9
5.12.3 Мердігерге (немесе мердігер өкіліне), қажет болған жағдайда тапсырысшыға
жобалау-смета және нормативтік-техникалық құжаттамалар талаптарын бұзатын және
техникалық қадағалау нұсқауларын орындамайтын тұлғаларды жауапқа тарту туралы
ұсыныс жасау.
5.12.4 Тапсырысшыға құрылыс сапасын көтеруді, құнын төмендету мен мерзімін
қысқартуды қамтамасыз ететін жұмыс өндірісінің озық әдістерін, жаңа материалдар мен
технологияларды енгізу туралы ұсыныс енгізу.
Жұмысты орындау басталғанға дейін тапсырысшыдан ғимараттарды, имараттарды
тұрғызғанда қолдану үшін, қарастырылатын материалдар мен жұмыс түрлерінің
презентациясын, жұмыс түрлері бойынша эталон-үлгінің орындалуын, сонымен қатар
тапсырысшының қалауы бойынша эталон-пәтерлердің әрлеу жұмыстары басталғанға
дейін болашақ тұрғындарды сол пәтерлермен таныстыру дайындығын талап ету.
5.13. Жұмысты куәландыру және қабылдау.
5.13.1 Техникалық қадағалау өкілі жасырын жұмыстарын куәландыруды, жауапты
конструкцияларды аралық қабылдауды және төлем үшін жұмыстарды қабылдауды
жүргізеді. Жұмысты куәландыру және қабылдау мердігер өкілінің, қажет болған
жағдайда құрылыс ұйымының қосалқы мердігер өкілдерінің (олардың орындалған
жұмыстарды куәландырғанда және қабылдағанда) және авторлық қадағалауды жүзеге
асыратын жобалау ұйымының қатысуымен жүзеге асырылады.
5.13.2 Мердігер (немесе мердігер өкілі) техникалық қадағалау өкілін алдағы
жұмысты куәландыру және қабылдау туралы жұмысты куәландыру және қабылдау
басталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей хабарлайды.
Егер техникалық қадағалау өкілі мердігердің сауалында көрсетілген мерзімде
жасырын жұмыстарды куаландыруға келмесе, ал куәландыруды кешіктіру кейінгі
жұмыстардың тоқтатылуына әкеп соғатын болса, онда мердігер (немесе мердігер өкілі) бір
жақты тәртіппен жасырын жұмыстарды куәландыру актісін жасай алады. Мұндай
жағдайда техникалық қадағалау өкілі жұмыстардың дұрыс орындалғанын растау үшін
конструкцияларды ашуды талап етсе, ашылу тапсырысшының есебінен, ал сапаға
қойылған талаптар бұзылған жағдайда - мердігердің есебінен жүргізіледі.
5.13.3 Жасырын жұмыстарды куәландырудың нәтижелері бойынша нормативтік
құжаттармен белгіленген формада акті жасалады.
5.13.4 Жасырын жұмыстарды куәландыру кейінгі жұмыстар орындалғанға дейін
жүргізіледі. Егер кейінгі жұмыстарды үзілістен кейін немесе ауа-райы күрт өзгергеннен
кейін (жаңбыр, суық және т.т.) орындауға тура келсе, онда жасырын жұмыстарды
куәландыру қайтадан жүргізіледі. Куәландырылған жұмыстар мен конструкциялар
бүлінген жағдайда да ақаулар жойылғаннан кейін қайта куәландыру жүргізіледі.
5.13.5 Техникалық қадағалау өкілі құрылыс мердігерлігі шартымен белгіленген
тәртіппен төлем жүргізу үшін орындалған жұмыстарды қабылдауды жүргізеді. Есептік
кезеңге ай не болмаса объекті құрылысына немесе құрылыс жұмыстарын орындауға
қажетті уақыт кезеңі алынуы мүмкін. Қабылдау нәтижесі бойынша техникалық қадағалау
өкілі қол қойған орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарын қабылдау актісі рәсімделеді.
10
5.13.6 Әдетте, техникалық қадағалау өкілі жасырын куәландыру, жауапты
конструкцияларды аралық қабылдау, сондай-ақ орындалған жұмыстарға төлем жүргізуді
абылдау кезінде мердігерден (немесе мердігер өкілінен) мына құжаттамаларды талап етуі
тиіс:
- Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958
қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу
ережелеріне сәйкес жер учаскесінің шекарасын бекіту туралы құжатты;
- Е қосымшасына сәйкес ғимараттар мен имараттардың геодезиялық құрғыш негізгі
осьтерін қабылдау актісі;
- Д қосымшасына сәйкес ғимарат, имарат тұрғызу актісін;
- Ж қосымшасына сәйкес репер белгісін ауыстыру актісін;
- желілік инженерлік-техникалық қызметкерлерде сейсмиялық аудандарда құрылыс-
монтаж жұмыстарын өндіру құқығы куәлігін;
- ҚР ҚН 1.03-00 белгіленген формасы бойынша жұмыс өндірудің жалпы журналын;
- бағананы қағу, бағананы зерделеу журналын (ҚР ҚН 5.01-12, ҚР ҚБҚ 5.01-19
сәйкес);
- мемлекеттік нормативтермен белгіленген форма бойынша құрылыс конструкцияларын
монтаждау жөніндегі жұмыстар журналын;
- белгіленген форма бойынша пісіру жұмыстарының журналын;
- мемлекеттік нормативтермен белгіленген форма бойынша пісірме қосылыстарды
тоттанудан қорғау журналын;
- мемлекеттік нормативтермен белгіленген форма бойынша монтаж жапсарлары мен
тораптарын құйып бекітк журналын;
- нормативтермен белгіленген форма бойынша бақыланбалы керілісі бар монтаж
қосылыстарын орындау журналын;
- мемлекеттік нормативтермен белгіленген форма бойынша авторлық қадағалау
журналын;
- И қосымшасына сәйкес материалдар, бұйымдар, конструкциялар, инженерлік
жүйелер мен жабдықтар сынағының актілерін (хаттамаларын);
- сапа туралы құжаттарын (материал, бұйымдар, конструкциялар мен жабдықтар
төлқұжаты мен сертификаттарын);
- атқару геодезиялық схемаларды.
5.13.7 Дайындығына қарай жекеленген жауапты конструкциялар мемлекеттік
нормативтермен белгіленген форма бойынша актінің рәсімделуімен техникалық қадағалау
өкілдерінің аралық қабылдауына жатады. Техникалық қадағалау өкілі (авторлық
қадағалаудың қатысуымен) қабылдайтын ғимараттар (имараттар) беріктігі мен
орнықтылығы кейінгі конструкциялармен жасырылатын, орындау сапасына байланысты
болып табылатын жауапты конструкциялар мен негізгі жұмыс түрлерінің жоба тізілімі К
қосымшасында берілген.
5.13.8 Жұмыстарды куәландыру және қабылдау, жауапты конструкцияларды аралық
қабылдау кезінде техникалық қадағалау өкілі қолданылатын материалдар, бұйымдар,