Методический документ республики казахстан



жүктеу 0,83 Mb.
Pdf просмотр
бет5/20
Дата12.01.2020
өлшемі0,83 Mb.
#26419
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

 

5.11.5  Салынып  жатқан  объектілерде  нормативтік-техникалық  және  атқару 



құжаттамасының, тексерілген өлшеу құралдарының болуын бақылауға. 

Мердігердің  (немесе  мердігер  өкілінің)  геодезиялық  бөлшектеу  негізін  қабылдауы 

және оған беруі кезінде қатысуға, сонымен қатар құрылыс аяқталғанға дейін мердігердің  

оны сақтауын қамтамасыз етуді бақылауға. 

Құрылыс  (жоспарлы-биіктік  бөлшектеу,  атқару  геодезиялық  схемалар)  барысында 

геодезиялық жұмыстардың уақытында, толық және дұрыс орындалуын тексеруге. 

5.11.6    Жобалау-смета  құжаттамасында  сәйкессіздік  табылғанда  немесе  жобалық 

шешімді  өзгерту,  материалдарды,  бұйымдарды,  конструкцияларды,  жабдықтарды 

ауыстыру қажет болғанда, осы мәселелерді тапсырысшы шешу үшін ұсыныс жасауға. 

Жабдықтарды  монтаждау  үшін  орындар  мен  үй-жайлардың  уақытында  берілуін 

бақылау  және  оларды  беруге  қатысу.  Мердігердің  монтаждалған  жабдықтары  мен 

инженерлік  желілерін  жеке  сынақтан  өткізуі  мен  олардың  нәтижесін  тиісті  ресімдеуін 

бақылау. Сынақтан кейін жабдықтарды қабылдауға қатысуға. 

5.11.7 


Құрылыс-монтаж 

жұмыстарының, 

қолданылатын 

материалдардың, 

бұйымдардың,  конструкциялар  мен  жабдықтардың  сапасын,  олардың  жобалау 

құжаттамасына  инженерлік-техникалық  қамтамасыз  ету  желілеріне  жалғаудың 

техникалық  шарттарына,  техникалық  регламенттер  талаптарына,  инженерлік  зерттеулер 

нәтижелеріне сәйкестігін, сапасын растайтын құжаттардың (төлқұжаттың, сертификаттың, 

зерттеулер  нәтижелерінің)  болуын  және  дұрыс  ресімделуін,  сонымен  қатар  кірер 

бақылаудың  құжатталған  нәтижелерін  үнемі  тексеруге.  Ақаулар  мен  кемшіліктерді 

уақытында анықтау және олар туралы тапсырысшы мен мердігерді хабарландыруға. 

Технологиялық  операциялардың  құрамы  мен  орындалу  сапасына,  оның  ішінде  

операциялық  бақылаудың  нормативтік  құжаттар  талаптарына  инспекциялық  сәйкестік 

бақылауын жүргізуге. 

Қабылдау  бақылауын  жүзеге  асыру,  уақытында  мердігер  орындаған  құрылыс-

монтаж  жұмыстарының  көлемін  тексеру  және  оларды  қабылдауды  жүзеге  асыру, 

жасырын  жұмыстарды  куәландыруды  және  бекітілген  формада  актілерді  ресімдеп 

жауапты  конструкцияларды аралық қабылдауды жүргізуге. 

Анықталған  ақаулар  мен  бұзушылықтарды  жою  жөніндегі  ескертулер  мен 

нұсқауларды  белгіленген  тәртіппен  жалпы  жұмыс  журналына  енгізу  және    олардың 

орындалуын бақылауға. 

5.11.8  Авторлық  қадағалау,  сәулет-құрылыс  инспекциясының  мемлекеттік  органы 

жүзеге  асыратын  тексерулерге  қатысу,  тиісті  журналда  белгіленген  тексеріс  кезінде 

алынған  нұсқауларды  мердігердің  орындауын  бақылау,  осы  тексерулерді  жүзеге  асыру 

шін мердігермен бірге  қажетті жағдайды жасауға. 

5.11.9 Құрылыстық бақылауды жүргізу барысында анықталған кемшіліктерді  басқа 

құрылыс  конструкциялары  мен  инженерлік-техникалық  қамтамасыз  ету  желілерінің 

учаскелерін    бұзбай  немесе  бүлдірмей  жою  мүмкін  болмаған  жағдайда  объектінің 

қауіпсіздігіне әсер ететін жұмыстардың орындалуына бақылау жүргізуді, басқа жұмыстар 

орындалғаннан  кейін  орындалуы  мүмкін  болмайтындардың  орындалуына  бақылауды, 

сонымен  қатар  құрылыс  конструкцияларының  және  инженерлік-техникалық  қамтамасыз 

ету желілері учаскелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге.  




 

5.11.10  Өз  қызметімен  тапсырысшының  қаражатын  мақсатты  және  тиімді 



пайдалануға  септігін  тигізу.  Объектілер  бойынша  ақшалай  қаражаттың  бекітілген  смета 

шеңберінде  жұмсалуын  қадағалау.  Жинақтаушы  ведомосінде  орындалған  және  төленген 

жұмыстардың толық және дәл есебін жүргізу. 

5.11.11 Мердігерден (немесе мердігер өкілінен) құрылыс алаңында материалдардың, 

бұйымдардың, конструкциялардың және жабдықтардың дұрыс сақталу жағдайын, сондай-

ақ тапсырысшыға тапсырғанға дейін орындалған жұмыстардың, тұрғызылған ғимараттар 

мен имараттардың сқаталуын қамтамасыз етуді талап етуге. 

5.11.12  Мердігердің  (немесе  мердігер  өкілінің)  құрылысты  жобалау-смета 

құжаттамасымен  және  оның  сапасын  қамтамасыз  ету  жөніндегі,  сондай-ақ  жұмыстың 

сапасын  бақылау  және  қабылдау  жөніндегі  мәселелер  бойынша  шағымын  қарау.    Осы 

шағымдар  бойынша  шешімдер  қабылдау  немесе  тапсырысшы  шешім  қабылдау  үшін  өз 

ұсыныстарынтарын енгізуге. 

5.11.13  Құрылыс  барысында  мердігермен  (немесе  мердігердің  өкілімен)  бірге 

жауапты ғимараттар мен имараттардың шөгуіне жобамен қарастырылған бақылауды қою 

және бақылау нәтижелерін тиісті құжаттамамен рәсімдеуге. 

5.11.14  Құрылыс  мердігерлігі  шарты  бойынша  орындалған  жұмыстар  кезінде, 

сондай-ақ  объектіні  пайдалануға  қабылдауды  дайындау  кезінде  әр  жұмыс,  конструкция, 

жабдық  түрінің  және  жалпы  объектінің  шын  мәніндегі  дайындығын  тексеру.  Атқару 

құжаттамаларында  тиісті  рәсімделудің  болуын  тексеру,  тапсырылатын  объектіде 

шындығында  бар  екендігімен  қабылдау  актісінің  тізіліміне  енгізіліп  монтаждалған  және 

белгіленген жабдықтардың болуын салыстырып қарауға. 

Объектінің  пайдалануға  тапсыру  дайындығын  растау  және  мемлекеттік  қабылдау 

комиссиясының жұмысына қатысуға. 

5.11.15 


Консервацияға 

жататын 


объектілерді 

куәландыруға, 

құрылысты 

консервациялау  немесе  уақытша  тоқтата  тұру  құжаттамаларын  рәсімдеуге,  сондай-ақ  

құрылысты  консервациядан  шығарғаннан  немесе  уақытша  тоқтатқаннан  кейін  жұмысты 

жалғастыру  үшін  құрылыс  ұйымдарына  беру  кезінде  объектінің  техникалық  жағдайын 

бағалауға қатысуға міндетті. 

5.11.16  Техникалық  қадағалау  өкілі  тапсырысшының  тапсырмасы  бойынша 

техникалық қадағалау құзыретіне қатысы бар немесе шартта (контрактіде) айтылған басқа 

да міндеттерді орындай алады. 

5.12 Техникалық қадағалау өкілінің функциялары. 

Техникалық қадағалау өкілі міндетті: 

5.12.1 Жобалау-смета  және нормативтік-техникалық  құжаттамалардың бұзылуымен 

орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтата тұру туралы тапсырысшыға ұсыныстар 

жасау. 

5.12.2  Конструкциялардың  деформациялану  және  опырылып  құлау  қаупі, 



адамдардың  өмірі  мен  денсаулығына  және  қоршаған  ортаға  қауіп  болғанда,  сондай-ақ 

техникалық  қадағалаудың  ақаулар  мен  бұзушылықтарды  жою  жөніндегі  нұсқаулары 

орындалмаған  жағдайда  жұмыс  өндірісін  (тапсырысшы  мен  мердігерге  кейінгі  міндетті 

жазбаша хабарлау арқылы) тоқтату.  




жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау