–
басым көңіл-күйі;
–
үлкендер мен кішілердің, ересектер мен балалардың өзара түсіністігі;
–
ұжым мүшелерінің басқаруға қатысу деңгейі, өзін-өзі басқарудың даму
деңгейі;
–
ұйымшылдық, бірлескен іс-әрекеттің нәтижелілігі;
–
ұжымның әрбір мүшесінің өз қадірін сезінуі, ұжым үшін мақтанышы;
–
ұжым мүшелерінің барлығының қорғалуы.
Ұжым мүшелерінің өзара қарым-қатынас жағдайы ұжым дамуының негізгі
сипаттамасы болып табылады, ол «мұғалім – оқушы», «оқушы – оқушы»,
«педагог – педагог», «үлкен – кіші», «ата-ана – педагог», «ата-ана – оқушы»,
«ата-ана – ата-ана» деңгейлерінде жүзеге асырылады.
Педагогикалық процеске қатысушылардың өзара қарым-қатынасы
тиімділігінің тікелей көрсеткіші – оның негізгі сипаттамаларын дамыту болып
табылады:
–
өзара тану бойынша (тұлғалық ерекшеліктерін, бір-бірінің жақсы
жақтарын, қызығушылығын, әуесқойлығын; бірін бірі жақсы білу және тану
ұмтылысын; бір біріне деген өзара қызығушылығын білу дұрыстығы);
–
өзара түсіністік бойынша (педагогтер мен оқушылардың алдында тұрған
міндеттердің, өзара қарым-қатынастың ортақ мақсатын, ортақтығы мен
тұтастығын түсіну; қиындықтарды және бір біріне деген қамқорлықты
қабылдау; түрлі жағдайдағы мінез-құлық себептерін түсіну; бағалау және өзін-
өзі бағалаудағы барабарлық; бірлесе қызмет ету тілегінің сәйкес келуі);
–
өзара қарым-қатынас бойынша (бір бірінің пікіріне және ұсыныстарына
әдептілік, зейін білдіру; бірлесе қызмет етуге эмоциялық әзірлік, оның
нәтижелеріне қанағаттану; бір бірінің көзқарасын құрметтеу, тілектестік,
аяушылық; ресми және бейресми қарым-қатынасқа ұмтылыс; балалардың
бастамашылдығын және дербестігін ынталандыратын қарым-қатынастың
шығармашылық сипаты);
–
өзара іс-әрекет бойынша (үздіксіз байланыстарды жүзеге асыру,
бірлескен іс-әрекетте белсенділік; екі тараптан болған байланыстарды
орнатудағы бастама; іске қатысушылық (атқарылған жұмыстың саны, сапасы,
шапшаңдығы), өзара көмек негізінде іс-әрекетті үйлестіру, келісушілік; бірін
бірі қауіпсіздендіру, көмектесу, қолдау);
–
өзара ықпал ету бойынша (даулы мәселелер бойынша келісімге келу
қабілеті; жұмысты ұйымдастыруда бір бірінің пікірін ескеру; формасы жағынан
негізді және сыпайы екі жақты ескертулердің әсерлілігі, бір бірінің атына
айтылған ұсыныстардан кейін мінез-құлық пен іс-әрекеттер тәсілін өзгерту;
еліктеу үлгісі ретінде басқаны қабылдау).
13
Қорытынды
Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының
Төрағасы Н.Ә. Назарбаев партияның XVI съезінде сөйлеген сөзінде: «Біздің
ашық аспан астында ештеңеге теңгермейтін бір ғана Отанымыз бар, ол –
Тәуелсіз Қазақстан! Бізге ХХI ғасырда бағдар болатын бір ғана стратегия бар,
ол – «Қазақстан-2050»! Баршамызды ерен істерге жетелейтін бір ғана ұлы
мақсат бар, ол – Мәңгілік Ел!» – деген болатын [2].
Қазақстанның жалпы білім беру ұйымдарында «өз елінің тарихына,
мәдениетіне
және
дәстүрлеріне,
халқының
мәдени
мұрасына
қызығушылықтарының артуы негізінде ұлттық өзіндік сананың өсуі байқалады.
Жаңа қазақстандық патриотизм, азаматтық, ізгілікке бағдарланған дүниетаным
қалыптасу процесі жүріп жатыр» [3].
Мектеп өмірінде мұғалім – басты тұлға. Мұғалім балаларды оқытып қана
қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта
оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушы ұстазы, әрі ақылшы-
кеңесшісі. Ол өз сыныбының оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, сол
сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерін, оқушылардың ата-аналарын және
жұртшылыкты бала тәрбиесі ісіне біріктіріп, олардың балаға деген талаптарын
ортақтастырып отырады.
Мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол – сынып. Мұнда оқушылардың
таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынастары
қалыптасады. Балалардың өмірдегі әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардың
демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі,
соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады. Олай
болса, сынып жетекшісі сыныптағы оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін
ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру ісімен айналысады.
Мектептің ата-аналарымен жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы екі
жақтың байланысы мен әрекеті бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл
тұрақтылыкты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен
отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет
атқарады. Мектептің баланы тәрбиелеуіне қатысты саясатын отбасының
түсінуі, соның жұмысына байланысты. Отбасыны негізгі тапсырыс беруші және
бала тәрбиесінде мектеппен одақтас ретінде қарастырған жөн.
Сынып жетекшісі жұмысының әдістемесі бірқатар теориялық және
ғылыми-әдістемелік еңбектерде (К.Ж. Қожахметова, С.И. Попова, В.П.
Сазонов, Л.Т. Сандыбаева, Т.А. Стефановская, Ш. Таубаева, С.Ғ.Тәжібаева,
Н.Е. Щуркова және т.б.) кеңінен ашылған [4-12], сондай-ақ осы тақырыптағы
материал интернет-ресурстарда бар [13-14].
Әдістемелік ұсыныстарды білім беру ұйымдарының практикасына енгізу
сынып жетекшілері жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етуі тиіс.
14