ке мүгедектігі
бар балалардың әлеуметтік
инклюзивтілігін ілгері бастыруда жасаған оң
қадамдары үшін ризашылық білдірді. Он жыл
бұрын бақыланған оқиғалармен салыстырғанда
заңнамалық орта мүгедектігі бар
балалардың
қажеттіліктеріне көбірек көңіл бөлетін болды.
Дегенмен қол жеткізген прогреске мүгедектігі
бар балалардың құқығын қорғау бойынша
жұмыстардың аяқталу белгісі деп қарауға бол-
майды.Респонденттер нормативтік-құқықтық
базаны өзгерту арқылы шешілуі тиіс төмендегі
қиындықтарды атап көрсетті.
Мүгедектікті анықтау және оны бағалайтын кри-
терийлер мүгедектік тобы әртүрлі балалардың
бәрін қамти алмауы мүмкін. Осы критерийлер
анық болып табылмайды немесе халықаралық
нормалар мен стандарттарға толығымен
сәйкеспейді, сондықтан көбінесе кейбір бала-
лар мүгедектік тобын ала алмауы мүмкін. Осыған
қатысты екі нақты қиындық бар: баланың
денсаулығындағы кемшіліктер Дүниежүзілік
денсаулық сақтау ұйымының стандарттарынан
недәуір жоғары болуы тиістігі. Мүмкіндігінше,
ұлттық стандарттар халықаралық стандарттарға
сәйкес болуы тиіс; белгілі бір мүгедектік деңгейі
немесе түрі бар балалар мүгедектік
мәртебесін
ала алмай, «даму мүмкіндігі шектеулі» де-
ген деңгейде қарастырылуы мүмкін. Осы екі
ұғымды айыра алу үшін нақты стандарттар мен
критерийлерді белгілеу қажет. Қолданыстағы
заңнамалық база және жекелеген заңдарда
халықаралық нормалар мен стандарттар
толық бейнеленуі тиіс. 2008 жылы Мүгедектер
құқығы туралы конвенцияға қол қойылғаннан
кейін кейбір заңдар мемлекеттік қызметтер
спектрін бейнелеу үшін жаңартылуы тиіс бола-
тын. Қолданыстағы заңнамалық база жеткілікті
түрде универсалды болып табылады, бірақ
оны іске асыру механизмдері толығымен ретке
келтірілмеген. Заңда белгіленген мемлекеттік
жауаптылық деңгейі
елімізде әлі көзделмеген
елеулі қаржылай және адам ресурстарын
бөлуді талап етеді. Әртүрлі салалардағы білікті
мамандардың жетіспеушілігі заңдарды толық
іске асырудың басты кедергілерінің бірі ретінде
атап көрсетіледі. Бұл мемлекеттің заңнамалық
стандарттарға сәйкес болу үшін капитал салым-
дарын сала алатын айқын салаларының бірі бо-
лып табылады.
Алдыңғы тармақтармен салыстырғанда елімізде
заңнамалық стандарттарды іске асыру әрқилы
жүргізілуде. Кей респонденттер ауылдық жер-
лерде ұшырасып
отырған қиындықтарды жиі
атап көрсеткенімен (аудандық орталықтарға
қатынайтын жолдың қашықтығы, амандардың
жоқтығы және т.б.), мүгедектігі бар балаларға
арналған қажетті қызметтердің Астанада да
жетіспейтіні де алаңдатады. Қызмет көрсетуге
арналған ресурстар да осы мәселені өршітетін
ықтимал факторлар болып табылады.
Мүгедектігі бар балалардың қиындықтарын
шешетін мемлекеттік жүйенің негіздерінің
бірі ПМПК болып табылады,
бірақ елімізде
мұндай кеңестер халық санына сай келмейді.
Молырақ ресурстар осындай ұйымдардың са-
нын көбейтуге бағытталуы тиіс.
Мемлекеттік қаржыландыру құрылымындағы
өзгерістер мүгедектігі бар балаларға қызмет
көрсетуге оң әсерін және теріс әсерін де тигізеді.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесін құру
оң және теріс аспектілер қалай теңдестірілуі
тиіс деген тұрғыдан бағалануы тиіс. Сұхбаттарда
мемлекеттік ұйымдардың, ҮЕҰ және халықаралық
ұйымдардың арасындағы ынтымақтастықты
ұлғайту ісі кейде қолдау тапса,
кейде сынға
ұшырады: оң аспектілер: белгілі бір қызметтер
ұсыну туралы ҮЕҰ келісімшарт жасау қызметтерді
географиялық масштабта және жалпы халық
масштабында қамтуға мүмкіндік берді.Бұл жүйе
шығындар мен міндеттерді бөліп жайғастыруды
насихаттайды, ал бұл қызмет ұсынуды анағұрлым
тиімді ете алады. Үкіметтік емес ұйымдар бала-
лар құқығының белсенді қорғаушысы ретінде та-
нылады, сәйкесінше, осындай шынайы берілген
субъектілердің қызмет көрсетуі мүгедектігі бар
балалардың мәселелерін шешуге мүмкіндік
береді. ҮЕҰ қатысуы әртүрлі саладағы маман-
дарды көптеп тартуға
көмектеседі және қолдау
көрсету бойынша білімді жетілдіруге және
желілерді ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл өз
кезегінде, тәжірибе мен білім алмасу үшін плат-
форма құрады; теріс аспектілер: мемлекеттік және
үкіметтік емес секторлар ұсынатын қызметтер
бойынша шығындар мен міндеттемелерді
бөліп жайғастыру, әсіресе, мүгедектігі бар
тұлғалардың мәселелерін шешудің әртүрлі саты-
сына қатысатын субъектілердің ауқымды ортасын
ескерсек, биліктің орталықсыздандырылуына
және көрсетілетін қызметтердің фрагменттелуіне
әкелуі мүмкін. Қаржыландыруды үкіметтік
емес секторға табыстау оларды мемлекеттік
ұйымдармен жұмыс істеуге мәжбүрлеп, бірақ
ҮЕҚ қаржылай
қажеттіліктерін толық жаппай,
ҮЕҰ үлкен қысым түсіреді. ҮЕҰ қаржыландыруға
қатысты мәселені шешу үшін көбінесе шетелдік
инвесторларға жүгінеді, бірақ оларнегізінен қысқа
мерзімді бағдарламаларға және шұғыл нәтиже
беретін жобаларға екпін қояды. Осылайша,
қаржыландыру көзі үкіметтік емес ұйымдарға
ұзақ мерзімді негізде кеңес беруге және оңалту
қызметтерін ұсынуға кедергі келтіруі мүмкін.
88
4.1. негізгі тұжырымдар
Мүгедектігі бар балаларды қорғау,
олардың
интеграциялануы және қоғамдағы теңдік
пен әділдікті қамтамасыз ету Қазақстан
Республикасының саяси күн тәртібіндегі ба-
сты басымдықтардың бірі болып қалып отыр.
Мүгедектігі бар тұлғаларды қорғау және инте-
грациялау саласындағы халықаралық стандарт-
тарды сақтау бойынша Қазақстан өз күшімен
2008 жылы 11-желтоқсанда Мүгедектер
құқығы туралы БҰҰ конвенциясына қол қойды.
Қазақстан Республикасының заңнамасы
IV. СаЯСат
СалаСындағы
негіЗгі
тҰжырыМдар
Мен ҰСыныМдар
«Океан Арт» арт-терапия шығармашылық
орталығында, Астана қ.
89