4. ӘЛЕУЕТТЕГІ СУИЦИДЕНТПЕН ЖЕКЕ ЖҰМЫС
ІІО қызметкерлерінің арасындағы суицидті алдын алу бойынша әдістемелік ұсынымдар.
Суицидті ескерту бойынша алдын алу жұмысы.
4.3 Әлеуеттегі суицидентпен әңгімелесуді жүргізу бойынша жалпы ұсынымдар.
4.1. ІІО қызметкерлерінің арасындағы суицидтің алдын алу бойынша әдістемелік ұсынымдар
Өзіне-өзі қол жұмсау жағдайларын ескерту міндеті тек қана суицид шетінде тұратын адамдардың анықтауы ғана емес. Суицидті ескерту бойынша әрекеттердің тиімділігі көбірек жоғары айтылған суицидтік қауіпті жағдайларды біліктілікті дәледігінен және қолданылатын қорғау әрекеттердің тепе-теңдікке байланысты болады. Өзіне-өзі қол жұмсауды ескерту жұмыстары үш кезеңнен тұратын жүйе болып құрылады:
ІІО-на қызметке кіру алдындағы кадрлық іріктеу сатысындағы үміткердің құжаттармен жұмыс;
ОӘДК –нің психологтарынан алынған құжаттармен жұмыс;
қызметінің барлық кезеңдегі өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу бойынша жұмыс.
Сол кезде алдын алу жұмыстарын психологиялық қызметпен, медициналық мекеменің мамандарымен, қызметтік дайындық, жарғыдағы тәртіп үшін күресетін ұйыммен бірлесіп үзілмейтін байланыста өткізуі қажет.
ІІО-на қызметіне үміткердің құжаттарымен қызметке кіру алдындағы кадрлік іріктеу кезіндегі жұмыс. Бұл кезең кадр жұмыстарының басқа кезеңдерімен қоса үміткердің тұқым қуалаған деректерінің талдауын қоса қарау қажет: болашақ қызметкердің ата-ананың, жақын туысқандарының өз-өзіне қол жұмсауы немесе оның әрекеттері, олардың психикалық деңсаулық жағдайлары, маскүнемдікке бейімделуі; ІІО қызметіне үміткердің өзінің өзін-өзі өлтіру әрекеттерінің болуы – психоневрологиялық диспансерден деректер, учаскелік емханадан, отбасымен, таныстарымен, мектептегі мұғалімдерімен әңгімелесуден кейінгі алынған мәліметтер және т.б.; егер осындай әрекеттер болған кезде – өзін-өзі жарақат жасаудың ауырлық дәрежесі туралы мәлімет, зорлау әрекеттердің сипаты мен тәсілдері, қастандықтың себептері мен сылтаулары.
ОӘДК – нің психологтарынан алынған құжаттармен жұмыс
Барлық буындарының командирлері мен бастықтары міндетті түрде психологтардың және медициналық комиссияның қорытындысымен танысу қажет. Мінездің ерекшеліктері туралы ақпарат, жеке құраммен болашақ қызметкерінің мінез-құлығын түзету дара жұмысын жеңілдетеді. Қызметке үміткерлерімен және жас қызметкерлермен бірінші кездесу мен әңгімелесу кезінде олардың мінез-құлықтағы белгілерін көруі және бағалауы маңызды: сөйлеу кемшіліктері, нашар дене дамуы, тілді нашар білуі, жұқтырылған инфекциялық аурулар. Болашақта байымдаудың жеңіл ойлықтығы, қорғалақтығы, өзі үшін сапасы толық емес сезіммен бейнеленген ұялшақтығы, кемшіліктерді асырып жіберу, өзінді қорғай алмайтын аффектті жеңіл жетілуі, жоғары ашушаңдық пен әсер тудырғыштығы бар тұлғаларды анықтау жөн.
