Михеева е. В информатика пәні бойынша жаттықтыру сабағЫ



жүктеу 9,21 Mb.
Pdf просмотр
бет31/42
Дата23.11.2018
өлшемі9,21 Mb.
#24163
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42

132
 
 
 
22.10
.сур. «Борей» базасының сипаттамасы бар кестелері 
 
«Тауарлар» кестесі қандай кестелермен байланысқанын анықтаңыз. 
Қ ы с қ а ш а   а н ы қ т а м а .   Кесте  —  жазбалар  (жолдар)  немесе  жиектер 
(бағаналар)  түрінде  деректерді  сақтауға  арналған  деректер  базасының 
объектісі.  Әдетте  әрбір  кесте  нақты  сұрақ  бойынша  біртипті  деректерді 
сақтау үшін пайдаланылады. 
5. 
Объект  базасын  таңдаңыз  —  Кестелер.  «Тапсырыстар»  кестесін 
тінтуірді  екі  рет  басу  арқылы  немесе  Ашу  батырмасымен  ашыңыз.  Ондағы 
жазбалар  мен  жиектер  санын  анықтаңыз.  Жазбалар  саны  терезенің  төменгі 
бөлігінде жазбаларды басқару батырмаларының оң жағында көрінеді. 
6. 
«Тапсырыстар»  кестесінде  тұтынушылар  бойынша  сұрыптау  жүргі-
зіңіз.  Сұрыптау  үшін  меңзерді  Клиент  өрісіне  апарыңыз  және  Жазбалар 
/Сұрыптау/Өсу  реті  бойынша  сұрыптау  пәрменін  орындаңыз.  Тізімдегі 
бірінші клиенттің тапсырыстар санын есептеңіз. 
7. 
«Тапсырыстар»  кестесінің  деректеріне  тапсырысты  шығару  күні 
бойынша сүзгілеу жүргізіңіз, ол жоғарғы жазбада (жол) орналасқан. Сүзгілеу 
үшін  кестенің  жоғарғы  жолағында  орналасқан  мерзімді  белгілеңіз  және 
Жазбалар/Сүзгі/Белгіленген  объект  бойынша  сүзгі  пәрменін  орындаңыз. 
Кесте  түрінің  қалай  өзгергеніне  көңіл  бөліңіз  —  тек  бір  күнге  жататын 
деректер  көрінеді.  Жазбалар/Сүзгіні  жою  пәрмені  арқылы  сүзгіні  алып 
тастаңыз. «Тапсырыстар» кестесін жабыңыз. 
 


133
 
 
 
22.11
.сур. «Борей» деректер базасының сызбасы 
 
8. 
«Клиенттер» кестесін ашыңыз. Клиенттердің жалпы санын анықтаңыз 
(«Клиенттер» терезесінің төменгі жағында, жазбаларды басқару батырмасы-
ның оң жағында орналасқан (22.12 сурет). Суреттен клиенттердің 91 екендігі 
көрінеді.  
9. 
Қала  жолынан  Лондонды  табыңыз.  Ол  үшін  меңзерді  Қала  жолына 
апарыңыз және Түзету/Іздеу пәрменін орындаңыз. Ашылған 
 
 
 
22.12
.сур. «Борей» базасындағы «Клиенттер» кестесі 


134
 
 
 
22.13
.сур. Үлгі бойынша кесте жолынан іздеу 
 
Іздеу және ауыстыру терезесінің Іздеу қосымша парағында (22.13 сурет) 
үлгі  ретінде  «Лондон»  сөзін  енгізіңіз  және  Ары  қарай  іздеу  батырмасын 
басыңыз. Іздеу  жүргізіледі  және  меңзер  Лондон  қаласының  атауына  апары-
лады. Іздеу және ауыстыру терезесін жабыңыз.  
10. 
Сүзгі арқылы Лондон клиенттерін таңдаңыз (Қала жолынан «Лондон» 
сөзін  белгілеңіз  және  Жазбалар/Сүзгі/Белгіленген  объект  бойынша  сүзгі 
пәрменін орындаңыз). Лондон қаласы клиенттерінің санын есептеңіз. 
 
 
 
22.14.сур. «Тауарлар» кестесінің Құрылымдаушы терезесі 
 
 


135
 
Жазбалар/Сүзгіні  жою  пәрмені  арқылы  сүзгіні  алып  тастаңыз. 
Клиенттердің аттары бойынша сұрыптау жүргізіңіз (кему реті бойынша). 
11. 
«Тауарлар»  кестесін  Құрылымдаушыда  ашыңыз,  ол  үшін  меңзерді 
«Тауарлар»  кестесіне  апарыңыз  және Құрылымдаушы  батырмасын  басыңыз 
(22.14  сурет).  Кестені  құрылымдаушының  сыртқы  түрін  мұқият  қарап 
шығыңыз.  Кестенің  жоғарғы бөлігінде  деректер  түрі, сипаты,  жолдар атауы 
бар  кесте  болады.  Қай  жолдың  негізгі  екенін  анықтаңыз.  Кестенің  төменгі 
бөлігінде жол сипаттары көрінеді.  
12.  
«Борей» және ДББЖ MS Access деректер базасын жабыңыз. 
Қосымша тапсырма 
22.4  тапсырма.  Шебер  құралының  шаблоны  көмегімен  «Жұмыс 
тапсырыстары» деректер базасын құру. 
 
Деректер базасы  кестелері  арасындағы  байланыстарды игеріңіз (Қызмет 
көрсету/ Деректер сызбасы). 
 
 
23-практикалық сабақ 
Тақырып: ДББЖ MS ACCESS ДЕРЕКТЕР ЕНГІЗУГЕ 
АРНАЛҒАН ПАЙДАЛАНУШЫЛЫҚ  
ФОРМАЛАРЫН ЖӘНЕ КЕСТЕЛЕРДІ ҚҰРУ 
 
Сабақтың мақсаты. ДББЖ Access деректер енгізуге арналған пайдалану-
шылық  формаларын  және  кестелерді  құрудың  ақпараттық  технологиясын 
игеру. 
 
23.1 тапсырма. Кестелер құру шеберінің көмегімен «Студенттер» ке-
стесін құру. Үлгі ретінде «Студенттер» кестесін пайдалану. 
Жұмыс тәртібі 
1. 
ДББЖ Microsoft  Access бағдарламасын іске  қосыңыз және өзіңіз құр-
ған «Менің бос деректер базам» ДБ ашыңыз. 
2. 
Деректер  базасы  терезесінде  объект  ретінде  «Кестелерді»  таңдаңыз. 
Шебер  көмегімен  кесте  құрыңыз.  Ол  үшін  Шебер  көмегімен  кесте  құру 
пәрменін таңдаңыз (23.1 сурет) және Құру/Кесте шебері/ОК пәрменін орын-
даңыз. 
3. 
Ашылған  Кесте  құру  терезесінде  (23.2  сурет)  кесте  үлгісі  ретінде 
«Студенттер»  кестесін  ашыңыз.  Жолдар  үлгісінен  кезектілікпен  көрсетілген 
жолды  таңдаңыз  (Біреуін  таңдау/Барлық  жолдарды  таңдау  батырмасын 
пайдаланыңыз): 


136
 
 
 
23.1
.сур. Жаңа кесте құруда кесте шеберін таңдау 
 
Аты,  Әкесінің  аты,  Тегі,  Лауазымы,  Мекен-жайы,  Телефон  нөмірі, 
Мамандануы. 
Ары қарай батырмасын басыңыз. 
4. 
«Студенттер»  кестесін  ашыңыз.  Ауыстырғышты  «Microsoft  Access 
бағдарламасында кілтті автоматты анықтау» қалпына орнатыңыз. Ары қарай 
батырмасын  басыңыз.  Шебердің  келесі  «Кестені  құрғаннан  кейінгі 
әрекеттер» терезесінен Деректерді кестеге тікелей енгізу пәрменін таңдаңыз. 
Дайын батырмасын басыңыз.  
5. 
Шебер  автоматты  түрде  негізгі  жолды  құрады,  сонымен  бірге  «Есеп-
тегіш»  деректер  түрі  бар  Студент  коды  атты  жаңа  жол  пайда  болады. 
Құрылымдаушыдан  «Студенттер»  кестесін  ашыңыз  (Түр/Құрылымдаушы) 
және «Код» жолының сол жағында белгінің пайда болғанына көз жеткізіңіз— 
негізгі жол белгісі. 
6. 
Кесте  режиміне  ауысыңыз  (Түр/Кесте  режимі).  Тегі  жолын  Аты 
жолының сол жағына орналастырыңыз. Жолды ауыстыру үшін 
 
 
 
23.
2.сур. Студентте кестесі үлгісінен жолдарды таңдау 


жүктеу 9,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау