Сабақтың тақырыбы: Қалмақан Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаятының «Қар күреген бала», «Жаяу сүйреген шана» бөлімдері.
І. Білімділік мақсаты: Шығармадағы дүние жүзі чемпионы атанған
Қ.Мұңайтпасов өмірімен таныстыру, аталған бөлімдердің мазмұнын игерту.
ІІ. Дамытушылық: Оқушыларды еркін ойлауға, өз пікірін анық айтуға үйрету, өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту және арттыру.
III. Тәрбиелік: «Көп бейнеттің зейнеті» болатындығын ұғындыру арқылы шыдамдылыққа, жақсылық жасауға, қамқорлыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сатылай кешенді талдау технологиясы арқылы іздендіру сабағы.
Әдісі: Сұрақ – жауап, топтық жұмыс, баяндау, «ойлан тап» т.б
Көрнекілігі: Интерактивті тақта (палуан өмірінен көріністер, суреттері, музейдегі жәдігерлері, видеорепортажы), слайдтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: (Оқушыларды түгендеу, тазалық, тақта, бор)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Сынып 3 топқа бөлінеді.
I топ аты: «Талап» Иса Байзақов өмірі мен шығармашылығына тоқталу;
II топ аты: «Еңбек» «Жазғы кеш» өлеңін жатқа айту;
III топ аты: «Терең ой» «Жазғы кеш» өлеңінің мазмұнын баяндау;
ІІІ. Жаңа сабақ:
Қалмақан Әбдіқадыровтың өмірі мен шығармашылығына тоқталу.
1903ж Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Сырдария ауылында дүниеге келген.
Қалмақан — балаларды айрықша жақсы көретін балажан жазушы.
Балаларға арналған «Өміртайдың ауылы», «Тапқыш», «Тәтті қауын», «Амантай», «Сырдария» т.б өлеңдері мен әңгімелері бар.
Әлем әдебиетінің ең озық үлгісі «Мың бір түн» халық ертегісін тұңғыш рет қазақ тіліне аударып, жариялады.
Ұлы Отан соғысына қатысқан. «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған.
Французша күрестен дүние жүзі чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмірі, спорттағы ірі жетістіктері туралы «Қажымұқан» повесін жазды.
Жазушы әрі аудармашы Қалмақан Әбдіқадыров 1964 ж 61 жасында дүниеден озды.
Эпиграф:
Қажымұқанмын қазақта күшім асқан,
Палуандықтан айтайын біраз дастан.
«Орыс палуан» атанып он екі жыл,
Жиырма төрт патшалықтың жерін басқам.
Қаласын кездім талай дүниенің
Таныттым мені туған қазақ елін.
Үстімнен жүкті автобус жүрген шақта
Сонда да қайыспаған қайран белім!
Жайылған жер дүниеге менің ісім,
Адамды таңдандырған қара күшім.
Ойлаған өлтірмек боп Сар – кек – кидің,
Сыпырғам түлкідей қып бас терісін.
1. Қызығушылығын ояту.
Қайратты
Асқан күш иесі
Батыл
Қажымұқан өмірі туралы видеорепортаж көрсетіледі.
(Мұғалім шығарма мазмұнын толықтырады)
а) Сөздікпен, мәтінмен жұмыс.
Сөздікпен жұмыс:
Мәтінмен жұмыс:
Қызылжар — қазіргі Петропавл
Қызылжар қаласының орталық…
Кіресін алу — ат –көлігін жалдама жұмысқа беру
Пұт -16 килограммға тең
Кеспек — жуандау келген ағаш
Кіре — жалдамалы күш көлігі
Городовой — қала бастығы
ә) Оқулықпен жұмыс.
Қажымұқанның күшін көрсететін тұстарын тауып оқу.
а) Он кісі жабылып, қаланы «ауппалап» бастарыңа көтеріп жүргендерің осы ма? Өздерің шетке ысырылып, тиейтін шанаңды есік алдына әкеле беріңдер. Әй, әдемі тұлыптылар, қалбалақтап жүріп бір жерлеріңді қақтырып аларсыңдар, кейін қаш!
Мынаның сөзі қандай дөрекі?! Қожайындарға қалай түйеден түскендей сөйлейді! – десті мұртына мұз қатқан жұмысшылар.
Бала еңкейе беріп, кеспекті иығымен нығырақ тіреп, қағып жіберді. Астына
салған ломдар мен қада ағаштар шатыр – күтір етіп, біріне – бірі қағысып,
бастары шошаңдасты да, отыз пұт тоң май құйған кеспек екі – үш қаққанда,
желге ұшқан көбелектей домаланып, сарайдың есігіне барып та қалды. Енді
бір сәтте шой табан екі зауыт атын жеккен жүк шанаға кеспектің қалай
барып түсіп қалғанын тұрғандардың көзі шалмай да қалды.
Оған дәті шыдамаған Мұқан боран үріп, шөптің шеті көрініп тұрған бір
бұрышына келді де, арасына бастырықты ырғап – ырғап сүңгітіп жіберіп,
иығымен көтеріп тастады. Шөп – мөбімен үйілген қар жел аударған
түндіктей төңкеріліп түсті.
Ой, мынау не істеді өзі? – десті қалай ашып алудың амалын таппай тұрған
жолдастары. Мұқан жауап қайырмады. Бастырықты тағы бір сұғып, екінші
көтеріп тастағанда, үйілген шөптің жартысы ашылып қалды.
б) Мұқан шананы кейін итеріп, астындағы атты босатқанша, ол өліп кеткен еді.
Шөпші біраз демін алып отырды да, өлген аттың қолдауынан божына екі
қабаттап өткізіп алып, кеудесін көтеріп, шөптің бастырығына байлады да,
салбырап тұрған бөксесін иығына салып тұрып, шананың үстіне лақтырып
жіберді. Бел көтергіш қайысты шанаға байлап, енді өзі қалған атқа пар
болып, қаланың шетіне шейін келді. Қалаға кірген соң, ол ат та аяғын
басудан қалды. Оны шананың артына байлай салып, өзі жүкті сүйрей берді.
Ел тұрып, қорасының айналасын күрей бастағанда, адам сүйреткен дәу
шана шөп, бір атты үстіне салып, бір атты артына байлап, Масликовтың
қорасына кірді. Бұл алып күштің кім екенін білу үшін Масликовтың қорасына келгенше топ – тобымен қала адамы шананың артынан ерген еді.
2.Сергіту сәті. «Кім байқағыш?»
а) Қажымұқанның өз айтуы бойынша күресіп жүрген кезіндегі
салмағы – 215 кг, бойы 200см болған.
Аяқ киімі шамамен 54 – размер болған.
Жауырынының жалпақтығы — 60 см болған.
Ортаңғы саусақтың ұзындығы – 14 см, үстіңгі ернінің ұзындығы – 10 см.
Есімді жинап, өзімді байқасам , басым салбырап, құлағымнан аққан қан қой
бауыздағандай, сытырлап ағып тұр екен. Үш күн бітіп, кезегіме шықтым.
Басымда молдалардың сәлдесіндей дәке.
Қажымұқан ерліктері: 75 пұт жүк тиелген арбаны тісімен сүйреу;
Кеудесіне 20 пұттық тас қойғызып, оны 2 пұттық балғамен уаттыру;
Аузын арандай ашып, ырылдаған арыстанды аяғынан ұстап, лақтырып жіберу;
IV. Сабақты бекіту.
1.Оқиғаның басталуы: Бала мұқанның Масликовқа жалшыболуы.
2.Оқиғаның дамуы: Жолдастарын таң қалдырған алып күш иесі.
3. Оқиғаның аяқталуы: Масликовтың ашулы кейіпі.
V. Сабақты қорыту: Патриоттық ән «Көк тудың желбірегені»
Сөзін жазған: Алмас Ахметбекұлы
Әнін жазған: Ермұрат Зейіпхан
Орындайтын: Ибрагим Ескендір
VI. Бағалау
VII. Үйге тапсырма:
а) I, II бөлім бойынша толық мазмұндау.
ә) Сөздікпен жұмыс (Бастырық, божы, биялай т.б) (Арба-шанаға жегiлген атты жөнге сап отыратын қайыс Божы.
Тиеген отынды, шөптi ауып кетпеу үшiн басып тұратын ұзын сырық.
Матадан не былғарыдан тiгiлген саусақты қолғап)
б) Шығармашылық жұмыс.
«Қажымұқан – намысты ер»
«Салауатты өмір салты – спорт»
Қазақта Қажымұқандай ұл тумаған.
Еліміздің намысын ол қорғаған.
Біз саған орнатамыз мәңгі мүсін,
Тас емес, жүректерден ыстық қорған
Достарыңызбен бөлісу: |