170
Егер компьютер интернет желісіне қосылмаған болса, онда іске қосар
алдында интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ететін байланысты
орнату ұсынылатын болады. Байланысты орнатыңыз. Байланыс орнатыл-
ғаннан кейін бастапқы беттің жүктелуі орындалады.
2.
Бағдарлама интерфейсін игеріңіз. Internet Explorer терезесінен Бас
мәзір, Құралдар тақтасын табыңыз, пиктографикалық мәзір батырмалары-
мен Адрестік жолды, Күй жолын (29.1 сурет) іздеңіз.
3.
Құралдар тақтасының батырмаларын игеріңіз.
Құралдар тақтасының сол жағындағы Артқа және Алға тілшелері бар
батырмалар алға және артқа жылжыту үшін пайдаланылады.
Жаңарту батырмасы — файлды қайта жүктеу.
Үйге батырмасы— бастапқы бетке қайту.
Іздеу — Интернетдан іздеу.
Таңдаулы— өзіңізге ұнаған серверлерді белгілеу (оларға тез қайту үшін).
Басып шығару батырмасы құжатты басып шығарады.
29.2 тапсырма. Internet Explorer бойынша оқулықпен жұмыс істеу.
Анықтама алу үшін Анықтама/Мазмұны және көрсеткіш/ Internet
Explorer бойынша Оқулық мәзірін пайдаланыңыз (29.2 сурет).
29.2
.сур. Internet Explorer бойынша оқулық
171
Бұл оқулықта Интернетмен немесе Internet Explorer шолушысымен әлі
таныс емес адамдар үшін және шолушының алдыңғы нұсқасына енгізілген
өзгерістерге қызығушылық танытатын адамдар үшін пайдалы деректер
көрсетілген. Электронды оқулықтың материалдарын оқып, сіз Internet
Explorer шолушысының көмегімен Интернетда өткізілетін уақытты қалай
тиімді пайдалануға болатынын анықтайсыз.
Оқулықтың «Web-парақтарын іздеу» бөлімін оқып шығыңыз.
29.3 тапсырма. Web-парағын жүктеу.
Жұмыс тәртібі
1.
Адрес жолына Rambler орыс тілді іздеу жүйесінің адрес жолын енгі-
зіңіз - www.rambler.ru немесе [Enter] пернесін басыңыз. Беттің жүктелгенін
күтіңіз (29.3 сурет).
Экранның жоғарғы оң жақ бұрышында айналып тұрған жер шарына ұқсас
кескінге назар аударыңыз, ол жүктеу үрдісінің жүріп жатқанын білдіреді.
Құралдар тақтасында жүктеуді тоқтатуға арналған Тоқтату қызыл
батырмасы белсендіріледі.
Қ ы с қ а ш а с и п а т т а м а . (URL) желісінің адресі қандай элементтерден
тұрады? Адрес әдетте желіні ұйымдастыруға қызмет көрсетуші протокол
атауынан басталады. Яғни, http://www.rambler.ru «http://www» адресінде http,
«rambler»
протоколын пайдаланатын Web сервері көрсетіледі — түйіннің
тікелей атауы, «.ru» домені ресей желісінің адресін анықтайды.
2.
Жүктелген басты бетті қарап шығыңыз – сіз негізгі сөзді және сөз
басын енгізуге арналған жолды көресіз. Беттегі сілтемеге ауысу үшін
меңзерді сілтемеге апарып, тінтуірдің сол жақ батырмасымен басыңыз.
Сілтеме басқа түстегі мәтін (әдетте асты сызылған қаріппен) немесе кескін
болуы мүмкін. Бет элементінің сілтеме екендігін білу үшін оған көрсеткішті
апарыңыз. Егер көрсеткіш бас бармағы көрсетілген қолды көрсететін болса,
онда элемент сілтеме болып табылады. Web-парағында қанша сілтеме көріп
тұрғаныңызды анықтаңыз.
29.4 тапсырма. Интернетда ақпарат іздеуді ұйымдастыру.
Rambler жүйесінің көмегімен ақпарат іздеудің үш тәсілін қарастырайық.
Top100
рейтингінен іздеу
1.
Rambler парағында тақырыптар бойынша топтастырылған сілтемелер
тізімі көрсетілген. Бұл тізім Top100 деп аталады, яғни, Rambler рейтингі
бойынша интернеттің ең жақсы сайттары.
2.
Top100 рейтингінен білім беру ресурстарының тізімін табыңыз (29.4
сурет). «Білім беру» білім беру саласындағы ресурстардың үлкен көлемі бар
парақты ашады.
172
29.
3.
сур
.
R
a
mb
le
r
із
деу
ж
үй
ес
і-
w
w
w
.ra
m
b
le
r.
ru
173
29.
4.
сур
. «
Бі
лі
м б
ер
у»
т
ақ
ыр
ыб
ы б
ой
ын
ш
а
ТорЮ
О
р
есу
рст
ар
к
ест
есі
174
29.
5.
сур
. И
нт
ер
не
тт
е
ке
ңе
йт
ілг
ен
із
де
у
175
Пайда болған терезеде білім беру саласымен байланысты сайттар атауы
ұсынылады. Ресурстар неғұрлым кесте басына жақын орналасса, соғұрлым
олар атақты болып келеді (көп көрілетін сайттар).
3.
Өнер саласы бойынша сайттар тізімін табыңыз. Top100 тізімінен Өнер
жолын табыңыз және тінтуір батырмасының көмегімен ашыңыз.
4.
Ресурстар тізімінен бастапқы сілтемені таңдаңыз. Сіз таңдалған бетке
көшесіз. Парақ материалын оқып, гиперсілтемелер арқылы өзіңізді
қызықтыратын ақпаратты анықтаңыз.
Негізі (кілттік) сөз бойынша іздеу
1.
Rambler бастапқы бетіне оралыңыз. Rambler бетінің ең басында мәтін
енгізуге бос жиегі бар Іздеу жолын табыңыз. Осы жиекті тінтуірмен басыңыз.
2.
Қарапайым іздеуді жүргізіңіз. Іздеу жолына сіздің мамандығыңызды
сипаттайтын сөзді енгізіңіз, мысалы «есепші», және Іздеу батырмасын
басыңыз.
Бірақ уақыттан кейін іздеу нәтижелері бар парақ ашылады. Қанша ресурс
табылғанын анықтаңыз. Нақты сұрауды көбірек жүргізсеңіз, сіз азырақ құжат
табатыңызды есте сақтаңыз.
3.
Тізімнен бірінші құжатты ашыңыз және оның мазмұнымен танысыңыз.
Кеңейтілген іздеу
1.
Rambler бастапқы бетіне оралыңыз. Rambler бетінің ең басында іздеу
жолы бар «Кеңейтілген іздеу» сілтемесін табыңыз. Осы сілтемені тінтуірмен
басыңыз.
2.
Сіздің алдыңызда ақпараттарды іздеудегі өзгешеліктер қатарын
анықтауға болатын бет ашылады (29.5 сурет). Сіздің мамандығыңызды
сипаттайтын сұрау сөзін енгізіңіз және іздеу шартын көрсетіңіз:
Мәтін бойынша іздеу — барлық құжаттар;
Сұрау сөзін іздеу — нақты сөйлем.
3.
Табылған ресурстар санын анықтаңыз.
29.5
тапсырма. Rambler іздеу.
Жұмыс тәртібі
1.
Rambler бастапқы бетіне оралыңыз. Rambler бетінің ең басында
(жоғарғы оң жақ бұрышта) «Іздеу» сілтемесін табыңыз. Осы сілтемені
тінтуірмен басыңыз.
2.
Қызмет символдарының тізімін және логикалық операцияларды
оқыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |