Методический документ республики казахстан



жүктеу 0,83 Mb.
Pdf просмотр
бет4/20
Дата12.01.2020
өлшемі0,83 Mb.
#26419
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

 

техникалық  қадағалауды  жүргізеді.  Оның  қалауы  бойынша  жіберілген  кемшіліктер  мен 



ақауларды жоюдың кепілді мерзімінде де техникалық қадағалау іске қосылуы мүмкін. 

 

 



5 ҚҰРЫЛЫСҚА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫ 

ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ 

 

5.1  Тапсырысшы  қадағалау  жөніндегі  арнайы  уәкілетті  тұлғалар  белгілеген  тәртіп 

бойынша: 

-  жүйелі  бақылауды  және  құрылыс-монтаж  жұмыстарының  аяқталған  кезеңдерін 

қабылдауды  қамтамасыз  ету  мақсатында  өндірістік  және  өндірістік  емес  мақсаттағы 

ғимараттар мен имараттар құрылысына

-  жоғарыда  аталған  ғимараттар  мен  имараттардың  жобалық  шешімдерге,  құрылыс 

нормаларына,  құрылыс  ережелері  мен  белгіленген  тәртіппен  бекітілген  басқа  да 

нормативтік-техникалық  құжаттарға  сәйкестігіне;  қолданылатын  материалдар,  бұйымдар 

мен конструкциялар сапасына; 

- құрылыстың жүргізілуіне және келісімшартпен (контрактпен) белгіленіп бекітілген 

тәртіппен және мерзімде объектіні пайдалануға енгізуіне техникалық қадағалауды жүзеге 

асырады. 

5.2  Техникалық  қадағалау  жобалау-смета  құжаттамасына  және  құрылыс-монтаж 

жұмыстарының  (ҚМЖ)  орындалған  сапасына  және  төлемге  ұсынылған  жұмыстарға, 

орындалған ҚМЖ көлеміне есеп жүргізу және оның құнына (Б-Г қосымшаларына сәйкес 

орындалған  жұмыс  көлемін  қабылдау  актісіне,  орындалған  жұмыс  актісіне,  орындалған 

жұмыс құны мен шығын туралы анықтамаға) объект құрылысының мерзімдеріне, сондай-

ақ  мердігер  ұйымның  сапасыз  орындаған  жұмысы  мен  жіберілген  ақауларды  жою 

шығынының  көлеміне сәйкестігін бақылау мақсатында жүзеге асырылады.  

5.3  Құрылыс  барысында  өрескел  бұзушылық  пен  сапасыз  орындалған  жұмыстар 

анықталған  жағдайда  техникалық  қадағалау  өкілі  Жіберілген  бұзушылықтарды  жою 

ұйғарымын  береді,  жұмыс  өндірісін  тоқтатады,  орындамаған  жағдайда  тиісті  ақпаратты 

мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органына (МСҚО) жібереді. 

5.4 Техникалық қадағалауды өз күшімен жүзеге асырғанда тапсырысшы техникалық 

қадағалаудың  жауапты  өкілін  тағайындайды  және  қажет  болған  жағдайда  өзінің 

ұйымдастырушылық  құрылымында  техникалық  қадағалау  қызметін  құрып,  оны 

құрылыстың  толық  кезеңіне  қызметтік  үй-жайлармен,  жабдықтармен,  инвентарьмен, 

бақылау-өлшеуіш  аспаптармен  және  құралдармен,  қажетті  нормативтік-  техникалық 

құжаттармен, байланыс және өңдеу құралдарымен, арнайы киіммен, сонымен қатар қажет 

болғанда көлікпен және техникалық қадағалау өкілінің уақытша тұруына жағдай жасайды. 

5.5  Техникалық  қадағалау  қызметінің  штаттық  қызметкерлерінде  сәулет,  қала 

құрылысы  және  құрылыс  қызметі  саласында  инжинирингтік  қызметтерді  жүзеге  асыру 

құқығына тиісті аттестаты болуы керек. 

5.6  Тапсырысшының  штаттық  қызметкері  болып  табылмайтын  сарапшылар  немесе 

ұйым техникалық қадағалауды жүзеге асырғанда материалдық-техникалық мәселелер мен 

жұмыс жағдайлары инжинирингтік қызметтер көрсету шартында (контрактта) көрсетіледі. 



 

5.7  Тапсырысшы  мердігерге  (немесе  мердігер  өкіліне)  техникалық  қадағалау 



персоналын тағайындау туралы жазбаша хабарландыру жібереді. 

Техникалық қадағалау өкілінің құзыреті жөніндегі талаптары мердігер үшін міндетті 

болып табылады. Техникалық қадағалау өкілі өзінің міндеттерін орындағанда мердігердің 

шаруашылық  қызметіне араласуға құқығы жоқ. 

5.8  Инжирингтік  қызмет  көрсету    жөніндегі    сарапшыларды    (ұйымдарды)  тарту 

арқылы    техникалық  қадағалауды  жүзеге  асыру  кезінде    тапсырысшы  техникалық 

қадағалау  сызбаларында  «Жұмыс  өндірісіне»  деген  белгісі  бар  жобалау-сметалық 

құжаттамасының толық жиынтығының бір данасын техникалық  қадағалауға береді. 

5.9  Техникалық  қадағалауды  жүзеге  асыру  кезінде  жалпы  техникалық  қадағалау 

жеткшісі  тапсырысшыға,  ал    техникалық  қадағалау  өкілі    жұмыстың  арнайы  түрлері 

бойынша жалпы техникалық қадағалау жетекшісіне есеп беруге міндетті. 

5.10    Техникалық  қадағалау  жобалау  ұйымының  авторлық  қадағалау  жөніндегі 

мамандарымен,  мердігердің  құрылыс  сапасын  өндірістік  бақылау  қызметінің 

жұмыскерлерімен, 

сондай-ақ 

мемлекеттік 

сәулет-құрылыс 

инспекциясының 

мамандарымен байланыста жүзеге асырылады. 

5.11 Техникалық қадағалау өкілінің біліктілік деңгейі. 

Техникалық қадағалау өкілі: 

5.11.1  Қазақстан  Республикасының  сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс 

саласындағы  қолданыстағы  заңнамасын,  техникалық  регламенттері  мен  мемлекеттік 

нормативтерді, жобалау, нормативтік-техникалық құжаттаманы, құрылысты ұйымдастыру 

және  объектіде  жұмыс  өндіру  жөніндегі  құжаттаманы,  сапаны  бақылау  әдістерін, 

құрылыс-монтаж  жұмыстарын  қабылдау  және  куәландыру    ережелерін,  сонымен  қатар 

еңбек қорғау және құрылыста техника қауіпсіздігі ережелерін білуге.  

5.11.2  Құрылыстың  дайындық  кезеңінде  құрылыс  аймағына  түсетін  инженерлік-

техникалық  қамтамасыз  ету  желілерін  көшіру  және  қайта  құрылымдау  жөніндегі 

жұмыстың сапасын бақылауға. 

Жер  кодексіне  және  басқа  да  нормативтік-техникалық  құжаттарға  сәйкес 

топырақтың құнарлы қабатын алу және сақтау жөніндегі жұмыстың сапасын бақылауға. 

«Телекоммуникация желілерінің қорғау аймақтарын және олардағы жұмыс режимін 

белгілеу  ережелеріне»,  «Қорғау  аймақтары  көлемін,  пайдалану  режимін  және  бөлу 

белдеулеріндегі  теміржол  көлігінің  қажеттілігі  үшін  жерлерді  пайдалану  ережелеріне» 

сәйкес  байланыс  және  электрбергіш  желілерінің  қорғау  аймақтарында,  теміржол  мен 

автомобиль  жолдарының  бөлу  белдеулерінде  жұмыс  өндірісіне  жазбаша  рұқсаттың 

болуын бақылауға. 

Қажет  болған  жағдайда  Орман  кодексіне  және  «Ағаш  кесуге  рұқсат  билеті  мен 

орман  билетінесепке  алу,  сақтау,  толтыру  және  беру  ережелеріне»  сәйкес  белгіленген 

тәртіппен ағаш кесуге рұқсат билетін алу және оны мердігерге беруге.5.11.3 Құрылыстың 

күнтізбелік  жоспарын  сақтауды  және  объектіні  нормативтік  мерзімде  және  мердігер 

шартымен белгіленген мерзімде пайдалануға енгізуді бақылауға.  

5.11.4  Құрылыстың  жобалау-сметалық  құжаттамаға  және  материалдық-техникалық 

ресурстарға қажеттілігін және қамтамасыз етілуін білуге. 



жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау