Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Национальная академия образования им. И. Алтынсарина
СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ ЖҰМЫСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Әдістемелік ұсыныстар
МЕТОДИКА РАБОТЫ КЛАССНОГО РУКОВОДИТЕЛЯ
Методические рекомендации
Астана
2015
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен
баспаға ұсынылды (2015 жылғы 20 шілдедегі № 6 хаттамасы)
Рекомендовано к изданию Ученым советом Национальной академии
образования им. И. Алтынсарина (протокол № 6 от 20 июля 2015 года)
Сынып жетекшісі жұмысының әдістемесі. Әдістемелік ұсыныстар. –
Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 17 б.
Методика работы классного руководителя. Методические рекомендации. –
Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2015. – 16 с.
Әдістемелік ұсыныстарда сынып жетекшісі жұмысының әдістемесін
ұйымдастырудың мазмұны мен формалары ашылған.
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, тәрбиешілерге, әдіскерлерге, ғалым-
педагогтерге және тәрбие мәселелері қызықтыратын барша оқырманға
арналған.
В методических рекомендациях раскрыты содержание и формы
организации методики работы классного руководителя.
Пособие предназначено для учителей, воспитателей, методистов, ученых-
педагогов и всех интересующихся проблемами воспитания.
© Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2015
© Национальная академия
образования им. И. Алтынсарина, 2015
2
Кіріспе
Ұлттың болашағы – ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі – ұстаз қолында.
Ал, ұстаз мұраты – жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі –
адамзат баласының асыл мұраты.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Нұрлы жол –
болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауында: «Mәңгілік Ел – елдің
біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050»
Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас
идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік
Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы», − деп атап
көрсеткен болатын [1]. «Mәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асырудың
іргетасы білім беру ұйымдарында қалануы тиіс. Бұл үшін мектепте сапалы
білім берумен қатар мақсатты түрде саналы тәрбие жұмысын жүргізу қажет.
Тәрбие – жеке тұлғаны мақсатты қалыптастыру процесі. Бұл арнайы
ұйымдастырылған, басқарылатын және бақыланатын, соңғы нәтижесі қоғамға
қажет және пайдалы тұлға қалыптастыру болып табылатын тәрбиешілер мен
тәрбиеленушілердің өзара іс-әрекеті.
Елдегі орын алған оң өзгерістер білім беру ұйымдары қызметінің тәрбие
жүйесінде өз көрінісін тауып отыр. Тәрбие ісінде жалпықазақстандық
менталитетті, мәдени, ұлттық-тарихи дәстүрлерді ескере отырып, ұлттың
зияткерлік, рухани және шығармашылық әлеуетін жаңғырту үшін
жағдайлар жасалуда.
Сонымен қатар, балалар мен жастардың азаматтық позициясы, патриоттық
сезімі мен адамгершілік қасиеттерінің қалыптасу деңгейі жеткіліксіз болып
отыр. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс жоғары, нашақорлық,
суицид, жастар ортасына экстремистік және радикалдық идеялар мен
көзқарастардың енуі және тағы басқа келеңсіз құбылыстар байқалады.
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және
үйлесімді дамыған тұлға, Қазақстанның патриоты-азаматын тәрбиелеуде ата-
аналармен қатар мектептің, оның ішінде сынып жетекшілерінің ықпалы зор.
Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие
жұмысын ұйымдастырумен, үйлестірумен және өткізумен айналысатын
педагог. Сынып жетекшісі тәрбиелеудің әр алуан түрлері мен басты бағыттары
арқылы мектеп пен бала арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырып, әр
оқушының жеке өзіндік ерекшелігін көрсете білуі, қоғамда табысты
әлеуметтенуі үшін жағдай жасайды. Ол өз қызметінде балалардың тума
нышандары мен қабілеттерін дер кезінде айқындау, әрі оңды дамыту,
қауіпсіздік, эмоциялық жайлылығы үшін психологиялық-педагогикалық
жағдайлар жасауға бағытталған оқу-тәрбие жұмысын жүргізеді.
Ұсынылып отырған әдістемелік ұсыныстардың мақсаты – сынып
жетекшісіне ғылыми-әдістемелік көмек көрсету, тәрбие жұмысының тиімділігін
арттыру.
3
1 Сынып жетекшісі жұмысының әдістемесі
Тәрбие Қазақстанда қазіргі заманғы білім беру жүйесі жағдайында әрбір
білім беру ұйымының стратегиялық міндеті болып табылады. Барлық жүйенің
маңызды буынының рөлін атқара отырып тәрбие оқу-тәрбие шараларының
біртұтас процесінен тұрады.
Қазіргі қазақстандық қоғам, ондағы болып жатқан өзгерістер, білім
мазмұнын жаңарту сынып жетекшілерінен өз жұмысында педагогикалық
тәжірибені, білім беру мен тәрбиенің тұтастығын, оқыту жүйесінде дәстүрлі
көзқарастарды сақтай отырып оқытудың жаңа формалары мен әдістерін
енгізуді талап етеді.
Бүгінгі таңда мектепке психологтар, әлеуметтік педагогтер, педагог-
ұйымдастырушылар, қосымша білім беру педагогтері қажет. Сынып жетекшісі
өз қызметінде жоғарыда аталған мамандардың міндеттерін қатар атқаруы,
жұмыстың заманауи әдістерін меңгеруі тиіс, себебі олар оқу-тәрбие процесіне
қатысушылар буынында маңызды болып табылады.
Әдістемелік жұмыс – кәсіби-педагогикалық (басқарушылық) қызметтің
құрамдас бөлігі, оның аясында педагогикалық немесе басқарушылық іс-
әрекетті қамтамасыз ететін теориялық өнім жасалады.
Әдістемелік жұмыстың мақсаты – оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуін
ұйымдастыруды жақсартуда, озық педагогикалық іс-тәжірибені жинақтау мен
енгізуде, мұғалімдер мен мектеп басшыларының теориялық деңгейлері мен
педагогикалық біліктілігін арттыруда мұғалімдер мен сынып жетекшілеріне
пәрменді көмек көрсету.
Әдістемелік жұмыс төмендегі принциптерге сәйкес құрылады:
–
ғылымилық – яғни, мұғалімдердің ізденістері мен әзірлемелерінде терең
әдіснамалық негіз болуы тиіс;
–
гуманитарлылық – білім беру мазмұнының негізі адам, педагог, оның
қабілетін, біліктілігін, үйлесім мен әлем мәдениетінің құндылықты
қатынастарын дамыту болып табылады;
–
жүйелілік – мәселенің ғылыми және практикалық әзірлемелерінің барлық
сатыларын жоспарлау және жүзеге асыру қажеттілігін: білім беру процесінің
сапасын диагностикалау және проблемалық талдау – білім беру
проблемаларының теориялық негіздерін ұғыну – оны шешудің әдістемелік
құралын дайындау – оны білім беру тәжірибесіне енгізу – әдіснамалық
ұсынымдар дайындау – презентацияны болжайды;
–
өзектілік және талап етілу, яғни тәрбие жұмысының мазмұнына және
ұйымдастыруына қатысты кәсіби маңызды проблемаларға бағытталуы
және т.б.;
–
мәденисәйкестілік – ғылыми және кәсіби, халықтардың
жалпыадамзаттық мәдени жетістіктеріне және талаптарына сәйкес мазмұнды
дайындау.
Мектептегі тәрбие мәселелері бойынша әдістемелік жұмыстың негізгі
міндеті келесі бағыттар бойынша кәсіптік қызмет жүйесін жобалау мен жүзеге
асыруда сынып жетекшісін әдістемелік қолдаудан тұрады:
4
Достарыңызбен бөлісу: |