Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



жүктеу 3,63 Mb.
Pdf просмотр
бет42/47
Дата30.12.2019
өлшемі3,63 Mb.
#25459
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47

мекемелерге бара алады. Осы есепте 2002 
жылдан бастап 2012 жылға дейін техникалық 
және кәсіптік білім беру мекемелерінде 
мүгедектігі бар балалардың және мүмкіндігі 
шектеулі балалардың саны көбейгенін, мұның 
өзі сөзсіз оң беталыс болып табылатынына 
түсінік берілді. Техникалық және кәсіптік білім 
беру мекемелеріне баратын балалар саны ең 
көп аймақтарға Шығыс Қазақстан, Солтүстік 
Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары, 
сонымен қатар Алматы қаласы жатады. Алайда, 
жоғары оқу орнына түсуге құжат тапсырушы 
балалар квотасы бойынша білім гранттарын 
беруге қатысты көп нәтижеге қол жеткізуге 
болады. Мүгедектігі бар балалар үшін білім 
алу ақысыз болғанымен, шәкіртақы алуға тап-
сырыс бергендердің көбісі оны ала алмайды. 
2012 жылғы деректер бойынша квота бойынша 
білім грантын алуға талаптанған мүгедектігі бар 
балалардың 85%-ы ғана сол жылы оны алғанын 
көрсетіп отыр. 
Халықаралық тұрғыдан қарағанда, мүгедектік 
бойынша жәрдемақыға, мемлекеттік меке-
меде тұратын балалар санына, мүгедектігі 
бар балалардың жалпы білім беретін жүйеге 
интеграциялануына қатысы және т.б. бой-
ынша Қазақстанды ТМД басқа елдерімен, 
мысалы, Өзбекстан, Түрікменстан немесе 
Қырғызстанмен салыстырғанда табысты бо-
лып көрінеді. Алайда, мұндай халықаралық 
салыстыруларға «мүгедек бала» ұғымдарының 
және басқа да контекстуалдық өзгерістердегі 
жоғары айырмашылықтарды ескере отырып, 
сақтықпен қараған дұрыс.
Осы есепте тереңдетілген сұхбаттарға 
аналитикалық шолу жасауды фокустық 
топтардағы пікірталастармен біріктіру арқылы 
мүгедектігі бар балалардың әлеуметтік 
интеграциялануының кедергілері мен та-
быстарын зерттеудің құрастырылған тәсілі 
пайдаланылған. Тереңдетілген сұхбаттар мен 
фокустық топтардағы пікірталастар Астана, 
Алматы қалаларында, Қарағанды, Қызылорда 
және Шығыс Қазақстан облыстарында өткізілді. 
Ақпарат жинау үдерісіне балалар, ата-аналар, 
мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер және 
басқа да мүдделі тұлғалар қатыстырылды. 
Аталған аймақтарда 33 тереңдетілген сұхбат 
пен 9 фокустық топтардағы пікірталастар 
жүргізілді. Осы сұхбатқа қатысқан әртүрлі 
мүдделі тұлғалардан тұратын топтар әртүрлі 
салада, мысалы, білім беру, денсаулық 
сақтау, қоғамдық қатысу, әлеуметтік қорғау 
және құқық қорғау салаларында әлеуметтік 
интеграциялануға қалай мүмкіндік туғызуға бо-
лады деген өз ойларын жалғастырды.
Қатысушылар мүгедектігі бар балалардың 
әлеуметтік интеграциялану талабын іске 
асыртпайтын (немесе керісінше көмектесетін) 
білім беру саласының бірнеше аса маңызды 
аспектілерін талқылады. Респонденттер 
қозғалыс мүмкіндігі шектеулі балалар-
ды қабылдау үшін білім беру мекемелерін 
жаңарту және қайта жабдықтау қажеттілігін 
талқылады; білім беру мекемелерінің бірнешеуі 
ғана қозғалыс әрекеті және көру әрекеті 
бұзылған балалар үшін ғана қол жетімді ретінде 
қарастырылады. Көптеген респонденттер 
инклюзивтік сыныптарды қолдайтыны тура-
лы пікір айтты, бірақ мұндай сыныптардың 
айқындаушы факторлары мүгедектігі бар 
«Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» 
республикалық конкурсында.
92


Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау:  ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
балаларға арнап бейімделген оқу жоспары, 
білікті мамандарды даярлау, «бала-мұғалім» ара 
қатынасын азайту және оқушылар мен олардың 
ата-аналарын инклюзивтілікке байланысты ту-
ындайтын (көбінесе болмашы) өзгерістерге 
даярлау болып табылады. Респонденттер со-
нымен қатар мүгедектігі бар балаларға ар-
нап мұғалімдердің жүктемесін азайтуға ғана 
көмектесіп қоймай, сонымен бірге бала-
лар мен олардың ата-аналарына оқу орнын 
бітіргеннен кейін (еңбек нарығын қоса алғанда) 
әлеуметтік интеграциялануды жоспарлауға 
да көмектесетін оқу жоспарын бейімдеу 
қажеттілігіне назар аударды. Денсаулық сақтау 
жүйесіне қатысты фокустық топтар мен ре-
спонденттер үш бірінші деңгейлі қиындықты 
атап көрсетті: медициналық мекемелердің 
қол жетімділігі, сапалы қызметтердің 
қол жетімділігі және денсаулық сақтау 
саласындағы әлеуметтік қорғау шараларының 
қол жетімділігі. Мүгедектігі бар балаларға 
арналған мамандандырылған медициналық 
мекемелер санын көбейту үшін соңғы жылда-
ры көп күш-қуат жұмсалғанына қарамастан, 
мамандандырылған медициналық мекеме-
лер негізінен тек ірі қалаларда орналасқан. 
Тіпті медициналық қызметтер көрсетіліп 
жатқанымен, көбінесе олардың сапасы төмен. 
Бұл жабдықтардың жетіспеушілігі (әсіресе 
жүктілікті зерттеуге арналған жабдықтар), 
(әсіресе баланың жас шағында алғашқы сим-
птомдарын және қауіп факторларын анықтай 
алатын мамандар сияқты) білікті медициналық 
қызметкерлердің жетіспеушілігі және бала-
сына жуырда диагноз қойылған ата-аналар-
да мүгедектік туралы ақпараттың шектеулі 
көлемі сияқты бірнеше себептерге байланы-
сты. Кейбір респонденттер де өтініштерді ашық 
қарау рәсімдерін жетілдіру есебінен жоюға 
болатын әлеуметтік көмек берудің кідіртілуі 
медициналық көмек көрсетілуіне кедергі 
келтіруі мүмкін екенін атап көрсетті.
Әлеуметтік қатысу саласына қатысты көптеген 
респонденттер соңғы бірнеше жылда мүгедектігі 
бар адамдарға қоғамның қатынасының айқын 
жақсарғанын атап көрсетті. Кейбір респон-
денттер бұл өзгерістерді адамдарды мүгедектігі 
бар балаларды тіркеуге талаптандыратын 
хабардарлықты арттырудың үкіметтік кампа-
ниясына жатқызады. Ал кейбір респонденттер 
болса (достары немесе таныстары тарабынан) 
дискриминациялау немесе мінеу оқиғалары ту-
ралы сөз қылды, дегенмен көпшілігі әлеуметтік 
желілердің оң әсерін тигізгегін білдірді. 
Респонденттер мүгедектігі бар балалардың 
негізінен қарым-қатынасқа ашық болаты-
нын және әлеуметтік стигматизация мұндай 
балалардың толыққанды өмір сүруге деген және 
қоғамға өз үлесін қосуға деген мүмкіндіктеріне 
немқұрайды қарайтын ата-аналар немесе 
мемлекеттік мекеме тарабынан орын алады 
деп жобалады. Әлеуметтік қорғау респондент-
тер талқылаған әлеуметтік интеграциялаудың 
тағы бір саласы болып отыр. Ата-аналар да, 
қызмет көрсетумен айналысатын адамдар 
да мүгедектігі бар балаларға күтім жасау аса 
қымбат үдеріс екенін құптады, сәйкесінше
мемлекеттік жәрдемақының маңызды мәні 
бар. Соңғы жылдары әлеуметтік жәрдемақы 
көлемі артқанына және қызметтер мен та-
уарлар пакеті де толыққанына қарамастан, 
көптеген отбасылар белгілі бір қызметтердің 
бағасының аса жоғары болуына немесе 
қолданыстағы жәрдемақы құрылымының 
олардың балаларының материалдық 
қажеттіліктерін өтеуге мардымсыз болуына 
байланысты қаражат жетіспеушілігін сезініп 
отыр. Респонденттер көтерген екінші мәселе 
- әлеуметтік көмек басымдықтарын тиімді 
пайдалану және оның қол жетімділігі тура-
лы ақпараттың шектеулілігі болып табылады. 
Мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмек 
ұсыну мәселесінде отбасының басты байланы-
сушы тұлғасы ретінде көмек көрсете алатын 
әлеуметтік қызметкерді немесе басқа тұлғаны 
тағайындау көптеген мәселелерді шеше алар 
еді.
Барабар нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу 
арқылы құқық қорғауға қатысты соңғы жылдары 
елеулі прогреске қол жеткізілгенін респондент-
тер атап көрсетті. Нақты заңдарды әзірлеуде 
маңызды жетілдірулер жүргізілді, бірақ олар-
ды іске асыру қиын болып отыр. Бұл мәселенің 
бір жағы «мүгедектігі бар» ұғымын анықтауға 
қатысты, себебі мүгедектігі бар баланы бағалау 
және мүгедектігін растау үдерісін балаға құқық 
беретін мемлекеттік қызметтер белгілейді. 
Респонденттер мүгедектікті анықтаудың 
айқын стандарттарын құру және мемлекеттік 
қолдауларға мұқтаж балаларды көбірек қамту 
үшін «мүгедектік» және «мүмкіндіігі шектеулі» 
деген ұғымдар арасындағы айырманы азай-
ту туралы ұсыныс жасады. Қаржы және адам 
ресурстарының, әсіресе ауылдық жерлерде 
жетіспеушілігі тағы бір күрделі мәселе бо-
лып табылады. Қандай да бір шамада бұл 
қиындықтарды құрылымдық қаржыландырумен 
жоюға болады, мысалы, мемлекет ұсынатын 
қызметтердің бір бөлігін ұсақ ұйымдарға табы-
стау арқылы қызметтердің ауқымын ұлғайтатын 
ҮЕҰ-мен белгілі бір қызметтерді ұсынуға 
келісімшарт жасау.
93


жүктеу 3,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау