мелерде табысты оқуына мүмкіндік беретін пай-
далы құрамдастарын талқылау да бірегей сипат-
тамаларды анықтады. Ондай құрамдастардың
бірі басқа оқушылармен бірге жауаптылық
сезімін тәрбиелеу арқылы әлеуметтік топтасуға
көмек көрсету болып табылады. Интернаттық
типтегі оқу мекемесінде оқитын балалар мына-
ларды атап көрсетті, мысалы:
«Мұнда барлығы бір-біріне туған бауыр-
лар сияқты қарым-қатынас жасайды... Біз
бәріміз әртүрлі болғанымызбен, бір үйдің
баласындаймыз. Біздің мінездеріміз әртүрлі
болса да». (5-бала)
«Мектепте сен бәрін танисың. Мектепте біз
бір отбасы, бір командамыз». (1-бала)
Бұл балалардың мекемеде көп уақытын
өткізуіне байланысты болса, мектеп те
тәлімгерлік бағдарламасын қамтамасыз ете
отырып, әлеуметтік ұйымшылдыққа белсенді
түрде тәрбиелейді. Бір бала былай дейді:
«Бірінші және төртінші сыныпқа дейінгі
тәлімгерлер бар. Егер де біз әрі қарай бірінші
сыныптарды алсақ, сегізінші сыныпта біз
басқа балаларға тәдімгер боламыз». (3-бала)
Ересек балалардың жасы кіші балаларды өз
жауапкершілігіне алуы әртүрлі жас топтарының
арасындағы әлеуметтік әрекеттестікке
мүмкіндік береді, осыған сәйкес монито-
ринг саласындағы мектеп мүмкіндіктерін
жоғарылатады. Жалпыға бірдей білім беретін
немесе инклюзивті мектептер балаларға
мектеп ортасында бейімделуге көмектесетін
тәлімгерлерді тағайындау арқылы мүгедектігі
бар балалардың әлеуметтік және білім беру ин-
теграциясына мүмкіндік туғызар еді.
Әлеуметтік топтасудың оң мысалдары жөнінде
мүгедектігі бар балалар да, сонымен қатар
инклюзивтік мектептердегі мүгедектігі жоқ ба-
лалар да пікір білдірді. Мүгедектігі жоқ балалар
мүгедектікке мән бермей, ашық және достық
қоршаған ортада ойнаудың маңызды рөлін атап
өтті. Инклюзивті мектептен бір бала былай деді:
«Біздің сыныпта жүре алмайтын қыз бар. Ол
мектепке қайтып келгенде, біз оны қарсы
алуға даярландық. Бізге оның денсаулығына
қатысты сұрақ қоюға болмайтынын айтты.
Яғни біз онымен жай сөйлесуіміз керек».(1-
бала; ФГ)
Екінші бала өз ойын былай білдірді: «...ол
балаларға біз сияқты бала екенін сезінуге
мүмкіндік беріңіздер».(8-бала; ФГ3)
Мүгедектігі жоқ кейбір балалардың сөздеріне
қарағанда, мамандандырылмаған мектептердің
әлеуетті артықшылығы да осында. Бір бала
Астана қ. Балалар психоневрологиялық
медициналық-әлеуметтік мекемесі мүгедектігі бар
балаларға арналған күндізгі болу бөлімінде.
64
Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
«мамандандырылған мектептерде арнайы
құралдар бар. Ал біздің мектептер адамдар-
мен қарым-қатынас жасауға үйретеді және
өзін толық адам ретінде сезіндіреді» деп
мәлімдеді. (12-бала; ФГ3).
Мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі жоқ
балалардың өзара қарым-қатынасы мүгедектігі
бар баланың өзін «толық адам» ретінде
сезінуіне мүмкіндік беретін қарым-қатынас
жасауға қолайлы орынды қамтамасыз етеді.
Мамандандырылмаған мектептердің бұл ерек-
ше артықшылығын бірқатар мүдделі тараптар
құптап отыр. Мүгедектігі бар балалардың ата-
аналары өз баласының
«басқа балалар сияқты болуы және қалыпты
балалардың ортасында өсуі үшін» жалпыға
бірдей білім беретін мектептерге баруын
қалайтынын атап көрсетті. (2-ата-ана; ФГ5).
Тағы бір ата-ана:
«Өсуге ынталандыру болуы үшін. Біздің ба-
ламыз сау балаларды көреді және өзінің де
сондай болатынына сенетін болады» дейді
(6-ата-ана; ФГ5).
