әлеуметтік қызметтер, әлеуметтік қорғау
мәселелері туралы білімдері бар және олар
балаларын жан-жақты тексеруден өткізеді».
(Доктор; ИН19)
Тағы бір респондент атап көрсеткендей,
шектеулі мамандар саны және скринингте
қолданылатын ескірген технологиялар немесе
рәсімдер ауылдық аудандардағы қиындық болып
табылады. Ауылдық аудандардағы мүгедектікті
анықтау мәселесін жақсартуға болады. Ұзақ
мерзімді қиындық болып табылатын анықталған
қиындық шектеулі қаржылай және кадрлық ре-
сурстарды бейнелейтін болғанымен, басқа да
ұсақ масштабты шешімдерді қарастыруға бо-
латын еді. Мысалы, мүмкіндіктердің бірі ата-
аналардың даму аномалиясы белгілерін ерте
анықтау саласындағы білім деңгейін көтеру бо-
лып табылады. Мүгедектігі бар балаларға мем-
лекет ұсынатын көмектің басым бөлігі баланың
мүгедектігі бар
бала дәрежесінде тіркелуіне
қатысты болғандықтан, ауылдық аудандардағы
мүгедектікті анықтау және тіркеуді арттыруға
ерекше назар бөлінуі тиіс.
Әлеуметтік жәрдемақылар әлеуметтік ин-
теграцияны қамтамасыз етуде мемлекет
атқара алатын маңызды рөлдің тек бір бөлігін
ғана білдіреді. Оқытушылар қоғамның толық
әлеуметтік интеграцияны қолдайтынын атап
көрсетті, бірақ оған қол жеткізу мүгедектігі бар
балалар мен олардың ата-анасын өмір бойы
бағыттап отыратын тиісті жүйенің болуын талап
етеді. Мүгедектігі бар оқушыларды оқытатын
бір мұғалім мынадай баға берді:
«Шетелде мүгедектігі бар адамдардың басқа
адамдармен құқықтары тең. Олар білім ала-
ды, университетке түседі, тіпті егер қозғалыс
қиындығы болса, мүгедектігі бар адамдарға
арналған арбаны пайдаланады. Мен бұл
жағдайды біздің елде де қалыптастыруға
болады деп ойлаймын, бірақ көмекші адам
мүгедектігі бар балаға мектепке баруға
көмектесу үшін, егер қандай да бір сұрақтары
немесе жәй баратын жері болса, көмек беруі
үшін әр мүгедектігі бар балаға мемлекет та-
рабынан бір адамды бекіту керек. Сонымен
қатар мүгедектігі бар баланы үйіне апарып,
алып келетін автомобиль бөлінуі тиіс. Мұның
бәрін іске асыру үшін бізге оны бақылайтын
және қатаң түрде жауап беретін белгілі бір
орган қажет. Онда мүгедектігі бар балалар
өздерін қоғамда жайлы сезінер еді және
олар өздерін керексіз деп санамайтын еді.
Бірақ бізде әлі күнге дейін осылардың бірі де
жоқ.». (11-мұғалім; ФГ9)
Бір респондент мүгедектігі бар балалардың
күтіміне қатысты интенсивті және жеке тәсілді
ұсынды. Мұғалімдер мүгедектігі бар балалар-
ды сыныпқа қабылдауға әзір, бірақ оларға
мүгедектігі бар балалардың әлеуметтік ин-
теграциясы
оқу бағдарламасына және
оқытушылардың даярлық бағдарламасына қалай
енгізілетінін білу үшін көмек керек. Мүгедектік
формасы ауыр балаларға көмек көрсету
ісінде өзі бастама көтеретін орталық үйлестіру
органының қажеттілігі туындап отыр. Алайда жа-
уапты мекемелердің бытыраңқылығын ескер-
сек, бұл қиындық туғызуы мүмкін. Мүгедектігі
бар балаға ауруының әртүрлі деңгейінде неме-
се оның өміріне көмек көрсететін жұмыс істеп
отырған әртүрлі мекемелер мен құрылымдарға
қатысты айқындық жоқ. Мүгедектігі бар ба-
ланы куәландыруға және тіркеуге байланы-
сты қиындықтар – осы мысалдардың бірі ғана.
Қосымша кедергілер өтініш беру және бұйымды
немесе қызмет алу барысында туындайды.
Бұрын ескертілгендей, мемлекет қызметтердің
бір бөлігін үкіметтік емес ұйымдарға та-
быстау арқылы көмек көрсетуге ішінара
орталықтандыру жүргізді. Мемлекеттік және
мемлекеттік емес субъектілердің үйлесімі күтімді
қамтамасыз етуді қиындатуы мүмкін. Баланы
тиісті білім беру
мекемесіне тіркеу қосымша
қиындық тудыруы мүмкін. Мұндай мысалдардың
көпшілігі мүгедектігі бар балалардың әлеуметтік
интеграциясының күрделілігін баса көрсете оты-
рып, респонденттердің пікірталасы кезінде ай-
тылды.
Респонденттердің пікірталасы мемлекеттік көмек
беру жүйесін төмендегідей түрде жақсартуға бо-
латынын анық көрсетті.
1. Әлеуметтік көмек алу мақсатында баланы
мүгедек дәрежесінде диагностикалау және тіркеу
үдерісін ретке келтіру және стандарттау керек.
Ата-аналар бұл жөнінде диагноз анықталғаннан
кейін, жәрдемақы алуға жылдам өтініш бере
алуы үшін дереу хабарландырылуы тиіс.
2. Мүгедектікті анықтау үдерісі қажетті
медициналық жабдықтары ғана емес, со-
нымен бірге білікті қызметкерлері бар тиісті
медициналық мекемеде жүзеге асырылады.
Ауылдық аудандарда, атап айтқанда, балалардың
мүгедектігін олар әлеуметтік
жәрдемақы ала алуы
үшін уақтылы негізде анықталуын қамтамасыз
етуге талаптану керек.
3. Бала мен ата-ана әлеуметтік жәрдемақы
алуға құқылы деп танылғаннан кейін, оларға алу
құқығы берілген жәрдемақының түрін анықтау
қажет. Ұзақ уақыт күтіп қалуды болдырмау үшін,
80
Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
нақты бұйым мен қызметке өтініш беру үдерісін
ретке келтірген жөн.
4. Мемлекетке әлеуметтік қызметкерді неме-
се мүгедектіктің ауыр формасымен ауыратын
балалардың мүддесін қорғаушы дәрежесіндегі
әлеуметтік басқа тұлғаны тағайындау туралы
мәселені қарастыруға болатын еді. Бұл ата-
аналарға балаға медициналық қызмет көрсетуге,
оның білім беру мекемесіне тіркелуіне, емдеу
немесе оңалту бағдарламаларына қатысуына
және т.б. қатысты негізделген шешім қабылдауға
көмектесетін еді.
3.6. Заңнамалық және
нормативтік орта
Алдыңғы тарауларда білім беру,
денсаулық
сақтау және әлеуметтік өмірге қатысу сияқты
нақты салалардағы мүгедектігі бар балалар
ұшырасатын кедергілер айқын сипатталды.
Осыған қарамастан, мүгедектігі бар балалардың
құқықтары қорғалатын тегіс қамтитын құқықтық
және нормативтік құрылымдыда түсіне білу аса
маңызды.
3.6.1. Мүгедектікті анықтау
Мұның бастауы мүгедектікті анықтау және
айқындау тәсілінің өзі болады. Медициналық-
әлеуметтік сарапшылық комиссия өкілінің сөзіне
қарағанда, мүгедектікті анықтауға арналған
медициналық-әлеуметтік сараптау жүргізу
ережесі 2005 жылғы «Медициналық-әлеуметтік
сараптау жүргізу ережесін бекіту туралы»
қаулыда нақты белгіленген. Бұл қаулыда тұлғаны
мүгедектігі бар деп тану үш критерий бойынша
танылады В:
1) тұрақты дене ауытқулары нәтижесінде
денсаулығының төмендеуі;
2) жеті қабілеттің біреуінің (өзіне өзі күтім жа-
сай алу қабілеті немесе мүмкіндігі, өз бетінше
қозғалу, өз бетінше бағдар жасай білу, қарым-
қатынас жасау, өз әрекетін бақылау, оқу
және еңбек қызметімен айналысу) өмір сүру
қызметінің шектелуі;
3) тұлға әлеуметтік қорғауға мұқтаж.
Бұл кри-
терийлер мүгедек балаларды бағалау үшін өз
кезегінде балаларға мүгедектігі бар деңгейін
беруді жеңілдететін нақты жетекші қағидаттарды
қарастырады. Айтылғандарды ескере отырып,
критерийлер нақты жағдайларда сәтсіз болуы
мүмкін, бұл жөнінде білім беру мәселелері бой-
ынша маман, респондент былай деп сипаттайды:
“… мүгедектігі бар адамдарды топтасты-
ру критерийлері дұрыс емес. Егер, мысалы,
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 25-
тен 35 децибелге дейін есту нашарлауын
мүгедектік деп санаса, онда бізде, бұл - 70
децибел. Және бұл ауыр кереңдік деңгейі.
Егер баланың кереңдігі осы 71 децибел-
ге сәйкеспесе, онда ол әдетте ешқандай
көмек ала алмайды. Шындығында, осы
қатынаста көп нәрсенің маңызы жоқ. Яғни
есту аппараттарын беру, профилактикалық
емдеу, есту қабілеті бойынша мүгедектік
ақысыз медициналық көмектің кепілдікті
ауқымына енгізілмеген... арнайы мектеп-
интернаттарға баратын есту қабілеті төмен
балалардың тіпті [кохлеарлық] имплантат-
тары да жоқ, не олардың есту аппараттары
да жоқ, себебі олар мүгедектігі бар деп са-
налмайды. Олардың ата-аналары оларға
бұл аппараттарды сатып алып бере алмай-
ды, себебі олардың ақшасы жоқ...». (Маман;
ИН21)
Егер респондент ұсынған ақпарат сенімді болса,
онда Қазақстан Республикасында қабылданған
стандарттар мен мүгедектікті анықтайтын
халықаралық стандарттар арасында алшақтық
бар. Баланы мүгедектігі бар дәрежесінде
топтастырудың айқын кемшін тұстары бо-
луы мүмкін, мұның өзі қажетті әлеуметтік
жәрдемақылардың берілмеуіне және негізгі
медициналық және білім беру қызметтерінің
берілмеуіне әкелуі мүмкін. Қиындық мүгедектігі
бар балалар мен даму мүмкіндіктері шектел-
ген балалар арасындағы дифференциацияға
келіп тірелуі мүмкін. Мемлекеттік мекеменің
респонденті былай дейді:
«Мүгедектің ... белгіленген тұрақты мүгедектігі
болады, яғни оның қимыл-қозғалысын
шектейтін ауытқу деңгейі болады... Даму
мүмкіндігі шектеулі балаларға келер болсақ,
мысалы, есту/көру қабілеті нашар бала-
лар үшін көзілдірік кию, арнайы жаттығу
жасау арқылы және т.б. ауытқулары бар
мүмкіндіктерді қалпына келтіруге мүмкіндік
бар. Басқаша айтқанда, шектеулі даму
мүмкіндіктері уақытша болуы мүмкін, бірақ
мүгедектік ұғымы тұрақты болып табылады.
Мүгедектік оңалтуға болатын, бірақ толық
жазылып кете алмайтын тұрақты ауытқу бо-
лып табылады». (Өкіл; ИН22).
Мүгедектігі бар бала мен даму мүмкіндіктері
шектеулі бала арасындағы айырмашылықтар
ресурстарды жоспарлау тұрғысынан қажет
болғанымен, осы екі топтың қажеттіліктері бір-
81