Әңгімелесу кезіндегі байқалынған медициналық және психологиялық зерттеу кезінде және келесі диспансерлік қабылдауларда анықталған жүйке-психикалық тұрақтылықсыз белгілері бар тұлғалардың барлығы командирімен және басшыларымен есепке алынады. Суицидалдық мінез-құлығының белгілері бар қызметкерлерін ертерек анықтау кездегі ерекше рөлі тәжірибелік психологқа немесе кадр аппаратының қызметкеріне беріледі, өйткені ол жеке құраммен қызметтік қатынас процесі кездерінде өте жақын байланыста болады.
Келесі фактіге назар аудару қажет: әлеуметтік-жүргізу түріне жататын адамдардың өзін-өзі өлтіру тәуекелділігінің дәрежесі жоғары болып табылады. Осындай адамдар басқалардың ңұсқауларымен жүреді, біреуге ұқсауға тырысады, өз өміріндегі маңызды емес міндеттерді шешу қабілеті төмен болады. Осы түрдегі тұлғаларда нақты криминогендік бағыт болады, өмірден кетуге үлкен қауіп-қатері бар.
Осындай түрге жататын қызметкерлерге басшы жағынан қадала назар аудару қажет, оларды тез анықтауы қарамағындағыларымен қатынас кезде анықтау ешқандай қиындықтарды туындатпайды.
Қызметтің барлық кезеңіндегі өзіне-өзі қол жұмасудың алдын алу бойынша жұмыс – бұл ІІО-да адамның қызмет атқару кезінде суицидалдық ниетін анықтау мақсатында басшылардың, кадр аппаратының қызметкерлерінің, психологтардың және дәрігерлердің бірлескен жұмысы болып табылады. Осы жұмыста қызметкерлерде жоғары адамгершілікті, қайырымдылықты, құңдылық бағыттарын, көзқарастарын, әдеттерін қалыптастыру үлкен мағынаны білдіреді.
Басты міндеттердің бірі – қызметкерлерде өз әлеуметтік-құқықтық қорғалғандығына, өмірлік бақытсыздықтан өтуге мүмкіндігі бар сенімділікті қалыптасуында орналасқан. Қызметкерлердің құқықтық тәрбие, жеке мүдделерді қорғау бойынша құқық пен міндеттерін түсіндіру, отбасылық мәселелерді шешуде көмек көрсету өзіне-өзі қол жұмасудың алдын алу үшін маңызды мағынасы бар. Өзін-өзі өлтіру жағдайларының және өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттерінің сандарының көбісі жекелік-отбасылық жанжал негізінде болғандықтан, келесілер қажетті болып табылады:
қарамағындағылардың отбасыларындағы жағдайды білу және талдау;
жағдайы жаман отбасыларында қатынастарды тұрақтандыру бойынша әдепті түрде жұмыс жүргізу;
қызметкерлермен және олардың отбасы мүшелерімен отбасылық-тұрмыстық қатынас мәдениеті туралы әңгімелесу, отбасылық терапия бойынша психологтардың, педагогтардың және басқа мамандардың кеңес берулерін ұйымдастыру.
Дәл осы қиын, «түбірлі өзгерістік» уақытша кезеңде, жанұяда, қызметте, жеке өмірде жанжалды жағдайлар туындаған кездерде қызметкер басшылықтың, әріптестерінің және жақын адамдарының үздіксіз назарында болуы тиіс. Оны өз мәселелерімен «өзімен өзі» жалғыз қалдыруға болмайды, оған айтылуға, «жылап алуға» мүмкіндікті беру керек.
Адамға жанжалды жағдайдан шығуға мүмкіндігі бар екеніне көзін жеткізу керек, бұл әрекет стресті бейтарап қалдырады. Тек қана тілектестік асықпайтын әңгімелесу, қамқорлық, адалдық ықылас осындай кезеңде жиналған шиеленісті шешуге және өзін-өзі өлтіру шешімді қабылдаудан бас тартуға батымды амалы болып табылады. Теріс кездерде адам «өз қабыршақ қуысында» қамалып отырады, біртендеп суицидалдық жан құбылыстарының өсуімен тұрақты түрде интеллектуалдық жанжалдың немесе айырылу өңдеуі болып жатады.
ІІО қызметкерлерінің өзін-өзі өлтіруінің алдын алу жұмысы бойынша суицидалдық шешімді қабылдайтын шарттарға ерекше назар аудару қажет. Бұл:
қызмет тәртібінің жағдайы;
қызмет атқаруды ұйымдастыру мен бақылау;
қару-жарақтарды беру тәртібі;
қүн тәртібін сақтау.
ІІО-нда және оның бөліністерінде қызмет тәртіп жағдайын талдау кезінде қашан және қай уақытта тәртіп бұзулардың санын көбеюдің, жыл мерзіміне, апта күндеріне, күн уақытына тәуелділігін анықтап, оны өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау мен өзін-өзі өлтіру фактілерімен салыстыруын есепке алу керек.
Өзіне-өзі қол жұмсаудың алғышарты лауазымды тұлғалардың қару-жарақтарды беруді бекіту тәртібі мен сақтау бойынша бақылау салақтығы болып табылады. Стрестік жағдайларда, қатты қозу кезінде қызметкерлер өз күшін, әділдігін дәлелдеу үшін қаруды қолданады.
Қызметтегі жанжал себептерінен болған өзіне-өзі қол жұмсау мен оның қастандық әрекеттерінің өсуі, қызметкерлердің кәсіби даярлығының төмендігіне шағымданбай, олар жасанды түрде жасалынады ма деген терең талдау мағынаны білдіреді. Осындай жасанды қиындықтарды жою ұжымда суицидалдық жағдайды жұмсартатыны анық. Ұзақ уақыт суицидалдық оқиға болмаған бөліністердің жеке құрамының суицидтік қауіпті жағдайларды сезуі төмендейді, ал осындай жағдай олардың туындауына апарады.
Жарақаттылықпен байланысты, ТЖ фактілері бойынша қызметтік тексерулерді сапалы түрде өткізу өзін-өзі өлтірудің алдын алу бойынша қызмет барысында үлкен көмегін тигизеді. Қызметкерлердің жарақаттылық фактілері бойынша қызметтік тексерудің талдауы жарақат заласыз анықтаманың артында өз-өзіне қол жұмсау қастандықтары жататыны анық.
Қызметкерлердің пікірі бойынша шаршауды, стресті, шиеленісті шешу үшін спирттік ішімдіктерді қолдану дұрыс тәсіл деп есептейді. Алдында айтқандай, алкогольді қолдану мен суицидалдық мінез-құлықтың арасында тура байланыс бар екені анық. Сонымен:
Қызметкерлермен спирттік ішімдіктерді қолдану кездерін нақты қызметкердің маскүнемдіктің себептерін, қозғамдарын анықтау мақсатында талдау.
Алкогольді қолдануға байланысты өзін-өзі өлтірудің ықтималы келесі жағдайларда жоғары болатынын есепке алу керек:
созылмалы психотравматикалық жанжалдан болған алкогольді ұзақ қолдану кездері (осындай жағдайда өзін-өзі өлтірудің алдын алуына мүмкіндікті туғызады: «созылмалы» жанжалдың шешілуі, психолог кеңестері, психотерапевтің немесе психиатрдың көмегі);
спирттік ішімдіктерді кездейсоқ, ауық-ауық түрде қолдану; мас болған жағдайда албырт, қақтығыстық мінез-құлыққа бейімделген қызметкерлермен алкогольді қолдануы қажет.
Жеке құраммен спирттік ішімдік қолдану барлық жағдайларды тексеруден, қызметкерлердің толық сергуінен және қаруды алып тастаудан кейін ғана өткізген жөн болады.
Суицидалдық мінез-құлығына бейімделген қызметкерлермен өтем-психологиялық іс-шаралары:
Тұрақты түрде (тоқсанда бір рет) жеке бақылаумен (әңгімелесу) динамикалық психологиялық байқау.
Жеке, психологиялық құзыреттілікті жоғарлатуға бағытталған дайындық (тұлға құрылымы туралы қажетті мәліметпен танысу, қатынас, жанжал жағдайларды нәтижелі шешуге негіздеріне оқыту).
Әлеуметтік оқытудың белсенді түрлері (қатынас тренингтері, іскер ойындар жәнне т.б.).
Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі жөнге салу, өзін-өзі тәрбиелеу әдістерді меңгеру бойынша сабақтар, сонымен қатар:
айналадағы әлем, адамдардың арасындағы қатынастар туралы дұрыс көріністерді тәрбиелеу;
өз жүйке-психикалық сферасының шиеленістің шектерін және мүмкіндіктерін танып білу және осыған орай жеке өмірдің стилін ұйымдастыру;
жағымсыз оқиғаларға шағылысу дағдыларын тәрбиелеу;
жұмыс және демалу тәртібін орынды ұйымдастыру;
нәтижелі кәсіби қызметке қарсы болатын мінездің жағымсыз ерекшеліктерін ұшталау мүмкідігін жоятын өмірді сақтау жағдайларын құру;
қайталанатын өмірлік жағдайларда үйреншікті шағылысу түрлерін өзгерту;
мүмкіндігі болғанша сипаттама ерекшеліктерді есепке ала отырып, қызметтің жағымды шарттарымен басқа қызметке қайта бағдарлау;
мінез-құлықтың әдетін, адам арасындағы қатынастың түрлерін өзгерту;
қайталанатын (отбасылық, қызметтік) жағдайлардан уақытша сөнуге дағдыны өңдеу.
«Психологиялық шынықтыру», стреске қарсылықты жоғарлату бойынша гетеро-аутогендік жаттығулар.
Мінездің ерекшеліктерін психологиялық түзету.
Психологиялық және психиатриялық көмек, жүйке-психикалық кедергі мен жүйке-психикалық көңіл бұзудағы мамандандырылған қалпына келтіріп емдеу.
Сонымен, суицидалдық мінез-құлыққа бейімді қызметкерлермен жұмыс жасаудың барлық түрлері олардың жеке тұлғалық ерекшеліктерінің негізінде қалыптасуы қажет және қызметкерді дағдарыс жағдайдан «алып шығуы» деген соңғы мақсатын ұстану керек.
4.2. Суицидті ескерту бойынша алдын алу жұмыс
Өз мазмұны мен ұйымдастырылуы бойынша алдын алу жұмысы әлеуметтік, психологиялық, медициналық, құқықтық сипаты бар шараларды біріктіруі керек, ол бөліністің (түзеу мекемесінің, тергеу изоляторының) барлық лауазымды тұлғалардың қатысуымен үздіксіз және дәйекті болу тиіс.
Суицидке бейімді тұлғалармен жалпы алдын алу жұмысының негізгі түрлері келесілер болып табылады:
Кәсіби саладағы жанжалдармен байланысты психотравматикалық жағдай туылған кезде:
жөнсіз физикалық және моральдық-психологиялық артықшылықты болдырмау;
ұжымның барлық мүшелеріне жүктеуді бірдей үйлестіру;
қарауылға (кезекшілікке, күшейтуге, жедел топқа) түсуі кезіндегі қызметкерлердің денсаулық пен моральдық-психологиялық жағдайын есепке алу;
ұжымның әлеуметтік-психологиялық жағдайын зерделеу;
қызметкерлердің өтінімдерін зерделеу және оларға уақытылы назар аудару;
микротоптардың ішіндегі тұлғааралық қатынастарды, олардың құрылу негіздерін анықтау мақсатында социометриялық сұрауларды өткізу.
Құқыққа қарсы немесе антиәлеуметтік мінез-құлықпен байланысты психотравматикалық жағдай туылған кезде:
қызметтік даярлық сабақтары шеңберінде қызметкерлердің заңдылық білімдерін көтеру;
қызметкерлерді жоғары немесе орта арнайы оқу мекемелерінің заң факультетінде сырттай оқуын ұйымдастыру.
Қызметкерлердің жеке-отбасылық қатынастарының ерекшеліктерімен байланысты психотравматикалық жағдай туылған кезде:
қызметкерлердің отбасылық жағдайын талдау;
қызметкерлердің отбасыларымен бірлескен бос уақытты өткізуін ұйымдастыру;
жаман жағдайлы отбасыларда қатынастарды тұрақтандыру бойынша жұмысты сыпайы жүргізу;
қызметкерлер отбасыларының экономикалық жағдайын жақсарту үшін қамқорлық.
Психикалық немесе дененің деңсаулық жағдайымен байланысты психотравматикалық жағдайын туылған кезде:
қызметке жанадан қабылданып жатқандарды зерделеу және іріктеу;
спирттік ішімдіктерді қолдануға бейімделген психикалық ауытқуы бар тұлғаларды анықтау;
«тәуекел тобына» қызметкерлерді бөлу, олармен суицидтің алдын алу бойынша жеке жұмыс жүргізу;
кезеңдік медициналық бақылауды жүргізі.
Жалпы алдын алу іс-шара атқару мақсатында жауапкершілікпен, міндеттерімен, хабардықтың әр-түрлі дәреже ескертілген ІІО бөліністерінің лауазымды тұлғалардың қызметінің ерекшеліктерін қарастыру қажет.
Бөлініс бастығы:
қызметкерлерінің өнімді қызмет үшін бөліністе жайлы жағдайын ұйымдастырады;
бөліністің ұжымында жариялылықты, әлеуметтік әділеттілігін, немқұрайдылықты және әрекетсіздікті қолдайтын есептеспеушілік атмосферасын бекіту;
оқиға мен қылмысты алдын алу бойынша іс-шараларды қабылдау, қызметкерлерінің апатымен байланысты оқиғаларды тергеуге қатысады;
қызметкерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық шарттарды жақсарту бойынша іс-шараларын қабылдайды;
қызметкерлерді және олардың отбасы мүшелерінің жеке сұрақтары бойынша қабылдауды жүргізеді.
Күзет бойынша бастықтың орынбасары:
карауыл дайындығын және қызмет атқаруын кезеңдік бақылайды;
карауылға түсетіндердің кәсіби даярлық деңгейін, функционалдық міндеттерін, білімін бақылайды;
карауыл ұжымдағы тұлғааралық қатынастарды бақылайды.
Тәрбие және кадр жұмысы бойынша бастықтың орынбасары:
бөлініс жеке құрамымен тәрбие жұмысын ұйымдастырады;
қоғамдық пікірін, қызметкердің мінез-құлығы мен психологиялық жағдайын талдайды;
мекемеде моральдық-адамгершілік ахуалын қолдау мақсатында қажетті әрекет жасайды;
қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік қорғалуы бойынша қамқорлық көрсетеді, олардың мұқтаждығын қанағаттандырады, бұзылған құқықтарын қалпына келтіреді;
мекемеде қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерінің өмірдегі жайлы моральдық-тұрмыстық жағдайларын ұйымдастыру бойынша қамқорлық көрсетеді, бос уақытын ұйымдастырады;
қылмыс пен оқиғаның есебін жүргізеді, олардың үрдісін талқылайды, алдын алу бойынша іс-шараларды бекітеді.
ІІО-ның психологы:
суицидалдық әрекетке бейімделген тұлғаларды анықтайды;
анықталған тұлғалар үшін арнайы алдын алу іс-шаралардың кешенің әзірлейді, ұйымдстырады және олардың өткізуіне өзі қатысады;
«тәуекел тобына» кіретін қызметкерлермен жұмыс жасау әдістері мен түрлері бойынша бөлімдердің, бөліністердің және топтардың бастықтарымен үйрету жүргізеді;
психологиялық босаңсу бөлмесінің жұмысын (бар болған жағдайда) тікелей ұйымдастырады;
қызметкерлерге және олардың отбасы мүшелеріне жеке қажетті психологиялық көмек пен қолдау көрсетеді.
Бөлім, бөлініс бастығы:
өз қарамағындағылардың іскер және моральдық-психологиялық сапаларын зерттейді, олармен тұрақты түрде жеке жұмыс жүргізеді;
басқарып жатқан ұжымда тұлғааралық қатынастарды жөнге салу бойынша шараларды қолданады;
ақталмаған қызметтік және қызметтен тыс артық жүктерді рұқсат етпеуді қадағалайды;
қызметкерлердің отбасындағы жанжал жағдайларды бодырмауды қадағалайды.
4.3. Әлеуеттегі суицидентпен әңгімелесуді жұргізу бойынша жалпы ұсынымдар
Қайсысы болса да өзін-өзі өлтіру қауіп-қатерлеріне салмақты қарауы қажет.
Ұзақ жұмысқа дайын болуы қажет.
Өзін-өзі өлтіруді болдырмау жұмысында маңызды:
клиент бойынша кеңес беруші тұғыры (бөтен өмір үшін оның жеке жауапкершілігі);
өз ажалы бойынша кеңес берушінің түғыры.
Суицидалдық клиентпен әңгімелесу әдетте 5 сатынан құрылады:
Қатынастарды айқындау
Қатынастарды айқындау, байланысты орнату және ақпаратты алу – баянат. Баянат, байланыс, қабылдау, сезімдер, түсіну, ақпарат, қолдау. Кеңес беруші ешқандай ойынсыз өз өзімен болу тиіс. Жайлы, мүдделі, өзіне сенімді, танырлы болыңыз. Адамға қыр көрсетпей, сынамай қабылдаңыз, оған өз оқиғасын өзінше айтуға рұқсат беріңіз. Сіздің негізгі рөліңіз – жағдайды бағалауға көмек көрсету үшін кеңес беру емес, керісінше оны тыңдау және ақпарат жинау. Сіз – қорғаушысыз. Сіздің жұмысыңыз – қолдау көрсету. Сезімге беріліңіз: мүмкін Сізге жағдаймен теңдестіру сәті түспейді, бірақ Сіз сезімге беріліп кетесіз. Оның сезімдерін айыптамай айқындаңыз. Зерттеушінің ықыласын көрсетпей, ақпаратты көбірек жинаңыз. Сауалнаманы толтырып жатқан сияқты сұрақтар коймаңыз. Адамға сіздің ақпарат жинауы жағымсыз емес екенін сенімділікті сезгенге дейін сіз оған есімдер мен аттарын әріптермен айтуды өтінбеңіз.
Сізде ақпаратты жинау үшін 3 себеп бар:
адаммен байланысты құру: оған ықылас пен қатынасты көрсетіп, өз жан құбылыстары мен жағдайды бейнелеуді сұраңыз;
өлімді бағалау;
өз тәжірибесі мен жағдайдың сылтау бойынша адамның ішіндегі жан құбылыстарды, сезімдерді шығаруға мүмкіндік беру.
Мәселені анықтау
Суицидалдық клиентпен қысылу мен ұйымшылдықты бұзу сезімдері басымды болады. Кеңес берушінің ең маңызды міндеті – адамға негізгі және қосымша мәселелерді бөлуге көмек көрсету.
Суицидалдық потенциалды – өлімдікті бағалау
Суицидалдық потенциалды – өлімдікті бағалауы өлімдіктің негізгі үлгісінің критерийлерінде негізделген даралық жағдайда қолдануға болады. Жағымсыз факторлардың саны көп болған кезде суицидалдық қауіп-қатер жоғары болады. Суицидалдық потенциалды бағалау кезінде вербалдық емес көрсеткіштерді есептеу қажет. Вербалдық деңгейден қарағанда дауыс үні, сөздердің жылдамдығы, демікпе немесе қатты тыныс көмегімен көп білуге болады. Өлімдік критерийлердің саны байқау және тәжірибемен ауысады. Суицидалдық потенциал өлімдік терминдарда өмірді жоғалту қауіпсіздігі жоқ минимумнан бастап, жақын арада өлімге тап болу мүмкіндігі бар максимумға дейін түрлендіріледі. Суицидалдық клиентпен әңгімелесуді бастағаннан соң, Сіз өзіңізге өзін-өзі өлтіруді болдырмау жауапкершілігін мойындай алдыңыз. Сіз құраған әрекет жоспарыңыз мәселені, тұлғаны және қол жетімді ресурстарды бағалаудан тәуелді болады.
Ресурстарды бағалау
Суицидалдық потенциалды бағалау және жоспар әрекет құру кезінде өте маңызды. Клиентте ішкі және сыртқы ресурстар бар. Дағдарыстан өту үшін қайдан күш алу керек? Ішкі ресурстар: не сұрау керек, бұрында осындай жағдай болды ма және клиент одан қалай өтті? Не көмектесті? Сыртқы ресурстар: шіркеу, отбасы, достар көмек көрсете ала ма? Егер бұл мүмкін емес болса, оларды ресурстар деп санамаңыз. Басқа ресурстарға көңіл аударыңыз. Басқа ресурстардың дамуын күшейтіңіз. Егер де сыртқы ресурстардың жүйесі әлсіз немесе ол болмаса, қосымша көмекті іздеңіз, топтық кеңесті ұйымдастырыңыз (мүмкін болса).
Ресурстарды жұмылдыру
Клиент дәл осы кезде не істейтіні туралы көңіл қойыңыз. Ол не істеуге дайын екен? Өлімдік жоғары ма, жоқ па, Сізге қай жаққа күшті аудару керек екенін шешу керек. Егер клиент тура араласуға мұқтаж болмаса, Сіз адамға дағдарыстан өтуге көмек етуге және оған қамқорлық көрсете аласыз. Есте сақтаңыз: кеңес бермеңіз және сіздің көмегіңізді қабылдауға мәжбүрлемеңіз. Сіздің жұмысыңыз – баламаны ұсынуға көмек көрсету.
Қажет болған кезде басқа мамандардан көмек сұраңыз. Егер қосымша көмектің әсері болады деп клиент келіскен жағдайда, кеңесті жинап бірігіп әрекет жасаңыз. Сіз ол үшін ұайымдап жатқанын оның есіне түсіріңіз, болашақта көмек керек кезде Сізден ол қайтадан көмек сұрасын деп сендіру керек.
Есіңізге сақтаңыз: қатты психикалық шиеленістен өту үшін оны нығайту керек.
Болмайды:
ескерту белгілерді елемеуге;
сіз кепілдік бере алмайтыңыз болса, оны ұсынуға;
дұшпандылықты, өткір мысқыл, индеферентілікті көрсетуге.
Суицидалдық жағдайдың психотүзетуі
Негізгілердің бірі, қазіргі танда қол жетімді суицидке бейімді тұлғалармен психотүзету жұмыстарының әдстерінің бірі әңгімелесу болып табылады. Адам психологиялық түрдегі қиын жағдайға түскен кезде, ол айналадағылардан жанашырлықты іздейді, олармен қатынаста болғысы келеді, оларға «айтып тастауға» тырысады. Бұл өтіп жатқан жағдайда психологиялық маңызды ақпарат дауыстап айтылады, екінші орынға ауысып адамнан шеттетеді, адамның жан құбылыстары жеңілдейді.
Қалай болса деңгейдің бастығы, егер оның қарамаңындағысы суицидке жақын жағдайда болған кезде, осы жағдайды шешуге шараларды қолдану қажет. Сол үшін ол өз қарамағындағылармен әңгімелесу қерек. Сол кезде ол келесілерді білуге тиіс:
әңгімелесуге шақыруды өзі жасау қажет;
әңгімелесуді бөгде адамдар болмаған кезде, формалдық емес жағдайда өткізу жөн;
сенімді атмосфераны құру мақсатында әңгімелесуді кешкі уақытында өткізу жөн. Осы тандаудың пайдасына адамның жағымсыз жан құбылыстары кешкі уақытта қатаятыны, жалғымсыздық сезімі күшейетіні айтады;
әңгімелесу кезде өз әңгiмелесушiмен ықыласты және мүдделі болу керек. Оның мәселесі түсінікті деп сендіру қажет. Осындай кезде оның эмоционалдық шиеленістің дәрежесі азаяды, осыған орай әңгімелесуші өз жан құбылыстары мен мәселелер туралы ашық айтуға мүмкіндігі бар.
