Басқа ата-ана былай деп қосты:
«Иә, мұғалімге мамандандырылған білім
қажет» (4-ата-ана; 7-ФТ).
Мүгедек емес балалардың ата-аналары да
мүгедектігі бар балалардың қатысуы жалпы
білім беру сапасын төмендететініне байланы-
сты алаңдаушылық білдірді:
«Иә, бұл балалар біздің балаларымыздан
қалмай, қатар жүре алмайды, сондықтан
бұл біздің балаларымыздың үлгеріміне кері
әсерін тигізеді». (5-ата-ана; 8-ФТ).
Бұл пікір мүгедектігі жоқ балалардың ата-
аналарының ортақ пікірі болып табылмаса
да, кейбір ата-аналар бәрібір мүгедектігі бар
балаларды жалпы білім беретін оқу үдерісіне
қатыстыруға байланысты ашу-ызасын білдірді.
көмекші құралдар
- жалпы білім беретін және
инклюзивті мектептермен салыстырғанда
мамандандырылған мектептердің нақты
артықшылықтары болатын сала. Барлық
сұралғандар мектептердің ерекше
мұқтаждықтары бар балалардың, әсіресе
мүгедектігі бар балаларға арналған арбалар-
ды пайдаланатын балалар мен басқышты пай-
далана алмайтын балалардың қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін көмекші құралдармен си-
рек жабдықталғанын айтты. Инклюзивті білім
беру бағдарламасының үйлестірушісі мынадай
жарқын мысал келтірді:
«Мұнда балалардың сал ауруымен ауыратын
бір қыз бала оқыды, оның әкесі біздің мек-
тепте еңбек сабағынан дәріс берді…Ол өзі
келіп, қызын бір сабақтан екінші сабаққа
көтеріп апаратын, мүгедектігі бар адамдарға
арналған арбаны өзі әкелетін, оған ба-
лалар көмектесетін. Енді осындай екі-үш
оқушы болғанын елестетіп көріңіз. Мұндай
жағдайда не істеу керек? Мұғалімдер, әрине,
мұндай балаларға көмектесе алмайды. Яғни,
бізде мүгедектігі бар балаларды қабылдауға
жағдай жоқ». (Мұғалім; 12-ИН).
Басқа мектептің оқушысы толық араласу
үшін айтарлықтай қайта құру талап етілетінін
мәлімдеді:
«...бізде пандустар жоқ. Мектеп дені сау
балаларға арнап салынған, мүгедектігі бар
балаларға арналған мектебіміздің есігін аш-
пас бұрын, біз көптеген нәрселерді өзгертуге
тиіспіз; мүгедектігі бар балалардың асықпай
және ешкімге кіріптар болмай жүріп-тұруы
үшін толығымен жабдықталатын жаңа мектеп
салу мақсатты болған болар еді». (4-мұғалім;
9-ФТ)
Респонденттердің көпшілігі мектептер
мен ондағы жабдықтар кеңестік кезеңнің
қалдықтары болып табылатынын, оларды
жаңартуға жеткілікті ресурстардың жоқ екенін
атап көрсетті. Мүгедектігі бар адамдарға
арналған арбалар өту үшін есіктің ойықтары,
әдеттегідей, тым тар, табалдырықтар биік.
Парталар тым тар және теңгерімсіз, қабаттар
арасында ешқандай лифтілер немесе пан-
дустар жоқ. Нашар көретін адамдар үшін
жарықты көрсететін жолақтар немесе
тіректер онатылмаған. Респонденттердің бірі
мұғалімдердің өздері инфрақұрылымның
жаңартылуын көтермелеуде белсенді насихат-
таушы рөлін атқара алар еді деп санайды:
«Біз мынау мүгедектер арбасына таңылып
қалдық. Олар балалар бірінші қабатта қала
алады деп ойлайды. Маған олар неге тек
бірінші қабатта бола алатыны қызық. Онда
0-ден 3 жасқа дейінгі
балаларға арналған
мамандандырылған сәбилер
үйінде, Астана қ.
58
Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
бізге екінші, үшінші қабаттар не үшін қажет?
Олар бұл қабаттарды балаларға арналған
дейді. Ал бұл адам оқушы емес пе? Ол да
дәл қалғандары секілді оқушы. Неге оның
екінші, үшінші қабаттарға шығуға құқығы
да, рұқсаты да жоқ? Екінші қабатта химия,
физика сыныптары бар. Үшінші қабатта ба-
лалар тарих пен географияны оқиды. Бұл
оқушы мүмкін болашақтағы тарихшы неме-
се географ шығар? Мемлекет неліктен бұл
оқушыға осы кабинеттерге қол жеткізу та-
лап етілмейді деп шешті? Олар өздері ересек
адам болғандықтан және бұл кабинеттерге
кіруге тыйым сала алатындықтан ғана ма?
Бәрі өзіміздің қолымызда. Біз солай болуын
қалауымыз керек». (Директор; 3-ИН)
Респондент мүгедектігі бар балаларды шығарып
жіберуді негіздеу үшін сәйкес келмейтін
инфрақұрылым пайдаланылды деп есептейді.
Мүгедектігі бар балалардың жинақылықпен
байланысты мұқтаждықтарына жауаптың
болмауы олардың инклюзивтілігіне қатысты
жалпы енжарлықтың көрінісі сияқты. Мұндай
жағдай жетілдірудің қажет екендігін көрсетеді,
бірақ аталған мәселе мемлекет тарапынан
айтарлықтай қаржыландыруды және қолдауды
талап етеді.
3.2.2. Оқу бағдарламасын әзірлеу
және мамандандырылған қызметкер
Оқу бағдарламасын әзірлеу жалпыға бірдей
білім беретін және инклюзивті мектептердің
мүгедектігі бар балалардың бірегей
қажеттіліктеріне сай келмеуі мүмкін тағы
бір саласы болып табылады. Мүгедектігі бар
балалардың ата-аналары жалпыға бірдей білім
беретін мектептердегі оқыту қарқыны көптеген
мүгедектігі бар балалар үшін өте жылдам болып
табылатынын ескертуде.
«Мұндай балаларға оқу бағдарламасын
біршама жеңілдету қажет. Егер олар дүкенде
сағыз сұрауға қиналатын болса, олардың
өлең немесе көбейту кестесін жаттай алаты-
нына күмәнданамыз». (5-ата-ана; ФГ8).
«Егер бұл бала мектептің оқу бағдарламасына
сәйкеспейтін болса, мұғалім оған арнайы
кеңес бермейді, ол 25 баладан тұратын жал-
пы сыныпқа ортақ тапсырма береді және бұл
балаға тіпті 5 минут уақытын да бөлмейді».
(6-ата-ана; ФГ8).
Мүгедектігі бар баланың білім алуын шектейтін
фактор дәрежесінде сынып көлемі туралы
мәселе қайта көтерілді. Сынып көлемінің
қиындық туғызатынын мұғалімдердің өзі де мой-
ындады. Көптеген адамдар мамандандырылған
мектепке емес, мамандандырылған сыныпқа
көшуді ұсынады. Бірнеше мұғалім нақты мысал
келтіреді:
«Егер әдеттегі сыныпта орыс тілі сабағына
аптасына 5 сағат бөлінетін болса, онда
мүгедектігі бар балаларға 1 немесе 1,5 сағат
жеткілікті болар еді». (8-мұғалім; ФГ9)
«Бұл - жеке жұмыс. Біз беретін білім,
тіпті жеңілдетілген бағдарлама негізінде
беретін білім қалыпты оқу бағдарламасына
сәйкеседі». (12-мұғалім; ФГ9)
«Бір жерде байыз таба алмайтын немесе тез
шаршайтын балалар бар. Біздің сабағымыз
45 минутқа созылады, ал мүгедектігі бар
балаларға – 35 минут. Бастауыш мектепте
сабақтың ұзақтығы - 35 минут, ал ересек
сыныптарда біздің мұғалімдер үйде 35 ми-
нут бойы сабақ өтеді, ал мектепте сабақ 45
минутқа созылады... Мұның барлығы баланың
диагнозына байланысты». (11-мұғалім; ФГ9)
Мұғалімдер «жеңілдетілген бағдарламаны»
пайдалану мәселесін, яғни мүгедектігі бар
балалардың өздерінің ұлттық стандартты
меңгеруін қамтамасыз ету құралы дәрежесіндегі
мүгедектігі бар балаларға бейімделген
стандартталған оқу бағдарламасын пайдала-
ну мәселесін талқылады. Осыған қарамастан,
мұндай тәсілдің қолайлылығы нақты мүгедектік
түрі мен ауырлығына байланысты бола-
ды. Мүгедектігі бар балаларға арналған оқу
орталығының директоры сыныптар балалардың
оқу мақсаттарына сәйкес топта болуын
қамтамасыз ететін баланың жасына қарай
емес, мүгедектіктің ауырлығына байланысты
құрылатынын атап көрсетті. Екінші респондент,
кешенді оңалту орталығының негізін қалаушы
және директоры мүгедектіктің ауырлығына
қатысты оқу бағдарламасын бейімдеудің өзі
жеткіліксіз деген пікір айтты. Әр бала үшін жеке
жұмыс жоспарын әзірлеу қажет:
«Баланың жеке қажеттіліктерін ескере
отырып, әркім белгіленген орында жұмыс
істеуі керек [жергілікті ерекше жағдайда].
Қиындығы бірдей екі бала болмайды.
Олардың бәрі әртүрлі, тіпті диагнозы бірдей
болса да, балалар әртүрлі жағдайда өмір
сүреді ... Біз әр балаға арнап жеке жо-
спар әзірлеуіміз керек... өкінішке қарай,
мемлекеттік мекемелер осы мәселеге
тиісті көңіл бөлмейді... Біз үшін Қазақстан
Республикасы азаматының төлқұжаты
59
Достарыңызбен бөлісу: |