142
Жұмыс тәртібі
1.
Жолдардың атын өзгерту мүмкіндігін пайдалана отырып, әртүрлі
үлгілерден жолдарды өздігінше таңдау.
2.
Кестені сақтауда негізгі жолды автоматты құруды орындау. Құрылым-
даушы режимінде құрылған жолдар түрін тексеру.
3.
Студенттер тегін «Студенттер» кестесінен көшіру. Кесте режимінде
«Сессия қорытындылары» құрылған кестесіне бес жазбаны енгізу. «Сессия
қорытындылары» кетесін Алдын-ала қарау режимінде қарап шығу және оны
бір бетке қою. Сізге альбомды бағдарды құрып, жолдар өлшемін азайтқан
дұрыс. Кестені сақтаңыз. Қажет болған жағдайда дискетте ДБ резервті
көшірмесін құрыңыз.
23.6 тапсырма. «Сессия қорытындысы» кестесі бойынша ленталық
және кестелік автоформаны құрыңыз.
Құрылған автоформаларды пайдалана отырып, бірнеше жазбалар енгі-
зіңіз.
23.7 тапсырма. «Байланыстар» ДБ «Байланыстар» кестесіне бес
ерікті жазбаны енгізіңіз («Байланыстар» формасын пайдалану арқылы).
23.8 тапсырма. «Жұмыс тапсырыстары» ДБ «Қызметкерлер» кесте-
сіне бес ерікті жазбаны енгізіңіз («Қызметкерлер» формасын пайдалану
арқылы).
24-практикалық сабақ
Тақырып: ДББЖ MS ACCESS ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ
ДЕРЕКТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӘНЕ
КЕСТЕЛЕРДІ ТҮРЛЕНДІРУ
Сабақ мақсаты. ДББЖ Access есептері мен сұранымдарын құру және ДБ
кестелерді түрлендірудің ақпараттық технологиясын игеру.
24.1 тапсырма. «Студенттер» кестесін түрлендіру.
Жұмыс тәртібі
1.
ДББЖ Microsoft Access бағдарламасын іске қосыңыз және өзіңіз ашқан
«Менің бос деректер базам» ДБ ашыңыз.
2.
«Студенттер» кестесін ашыңыз және оны редакциялаңыз:
екінші неме-се үшінші жазбаларда (өзіңіздің жынысыңызға тәуелді), өз
тегіңізді енгізіңіз;
«Орлова» тегі бар жазбаны тоғызыншы жолға көшіріңіз;
143
Деректерді енгізу режимінде жаңа жазба енгізіңіз. Деректер сүзгісінің
орындалғанына назар аударыңыз, барлық жазбалар көрінбейтін болады.
кестенің қарапайым түрін қайтарыңыз; ол үшін сүзгіні алып тастаңыз
(Жазбалар/Сүзгіні алып тастау);
«Андрей» есіміндегі барлық студенттерді таңдаңыз (белгіленген аттар
бойынша сүзгімен);
«Люберцы» қаласының студенттерін белгілеңіз;
«Технолог» мамандағындағы барлық студенттерді таңдаңыз.
3.
«Студенттер» кестесінің Мамандану жолына жаңа жолдар қосыңыз:
Шәкіртақы, Үстемеақы. Ол үшін Мамандану жолын белгілеңіз және
Қою/Бағана пәрменін орындаңыз. Құрылған жолдарға «Шәкіртақы» және
«Үстемеақы» атауларын беріңіз.
4.
Құрылымдаушы режиміне көшіңіз (Түр/Құрылымдаушы) және қажет
болған жағдайда құрылған деректер түрлерін өзгертіңіз (құрылған жолдар
сандық немесе ақшалай түрде болуы керек). Кесте режиміне оралыңыз
(
Түр/Кесте режимі).
5.
Шәкіртақы жолын ақшалай деректермен 450 р өлшемінде
толтырыңыз.
6.
«Студенттер» кестесін жабыңыз.
24.2
тапсырма. Жаңартуды сұрату арқылы «Студенттер» кестесіндегі
«Үстемақы» жолының мәнін есептеңіз. Үстемақы шәкіртақының 35 %-
ын құрайды.
Қ ы с қ а ш а а н ы қ т а м а . Сұрау —кестеден тиісті деректерді алуға
мүмкіндік беретін деректер базасының объектісі. Сұрау кестеде сақталатын
деректерді немесе өзгертілетін жазбаларды іріктеуге арналған нұсқаулықты
таңдауға мүмкіндік береді. Сұраудың кеңінен таралған түрі – іріктемені
сұрату. Іріктемені сұрату берілген шарттар бойынша бір немесе бірнеше
кестелерден деректерді іріктейді, одан кейін оларды тиісті тәртіпте көрсетеді.
Сұратуды шебер көмегімен немесе өздігімен құруға болады. Екінші жағдайда
Құрылымдаушы режимінде керекті деректерден тұратын кестені немесе
сұратуды таңдау керек және сұрату бланкісін толтыру қажет.
Жұмыс тәртібі
1.
Үстемеақы жолын толтыру үшін Сұрату объектісін таңдаңыз және
сұрату бланкісін Құру/Құрылымдаушы пәрменімен шақырыңыз.
Қ ы с қ а ш а а н ы қ т а м а . Сұрату бланкісі — сұратуды анықтауға арнал-
ған немесе Құрылымдаушы режимінде немесе Кеңейтілген сүзгі терезесінде
сүзгіні анықтауда қолданылатын бланк. Access алдыңғы нұсқаларында «үлгі
бойынша сұрату бланкісі» термині пайдаланылды (QBE).
144
Ашылған Кестені қосу терезесінде «Студенттер» кестесін таңдаңыз және
Қосу батырмасын басыңыз, бұл терезін жабыңыз (24.1 сурет), сұрату
бланкісіне «Студенттер» кестесінің Жолдар тізімі қосылады (24.2 сурет).
Әдепкі қалпы бойынша іріктемеге сұрату бланкісі ашылады.
24.1.
сур. «Студенттер» кестесінің жолдарына тізім қосу
Қ ы с қ а ш а а н ы қ т а м а . Жолдар тізімі (формада және есепте) – жазба-
ның базалық көзіндегі барлық жолдар тізімінен тұратын шағын көлемдегі
терезе. Формалар, есептер мен сұраулар құрылымдаушысы режимінде
Microsoft Access деректер базасында, сонымен қатар Деректер сызбасында
жолдар тізімін көрсету мүмкіндігі болады.
2.
Сұрау мәзірінен Жаңарту пәрменін таңдаңыз. Бланктағы сұрау түрінің
өзгерісіне көңіл бөліңіз (Сұрыптау Жаңартуға өзгертіледі).
24.2
.сур. Іріктемеге сұрау бланкісі
Достарыңызбен бөлісу: |