Әңгімелесу барысында қызметкерді сендіру қажет:
қазіргі уақытта ол болып жатқан қиын эмоционалдық-психологиялық жағдай тұрақты емес, уақытша екенін;
оның өмірі ең үлкен құндылық екені, онымен жауапкершiлiксiз иелік етуге болмайды;
оның өмірі туыстарына және жақындарына, достарына керек, оның өмірден кеткені олар үшін ауыр өнегелі жарақат болады.
Әңгімелесуден кейін қызметкермен әрі қарай жұмысы оның жеке ерекшеліктерден және қалыптасқан жағдайдың шыңдығынан құрылу керек. Қызметкердің сөйлеуіне өте байыпты және ықыласпен қарай керек, мүмкіндік болса оған «аяу» шарттарды жасап, қиын емес міндеттерді қойып, сонымен қызметкердің өз-өзін бағалауды нығайтуға көмек етеді, қызметкер назарсыз және бақылаусыз қалмау қажет. Жағдай және қызметкердің жай-күйі қиындап жатса, медикаментоздық көмек көрсету сұрағын шешу қажет.
Қызметкерлердің арасында суицидалдық ниетін алдын ала сақтандыру мақсатында басшы міндетті:
Ми жарақаты мен ауруды бастан кешірген, алкогольды, есірткіні қолданатын, жағдайы жаман жанұяда тәрбие алған қызметкерлерді білу.
Динамикалық бақылаудағы қарамағындағылармен күнделікті әңгімелесу, олардың жағдайдын бақылау, себептерді анықтау.
Қарамағындағылардың шағымдары мен мәселелеріне көңіл аудару, мүмкіндігінше оларды жүзеге асыруға көмек көрсету.
Ауыр эмоционалдық жағдайдағы қызметкерлерді өз-өзімен қалдырмау, нарядқа, карауылға қоймау, қаруға рұқсатнаманы болғызбау, қажет кезінде оларды мамандарға – психологтарға, психиатрға кеңес беруге жіберу.
Суицидтік қауіп-қатер кезеңдерінде қарамағындағыларға қосымша бақылауды:
қызметінің басты кезеңде;
қарумен карауылдық қызмет пен жауынгерлік кезекшілік барысында (ең суицидтік қауіп-қатерлік уақыты 18.00–24.00 және 4.00–7.00) ұйымдастыру
Жанжал жағдайларды шешу және қызметкерлердің бейімделуге тиімді шарттар құруы бойынша уақытта шараларды қолдану.
Қарамағындағылардың ешқалай ақталмайтын физикалық және психикалық артық жүктеуді болдырмау.
Қызметкерлерде суицидалдық ниеттерге қарсы болатын қоңдырғы мен жан құбылыстарын, басқалай айтса тұлғаның антисуицидалдық факторларын қалыптастыруға және белсенділігін ояту қажет:
туысқандарға және жақындарға қатты эмоционалдық байланыс;
ата-аналық міндеттер;
борыш, мінез-құлықтағы міндет сезімі;
өз деңсауылығы жағдайына назар аудару, өзіне зиян келтіруге қорқыныш;
қоғамдық пікірге тәуелді болу және айналадағылардың айыптауынан қашу ықыласы, өзін-өзі өлтірудің кінәлігін немесе масқара туралы ойлану;
өмірдегі пайдаланбаған мүмкіндіктер туралы ойлану;
шығармашылық жоспарлардың, ниеттерінің болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |