155
6 - Б Ө Л І М
MS POWER POINT- 2000 БАҒДАРЛАМАСЫНДА
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ҚҰРУ
27-практикалық сабақ
Тақырып: MS POWER POINT ПРЕЗЕНТАЦИЯ ДАЙЫНДАУ
Сабақ мақсаты. MS Power Point презентация дайындаудың ақпараттық
технологиясын игеру.
Қ ы с қ а ш а а н ы қ т а м а . Презентация құруды екі тәсілмен орындауға
болады – қолмен (дайындаманы пайдаланбай) және автомазмұндау шебері-
нің көмегімен.
Презентация дайындау үрдісін үш кезеңге бөлеміз: презентацияны тіке-
лей дайындау (әрбір слайдты безендіру); үлестірме материалды дайындау
және презентацияны көрсету.
Қолмен слайд құру әдістемесін қарастырайық.
Презентация құру кезеңдері
1.
Келешек презентация тақырыбын қалыптастыру Microsoft Office
игерілген бағдарламалары.
2.
Слайдтар санын анықтау – 7 слайд.
3.
Слайд құрылымын дайындау.
1-
ші слайд— негізгі бет;
2, 3, 4, 5-
ші слайдтар MS Word, MS Excel, MS Access, MS Power Point
бағдарламаларына арналады;
6 слайд — презентацияны құрудағы ақпараттық алмасудың
құрылымдық сызбасы;
7 слайд –түйін.
27.1 тапсырма. Презентацияның негізгі слайдын құру.
Жұмыс тәртібі
1.
Microsoft Power Point бағдарламасын іске қосыңыз. Ол үшін MS Office
стандартты орнатуда Қосу/Бағдарламалар/Microsoft Power Point пәрменін
орындаңыз. Презентация ашулға немесе таңдауға арналған Power Point
терезесінде Презентация құру жолынан Бос презентацияны таңдаңыз және
ОК батырмасын басыңыз (27.1 сурет).
156
2.
Келесі қадаммен Слайд құру
терезесі пайда болады, бұл терезеде
слайдты белгілеудің әртүрлі нұсқа-
лары көрсетілген (27.2 сурет).
3.
Ең бірінші түрін таңдаңыз –
негізгі слайд (жоғарғы қатардың сол
жағындағы бірінші үлгі). Экранда
мәтін енгізуге арналған белгісі бар
бірінші слайд пайда болады (тол-
тырғыш-белгілер) (27.3 сурет) Эк-
ранның қарапайым түрін орнатыңыз
(Түр/Қарапайым).
Қ ы с қ а ш а а н ы қ т а м а .
Толтырғыш-белгілер – үзік-үзік
контурлары бар жиектемелер, жаңа
слайдты құрғанда пайда болады.
Бұл жиектемелер мәтін, кесте, диаг-
рамма және графиктер енгізу үшін
қолданылады. Толтырғыш-белгіге
27.1
.сур. Power Point терезесі
мәтін қосу үшін оны тінтуірмен ба-сып, мәтін енгізу қажет, ал объектіні
енгізу үшін тінтуірмен екі рет басу керек.
4.
Тінтуірді экранның әртүрлі элементтеріне апарып, бағдарлама интер-
фейсін игеріңіз.
5.
Безендіру дизайнының шаблондарын пайдалана отырып, слайдтың
түсті безендірілуін таңдаңыз (Формат/Безендіру шаблонын пайдалану)(сурет
27.4)
27.2.
сур. Слайд құру терезесі
157
27.3
.сур. Мәтін енгізуге арналған белгісі бар слайд
6.
Microsoft Office тақырыбын және игерілген бағдарламалардың қыс-
қаша сипаттамасы тақырыпшасын пернетақтадан теріңіз.
27.4
.сур. Слайдтарды түсті безендіру терезесі
158
27.5
.сур. Презентацияның негізгі беті (слайды)
Ол үшін толтырғыш-белгіні тінтуірмен басып, таңдалған шаблон орнаты-
лымына сәйкес автоматты түрде безендірілетін мәтінді теру қажет (27.5
сурет).
7. Құрылған файлды өзіңіздің папкаңызда «Менің презентациям» атауы-
мен Файл/Сақтау пәрмені арқылы сақтаңыз.
27.2 тапсырма. Презентацияның екінші слайдын құру—тізімі бар мә-
тін.
Жұмыс тәртібі
1.
Қою/Жаңа слайд пәрменін орындаңыз. Жоғарғы жолдағы (маркер-
ленген тізім) үлгінің сол жағындағы екінші тұрған автобелгіні таңдаңыз және
ОК батырмасын басыңыз.
2.
Жоғарғы жолға «MS Word мәтіндік редакторы» бағдарлама атауын
енгізіңіз.
3.
Төменгі жиектемеге тізім түріндегі мәтінді теріңіз. Толтырғыш-белгі
бойынша тінтуірмен басу маркерленген тізімді енгізуге мүмкіндік береді.
Жаңа абзацқа көшу [Enter] батырмасын басу арқылы жүзеге асырылады.
Мәтін үлгісі
Мәтіндік редактор:
•
мәтіндік құжаттарды құруға;
•
мәтінді пішімдеуге және құжат абзацтарын реттеуге;
•
құжатқа колонтитул енгізуге;
159
27.6
.сур. Тізімдерден тұратын мәтіндік слайд
•
кестелер құруға және пішімдеуге;
•
мәтіндік құжаттардағы тізімдерді реттеуге;
•
мәтінді бірнеше бағаналарға бөлуге;
•
құжатқа кескіндер қоюға;
•
құжатты басып шығаруға дайындауға мүмкіндік береді.
4.
Дайын слайд 27.6 суреттегідей кескінге ие болады.
5.
Файлды сақтаңыз.
27.3
тапсырма. Презентацияның үшінші слайдын құру — екі бағанаға
мәтін жазу.
Жұмыс тәртібі
1.
Қою/Жаңа слайд пәрменін орындаңыз. Жоғарғы жолдағы (екі бағанада
орналасқан мәтін) үлгінің сол жағындағы үшінші тұрған автобелгіні таңда-
ңыз және ОК батырмасын басыңыз.
2.
Жоғарғы жолға «MS Excel кестелік процессоры» бағдарлама атауын
енгізіңіз. Қажет болған жағдайда қаріп өлшемін кішірейтіңіз (27.7 сурет).
3.
Бағананы толтырыңыз. Толтырғыш-белгіні тінтуірмен басу бағанаға
мәтін енгізуге мүмкіндік береді.
Мәтін үлгісі
Кестелік процессор мүмкіндіктері:
Достарыңызбен бөлісу: |