Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында
инклюзивті ҚоғаМды даМыту
25-сурет. Кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарындағы мүгедектігі бар және дамуында
мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жастардың білім алуы туралы деректер, 2002–2012
(жылдар)
48
26-сурет. 2012 жылы кәсіптік-техникалық білім беру бағдарламаларына қатысқан
мүгедектігі бар және дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың бөлінуі
48
27-сурет. Оңалту орталықтарының бөлінуі
49
28-сурет. Оңалту орталықтарындағы мүгедектігі бар балалардың саны
50
29-сурет. 2005-2011 жылдарда медициналық – әлеуметтік мекемелерде болған 18 жасқа
дейінгі және 3 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны (жүздіктермен есептегенде)
50
30-сурет. 2005–2011 жж. кезеңде мүгедектігі бар балаларға арналған балалардың
институционалдық мекемелерінде тұрған 18 жасқа толмаған және одан асқан балалардың
жалпы саны
51
2-кесте. 2000–2011 жылдар кезеңіндегі мемлекеттік интернаттық мекемелердегі
(мекемелердің барлық түрлері) мүгедектігі бар балалардың саны
51
31-сурет. Мүгедектігі бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелердің
бөлінуі
52
3-кесте. Интернаттардағы балалардың жалпы санынан интернаттардағы мүгедектігі бар
балалардың пайызға шаққандағы үлесі (18 жасқа дейінгі)
52
32-сурет. Медициналық-әлеуметтік мекемелердегі мүгедектігі бар балалар саны
53
33-сурет. Мүгедектігі бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелердегі
қызмет көрсететін қызметкерлер саны
53
34-сурет. 2004-2012 жылдар кезеңінде жоғары оқу орнында
оқуға мемлекеттік білім беру
грантын алған мүгедектігі бар балалардың пайыздық үлесі
54
4-кесте. Сұхбат пен фокус-топтар барысында сұралған адамдардың сипаттамасы
56
5-кесте. Мүгедектігі бар балалардың мәселелерін шешуге құзыретті ұйымдар
85
А 1-кесте. Мониторинг құралдары
97
А 2-кесте. 2008 – 2012 жылдары алғашқы медициналық-санитарлық қызметтер тіркеген
мүгедектігі бар балалар саны
101
А 3-кесте. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері, 2012 ж.
102
А 4-кесте. ҚР Білім және ғылым министрлігі, 2012 ж.
103
А 5-кесте. ҚР Статистика агенттігінің деректері, 2011 ж.
104
А 6-кесте. Сұхбаттар мен фокус-топтар тізімі
104
А 7-кесте. ПМПК жұмыс істеп жатқан желісі және балалар мен жасөспірімдерге арналған
орталықтарды кеңейтуге сұраныс
105
5
ҚыСҚаШа
МаЗМҰны
Б
ұл есепте Қазақстан Республикасындағы
мүгедектігі бар балалардың жағдайына
жасалған талдау ұсынылды.
Қазақстан
Республикасындағы мүгедектігі бар балалардың
жағдайына жасалған тұтас талдау құжаттарға
бастапқы талдау жасауды, фокус-топтардағы
талқылауларды, мүгедектігі бар және мүгедектігі
жоқ балалардың мұғалімдерімен, ата-ана-
ларымен, мүгедектігі бар және мүгедектігі
жоқ балалардың өздерімен, мемлекеттік
органдардың өкілдерімен және үкіметтік емес
ұйымдарда жұмыс істейтін мамандармен егжей-
тегжейлі жүргізілген сұхбаттарды қоса алғанда,
аралас әдістер ұстанымын пайдалана отырып
дайындалды. Бастапқы және екінші деректер-
ге жасалған талдау соңғы екі онжылдықтың
мүгедектігі бар балалардық құқықтары сала-
сында біршама
нормативтік-құқықтық және
заңнамалық реформалармен сипатталатынын
көрсетті. Мұндай ілгерілеушілік Қазақстанда
мүгедектігі бар балаларды қорғаудың
басымдығын және олардың әлеуметтік инклю-
зиясы туралы мәселенің бар екенін көрсетеді.
Инклюзивті мектепте, Астана қ.
6
Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік
инклюзия мен теңдік мүмкіндіктерін дамы-
ту бойынша жасалып жатқан іс-әрекеттер
мүгедектігі бар балалардың мүдделерін тікелей
қозғайтын бірқатар заңнамалық актілерді
әзірлеуге ықпал етті. Арнайы заңнама тегін
білім алу (осы санатқа жататын балалардың ба-
стауыш, орта және кәсіби оқу, сондай-ақ тегін
жоғары білім алу), медициналық мекемелерде
мамандандырылған ем алу,
қызмет көрсету,
материалдық көмек және әлеуметтік қолдау алу
құқығын қарастырады. Ерекше мұқтаждықтары
бар адамдар үшін қызмеке қолжетімділікті
қамтамасыз ету саласындағы құрылыс нор-
малары мен стандарттарына байланысты
заңнамалық актілер мүгедектігі бар балалардың
барлық мұқтаждықтарын көрсетпейді, бірақ
олардың мұқтаждықтарын жанама түрде есеп-
ке алады. Соңғы екі онжылдық ішінде адам
құқықтарына, оның ішінде мүгедектігі бар
балаларға қатысты қабылданған заңдар мен
ережелер мүгедектігі бар балаларды әлеуметтік
қорғау үшін берік негізбен қамтамасыз етіп
қана қоймайды,
сонымен қатар Қазақстанда
әлеуметтік жұмыс тұжырымдамасын енгізген
кезде осы санаттағы адамдардың бетпе-
бет келетін проблемалары мен ерекше
мұқтаждықтарын көрсетеді. Өзінің мүгедектігі
бар адамдар мен балалардың мұқтаждықтарын
қанағаттандыруға бағытталған күш-жігерін
растау мақсатында Қазақстан 2008 жылы 11
желтоқсанда БҰҰ Мүгедектер құқықтары тура-
лы конвенциясына қол қойды.
Қазақстан неғұрлым толық және жалпыны
тегіс қамтитын заңнамалық базаны әзірлеуге
қосымша мүгедектігі бар балаларға қатысты
да бірқатар нормативтік өзгерістер енгізді.
Қазақстан жүктіліктің бастапқы кезеңінде
мүгедектікті уақытылы анықтауға ықпал
ететін жаңа ережелерді қабылдады. Жаңа
ережелер босанғанға дейінгі, перинаталды
және неонаталды скринингтерге қатысты.
Жаңа әдіс сонымен
қатар бала жастағы ауру-
лар мен балалардың нәресте кезінен даму-
ын ықпалдастырып жүргізу үшін де енгізілді.
Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік
қорғау секілді секторлар жаңа белеске өтіп,
мүгедектігі бар балаларды анықтау, қорғау,
қоғам өміріне араластыру және оларға тең
мүмкіндіктерді қамтамасыз ету тұрғысынан
өзіне жаңа рөлдерді қабылдады. Білім беру
секторындағы педагогикалық бағалаулар
дамудағы кешеуілдеу фактілерін анықтауға
көмектесті. Әлеуметтік қорғау секторында бала
мүгедектігінің деңгейі оның ауырлығына сүйене
отырып бағаланады, сондай-ақ бір бөлігі
еңбек нарығына
араластыру болып табылатын
әлеуметтік инклюзия келешегі бағаланады.
Секторлар арасындағы күш-жігер біріктіріліп,
сәби шақта даму қаупін анықтау үшін балаларға
жаппай стандартты скрининг жүргізу басталды,
ол адамның өмір бойында қоғамға интеграция-
лануы үшін стратегия әзірлеуге көмектеседі.
Соңғы он жылда балалар мүгедектігі
жағдайларына мониторинг жүргізу айтарлықтай
жақсарды. 2005-2012 жж. кезеңінде еліміз
бойынша тіркелген мүгедектігі бар балалар
саны артты, бұл Қазақстан Республикасындағы
мүгедектігі бар балалардың нақты және салы-
стырмалы санының өсуін ғана көрсетпейді, со-
нымен қатар мүгедектігі бар балаларды анықтау,
тіркеу және кейіннен қорғау жағдайларының
да артқанын көрсетеді. Мүгедектікке байланы-
сты әлеуметтік таңбаның басылуы азайғанына
қарамастан, мүгедектігі
бар балаларды жете
есепке алмау фактілері әлі де сақталып отыр.
Көптеген адамдардың билік органдарына рес-
ми хабарланбаған және мүгедектігі бар адам
ретінде тіркелмеген «жасырын мүгедектігі» бар
екеніне бірқатар дәлелдер бар. Қазақстан бой-
ынша мүгедектігі бар балаларды бөлу халықтың
жалпы құрылымына сәйкес келеді, мүгедектігі
бар балалардың неғұрлым абсолютті саны халық
ең көп қоныстанған өңірлерде (Қарағанды,
Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан об-
лыстарында) тіркелген. Мүгедектігі бар бала-
ларды тіркеу көрсеткіштерінің артуы бүкіл ел
бойынша көптеген балалардың мемлекеттік
қызметтермен және тиісті жеңілдіктермен
қамтылғанын көрсетеді. Сөйтіп, денсаулық
сақтау жүйесінің деректері 16 жасқа толмаған
барлық мүгедектігі бар балалардың 88,2%-
ы алғашқы
медициналық-санитарлық
жәрдем көрсету емханаларында тіркелгенін,
мүгедектігі бар балалардың 96%-дан астамы
мемлекеттік жәрдемақы алатынын көрсетеді.
Осы қызметтерді пайдалану деңгейі жақсы
әсер қалдырып, соңғы жылдарда жағдайдың
айтарлықтай жақсарғанын көрсететініне
қарамастан, елдегі балалардың белгілі бір үлесі
оларға заңмен кепілдендірілген жеңілдікті және
қызметтерді пайдаланбайтыны туралы дерек-
тер бар. Сондықтан мемлекеттік жәрдемақы ал-
майтын мүгедектігі бар балалардың санын үнемі
бақылап отыру және оған кедергі келтіретін
себептерді уақытылы анықтау маңызды.
Мүгедектігі бар балаларға инклюзивті
білім беру және оларға тең мүмкіндіктерді
қамтамасыз ету Қазақстан қол жеткізген
көптеген нәтижелердің тағы бір саласы болып
табылады. Мүгедектігі бар балалар мүгедектік
7