%-ы мен жапондықтардың 5%-ы Данияны көруге «кішкене қызықтырылған» болатын, ал 40% американдықтар мен 50% жапондықтар Францияға деген өз қызығушылығын білдірді. Данияның Турисік бюросының маркетингтік міндетін туристердің Шығыс Еуропа, әсіресе Польша мен Венгрия елдеріне (30 және 15%-ы сәйкес американдықтар мен жапондықтар) қызығушылығының артуы қиындатты.

Соңғы бірнеше жылдарда Бюро Нью-Йорк пен Токионың жарнамалық серіктестіктер жүргізген жарнамалық агенттіктермен жақсы іскерлік қатынастар орнатты. Жарнаманың негізгі құралдары журналдар мен газеттер болды. Одан да басқа, саяхаттанудың жергілікті бюроларға, сонымен қоса басқа ұйымдарға олардың сұрау салуынан жарнамалық буклеттер таратылды. Бірақ туризм мәселелермен айналысатын министр одан да тиімді жарнаманың қажеттігіне сенімді болды да, Бюроға Данияға туристтер ағымын үлкейтетін бүкіл әлемдік жарнамалық серіктестігін әзірлеуді ұсынды.



Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Данияға барғысы келетін немесе өз демалысын сонда өткізгісі келетін туристерді сіз қалай сипаттар едіңіз?

  2. Қызықтыратын туризм нарығының бюросына жарнамалық компания, жарнама құралдары және түрлерін ұсыныңыз.

  3. Жарнамалық компанияны дайындау кезінде жапондық және америкалық туристтер арасында қандай айырмашылықтарды ескеру керек екендігін айтар едіңіз?



Пайдаланған әдебиеттер тізімі


  1. Алтынбаев Б.А. Маркетинг негіздері. Алматы 2002-165 б..

  2. Анн Х., Багиев Г.Л., Тарасевич В.М. Маркетинг: Учебник для вузов. 3-е изд. / Под общ. Ред. Г.Л. Багиева. – СПб.: Питер, 2005

  3. Давлетова М.Т. Халықаралық маркетинг. Алматы «Экономика»2002-319 б.

  4. Есімжанова С.Р. Маркетинг. – Алматы: «Экономика» 2003ж. -466 б.

  5. Камшибаев Р.А. Международный маркетинг. – Алматы «Экономика» 2003-158с.

  6. Камышбаев Р.А. Халықаралық маркетинг. Алматы 2005-152 б..

  7. Котлер Ф. Основы маркетинга. Пер. с англ.-М: «Вильямс», 2005-656с.

  8. Котлер Ф. Маркетинг менеджмент. Пер.с англ. СПб: Питер 2004-798с Оқулық. – Астана: Филиант баспасы., 2007-255 б.

  9. Маслова Т.Д., Божук С.Г., Ковалик Л.Н. Маркетинг. - СПб: Питер, 2006. – 400 с.

  10. Маркетинг: Учебник / Под ред. проф. Н.П. Ващекина. – М.: ИД ФБК-ПРЕСС, 2003. – 312 с.

  11. Маркетинг: основы теории и практики: учебник / В.И. Беляев. – М.: КНОРУС, 2005. – 672с.

  12. Маркетинг: учеб. для студентов, обучающихся по специальности 061500 «Маркетинг» / А.П. Панкрухин; Гильдия маркетологов. – 4-е изд., стер. – М.: Омега-Л, 2006. – 656с.

  13. Ноздрева Р.Б., Гречков В.Ю. Маркетинг: Учебник. – М.: Экономистъ, 2004. – 292 с.

  14. Основы маркетинга. Практикум: Учеб. пособие / Т.Е. Березкина, О.А. Березкина. – М.: Высш. шк., 2006. – 192с. Омарова С.К. Аграрлық маркетинг. Алматы 2000-52 б.

  15. Питер Дойль Менеджмент: стратегия и тактика. Пер,с англ. –СПб: Питер 2000-560с.

  16. Соловьев Б.А. Маркетинг: Учебник – М.: ИНФРА-М, 2005.- 383с.

  17. Титова Н.Е., Кожаев Ю.П. Маркетинг: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. – М.: Гуманит. изд. Центр ВЛАДОС, 2004. – 352 с.

  18. Тимофеев М.И. Маркетинг: Учеб. пособие. – М.: Издательство РИОР, 2005. – 174 с.

  19. Тойкин С.Х., Жайнақова Ә.Т., Тәмпішева Қ.Б. Маркетинг негіздері. Котлер Ф. Маркетинг. Алматы: 2000-356 б Петренко И.Я. Основы марктинга в сельском хозяйстве. Костанай, 1992

  20. Халанская Е.Н. Маркетинг: практикумы, деловые игры, тесты. Учебное пособие. – Алматы, 2008. – 248 с.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау