Дәріс № 15. Қызмет және бейкоммерциялық әрекеттің маркетингі
1. Қызмет ұғымы, ерекшеліктері мен түрлері
2. Қызмет саласындағы маркетинг стратегиялары
3. Бейкоммерциялық маркетинг
1.сұрақ.Қазіргі дәуірдің даму бағытында қызмет саласының дамуы ерекше орын алады. Қазақстанда соңғы жылдары қызмет саласы даму бағытын алған. Олардың қатарына мыналар жатады:
Мемлекеттік сектор (сот, жұмыспен қамту бөлімдері, емханалар, полиция, пошта, мектеп)
Жеке меншік бейкоммерциялық маркетинг сектор (шіркеулер, мешіттер, музейлер)
Коммерциялық сектор (әуе жолдары, банктер, қонақ үйлер,құқық және кеңес беру фирмалары)
Үнемі тұрғындардың өзгеріп отыратын қажеттіліктерін қанағаттандыруға жаңа қызмет түрлері пайда болды.
Қызмет – дегеніміз бір жақ екінші жаққа ұсынатын әр түрлі әрекетке зат иелігіне әкелмейтін, оны қолменұстап сезілмейтін әрекеттер.
Қызметтің тауарға қарағанда мынадай ерекшеліктері арқылы ұсынады:
1.Қызметтің сезілмейтіндігі
2.Сапаның тұрақсыздығы
3.Қызметтің сақталмайтындығы
4.Қызмет оны орындайтын адамнан бөлінбейді
5.Қызмет көрсету кезінде меншік құқығы ауыспайды
6.Қызмет көрсетуші мен клиент арасында тікелей қатынас орнайды
Пилли Потлер мынадай қызмет түрлерін көрсеткен:
1)Қызмет көзіне қарай:
а.адам атқаратын қызмет
б.машина арқылы атқаратын қызмет
2)Қызмет көрсету кезінде клиенттің қатысуына қарай:
а.к лиенттің қатысуы қажет (шаштараз,емхана)
б.клиенттің қатысуы қажет емес (СТО)
3.)Қызметті сатып алу уәждемесіне қарай:
а.жеке қызмет (жеке басқа көрсетілетін қызмет)
б.іскерлік қызмет
2 сұрақ. Маркетинг микс кешені қызмет саласында маркетингті қолдану үшін қосымша факторларды есепке алу керек. Американдық маркетологтар Бумс және Битнер қызмет саласына маркетингті бейімдеу үшін қосымша «3 р», яғни персонал, материалды куәлік, қызметті ұсыну тәсілін қолдануды енгізді. Көптеген қызмет түрлерін адамдар атқарады, сондықтан қызмет саласында мамандарды таңдау, дайындау және уәждемелеу ісі маңызды рөл атқарады. Бұл іс тамаша орындау үшін мамандардың мынадай қасиеттері болу керек:
Сыпайылық, қайырымдылық,ынталылық, шешім қабылдау қабілеттілігі, жоғары біліктілігі.
Компаниялар өздерінің қызмет көрсету сапасын материалды куәліктермен дәлелдеуі қажет.Мыс:отель клиенттің өзіне құндылығы екенін тазалық арқылы, қызмет көрсету жылдамдығы, персоналдың сыпайылығы арқылы дәлелдеуі мүмкін. Компаниялар қызметі әр түрлі тәсілдер қолдануы арқылы ұсынылады. Мыс:ресторан тұтынушыларына швед столы, буфет, шам жағып, кешкі тамақ ұсынуы мүмкін.
Ұсынысты саралау – дегеніміз бәсекелестер ұсынысына қарағанда ерекше көрінетін жаңа қызметтерді дайындау болады. Лаготип және сауда таңбасы арқылы компания өзінің бейнесін оңтайлы өзгертуге мүмкіндік алады.
Қызмет сапасы 5 фактормен анықталады:
1.Сенімділік
2.Қайырымдылық
3.Біліктік, жауапкершілік
4.Ниет білдіру, яғни қамқорлық көрсету
5.Материалдық құралдардың, персоналдың қызметі көзбен көру мүмкіндіктерінің, ақпараттың болуы.
Қызмет саласындағы үлгілі компаниялар стратегиялық жоспарлар жүйесімен, бамшылары қызмет сапасын көтерумен айналысатыны, қызмет көрсетудің жоғары стандартымен, қызмет көрсетеді. Бақылау жүйесімен, тұтынушылардың арыздарын қанағаттандыру жүйесімен көзге түседі. Ондай компаниялар персоналдың жұмыс сапасына және тұтынушылардың қанағаттануына көп көңіл бөледі
Қызмет саласында өнімділікті басқару
Қызмет саласындағы компания басшылары шығындардың төмен деңгейін сақтап, еңбек өнімділігін көтеруге тырысады. Қызмет саласындағы компания әректтерінің тиімділігін жақсарту үшін мына әдістер қолданылады:
1.Мамандардың кәсіптік деңгейін көтеру, қызметкерлерді таңдау және дайындау жүйесін дамыту және жетілдіру
2.Ұсынатын қызмет түрлерін көбейту және толықтыру
3.Қызмет көрсету үдерісін стандарттау және техникалық қамтамасыздандыру
4.Қызмет қажеттілігін толығымен қамтитын иновацияларды (жаңалықтарды) енгізу
5.Қызметті орындау уақытын үнемдейтін және шығындарды азайтатын жаңа технологияларды қолдану.
1969 жылы маркетолог Ф. Потлер қызмет көрсету маркетингі тіс шаятын паста, сабын, т.б тауарларды сатудан да кең ауқымды қамтитын қоғамдық қызметтің білдіруі. Депутаттарды сайлау кезіндегі саями науқан маркетинг қызметін қажет екендігін дәлелдеді.
3 сұрақ. Бейкоммерциялық маркетинг - нысаналы аудиторияны қарым- қатынасымен позициясын құру, қалыптастыру немесе өзгерту үшін қолданылатын әрекет.Ұйымдар өздерін, өздерінің қызметтерін, идеяларын, пікірлерін көпшілік қоғамға немесе нарықтың белгілі сигментіне «сату үшін» маркетингпен айналысады.
Бейкоммерциялық маркетинг қоғамда маңызды рөл атқаратын мекемлер жатады. Оның қатарынан халықаралық, ұлттық, қоғамдық ұйымдар жатады жәнеқоғамның маңызды қажеттерін қамтамасыз ететін мемлекеттік, аймақтық және муниципалдық мекемелер жатады. Мыс: полиция, тегін емханалар, мәдени және ғылыми ұйымдар, мектептер.
Саяси маркетинг – мақстаы негізгі идеяларды,пікірлерді қоғам арасында жылжыту болып табылады.
Эгомаркетинг – дегеніміз белсенді қоғам тұлғасының қоғамда белгілі орын алу үшін жасаған және оны іске асыру бағдарламасы. Бұл бағдарлама жеке адамды нақты әрекеттер жүргізу, мақсатына жетуге, пайда болған кедергілерді жеңуге жұмылдырады және өзінің қоғамға пайдалы және қажет екенін сезінуге көмектеседі.
Өзіндік маркетинг – қоғамның тұлғалары ие болатын маңызды тауарды өткізу үшін жағымды жағдай жасайтын бағдарламасы. «Тауар» бетінде жұмысшы күші, білімі, іскерлік дарынды болуы, біліктілік болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |