Методическое пособие қостанай, 016 ОӘЖ 159. Ббж 88. І 98


СУИЦИДТЕРДІҢ СЕБЕПТЕРІ. ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚОЛ ЖҰМСАУ КЕЗІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ФАКТОРЛАРДЫҢ РӨЛІ



жүктеу 0,95 Mb.
бет3/13
Дата12.02.2020
өлшемі0,95 Mb.
#28833
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

2. СУИЦИДТЕРДІҢ СЕБЕПТЕРІ. ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚОЛ ЖҰМСАУ КЕЗІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ФАКТОРЛАРДЫҢ РӨЛІ




    1. Суицидалдық мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері.

    2. Өзіне-өзі қол жұмсаудың әлеуметтік және психологиялық себептері.

2.1. Суицидалдық мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері


Суицидалдық жағдайдың пайда болуы. Ішкі істер органдарының қызметкерлерінің көбісі кәсіби топтарға тиесілік болады, олар үшін тұрақты түрде әрекет жасайтын күйзелісті туындататын факторлар бар, суицидалдық қауіпті жағдайдың пайда болу ықтималын жоғарылатады.

Хабардар емес адамның кәдімгі түсінігінде суицид феномені тұлғаның психологиялық дағдарысымен жиі байланысты болатыны анық. Суицидке бара жатқан адамға бұрынғы өмір тәжірибесі қалыптасқан жағдайдан шығуға өзін-өзі өлтіруден басқа жол табуға ой салмайды, осындай кезде психологиялық дағдарыс адамның ерекше эмоционалдық жағдайы екенін түсінуге болады.

Осындай психикалық дағдарыс аяқ астынан, мысалы қатты аффект әсерімен пайда болуы мүмкін. Көбінесе, адамда ұзақ уақыт ішкі көңілдегі шиеленіс жиналып, ішінде әртүрлі жағымсыз эмоцияларды үйлестіреді.

Қызметкер психологиялық дағдарысты жоғары маңызды, қиын деп есептеген кезде, оны жеңіп шығуға өз мүмкіндіктері аз деп көріп, осындай жағдай суицидке қауіп-қатерлі сипатта пайда болады. Осындай қалыптасқан жағдайларда қызметкерде үмітсіздік сезімі байқалады және өз үшін дұрыс деген шығу жолы ретінде суицидалдық әрекеттерді тандайды.

Әдетте, суицид туралы ойлардан бастап сол әрекеттерді жүзеге асыру кезеңі болатын суицидтің алдында пресуицид болады. Пресуицидалдық кезеңнің ұзақтылығы минутпен, сонымен қоса айлармен есептеледі.

Сын, пресуицидтік жағдайлар белгісіздікте, мазасыздықта, болған жанжалға көңіл аударып, өз сапасы кем деп жан құбылысы, әлсіздік, үмітсіздік, өз тұлғасы туралы жағымсыз бағалаумен көрінетін теріс эмоциямен сипатталады.

Адамның пресуицидалдық жағдайының ерекшелігі формалдық емес қатынасты қалыптастыруға мұқтаждығымен, жан құбылыстарының эмоционалдық көмекке мұқтаж болуымен, өз жан құбылысымен бөлісумен көрінеді. Егерде пресуицидалдық жағдайының бірінші күндерінде болатын суицид туралы ойлар келген кезде адам сырттан көмек іздеуде белсенділік көрсетеді, ары қарай осындай белсенділік төмендейді, бірақ көмекте ішкі мұқтаж болуы керісінше өседі. Осындай жағдайларда адамда өмірдің болашағы жоқ, тек қана сәтті өткен шақ болған деген сезім пайда болады. Өмір жолы адаммен ретроспективтік түрде болып көрінеді. Адам өмірдің бақытты сәттерін еске алуға тырысады. Бақытты «өткен» өмірдің фонында қазіргі жағдай оған амалсыз және ауыр болып көрінеді. Ары қарай дамыған пресуицидалдық жағдайында адамда ішкі бостық пен тіршіліктің мағынасы жоқ деп көрінеді.

Пресуицидалдық жағдайдан ұзақ, сәтсіз шығу әрекеттері адамның ішкі қорын толығымен жұмсап қояды. Сонымен, тұлғаның өзін-өзі бағалауы төмендейді, өзіне қарай оңды қатынасы өзгереді, өзінің шамасы жоқтығы туралы ойлар пайда болады. Эмоционалдық жабырқаңқылық жағдайдан шығу аясында адамның барлық ойы жағдайдың жағымсыз аспектінде шоғырланады. Нәтижесінде адам пайда болған мәселені шешу үшін сыртқы көмекті көре алмайды. Адамның суицидалдық ойлары суицидалдық ниетімен толықтырылады.

Өзіне-өзі қол жұмсауға шешім қабылдауына адамды сендіретін шарасыздық пен одан шығуға жолы жоқ деген алақандай психологиялық жарақат себеп болады.

Осындай жағдайдағы қызметкердің мінез-құлқының сипатты ерекшелігі:

- тұйықтық;

- толық оңашалау;

- айналадағыларға ықыластың жоқтығы;

- эмоционалдық тежеуі;

- барабар емес әрекеттер мен айтылуы болып табылады.

Сонымен қатар,



  • үнемшілдік;

  • байсалдылық;

  • айналадағыларға жауығушылықтық көріністер орын табады.

Осындай күйде жүрген адамдардың көбісінде келесі белгілер байқалады:

  • ұйқы қашуы;

  • тәбеті болмауы;

  • шаршаудың жоғарлауы;

  • әлсіздік сезімі;

  • жұмысқа қабілеттің төмендеуі;

  • «тоқтап қалған қарау» сияқты және т.б.

Пресуицидтің кезеңде келесі психоэмоционалдық жағдайлар тап болады.

Эгоцентризм. Суициденттің сана-сезімі эгоцентризммен көзге түседі. Суицидалдық мінез-құлқы кезінде эгоцентризм туралы адам өзіне, өз азапты жан құбылыстарына кіріп кету фактілерін айтады. Қалғанының барлығы, мысалы, отбасы, балалар олар үшін жоқ сияқты болады.

Өз мақсатқа жету үшін өзін-өзі өлтіру қауіп-қатер жолымен ізденетін адамдарының қыр көрсету-бопсалық мінез-құлқының кезінде эгоцентризмді, сонымен қатар оның парадоксалдық қасиеті көрінісін бақылауына болады. Адам өзін-өзі өлтіру міндет қылмай, осындай мінез-құлықтың түрі көрініс суицидалдық қауіп-қатерлер ерте ма кеш па дағдарысқа шағылысу үйреншікті әдіске еліктеуі шын суицидке айналады.

Суицидалдық мінез-құлқындағы эгоцентризмді невротиктің эгоцентризммен салыстыру кезіндегі азап көру жағдайда невротиктің эгоцентризмі қояншық нервоз кезінде намысқор мен өз-өзін жоғарлауға бағытталғанын байқаймыз; ал суицидентінің эгоцентризмі өз–өзін жоюға дейін баратындай өз абройынан бас тарту қасиетіне тап болады, осының бәрі өзіне-өзі терістіліктің соңғы дәрежесін көрсетеді.

Аутоагрессия. Суицидологтардың бір қатары аутоагрессияны суицидалдық мінез-құлқын анықтайтын қасиет болып табылады деп есептейді. Аутоагрессия – өзін-өзі жағымсыз қатынас, бірақ бұл толық анықтама емес, өйткені бұл өз сапасының кемшілігін, әрекетке қабілетсіздігі бойынша қатты қайғыратын невротик үшін сипатталуға да болады («Мен» - бақытсыз адаммын). Аутоагрессия кезінде жағымсыз қатынас соңғы дәрежеге жетеді.

Психикалық науқас адамдарда жиі өзін-өзі айыптауға, өзін-өзі жазалауға дейін баратындай, өз жазығын өлшеусіз асырып жіберуге баратындай үрдістерді байқауға болады.

Әр қатынас, соның ішінде суициденттің өзіне агрессиялық қатынас эмоциямен ғана шектелмейді (аутоагрессия жиына кінәлі және депрессия сезімі кіреді), соған тағы конгнитивтік компонент кіреді: соңғы жағымсыз өзін бағалауы және пресуицидалдық мен суицидалдық әрекеттері.

Әрдайым суициденттің мінез-құлығында аутоагрессияның болатынын алдында жақын адамдар бойынша күмәнділік, жөнсіз айыптау мен тағы басқа көріністерден тұратын гетероагрессия болып табылады. Суицидентінің гетероагрессиялығы өзін-өзі өлтіруге жақын жағдайлардың арасында орын табатындай адамдарының байқалатын байсалды қатынасымен жанамамен расталады. Адамның өліміне немқұрайлы көзқарасты гетероагрессияның көрінісі деп есептеуге болады.

Осындай агрессиялық мінез-құлық күшінде, суицидентке дағдарыстан шығу мүмкіндігі бар деген, оның өмірдегі оңды жақтарын көрсетуі жақын адамдардың әсер ету әрекеттері кері нәтижені көрсетеді және аутоагрессияны, пессимистикалық жеке қондырғыны одан әрі нығайтады.

Абзалы, жекелік дезадаптация жағдайын жетілдіру кезінде аутоагрессия ең ауыр сәті болып табылады. Күмәнсіз, аутоагрессия мен суициденттің пессимистикалық жекелік қондырғысының өзара келісуі бар.



Дағдырыстан шығуға келешекке пессимистикалық жекелік қондырғысы. Бұл суицидалдық мінез-құлықтағы ең интегральды психикалық құрылуы болып табылады. Жекелік қондырғысы – бұл нақты әрекетке психофизиологиялық даярлық жағдай. Бұл үш компоненттен құрылған интегралдық бірлік: когнитивтік (танырлық), эмоционалдық-қозғамдық және мінез-құлықтық.

Суицидалдық қондырғы үшін суицидалдық ой мен ниет, депрессия, мазасыздану, кінә ойлармен суицидке даярлық пен жүзеге асыру әрекеттері бар эмоциялар орын табады. Егер ерте пресуицидалдық фазада суицидалдық ойлар басымды болса, кеш фазаларда суицид актісін даярлау мен іске асыру суицидалдық әрекеттері орын табады.

Пессимистикалық қондырғы депрессивтік жағдайымен әрдайым түйіндесуге болады, депресивтік жағдайда басты және аяқталу фазаларда суицидалдық мінез-құлықтың белгілерін байқауға болады. Пессимистикалық жекелік қондырғы түзетуге жаман беріледі, ол суицидалдық жағдайдың параноялығымен түсіндіріледі.

Параноялык. Жүйке-психикалық регидтілікпен, моральдық догматизммен, өкпешілдікпен, тым құңдылықты ойларды құруымен параноялык акцентуация суицидалдық жағдайын ауырлатады. Тұлғалық дезадаптация жағдайында осындай жеке адамдар басқаларға қарағанда жиі суицидті жүзеге асыруға тырысады.

Әрине, суициденттердің барлығы параноялық тұлға бола алмайды. Бірақ суициденттердің барлығы параноялық мінездің сипаты емес, суицидалдық жағдайының сипаттамасы болып табылады.

Осы ойлардың растауы болып, барлық суициденттерге ішкі параноялық сипаты бар: суицид әрекетін жасаған адамдардың үштен бiр бөлігі бір жылдың ішінде осындай әрекетін қайта қайталайды. Байқаймыз, осы жағдайда психика жайы дені сау адамдар туралы айтып отырмыз. Әртүрлі психикалық ауруларда жартыжылдығы ішінде қайталанған суицидтер 60% жиі болады.

Параноялық тұлғада құндылық сезімнің құрылымы не болып табылады? Ол дисгармониялды болады, оның ішінде тек бір ғана басқаратын құңдылық (отбасы, бала, жұмыс және т.б.) жоғары құндылық сипатына ие болады, қалғандары екінші кезекте тұрады. Осы кезде жоғарыланған қауіп-қатер тұрады: егер «басты» құндылық жоғалса (мысалы, отбасынан сүйікті әйелдің кетуі), суицидентінің барлық өмірі мәнсіз болып қалады. Құндылық пирамидасы бұзылады.

Суициденттің құндылық жүйесінде осыған ұқсас нәрсені көруге болады. Егер тұлғаның құндылықтары «қалыпта» болса, жақсы бейімделу өмірлік бекітуі сипаты болса, адамды өмірімен байлайды, дезадаптацияда басты құндылықтың орынға жағымсыз жақтағы құндылықтарына ие бола алады. Суицидалдық мінез-құлықта осындай «астам құндылық» жеке құндылық жүйесін бұзатын дағдарыстан елесті түрде шығуы өмірден кету ойы болып табылады. Аутоагрессиямен, депрессиямен, суицидалдық ойымен және қозғамымен - суицидалдық мінез-құлықтың басқа компоненттерімен нығайтылып, осындай «антиқұндылық» мақсатқа ауысып трагедиялық қорытындысына апарады.

Депрессия. Дағдарыстағы депрессия – бұл дабыл, жабырқау, талқандалғандық пен үміт үзу басым болатын эмоционалдық шалдығу. Дерлік әрқашан өз абройынан бас тарту мен өзінің сапасы кем, әрекетке қабілетсіздік сезімдері әртүрлі дәрежеде көрсетілген. Болашаққа пессимистикалық қондырғы үмітсіздікпен, шығуға мүмкіндігі жоқ сезімімен толтырылған. Адам өзін әлсіз сезінеді, басқа адамдардан, туыстарынан және жақын адамдардан психологиялық кедергімен жекеленген болады, ол өз «Мен» дегенімен, өз азапты жан құбылысына беріліп жүреді.

Алаңдау. Аландау – бұл адам дағдарыста екенін көрсететін алғашқы белгілердің біреуі. Ол өз көпшілік психофизиологиялық және психомоторлық симптомдарында өз әлпетін табады:


  • қозғалтқыш тынышсыздық («адам өзінің орнын таба алмай жүр»);

  • тамыр соғысының жиілеуі;

  • ішек-қарын түйілуі және т.б.

Невротикалық мазасызданудан, мысалы фобиялық тумысына қарағанда суицидалдық мінез-құлықтағы мазасыздану жалпы пессимистикалық қоңдырғымен байланысты болады. Мазасыздану жалпы әлсіздікті, қорғалғандығы жоқ, басқа адамдардан алыстау сезімін туындатады. Мазасыздану аутоагрессиялықпен бірлесіп суицидалдық мінез-құлықты түзету кезіндегі психотерапияны қиындатады, тұлғаға дағдарыстан шығуға кедергі болып табылады.

2.2. Өзіне-өзі қол жұмсаудың әлеуметтік және психологиялық себептері
Суицидалдық мінез-құлықтың негізінде нақты әлеуметтік жері бар, сондықтан суицидтің алдын алу процесін бөлек адамдар деңгейінде емес, кәсіби топ деңгейінде шешу тиісті болып табылады.

Жұмыссыздықты туғызып, отбасынан айырылу, маскүнемдікке, нашақорлыққа, психикалық шалдығуына әсер беріп, өзіне-өзі қол жұмсауға ықпал етуге себеп болатындай, өзін-өзі өлтірудің экономикалық дағдарысымен байланысы анық көрінеді. Адамның ойын «өзіне-өзі қол жұмсау вирусымен» жұқтыратын бұқаралық құралдар ерекше рөл ойнайды. Кітаптарда, кинотеатр мен теледидарда әзірленетін өзін-өзі өлтірушінің романтикалық бейнесі құпиялық-сүйсінетін мағына беріп, нағыз азап көрудің, мінездің бекемдігінің, борыш мен намыстың нышаны болып көрінеді.

Тарихи-мәдениет зерттеулер көптеген халықтарда нақты замандарда өзін-өзі өлтіру адам үшін алдын ала жазып қою сипаты болған екенін дәлелдейді, мысалы, рудың намысын сақтап қалу үшін өзін құрбандыққа беру және т.б. Өз-өзінен өлтіруінің көрсеткіштеріне әсер ететін әлеуметтік себептер константа емес, айнымалы сипатына ие болады, өйткені қоғамдың тарихи даму процесінде олардың ықпал жігері ауысады. Сонымен, өзін-өзі өлтіру некені сақтайды деп, баяғыда айтып отыруға болатын. Қазір жағдай өзгерді. Бұл адам өміріндегі отбасы рөлдің, қоғамда және отбасында әйелдер жағдайының өзгертуімен байланысты.

Суицидалдық ойларының пайда болуға, бұдан әрі – адаммен өмірден кетуге шешім қабылдауына, әлеуметтік себептер аз болады. Суицидтің әлдеқайда маңызды, төмен себептері – адамның сезімдерінде және түсініктерінде, өмірдің жалпы бағытта, оның психологиялық ерекшеліктерінде тамырланған себептері болып табылады. Өзіне-өзі қол жұмсау психологиялық дағдарыстағы, жан құбылысының жанжал жағдайлардағы адамның әлеуметтік-психологиялық дезадаптацияның нәтижесі болып табылады. Сонымен, суицидалдық мінез-құлықты туындататын отбасылық, кәсіби, жеке, тұрмыстық, сырлас және шығармашылық психологиялық себептері болады.

Жуырдағы өткен шақта әрбір өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасы психикалық науқаспен жасалады, есі ауысу адамды өмірден кетуге итермелейді деп есептелген. Осыған ешкім күмән келтірген жоқ, бірақ барлық өзіне-өзі қол жұмсау жағдайларының психикалық кемшілігі себеп болуы – анық фактілерден қарсы баруы болады. Бірізділі қисыны бар, мағыналымен, тыныштықпен және жалпы барлық психикасы сау адамның қабілеті бар, өмірде аурудың ешқандай белгілері болмаған адамдардың көпшілігі өмірден өз еркімен кетеді. Мәселе бойынша замандас мәліметтер белгілейді – өзіне-өзі қол жұмсау әрекетін жасау немесе өзін өлтіргендері 1/3 шамасында есі ауысқандары болады.

Бөлініс жетекшілері мен тәжірибелі психологтар үшін өзіне-өзі қол жұмсаудың себептері мен қозғамдамалардың орнауы өте қиын және маңызды міндет болып табылады.

ІІО қызметкерлерінің өзіне-өзі қол жұмсаудың шын қозғамдамаларын анықтауы қиын міндеті болып табылады. Өзін-өзі өлтірушінің айналадағы тұлғалары мен оның туысқандары жиі өзін-өзі өлтірудің себептерін, өзін-өзі өлтіру фактілері мен қастандықтарын жариялауда мүдделі болмайды. Өзін-өзі өлтірушілер мен өзін-өзі өлтіруге қастандық жасаған тұлғалар өз әрекеттерінің мағынасын кейбір кезде барабар бағаламайды және оны түсіндіру үшін жиі тікелей сылтауларды, жақын арадағы оқиғаларды немесе оқиғалардың өзіндік долбардың бұрмалауын шығарады (өлудің алдында жазылған жазбалар, тірі қалған тұлғаларымен әңгімелесуі).
1 кесте. Суицидке апаратын реакциялардың түрлері1





Реакция

Реакцияның сипаттамасы

1

Эгоцентрикалық ауыстыру реакциясы

Қатты жанжал пен жан құбылыстарға жауап беретін суицидалдық үрдістердің аяқ астынан тууы

2

Психалгия реакциясы

Суицидке шығуды іздейтін «жүйке ауруы» ауыр сезімі мен күйзелістік көріністердің пайда болуы

3

Жағымсыз интерперсоналдық қатынастың жан құбылысы

Суицидалдық ойлар мен пессимистикалық өзін-өзі бағалауымен сүйемелденген жатырқау, түсініксіз, басы бірікпеушілік, қорлау сезімі, топтағы қатынаста көңіл қоюы

Сондықтан, сылтау мен жағдайлардың анықтауы және де өзін-өзі өлтіру қозғамын бекітуі бөліністердің жетекшілер мен тәжірибелік психологтар үшін маңызды міндеті болып табылады.

Қызметкерлердің өзін-өзі өлтіру фактілері бойынша тергеу материалдарын зерделеуі, өзінің өміріне қауіпті әсер еткен тұлғалардың сырқатының тарихы, онымен және оның туыстарымен, әріптестерімен әңгімелесуі ІІО-нда өзін-өзі өлтіру себептері мен қозғамдамаларды топтастыруға мүмкіндік береді.


  1. Жеке-отбасылық жанжалдар, сонын ішінде:

  • қорлау, айыптау, айналадағылар мен туысқандар жағынан кемсітулер;

  • қызғаншақтық, ерлі-зайыптылардың опасыздығы, ажырасуы;

  • «жақын» досын жоғалтуы, жақындарының ауруы, ажал;

  • мінез-құлықпен, маңызды жақындарының жекелік сапаларымен қанағаттанбауы;

  • пайда болған өзекті сұраныстың қанағаттануына кедергілері;

  • жалғыздық, өмірдің әдеттегідей стереотипін өзгертуі, әлеуметтік оңашалануы;

  • сәтсіз махаббат;

  • айналадағылар жағынан қамқорлық пен қөнілдің жетіспеушілігі;

  • мүмкіншіліктің жоқтығы.

2.Психикалық деңсаулығының жағдайы.

  1. Физикалық деңсаулығының жағдайы.

  2. Антиәлеуметтік мінез-құлқы, соның ішінде:

  • соттық жауапкершіліктен қауіптенуі;

  • басқа жазалаудан немесе масқарадан қорқуы;

  • лайықсыз әрекет үшін өзін-өзі айыптаушылық.

  1. Кәсіби саладағы жанжалдар, соның ішінде:

  • мүмкіншіліктің жоқтығы, жұмыстағы сәтсіздік, абыройдың түсуі;

  • басшы жағынан кәсіби міндеттерді атқару бойынша әділетсіз талаптар;

  • тым үлкен психикалық және физикалық жүктеме.

Жоғарыдағы айтылған қозғамдама мен себептерді толық қарастырайық.
Жекелік-отбасылық жанжалдар

Өзін-өзі өлтіру әрекеттері 45% шамасында жекелік-отбасылық себептер бойынша жасалынады. Егер де жалғыздық, жақын адамды жоғалту, жыныстық қанағаттанбаушылық сылтауларымен байланысты жағдайларда жеке құрамның арасындағы өлім көрсеткіші тым жоғары байқалады. Керісінше, сәтсіз махаббат жағдайында немесе қажеттілікке қанағаттануға кедергі болған жағдайларда - өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау санының көбейюі байқалады. Отбасылық жанжал мен ажырысулар - үйленген немесе ажырасқан қызметкерлердің өзін-өзі өлтіру себептері болып табылады; сәтсіз махаббат – бойдақтардың; ауру немесе жақындарының ажалы – жесір қалғандардың; жалғыздық – отбасы жоқ тұлғалардың себептері болып табылады.

30-40 жастағы қызметкерлер отбасылық жанжалдарды, жақындарын жоғалтуы зейнеткер жасына жетіп қалған тұлғалар, басшы мен әріптестер қатынасының әділетсіздігін 40-50 жастағы жеке құрам, сәтсіз махаббат себебін 25 жастағы жас қызметкерлер қиын өткереді.

Өзіне қол жұмсаған қызметкерлердің сылтаулары мен олардың мінездемесі салыстырмалы түрде алғанда отбасылық жанжалдар, көбіне, әкімшілік және тәртіптік сөгісі бар, маскүнемдікке жақын тұлғаларда байқалады. Керісінше, жақындарының қайтыс болуы, сәтсіз махаббат, жалғыздық сияқты себептермен өзіне-өзі қол жұмсау мотивтері аталған көрсеткіштері бойынша оңды сипаттамасы бар тұлғаларда байқалады.



Психикалық денсаулығының жағдайы

Бұрын психикалық дені сау адамдарға психиатриялық диагноз қойып, психиатрдың есебіне алынғаннан соң суицидалдық ойлар пайда болады, бұл аурудың үмітсіздігін және жеке күйреуін куәландыру болады, басқаша айтқанда психологиялық зақымды фактор болып табылады.



Дене денсаулығының жағдайы

ІІО қызметкерлерінің өзіне-өзі қол жұмсау себебінің салыстырмалы салмағы жоғары емес, бірақ көпшілік өзіне-өзі қол жұмсаушыларда осы немесе басқа аурудың бар болуы байқалады. Өзіне-өзі қол жұмсау шешімін қабылдауы қылтамақ iсiгі, туберкулез, асқазанның жарасы бар, сифилис, басқа жүрек-тамырлы аурулары бар науқастарда байқалады. Бұл шамамен 10% жағдайда ауруының маңыздылығы туралы жеке түсініктерін қатты асырып жіберген.



Антиәлеуметтік мінез-құлық

Осы себеп тобына қызметкерлерімен қылмыстық жауапкершіліктен, басқа жаза немесе масқара болудан, сонымен қатар өкіну, жасалған қылмыс немесе лайықсыз әрекет, ұят болудан сақтану жағдайларын белгілеп қою қажет. Өзіне-өзі қол жұмсау немесе өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет жасау мәліметтерінің талдауы бойынша бұзушылық үшін басқа жазалардан сақтануға қарағанда қылмыстық жауапкершіліктен қорқу кезінде адамдардың суицидалдық әрекеттері өте байыпты болатынын көрсетеді.



Кәсіптік саладағы жанжалдар

Кейбір кездерде ІІО-дағы қызметпен байланысты суицидогендік себептері өзіндік кәсіби дәрменсіздігінің жоқтығымен, сәтсіздігімен, өз қабілеттерінің қызметке қойылатын талаптарға сәйкес еместігімен, беделінің төмендеуімен негізделеді. Басқа жағдайларда сыртқы санкциялардың әділетсіздігі, басшылар мен әріптестерінің қатынастарының теріс түсінігі байқалады. Осындай өзіне-өзі қол жұмсау себептерінің тобында тым артық физикалық және психикалық жүктемесінен өмірден кетуге шешім қабылдауы байқалады. Бірінші кезекте – қаруды қолданудан кейінгі ІІО-ның қызметкерлерінде күйзеліс жағдайлары. Осы факт бөлімшелердің жеке құрамының төтенше жағдай аймақтарында ұзақ болуына ІІО-ның қызметкерлері үшін өзекті болып табылады. Посттравматикалық стрестік реакцияны туындататын құқықбұзушыларға қарсы қаруды қолданған тұлғаларда, әсіресе оны өлтірген кезде, суицидалдық мінез-құлық қолайсыздыққа ұшырататын өзгешелік эмоционалдық жағдайы пайда болады.

Зақымдау үшін атқан қызметкерлермен әңгімелесу кезінде келесі нәтижелерді алуға болады – олардың жан құбылыстары үнсіз кетпейді, тіпті уақыт жабырқау, жалғысыздық сезімдерді, «жүрек ауруды» алып кете алмайды (100% барлығы). Бұл сырттай көрінбесе де, бірақ қызметкер толығымен қызметін атқара алмайды, одан басқа оның жан құбылысы дөрекiлiк, отбасында жанжал (87,5%), басшыларға қарай қарсы шығуы (37%), жұмыстан шығуы (37,5 %) суицид түрінде шығатын болу мүмкін (бір қызметкерінің пікірі).

Материалдық-тұрмыстық қиындықтар

Қызметкерлердің арасында осындай себеппен болатын өзіне-өзі қол жұмсау жағдайлары сирек кездесетіні ресми есептелінген. Осындай кезде өзіне-өзі қол жұмсаушылардың үй-тұрмыстық жағдайлары мен материалдық жағынан жақсы, қанағаттанарлық қамтылған деп бағаланады. Егер де осындай себеп негізгі деп дәлелденсе, мамандар қызметкерлердің қанағаттандырылмаған жоғарылаған дәмеленуді кейбір себептердің (жеткіліксіз қасиеттер, білім деңгейі, маскүнемдікке шалу және т.б.) байланысын бақылап шығаратын.

Қазіргі кезде өзіне-өзі қол жұмсаудың көрініс-бопсалық әрекеттерінің саны көбейді. Бұл құтқару есебімен, өзін өлтіруге ешқандай ниеті жоқ, өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттерінің көріністерімен театрлық сахналарды ойнауы болып табылады. Барлық әрекеттері өзіне назар аудару, махаббатын қайтару, аяушылық етуге, жанашырлықты шақыру мақсатында, сескендіретін жағымсыздықтардан құтылу немесе айналадағылардың көңілін аударып жәбірлеушіні жазалауға, оған салмақты ренішті жеткізу («адамды өз жармасуымен өлімге жеткізді», «күйеуінің мазасын алды» және т.б.) үшін жасалынады.

Әдетте «көріністің» өткізілетін жері кімге арналғанын дәлелдейді: қызмет барысында – әріптестерге, басшыларға, үйде – отбасына, жақын адамдарға, сүйіктілеріне, жастарына. Көрініс мінез-құлықта жиі тамырларын кесуі, улы нәрселермен улану, сирек – өзін-өзі асып өлтіру және өзін-өзі атып жаралаушы әрекеттер қолданылады. Абайсыз болған, дұрыс манипуляция жасамаудан немесе кездейсоқтықтан болған көрініс-бопсалы әрекеттері «тым ойнап кетуге» апаратынын және қиын зардап шегуге болатынын есепке алу керек.

Басшылық және тәжірибелік психолог жағынан көрініс сияқты әрекеттердің бағалануы оның барлық мән-жайды мұқият талдауды қажет етеді. Өзіне-өзі қол жұмсаудың қандай болса әрекеттерін назарсыз қалдыруға болмайды. Өзіне-өзі қол жұмсаудың негізінде, оны ұғыну немесе ұғынбау әрекеттерінде жақын адамдарға, басшылыққа, әріптестеріне немесе қоғамдық пікіріне шағым берулер бар, осындай парадоксалдық тәсіл бойынша айналадағылардан көмек пен қолдауды алуға талаптануы көрсетіледі. Соңғы уақытта суицидалдық әрекеттердің санының өсу себептерінің бірі жасырылған.

Өзіне-өзі қол жұмсау мүмкіндік себептері:



  1. көмек іздеу – өзіне-өзі қол жұмсауды ойлайтын адамдардың көбісі өлуді қаламайды. Өзіне-өзі қол жұмсау бір нәрсені алу тәсілі болып табылады (мысалы, назар аудару, махаббат, мәселелерден, үмітсіздік сезімнен құтылуы);

  2. үмітсіздік – өмірдің мәні жоқ, болашаққа ешқандай сенім жоқ. Өмірді жақсы жаққа өзгертуге ешқандай үміті жоқ;

  3. көпшіл мәселелері – барлық мәселе соншама ғаламдық және олардың шешімдері жоқ, адам оларды бір-бірден шешу үшін топтастыра алмайды;

  4. басқа адамға зақым жасау әрекеті – «Олар әлі өкінеді!» Кейде адам, егер ол өлсе, онда отбасының өмірін жеңілдетеді және ол мәселені өзімен бірге алып кетеді, деп есептейді;

  5. мәселені шешу тәсілі – адам өзіне-өзі қол жұмсауды батырлық пен күштің көрсеткіші деп қарастырады.

жүктеу 0,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау