–
әңгімелер, газет және журнал материалдарын оқу, соңынан талқылау,
мезгілдік басылымдарға шолу жасау;
–
шақырылған мамандар өткізген дәрістер;
–
сауалнама және оның нәтижесін талдау;
–
дөңгелек үстел басындағы сұхбат, нақты жағдайды талқылау;
–
өнер туындыларымен танысу, оқушылардың көркем-шығармашылық
қызметінің элементтері (сынып сағаты барысында ән айтып, билеген, сурет
салған кезде);
–
танымал тұлғалар айтқан ойларды одан әрі талқылау үшін сілтеме
жасау;
–
«ми шабуыл» («ой-талқы»), шығармашылық топтардағы жұмыс.
Балалар үшін ұжымдық шығармашылық қызмет тәсілдері мен әдістердің
элементтері анағұрлым тиімді және қызық екенін практика көрсетіп отыр.
Балалардың алдында шақырылған қонақтар немесе ата-аналар өнер
көрсеткен сынып сағаттарын ерекше атауға болады. Танымал адамдармен
болған кездесулер тәрбиеде маңызды рөл атқарады, дегенмен олар балалардың
қызығушылығы қанағаттандырылғанда және тәрбиешінің педагогикалық
ойлары жүзеге асқанда ғана табысты болмақ.
Сынып жетекшісінің оқушылардың ата-аналарымен қарым-қатынас
әдістемесі
Сынып жетекшісінің маңызды міндеттерінің бірі – отбасының бірігуіне,
нығаюуына, ата-аналар мен балалар арасында өзара түсіністік, баланың
отбасында дамуы үшін жайлы, қолайлы жағдай орнатуына ықпал ету.
Сынып жетекшісі мен отбасының ынтымақтастығы – бұл ең алдымен,
отбасын, баланы отбасында тәрбиелеудің ерекшеліктері мен шарттарын жан-
жақты және жүйелі зерделеуді білдіретін мақсатты және ұзақ жұмыстың
нәтижесі.
Бұл зерделеудің негізгі аспектілері:
–
отбасының құрамы, ата-ананың жасы мен мамандығы;
–
отбасы өмірінің тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық жағдайы,
материалдық қамтамасыз етілуі;
–
бала тәрбиесіне қатысудағы ата-аналардың белсенділігі;
–
ата-аналар мен балалардың құндылықты бағдарлары;
–
баланың күн тәртібін орындауы;
–
ата-аналар мен балалардың бос уақыты;
–
отбасында міндеттерді бөлу;
–
дәстүрлер, отбасылық мерекелер;
–
ата-аналар мен балалардың қызығушылықтары, қабілеттері;
–
отбасындағы қарым-қатынас болуы тиіс.
Егер сынып жетекшісі ата-аналармен жұмыста үйретушілікке жол бермей,
олармен ақылдасып, бірге атқаратын қызметтері туралы келіскенде; олардың
педагогикалық білім алу қажеттілігін әдеппен түсіндірген жағдайда педагогтер
мен ата-аналардың өзара түсіністігіне қол жеткізуге болады. Ата-аналармен
қарым-қатынаста «Сіз қалай деп санайсыз?», «Қалай болатыны туралы бірге
11
ойланайықшы», «Сіздің пікіріңізді білгім келеді» сияқты ойлар жиі
айтылуы тиіс.
Оқушылардың ата-аналарымен қарым-қатынаста сынып жетекшісі
жұмыстың алуан түрін пайдаланады.
Ата-аналарға арналған дәрістер оларды тәрбие мәселелерімен
таныстырады, олардың педагогикалық мәдениетін көтереді, бала тәрбиесіне
бірыңғай көзқарас қалыптастыруға көмектеседі. Дәрістердің тақырыбын
анықтауға ата-аналар мүмкіндігінше қатысуы қажет.
Сұрақ-жауап кеші ата-аналар сауалнамасынан кейін немесе топтар
бойынша бала тәрбиесінде және олармен қарым-қатынаста туындаған
проблемалық сұрақтар құрастыруда жүргізіледі. Бір сұрақтарға педагог жауап
бере алады, ал басқа сұрақтарға (мысалы, психология, жыныстық тәрбие
бойынша) жауап беру үшін арнайы мамандар шақырылады.
Тәрбие мәселелері бойынша пікірталас-ойлану – ата-аналарға арналған,
олардың педагогикалық мәдениетін көтеретін қызықты формалардың бірі. Ол
еркін жағдайда өтеді, қатысушылардың барлығына проблеманы талқылауға
қатысу мүмкіндігін береді. Сынып
өміріндегі, отбасындағы, бірге көрген
спектакльдер немесе кинофильмдердегі нақты жағдайлар талқылау тақырыбы
болуы мүмкін.
Мектеп әкімшілігімен кездесуді жыл сайын өткізіп отырған тиімді.
Педагогтер ата-аналарды өз талаптарымен таныстырады, олардың тілектерін
тыңдайды. Анықталған проблемалар бойынша әрекет ету бағдарламасын
құрастыруға болады. Туындаған проблеманың күрделілігіне байланысты
кездесулер жеке кеңестер, әңгімелер, немесе топтардағы жұмыспен
аяқталуы мүмкін.
Ата-аналар жиналысында оқу жылына сайланатын ата-аналар комитеті
мен педагогтердің өзара қарым-қатынасы ең маңызды форма болып табылады.
Ата-аналары аса белсенді және өзара қатынасқа мүдделі сыныптарда ата-аналар
комитетінің қызметін өз тілектері бойынша топтарға біріккен барлық ата-ана
кезек-кезегімен атқарады. Қажеттілігіне қарай өткізілетін ата-аналар
комитетінің отырысында мұғалім мен ата-аналар жиналыста қабылданған
идеялар мен шешімдерді жүзеге асыру тәсілдерін дайындайды.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысында ең кең тараған формасы –
ата-аналар жиналысы, оның шешімі баланы отбасында тәрбиелеудің негізгі
бағыттарын, отбасы мен мектептің қарым-қатынасын күшейту бойынша сынып
жетекшісі мен ата-аналар комитетінің қызметін анықтайды.
Тәрбие процесінің нәтижелерін талдау әдістемесі
Тәрбие процесінің тиімділігін анықтауға мүмкіндік беретін негізгі
критерилердің бірі – ұжымның даму деңгейі және ондағы қарым-қатынас
сипаты. Ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық ахуал ұжым дамуының маңызды
сипаттамасы болып табылады, оны зерделеуде келесі көрсеткіштер
негізге алынады:
–
ұжым мүшелерінің ұжымдағы қарым-қатынасқа, қызметті ұйымдастыру
процесіне, басшылыққа қанағаттанушылығы;
12