қандай болса – жеке жұмыс жоспары бала-
ны дамытудың жеке төлқұжаты болуы тиіс.
Біздің даму динамикасын қадағалауымыз,
бақылауымыз және тексеруіміз қажет.
Керісінше, егер бала ешқандай нәтиже
көрсетпесе, дамыту әдістерін қайта қарау ке-
рек». (Директор; ИН4)
Мұндай бейімдеу жеке оқытуға ерекше көңіл
бөлінетін оңалту орталықтарының жағдайында
жүзеге асырыла алады, дәл осындай персонал-
дауды жалпыға білім беретін мектептерде іске
асыру мүмкін емес. Мүмкіндіктердің болмауы
қиындық туғызатыны анық, мұғалімдер мен
ата-аналардың жеке жұмыс жоспарын бірлесіп
әзірлеуі мүгедектігі
бар балаларды оқытуды
ұйымдастыру үшін озық негізді қамтамасыз
ете алады. Нәтижесінде, оқытушылар оқу
бағдарламасын нақты бала үшін қалай бейімдеу
керектігін жақсы меңгеріп алады. Екінші
респонденттер сонымен қатар мүгедектік
деңгейі оқу бағдарламасының оқушы үшін
қолайлылығын қалай анықтайтыны туралы
мәселені де талқылады. Инклюзивтік сыныптың
бір мұғалімі мүгедектігі бар балалардың да
басқа балаларға арналған оқу бағдарламасын
оқи алатынын атап көрсетті. Бұл жағдай оқу
бағдарламасын оқушы қажеттіліктеріне қарай
бейімдеуді талап етпейді, себебі мүгедектік
формасы – туа біткен немесе жүре пайда
болған саңыраулық –
оқу қабілетіне маңызды
әсер етпейді және нақты осы мүгедектік түрін
сыныптан тыс емдеуді қолданып оқыту, мыса-
лы логопедпен жұмыс істеу тиімдірек болар еді.
Респондент бұл жағдайдың интенсивті монито-
ринг талап етілетін мүгедектік формасы басқа
балалар үшін ерекшеленетінін мойындады:
«Бұл жағдай қиынырақ болады, себебі ар-
найы мұғалім талап етіледі. Баланы тақтаға,
мектеп асханасына жетектеп апару керек.
Біздің мемлекетіміз бұл мәселелерді әрі
қарастырған жоқ. Ондай қызметтерге кім
ақы төлейді? Қосымша мұғалім қажет. Сынып
жетекшісі бұл істерді жалғыз қалай атқара
алады? Ол не басқа балалармен сыныпта
қалады, не баланы дәретханаға жетектеп
апарады. Бұл мәселе мемлекеттік деңгейде
қарастырылуы тиіс». (1-мұғалім; ФГ4)
Респондент
әсіресе мамандандырылған
қызметкерлер құрамы жетіспейтін мектептер
үшін инклюзивтіліктің күрделілігін атап көрсетті.
Жалпыға білім беретін және инклюзивті мектеп-
терде мүгедектігі бар балалар қажеттіліктерінің
анағұрлым белсенді қадағалануын қамтамасыз
ететін, бір сыныпта оқитын мүгедектігі жоқ
балалар мен мүгедектігі бар балалардың
әртүрлі қажеттіліктерін қалай реттеуді білетін
қызметкерлер құрамының жеткіліксіз болуы
немесе оларда балалардың церебралды сал ау-
Мүгедектігі бар балалармен жұмыс жасау
үшін пайдаланылатын бассейнде, Алматы қ.
60
Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
руы сияқты мүгедектіктің әртүрлі формалары ту-
ралы білімі бар қызметкерлер құрамы болмауы
мүмкін. Базалық
деңгейдегі мұғалімдер ерекше
қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге
дайын болмауы мүмкін. Ата-аналардың бірі мы-
надай ерекше күйінішті мысал келтірді:
«Мен бірде балама (ұлыма) мұғалімнің қол
жұмсағанын көріп қалдым. Мен қатты ашу-
ланып, мұғалімге ренжідім, себебі балам
өзіне кейбір мұғалімдердің айғайлайтыны
туралы айтпайтын. Тағы да бірде мектепке
келгенімде мен баламның бұрышта қабағы
дірілдеп отырғанын көрдім». (1-ата-ана; ФГ6)
Мұғалімнің күш қолдану оқиғасы жол беру-
ге болмайтын іс болғанымен, мүгедектігі бар
балалар жиі ұшырасатын үлкен қиындық бо-
луы мүмкін,
себебі мұғалімдердің балалар-
мен тиісті деңгейде қарым-қатынас жасауы
үшін даярлығы нашар болуы мүмкін. Екінші
респонденттің айтуынша:
«Кез келген жағдайдабіздің балаларымыз
мамандарға мұқтаж. Жай күтушінің оларға
деңгейі сай келмейді». (6-ата-ана; ФГ6).