Мүгедектігі жоқ балалармен әрекеттестіктің
маңыздылығы тағы да атап көрсетілді, себебі
«олар өз құрдастарымен, мұғалімдермен
қарым-қатынас жасайды және оларды қуып
жетуге тырысатын болады...»(7-ата-ана;
ФГ5).
Мүгедектігі жоқ балалардың ата-аналары да
осыған ұқсас пікір айтты:
«Жалпы алғанда, мұндай балаларды жалпыға
бірдей мектепте оқыту идеясы дұрыс.
Мұндай балаларды бөлек оқытқанда, олар
тұйықталып қалады. Біз олардың кемістік
сезімін бала күнінен дамытамыз, осының
салдарынан оларды қоғамнан бөлектейміз
және де олар немқұрайлы болып өседі,
қоғамнан қорқатын болады, себебі біз олар-
ды бөліп тастадық, біз оларды көрмегендей
болып жүреміз». (9-ата-ана; ФГ8).
«Егер мұндай балалар мектепте оқитын бол-
са, онда олар балалармен, мұғалімдермен
қарым-қатынас жасайтын болады. Егер
оларды үйде оқытатын болса, олар не
көреді? Мұғалім аптасына екі рет үйіне
барады да оқытады. Бала әрдайым үйдің
төрт қабырғасына қамалып отырады. Ал
мектепте әртүрлі деңгейдегі жарыстар,
байқаулар өтеді. Біз бұл баланың сырқатына
қарамастан, барлық іс-шараларға белсенді
қатысуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті
шаралар қолдануымыз керек. Біз оған осы-
лайша қолдау көрсете аламыз. Осылайша
бала күн сайын алға баса береді.». (4-ата-
ана; ФГ8)
Оқытушылар да мүгедектігі бар балалар
мен мүгедек емес балалардың бір сынып-
та оқуына оң пікір білдірді. Бірнеше мұғалім
білім беру саласына қамту мүгедектігі бар
балалардың болашақта қоғам өміріне арала-
суына және олардың қоғамнан тыс қалмауына
көмектесетінін атап көрсетті:
«Егер мамандандырылған мектептер бол-
са, ата-аналар мүгедектігі бар балаларды
қоғамнан аластап отыр деп түсінуі мүмкін.
Егер сіздер орта мектептерде арнайы сы-
ныптар ашатын болсаңыздар, бұл барлық
жағынан да дұрыс болады».(7-мұғалім; ФГ9)
Бір мектептің директоры мүгедектігі бар бала-
ларды білім беру мекемесіне енгізуге бірден
бір қолдау көрсетіп, пікір айтты:
«Олардың әдеттегі орта мектепте оқығаны
дұрыс. Біріншіден, бұл - олардың [мүгедектігі
бар балалардың] өмір сүретін әлеуметтік
ортасы. Олар осы әлемде өмір сүру үшін
жылдамырақ дамиды әрі оқиды. Мен мұны
өз балама қарап білемін. Егер мен өз балам-
ды арнайы мектепке жібергенімде, онда ол
ешқашан қазіргідей болмас еді. Ол тұйық бо-
лар еді және сол ортада ғана уақыт өткізер
еді. Бірақ ол қалыпты мектепке барды. Ол
оны 10 жыл оқып бітірді. Ол барлық пәндерді
жақсы оқыды. Екінші жағынан, сау бала мен
мүгедектігі бар баланың қарым-қатынас жа-
сауы маңызды болып табылады». (Директор;
ИН3)
Осыған қарамастан, аралас сыныптардың
табысы дайындауға, сонымен қатар оқитын
балалардың жасына қатысты болады. Табысты
инклюзивтік ортаны құру үдерісі жас балалар-
ды біріктіруді қамтитынын инклюзивтік мектеп
директоры мәлімдеді:
«...біз балаларды бірінші сыныптан
қабылдаймыз. Біздің мектепке баланы ба-
рынша ертерек берген жақсы. Ең қызығы
балалар кейбір балалардың ерекше даму
қажеттілігімен келгенін тіпті байқамайды да».
(Директор; ИН17).
Басқа респонденттер мүгедектігі бар баланы
қабылдаған кезде әр оқушы сыныптағы болуы
мүмкін өзгерістер туралы хабарландырылуы
тиіс екенін атап көрсетті:
65
Достарыңызбен бөлісу: |