Методическое пособие қостанай, 016 ОӘЖ 159. Ббж 88. І 98


СУИЦИДТІҢ ДАМУ ДИНАМИКАСЫ. СУИЦИДАЛДЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ТҮРЛЕРІ



жүктеу 0,95 Mb.
бет4/13
Дата12.02.2020
өлшемі0,95 Mb.
#28833
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

3. СУИЦИДТІҢ ДАМУ ДИНАМИКАСЫ. СУИЦИДАЛДЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ТҮРЛЕРІ

3.1 Суицидалдық мінез-құлық факторларының талдауы.

3.2 Суицидалдық мінез-құлықтың қалыптасу процесі және психикалық реакциялардың типологиясы.

3.3 Суицидалдық мінез-құлықтың теориялары.



3.1 Суицидалдық мінез-құлық факторларының талдауы
Суицидалдық мінез-құлығы өзін өмірден айыру туралы түсінікпен бағытталатын қандай болса да психикалық актілердің ішкі және сыртқы түрлері болып табылады.

Суицидалдық мінез-құлық генетикалық туысқан қатынастағы психикалық актілердің әртүрлі ішкі (сонымен қатар вербалдық) және сыртқы түрлерін біріктіреді.

Созылмалы есі ауысу аурулары жоқ адамдардың суицидалдық мінез-құлықтың негізгі себептері туралы мәліметтері қарсы және көпшіл болып табылады. Сонымен, шетелдік авторлардың жариялауларында тiршiлiк ету үшін күресті шыдамаған, үміті үзілген (жұмыссыздықтың өсуі, мұқтаждық, әлеуметтік мәртебесінің төмендеуі) адамдардың суицидке басым болу бойынша акценті көрсетіледі.

Отандық зерттеушілер суицидалдық мінез-құлықтың себептерінің арасынан жекелік мағынаның санаттарын (наразылық, кек, көмекке шақыру, бас тарту, құтылу) белгілейді және суицидалдық шешім қабылдаудағы жетекші себептерді анықтайды:



  1. Сәтсіздіктің себептері (жалғыздық, өмірдің ауырлығы).

  2. Суицидентпен бірге басқа адамдар қатыстырылған жанжалдың себептері. Психикалық денсаулық бәсекелестік жағдайда күштеніп жатқан ұжымының әлеуметтік-психикалық ахуалымен қатты байланыста болады.

Жұмысты жоғалту немесе қайтадан оқу керек екені туралы перспектива қатты күйзеліске, суицидалдық ойлардың тууына апарады. Жұмыскерге табыс, адамның қадір-қасиетін құрметтеу, басшы жағынан достық немесе дұшпандық қатынастан басқа жұмыспен қанағаттану сезімі әсер тигізеді.

ӘДСҰ эксперті И. Эванг (1975) әке-шешелердің, ата және әжелердің адам тұрмысының үлгісі экономикалық өсуіне үлгермейтінін көрсетеді, әке-шешелер «тұрмыстағы теңіздегі жүзуге шығатын» балалар үшін енді «лоцман» бола алмайды. Осымен психикалық аурулардың, суицидалдық әрекетті жасау және жастар арасындағы суицидтердің үлкен таратуы байланысты екенін анық.

Өмір қалпын өзгертуі тұлғаның мүмкіндіктері мен қоғам талаптарында, қажеттілік пен мүмкіндіктердің қарсылығында, ықылас пен моральдық рұқсат етілгеннен тұратын ішкі жекелік жанжалмен қабаттасып жүреді.

Денсаулықты анықтайтын факторлар, соңын ішінде психикалық, суицидалдық көңіл туралы айтқан кезде, тұрғылықты халықтың «өмір бейнесін» б.а. осы немесе басқа индивидумның, топтың және жалпы қоғамның тіршілік әрекетінің тәсілін есепке алуды қажетті деп санайды.

А.Г. Амбрумова, Л.И. Постовалова шын суицидалдық мұрагерлік жоқ деп есептейді, әлеуметтік салада тұлғаның дезадаптация жағдайын туындату үшін тек қана психопатологиялық және әлеуметтік-психологиялық негіздері мұрагер бола алады. Бірақта, туысқандардың арасындағы суицидалдық мінез-құлықтың болуы психологтардың бақылауында суицидогендік факторлардің бірі болып табылады.