Инклюзивті білім беру жүйесі тиімді жұмыс
істеу үшін оқытушылар мен басқа көмекші
қызметкерлер құрамы мүгедектігі бар балалар-
мен қарым-қатынас жасау әдістеріне оқытылуы
тиіс екені анық. Мұғалімдердің өздері мұның
дұрыстығын мойындап отыр. Мұғалімдер
инклюзивті сыныптарға жақсы даярлану үшін
арнайы оқу курсынан өтуге тілек білдірді. Олар
сонымен қатар қосымша, мамандандырылған
қызметкерлердің қажеттігін атап көрсетті:
«Біздің мектепте екі медбике бар. Біреуі
– жергілікті ауруханадан, екіншісі – мек-
теп оқушыларына арналған. Бірақ біздің
балаларымызға логопед қажет, бізге шы-
нымен де логопед-қызметкерлердің көмегі
қажет». (8-мұғалім; ФГ9)
«Оларға [инклюзивті сыныптарға] қосымша
сынып мұғалімі немесе мүгедектігі бар
балалардың денсаулығын қорғау үшін неме-
се оларды ешкімнің балағаттамауы үшін не-
месе жай көмек көрсету үшін қарап жүретін,
әр сыныпты қадағалайтын мұғалім қажет».
(1-мұғалім; ФГ9)
«Бізге дәл осы балалармен жұмыс істейтін
мамандар жетіспейді және осы бір маманға
жиырма оқушы емес, ең көбі бес баладан
ғана келуі тиіс». (11-мұғалім; ФГ10)
Мұғалімдерден сауалнама алғанда олардың
көпшілігі мүгедек балаларды өздерінің білім
беру үдерісіне кіргізіп, көмек көрсетуге даяр
екені, бірақ ол үшін көмек пен ресурс қажет
екені түсінікті болды. Мұны үкіметтік емес
ұйымның директоры сияқты басқа респон-
денттер де құптады. Одан мүгедектігі бар ба-
лалармен жұмыс істеу саласындағы соңғы екі
немесе үш жылда
қол жеткізген прогресс ту-
ралы сұрағанда, респондент білікті маманның
жоқтығы тұрақты мәселе болып табылатынын
атап көрсетті:
«Әлеуметтік қызмет көрсететін нақты ма-
мандар, педагогтар, мүгедек балаларға
әлеуметтік қызмет көрсетулері тиіс ...
олардың біліктілігі жеткіліксіз, біліктілікті
жоғарылату курстарын оқымайды және
мұндай әлеуметтік қызмет көрсету үшін
кәсіби тәжірибесі жоқ. Бұл мамандар қазіргі
уақытта ғана жергілікті деңгейде даярлықтан
өте бастады». (Директор; ИН6)
Мамандардың жетіспеушілігі білім беру
жүйесінің шеңберінен
тыс ведомствоаралық
мәселе болып табылады. Бір респонденттің
пікірі бойынша, мүгедектігі бар балалар-
мен жұмыс істейтін адамдардың деңгейі өте
қанағаттанарлықсыз деңгейде:
«Біздің орталықтың оқытушыларының ғана
емес, арнайы мұғалімдердің де санаты
жоғарылатылмайды. Біліктілікті жоғарылату
курстары жоқтың қасы. Бұл – өте күрделі
мәселе... Біз жағдайды жақсарту үшін өз
бетімізше жұмыс істеуіміз керек».(Басшы;
ИН21).
Мамандар үшін кәсіби даярлықтың жоқтығы,
әсіресе біліктілік курстарынан өтуіне
қарай мұғалімдердің жалақысын реттеуге
бағытталған таяудағы реформаларды еске-
ре отырып, алаңдаушылық туғызып отыр.
Осы респонденттің пікірінше мұғалімдердің
мамандандырылған курстардан өтуі
үшін
ынталандырулар бар, бірақ оларға
мүмкіндік берілмей отыр. Осыған қоса,
мамандандырылған курстар жетіспейді, соны-
мен қатар мамандарды даярлауға арналған
толық білім беру бағдарламалары да жоқ:
«Өкінішке орай, бүгін Қазақстанда (белгілі
бір мамандар санатының) даярлық курста-
ры іс жүзінде жоқ. Бұл мамандықтардың
барлығы тренигнтер аясында оқытылады.
Осы мамандықтар бойынша жоғары білім алу
және мақсатты оқу мүмкіндіктеріне қатысты,
өкінішке қарай, мақтанарлық дәнеңе жоқ,
бірақ біз мұның жалпы білім беру жүйесіне
61