Конституциялық-биологиялық фактор күмәнсіз болып табылады. Сонымен, еркектер әйелдерден қарағанда суицидті үш реттен жиі жасайды – бұл барлық жас ерекшелігі үшін бір қалыпты қалатын деңгей. Әйелдер төрт реттен көп аяқталмаған суицидалдық әрекетін жасайды. Суицид деңгейі өмірдің ортасында басталатын дағдарыс жаста жоғарлайды. Еркектерде 45 жастан асқан соң суицид максимумі байқалынады, жас қосқан сайын суицидтің саны көбиеді. Әйелдерде 55 жастан кейін ең көп суицид жағдайы жоғарлауы орын табады. 65 және одан жоғары жастағы еркектерде 100000 тұрғын халыққа 40-тан аса оқиғалар суицид орын табады. Егде адамдардың жастардан қарағанда суицидалдық әрекеттерге сирек барады, бірақ олардың әрекеттері аяқталған болып табылады.

Егде адамдармен жасалынатын суицидтер барлық суицидтердің 25% құрайды, барлық халықтың 10% құрайды. 75 жастан асқан адамдарды жастармен салыстырғанда суицид деңгейі үш реттен асады.

А.Г. Амбрумова суицидалдық әрекеттер кезінде жыныс ерекшелігіндегі сипаттамаларды қарастырады. Аталған автор анықталған үрдістер бойынша келесі психологиялық түсініктемені ұсынады: жасқа жас қосылғаннан кейін мәселенің өсуі, ажырасу, аурулар байқалынады. Мәселенің күрделілігі ниетінің қиындығын анықтайды. А.Г. Амбрумова, өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттерінің саны 7-10 рет аяқталған, өзіне-өзі қол жұмсау жағдайлардың санынан асатыны туралы мәліметтерді көрсетеді. Суицидалдық әрекеттерінің негізінде ішкі және сыртқы факторлардың арасында қиын өзара байланыс жатады. Осындай фактордың біреуі адамның эмоционалдық жағдайының ритмикасы болып табылады.

Отбасылық жағдай әлеуметтік-психологиялық жағдайын және қоғамдағы бейімделу деңгейін анықтайды. Балалармен құрылған некеде суицидтің қауіп-қатерлігі азаяды. Некедегі тұлғалардың арасында суицид деңгейі 10000 – 11 құрайды. Ешқашан некеде болмаған жалғыз басты тұлғалардың арасында суицидтің тіркелген деңгейі некедегі тұлғалардан қарағанда екі есе асады. Бірақ бұрын некеде болған тұлғаларды ешқашан некеде болмаған тұлғалармен салыстырғанда суицидтің жоғары деңгейі байқалынады: бойдақ адамдардың арасында 100000-ға 24 жесірлер (тұл ерлер); ажырасқандардың арасында 100000-ға 40. Әлеуметтік оқшаулаудағы тұлғаларда отбасылық анамнезде суицидтер (немесе суицидалдық әрекеттері) жиі орын табады. Мерейтойлық суицидтер – отбасы мүшесімен суицид жасалынған күні субъектімен жасалынатын суицид. Суицидент тәрбие алған жанұя құрылым сияқты микроәлеуметтік фактордың талдауы суициденттік мінез-құлықтың қалыптасуының алғышарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Олар толық емес отбасында өскен, немесе деструктивтік, айқын отбасылық дезұйымдастыруымен және ашық ата-аналық жанжалдары бар суициденттерінің отбасыларыда тәрбиеленген.

Осы жағдайларда экология, әлеуметтік тумысы, немесе этникалық тиесіліктен қарағанда мәртебелі суицидалдық мінез-құлқының туына үлкен әсер тигізеді. Дұрыс емес тәрбие, отбасының қиын жағдайлары өзіне-өзі қол жұмсау генезінде үлкен рөл ойнайды. Одан басқа, осы факторлардың барлығы депрессиямен ескертілген факторлар сияқты түсіндіріледі.

Суицидалдық мінез-құлықтың дамуында белгіленген кезең анықталған:


  1. Ұзақ немесе қатты жетілдіретін психотравматикалық жағдайдың болуы;

  2. Суицидалдық ойлардың тууы;

  3. Суицидалдық мінез-құлықтың негізгі себебі немесе қаннар жан құбылысының тууы;

  4. Суицидалдық әрекетін жүзеге асыруы.

Суицидалдық әрекеттеріне бару жан құбылыстарының келесі жалпы ситпаттамасы:

  • жалғыздық, қараусыздық, қажетсіздік сезімдері;

  • өзіне деген кемшіліктің сезімі;

  • ары қарай тіршілік етудің мақсатсыздығы және азаптылығы;

  • жақсы жаққа өзгерту үмітін үзуі;

  • мұраттың апаты;

  • өзін кінәлі сезу;

  • жазаның алдындағы қорқыныш;

  • өзіне жанашырлық пен аяу сезімдерін шақыру тілегі;

  • қорғау мен қолдауды алу тілегі;

  • өз үшін пайдалы бағыты бойынша жағдайды өзгерту тілегі;

  • кек алу, «жәбіршіні жазалау».

3.2.Суицидалдық мінез-құлықтың қалыптасу процесі және психикалық реакциялардың типологиясы


Суицидалдық мінез-құлық дегеніміз бұл өзін өмірден айыру туралы көріністермен бағытталатын психикалық актілерінің ішкі немесе сыртқы түрлері болып табылады.

Қызметкердің суицидалдық мінез-құлықтың ішкі түрлеріне ажал туралы ойлар, көріністер, жан құбылыстары мен ниеттері жатады. Жанжалды шеше алмайтынын ұғынған кезде адамда өмірінің құңдылығы жоқ екені туралы ойлар және жан құбылыстары пайда болады: «Өмір сүру керек емес», «Өмір сүрмейсің, жай тіршілік етесің» және т.б. Бұл өзіне-өзі қол жұмсау шешімін қабылдау процесіндегі өзінше «нөлдік» топтамасы болып табылады.



Бірінші сатыөзіне-өзі қол жұмсау туралы пассивті ойлар – өзіңді өмірден айыру тақырыбында емес, тек қана көрініс, елестермен сипатталынады. Осыған орай, келесі мысал: «Ұйықтап қалып, одан кейін оянбасам», «Өлгенім дұрыс болар еді», «Осылай өмір сүргенше, өлгенім дұрыс», «Менімен бір оқиға болып, мен өлсем» және т.б.

Екінші сатысуицидалдық ойлар – бұл өзіне-өзі қол жұмсау ықыласының белсенді көрінісі, оның тереңдігін жүзеге асыру жоспарының әзірлеуіне параллельді түрде жоғарыланады. Өзіне-өзі қол жұмсаудың тәсілдері, уақыты және орындалатын жері ойластырылады.

Үшінші сатысуицидалдық ниет – сыртқы мінез-құлығында тікелей өтуіне оятатындай, ниеттің шешімі мен жігерлі бөлігіне қосылуын білдіреді.

Өзіне-өзі қол жұмсау ойларының туу сәтінен бастап, оны жүзеге асыру әрекетіне дейін кезеңі пресуицид деп аталады. Оның ұзақтығы минутпен (өткір пресуицид) немесе айлармен (созылмалы пресуицид) есептелінеді. Өткір пресуицид кезде суицидалдық ниеттердің көрінісі бірден байқалады – ешқандай алдындағы сатылар болмайды.

Суицидалдық мінез-құлықтың сыртқы түрлері өзіне-өзі қол жұмсау немесе өзін-өзі өлтірудің әрекетінен құрылады.

Суицид даму динамикасы:


  1. Антивитальдық көріністер («Өмір сүрмейсің, жай тіршілік етесің», «Осылай өмір сүру не үшін керек» және т.б.)

  2. Пассивтік суицидалдық ойлар («Ұйықтап қалып, одан кейін оянбаса ғой»).

  3. Суицидалдық пікір (суицидтің жоспарын құруы, жерді, уақытын, тәсілін тандау).

  4. Суицидалдық ниет (санадан тыс, жігерлі бөлігі және осыны жүзеге асыру ықыласы).

  5. Суицид.

Өзін-өзі өмірден айыру құралы ретінде өзіне-өзі қол жұмсау тәсілін сипаттайтын әр түрлі нәрсе мен заттар қолданылады: өзін-өзі асу, өзін-өзі уландыру, өзін-өзі кесу, сұғу-шабу, қару-жарақ жарақат ету, жоғардан құлау, жылжып жатқан көліктің астына түсу, күю және электрожарақаттарды алу, суға кету. Қабырғаға басын ұру, тамырға ауаны кіргізу сияқты тәсілдер сирек кездеседі.

Қиын-қыстау, пресуицидалдық жағдайлар белгісіздік, алаңдау, үмітсіздік, бишаралық, болашақты теріс бағалау сияқты қарқындылық жағымсыз эмоциямен сипатталынады. Дағдарыс жағдайымен туындаған алаңдау мен шиеленісушілік басқа адамдарды барабарды және түсіну тереңдігінің төмендеуіне апарады, олардың әрекет пен қимылдарын түсіндіру анықтығындағы киындықты туғызады. Бұл алаңдаудың тұтануы уақытты қабылдауды өзгертеді: қызметкердің көзқарасы бойынша сын жағдайдан шығу шұғылдықты асырады (басшылықпен алауыздық, сөгіс, опасыздық, жақын адамның қайтыс болуы және т.б.). Оған әрі қарай қалай өмір сүремін деген шешімді қабылдауына уақыт тығыз болып көрінеді. Осындай көрінісінің пайда болуы одан әрі ойлағыш сасқалақтаудың күшейтуін, қайғыны өткеруі мен эмоционалдық жабырқаңқылықты туғызады, өзіне-өзі қол жұмсаушы жағдайдан шығу жолын таппайтындай болып көрінеді.

Қызметкерлердің ойлағыштық процестің ең маңызды бұрмалауы:

-өз бетімен қорытындылар, жеткілікті шындығы деректер жоқ болудан олардың қалыптасуы;

- сайлау дерексіздігі, бір бөлек алынған элемент негізінде жарақатталатын жағдайдын қабылдауы;

- персонализация – өз тұлғамен айналадағы болып жатқаны байланысты жасау үрдісі.

Егер қызметкер жанжалды жағдайда келесі «ұтылатын» тұғырды ұсталынып жатса, өзін-өзі өлтіру ойлары мен олардың артынан еретін әрекеттердің туу қауiп-қатері бірталай жоғарлайды:


  • «Мені ешкім жақсы көрмейді», «Барлығы маған қарсы», «Әділеттік жоқ», «Күресуге күш жоқ»;

  • «Мен ешімге керек емеспін», «Мені не үшін қинайсыз?», «Одан әрі жаман болады», «Ешқайда кете алмайсың», «Мен осындай масқараны көтере алмаймын»;

  • «Мен өзімді ешқашан кешіре алмаймын»;

  • «Болғанды қайта қайтара алмайсың», «Бәрі құрыды», «Бұл – соңғы».

Қызметкерлердің бес суицидалды қауіпті сөйлемдері суицидалдық қауіпті мінез-құлықтың бес мағыналық түрлеріне сәйкес келетінін байқауға болады: наразылық білдіру, шақыру, құтылу, өзін-өзі жазалау, бас тарту – және де олар жанжалдың себептері мен мазмұны бойынша тәуелсіз болып табылады.

Психологиялық дағдарыс жағдайда нақты физиологиялық бұзулар байқалынады: физикалық әлсіздік, қалжырағандық, физикалық жүдеу сезімдер, жиіленген жүрек соғысы, жаман ұйқы, күрсінумен кідірмелі тыныс, жоғарланған терлеу, «тоқтап» қалған көзқарас. Дағдарыстық суицидалдық жағдайдың ұзақтығы үш-төрт аптадан бастап екі-үш айға дейін төрленеді, олардың көріністері тегістенеді және әлеуметтік-психологиялық бейімделудің жаңа деңгейі белгіленеді.

Әр түрлі адамдардың өмірімен ажырасуға біріккен шешімді, жалпы заңдылыққа ерекше назар аудару қажет: нақты адам үшін жағдайдың маңыздылығы принципиалдық рөл ойнайды. Қызметкерлердің өзін-өзі өлтіруге апаратын реакциялар негізінде экстремалдық мінез-құлық жауапкершілігі жатады.

Шартты түрде, жұмыс тәртібі бойынша, суицид қатерінің әр түрлі мүмкіндіктермен жағдайдық реакциялардың үш негізгі түрлерін бөлуге болады.



  1. Демобилизация реакциясы

Қызметкерде байланыстардың сферасы шұғыл түрде өзгереді, ол өзінде тұйықталады, үмітсіздік сезімге беріледі, шығыссыз аянышты тұйықты көреді. Оған қарамай, бұл адам осындай ауыр ішкі сезім дискомфортпен, жауапкершілік сезіммен әрі қарай жұмыс істеп, өмір сүреді. Осындай жағдайда албырт өзін-өзі өлтірудің тәуекелі жоғары емес, өмірден кету ниеті уақыт бойынша мерзімі ұзартылып, жиі жүзеге асырылады. Демобилизациялық жағдайға тап болған қызметкер айналадағы адамдардың: отбасының, жолдастарының, әріптестерінің қолдауына, басшылық жағынан ықыласқа, тiлектестiк және сергек қатынасқа, психолог жағынан кеңеске және ұсыныстарға мұқтаж болады. Теріс жағдайда қызметкерде өзін-өзі өлтіру ойларынан кейін әрекет болу тиіс.

  1. Ұйымшылдықты бұзу реакциясы

Бұл реакция өзін-өзі өлтірудің жоғары ықтималымен өзгеше көрінеді. Оның негізіне алаңдау жатады, ұйқы бұзылады, бас және жүрек ауруы пайда болады. Ойдық бақылау көрнекті төмендейді. Қызметкерді бұрында қызықтыратын (кітаптар, фильмдер, топтамалық және т.б.) нәрселермен құмарлықты білдірмейді, шашырайды, ойлары шатасады, ол алжасады, бірақ үлкен сенушілікпен оларды баяндайды. Өтіп жатқан жағдайды әдетте «тірек орынды жоғалту» деп атайды, осыған орай өмірден кету ниетінің қатты реакциясы болады. Ұйымшылдықты бұзу – бұл апаттың дабылы, сынақтан өткізу және психологпен әңгімелесу, психиатрге қаралу, аураханаға жату сияқты шұғыл шараны қажет етеді.

  1. Торығушылықтық реакциясы

Бұл дегеніміз төменделген, жабырқаңқылық мінез-құлық, қозғалтқыштық белсенділіктің төмендеуі, сары уайым. Торығушылықтық реакция – бұл аурулардың біреуі және өте қауіптісі болып табылады. Бұрында байқалмайтын, қызметкерде дүние тану жөніндегі түсінігі өзгереді, пікірдің, көріністердің бағалауы бойынша қараңғылық дүние тануы пайда болады. Тұлғалық құңдылық шкаласы толығымен өзгереді. Қандай болса психикалық патологиямен мүлдем сай келмейтін торығушылық әр келген адамда болуы мүмкін. Осындай реакцияда кенет албырт суицидтар мен қоса алдын ала ойланған суицидтер кездеседі. Торығушылық реакцияның пайда болуының басын қадағалауы өте маңызды, оны пайда болдыратын тереңделген себептерді анықтауға тырысу қажет. «Торығушылық адамды» анықтау процесінде бірінші қадамын тікелей басшы, отбасы мүшелері, жақын адамдар жасауы қажет. Келесі қадам – психолог немесе дәрігердің көмегі болады.

ІІО-ның жеке құрамының кәсіби қызметінің ерекшелігіне орай, кейбір тұлғалардың қатарында болатын, қару-жарақтарды қолданудан кейін болатын посттравматикалық стрестік реакция бөлуы қажет. Ережедегідей, ІІО-ның қызметкерлері олардың, басқа қызметкерлердің немесе жай азаматтардың өміріне қауіп-қатер туылған кезде ғана қаруды қолданады. Осындай сәттер стрестен тыс болып бағаланады және адамның әр түрлі психологиялық жағдайларында көрінеді:



  1. Қалыптасқан жағдайды мойындамау.

  2. Жағдайды өзгертуге дайын болу.

  3. Ашу мен наразылық.

  4. Талғаусыздық.

  5. Құлдырау.

  1. Қалыптасқан жағдайды мойындамау. Осындай жағдайда қызметкер болып жатқан нәрсеге жігерлі сеңгісі келмейді және өз сезімдеріне сенбейді. Былай, барлығын баяу қарқында қабылдаған және расында атқанына сенбегендігін кейбіреулер айтып отырады. Осындай жағдай тез өткіш және қауіпсіз болып табылады.

  2. Жағдайды өзгертуге дайын болу. Атқан адам санадан тыс оқ қаруға қалай болса да қайтадан оралсын деп қалайды, сонымен істеп қойған іс үшін жазасын күтеді. Жағдайды өзгертуге дайын болу жағдайы – бір-үш күн және осыда суицид қауіп-қатері болмайды.

  3. Ашу мен наразылық. Қызметкер айғалайды, ұрысады, қолдарымен сілтейді, жұдырықтарын қысады. Эмоция туралы айтсақ, олар атқан адаммен нақты байланысы жоқ, ал ашу мен наразылық жағдайы тез өтеді.

  4. Талғаусыздық. Атқан адам қалыптасқан жағдайға байыпты қарайды, ешқандай сезім білдірмейді, осы жағдайды талқыламайды, оны амалсыз болған қажеттілік деп қабылдайды.

  5. Депрессия. Депрессия – бұл сипатты ұзақ келген жағдай. Атыстан кейін бірнеше аптаның ішінде, тіпті айларда атқан қызметкер адамның мінезімен, алынған психологиялық жарақатпен, жоғарыдағы инстанцияның жағдайға қатынаспен анықталатын депрессияның әр түрлі сатысынан өтеді. Бірінші сатыда естен тануға ұқсаған физикалық және эмоционалдық мелшиіп естен танушылық көрінеді. Осы саты суицидке жақын болады, содан атқан адамның бастығымен, әріптестерімен, психологпен бақылануы қажет. Одан кейін атқан қызметкер өз пікірін айтуға, өз әркетін толық бақылаған деп дәлелдеуге тырысады. Артынша жалғысыздық сезімі пайда болады. Тұйықтық, қатынасқа бармау сияқты депрессивтік жағдайдың белгілері біріншіден отбасымен, жақын адамдарымен қатынаста болған кезде байқалынады, осындай белгілер артынша алаңдаушылық пен мазасыздықты тудырады. Соқтығыстың егжей-тегжейінің есінде елеусіз және бірнеше рет қалпына келтіруі басқа белгісі болып табылады. Оны қудалайтын ойлардан құтыла алмайтын жағдайдағы қызметкер өзін-өзі бақылау қабілетінде күмәнданады, әдеттегі ұйқысынан айырылады, қозушылық немесе өзгеше қорқыныш пайда болады. Атап өткеннен басқа, жұмысқа қызығушылық немесе өмір сүруін әдеттегі қалпына келтіруде қиындық туады, әріптестерінің ескертпелеріне жоғары әсерленгіштік, спирттік сусындарды көп қолдануы байқалады. Депрессивтік жағдайдың келесі белгісі – өз қызмет парызына және отбасылық жағдайына қатынасын өзгерту. Ақыр сонында, атқан қызметкер бірнеше жағдайда өмірден кетуге ойластырған шешімін қабылдайды.

Дұрыс реадаптация мен өзін-өзі өлтірудің алдын алу үшін ұқсас соқтығыстан өткен қызметкерге біріншіден өз пікірін айтуға, алдымен ұқсас тәжірибесі бар әріптестеріне, одан кейін психологқа мүмкіндікті беру керек. Ауыр психологиялық жарақатқа және стрестік жағдайына қарамай, қаруды қолданған ІІО-ның қызметкерінің қайтадан бейімделуіне және өзі таңдаған қызметінде қалуға мүмкіндігі бар. Одан басқа, адамдар осындай ұқсас жағдайда болып қалуды және жағымсыз сезімдерден қорықпаудың алдын ала ойлауы маңызды.
3.3 Суицидалдық мінез-құлықтың теориясы
D.Lester суицидалдық мінез-құлықтың 15 теориясын бөлген, бірақ оның пікірі бойынша А.Beck-тің когнитивтік концепциясы көбірек немесе азырақ осы процесінің түсінуіне әсерін тигізеді. Бірақ олардың көбісі суицидалдық мінез-құлығына сипатты болатындай феноменалдық жиынтығын көрсетеді, ол күмәнсіз суицид мәселесіне авторлардың концептуалдығын көрсетеді. D.Lester (1994) теорияның әр қайсысы суицид нақты түрлерінің суицидалдық мінез-құлығын талдауы үшін қолдануға болатын шешімге келді. Юнга теориясы түсінігіне еркектерден қарағанда әйелдердің суицидтің түсінігіне көбірек келеді. А.Beck-тің пікірі бойынша суицидті келесі санаттар бойынша қарастыруға болады:

  • Суицид депрессиямен байланысты. Олардың арасындағы критикалық байланыс – үмітсіздік сезім.

  • Жағымсыз күтудің терминардың анықталатын үмітсіздік, суицидтің сын факторы болып көрінеді. Суицидент оның шешілмейтін жағдайдың өзін-өзі өлтіруі жалғыз мүмкін болатындай шешімі деп көреді.

  • Суицидент болашақты жағымсыз және жиі шындыққа негізделмеген болып көреді. Ол үлкен азап көруді, үлкен фрустация мен депривациясын күтеді.

  • Суицидент өзінді жағымсыз және шындыққа негізделгенін болып көреді (жазылмайтын, әлсіз). Өзіне қарай сын, кінә мен өкініш сезімі төмен өз-өзін бағалауымен байланысты.

  • Суицидент өзінді артық бөлшек болып көреді.

  • Жалғыздық, қажеттіксіз және материалдық қамтамасыздығы жоқтығы туралы ойлар пайда болады.

  • Айналадағы адамдар бұл ойларды сынға жібереді, бірақ суицидент оларды жалғыз дұрыс ой деп бағалайды.

  • Суидинеттің ойлары автоматты түрде жиі келеді, және жиі когнитивтік бұрмалауды білдіреді (шизофрениямен байланысты емес): тым артық жинақтау немесе минимизация (түкте, ешқашан, әрқашан), дұрыс түсінбеу, селективтік абстрагировалық, жағымсыз қате түсініктер.

  • Суициденттің аффекттік реакциясы жағдайдың қарқындылығының шыңдығына қарамай жағдайдың бағалауына пропорционалды болады.

  • Аффекттің сипатына қарамай (алаңдау, қайғы және т.б.) жағдайдың бұрмалауы когнициямен байланысты.

  • Үміті үзілді деп есептейтін суицидент ажал арқылы жағдайдан құтылуға тырысады.

Аntoon A Leenaars (1988) феноменологииясында кеңестік өз шағылысуын табады.

  • Суицидент шыдап алмайтын психикалық ауруды бастан өткізіп жатқан сезімге тап болады.

  • Суицидент бар болған жарақат алдында үмітсіздік пен әлсіздікті сезеді.

  • Суицидент басқа адамдармен қарым-қатынаста қиындықты сезеді.

  • Суицидент басқалар бойынша өзіне ашу күштерін қаратады (сонын ішінде гомицидтік).

  • Суициденттің қиындықтарға бейімделуге төмен қабілетті болады.

  • Суицидент тура коммуникацияда қиындықты білдіреді. Бұл психиканың санасыз элементтерімен байланысты болады.

  • Суицидент өзінді психологиялық ауруға апаратын эмоционалдық сұранысқа жауап бермейтінін басқаша белгілейді.

  • Суицидент үнемі шығын мен сәтсіздік жағдайларына ие болады.

  • Суицидент оның тұлғасының жетілген және конструктивтік үрдісін дамытуға аз мүмкіндіктерін көрсетеді.

  • Суициденттің ойлануы ригиднілікті, оның суицидке қатынасы бойынша баламаны өңдеуге мүмкіндігі жоқтығын білдіреді.

D.Lester бойынша (1990, A Leenaars дәйексөзі) оқыту факторы ерте болашағынан бастап, суицидентте әлеумет процессі кезінде мінез-құлықтың сәйкес стилін қалыптасу үшін маңызды мағынаны білдіреді.

Суицид – бұл үйренетін мінез-құлық. Болашақтағы жан құбылыстары немесе қоршауды суицидалдық үрдістер адамды қалыптастырады және суицидалдық актісін дамытады.

  • Баланы тәрбиелеу процесі кезіндегі жазалаудың қайғыруы суицид үшін сын болып табылады. Бірінші кезекте суицидент гетероагрессияны басуға үйренеді және оны өзіне аударады.

  • Суицид оқыту негізгі заңдар тұғырында болжауы мүмкін. Суицид – бұл айналадағылармен қолданатын қалыптасқан мінез-құлық.

  • Суицидалдық ойлар өзімен суицид түрінде жалғасатын жауабымен ынта болып табылады. Когниция (мысалы – өзі-өзінді мақтау) осы актінің күшейткіші немесе нығайтқышы болуы мүмкін.

  • Суициденттің күтуі суицид сәтінде сын рөлді ойнайды. Ол растауды күтеді (акт үшін марапат).

  • Депрессия, әсіресе оның конгитивтік бөлігі, үлкен дәрежеде суицидпен байланысты болады және ол суицидтік мінез-құлықты түсіндіру үшін өте маңызды (мысалы, депрессия оқумен және/немесе марапатпен туындайды).

  • Суицид манипулятивтік акті болуы мүмкін. Ол басқасымен колданылады және нығайтылады.

  • Суицид әлеуметтенбейді. Ол дәстүрлі мәдениетте толық әлеуметтенбейді. Суицидент өмір мен ажал бойынша дәстүрлі мәдениеттік нормаларын жаттап алмайды.

  • Суицид айналадағы көп факторлармен (субмәдениеттік нормалары), ТВ әсерімен, нақты жынысты жоғары бағалаумен, суициденттің өмірдегі маңызды адамдардың суицидтерімен (үлгілеу), отбасылық және басқа жамағатпен күшейтіледі (нығайтылады).

Ronald W.Maris (1981) аутодеструктивтік мінез-құлыққа апаратын стрестен өту үшін сәтсіз әрекеттердің тәжиребелерінің жинағы болып көрсетілетін копинг-факторға ерекше назар аударады.

R.Maris копинг-теориясының негізгі түсініктері келесі ережеден құрылады:



  • Суицид – бұл адамның өз жағдайын (оның қаталдығы, дөрекілігі, жалғыздығы) басқаруы мүмкіндігі жоқ және үмітсіздікпен байланысты өз жағдайымен қанағаттанбау және созылмалы депрессияның нәтижесі болып табылады.

  • Суициденттерге өмірді үзу тәсілдері қол жетімді (және олар осы туралы біледі).

  • Суицидалдық үмітсіздік қайталанатын депрессияға, қайталанатын өмірлік сәтсіздіктерге, ұзаққа созылған жағымсыз қатынастарға және әдеуметтік онашалауға жатады.

  • Әдетте суициденттер деструктивтік тәсілдер (маскүнемдік, нашақорлық, жыныстық эксцесиер, суицидалдық әрекеттер) көмегімен бейімделуге немесе оңашалануға тырысады.

  • Суициденттер ажал бойынша амбивалентті болып табылады. Олар өлуге ықылас білдірсе де, олардың мінез-құлығы ниетті болуға міндетті емес болады.

  • Суицидент бір нәрселерден (аурудан, бақытсыздықтан және т.б.) қашу мақсатымен рационалды болады. Суицид басқа адам бойынша ашудың актін немесе жағдайды өзгертуге өзінді құрбан ету немесе өз өмірінің құңдылығын жоғарылату ықыласы болып табылады.

  • Суициденттердің өмірде кездесетін нақты міндеттерді шешіп алмағандығымен сипатталынады.

  • Суициденттерде ертеде алынған жарақаты болады немесе олар әкелердің жанында жиналған көп мәселесі бар отбасынан шыққан адамдар болады.

  • Суициденттер жұмыста ауыр мәселені басынан өткізген немесе дене ауруына тап болған.

  • Суициденттер дінге қатты берілген адамдар емес.

жүктеу 0,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау