IV
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16-шілдедегі №242-ІІ «Қазақстан
Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңының 20-
бабының 6-1-тармағына сәйкес әзірленген «
Объектілер құрылысына техникалық қадағалауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру»
Қазақстан Республикасының әдістемелік құжаты
тапсырысшының құрылысқа техникалық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру
тәртібін қамтиды және жоғарыда аталған заңның 29-бабына сәйкес құрылыс өндірісін
ұйымдастыруды реттейтін мемлекеттік нормативтер кешеніне жатады.
Әдістемелік құжаты құрылыстағы мемлекеттік нормативтік құжаттар жүйесінің
қолданыстағы ережелерінің негізінде әзірленген және жалпы құрылыс өндірісінің
тиімділігі мен сапасын мақсатты көтеруді қамтамасыз етуге бағытталған.
Осы әдістемелік құжаты құрылыс объектісіне техникалық қадағалауды
ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жалпы ережелерді белгілейді.
Әдістемелік құжаты құрылысқа техникалық қадағалауды жүргізудің мазмұнын
ашады, техникалық қадағалау қызметінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етудің жалпы
ережелерін, техникалық қадағалауды ұйымдастыру тәртібін, белгіленген тәртіпте
аттестациядан өткен, арнайы кәсіби сала қызметінің субъектісі ретінде техникалық
қадағалау сарапшыларының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігін анықтайды.
1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЖАТ
МЕТОДИЧЕСКИЙ
ДОКУМЕНТ
РЕСПУБЛИКИ
КАЗАХСТАН
ҒИМАРАТТАР МЕН ҚҰРЫЛЫСТАРДЫ САЛУДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚАДАҒАЛАУ
ТЕХНИЧЕСКИЙ
НАДЗОР
ЗА
СТРОИТЕЛЬСТВОМ
ЗДАНИЙ
И
СООРУЖЕНИЙ
Енгізілген күні 2015-07-01
1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
1.1 Осы норматив тапсырысшының құрылыс объектісіне техникалық қадағалауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейді және құрылыс жобаларын
(инвестициялық жобаларды) жүзеге асыру барысында тапсырысшының (құрылыс
салушының, мемлекеттік тапсырысшы-бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің), сондай-
ақ құрылыс объектісіне техникалық қадағалау жөніндегі сарапшылардың (ұйымдардың)
қолдануына арналған.
1.2 Тапсырысшы (құрылыс салушы, мемлекеттік тапсырысшы-бюджеттік
бағдарламалар әкімшілері) өздерінің техникалық қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі
қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы нормативті, нормативтік-
техникалық құжаттарды және сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі
уәкілетті органның әдістемелік нұсқауларын басшылыққа алады.
2
НОРМАТИВТІК
СІЛТЕМЕЛЕР
Осы мемлекеттік нормативті қолдану үшін А қосымшасына сәйкес сілтеме
нормативтік құжаттар қажет.
Ескертпе – Осы мемлекеттік нормативтерді қолдану барысында сілтеме жасалған құжаттардың күшін
ағымдағы жылға арналған жыл сайын жасалатын ақпарат көздерінен «Қазақстан Республикасы аумағында
қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік-
техникалық актілер тізбесінен», «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік
құжаттары көрсеткішінен» және «Мемлекетаралық нормативтік құжаттар көрсеткішінен» және сәйкес
келетін ай сайын шығып тұратын ағымдағы жылы жарияланған ақпараттық бюллетень-журналдар мен
көрсеткіштерден тексерген дұрыс. Егер сілтеме жасалған құжат ауыстырылған (өзгертілген) болса, онда
осы нормативтерді қолдану барысында ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу қажет. Егер
сілтеме жасалған құжат өзгертусіз жойылған болса, онда сілтеме жасалған ереженің сілтемеге қатысы жоқ
бөлігі қолданылады.
3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Осы мемлекеттік нормативте «Нормативтік сілтемелер» бөліміне енгізілген
құжаттардан алынған тиісті анықтамалары бар келесі терминдер қолданылады:
Ресми басылым
2
3.1
Тапсырысшы («мемлекеттік тапсырысшы» қар.): Өзінің мұқтажы немесе
коммерциялық мақсат үшін тұрғын-азаматтық немесе өндірістік мақсаттағы объект
(ғимарат, имарат, олардың кешендері, көліктік немесе инженерлік коммуникациялар)
салуға мүдделі және ойын заңды түрде жүзеге асыруға қажетті көлемде инвестициялық
мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлға. Сондай-ақ тапсырысшының (мемлекеттік
тапсырысшының) функцияларын заңды негізде инвестордың (инвесторлардың) мүддесін
білдіретін өзге сенім жүктелген жеке немесе заңды тұлғалар атқара алады.
3.2 Құрылыс салушы: Өзіне меншік құқығымен немесе жергілікті атқарушы орган
берген жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелерінде тұрғын жайлардың үлестік
құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті үлескерлердің ақшасын тарта отырып, әрбір
тұрғын жайды салу үшін жобалау компаниясын құру арқылы жүзеге асыратын заңды
тұлға.
3.3
Инвестор: Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын жеке
немесе заңды тұлға.
3.4 Мемлекеттік тапсырысшы («тапсырысшы»-ны қараңыз): Жобалауға және
құрылысқа қажетті инвестициялық ресурстары бар мемлекеттік орган немесе тиісті
мемлекеттік орган осындай ресурстарға иелік етуге құқық берген өзге заңды тұлға.
3.5 Бюджеттік
бағдарламалар
әкімшісі: Бюджеттік
бағдарламаларды
жоспарлауға, негіздеуге, жүзеге асыруға және нәтижеге қол жеткізуге жауапты
мемлекеттік орган.
3.6 Инвестициялық жоба: Концессионердің (құқықтық мұрагердің) концессия
келісімшарты шеңберінде жасалған немесе алынған өндірістерді қоса алғанда, жаңа
өндіріс салу, жұмыс істейтін өндірісті кеңейту және жаңарту үшін инвестиция
қарастыратын іс-шаралар кешені.
Инвестициялық жоба (нақты инвестициялық ойды жүзеге асыру жөніндегі бастапқы
тақырып ретінде) – күрделі қаржы салудың экономикалық мақсатқа сәйкестік
негіздемесін, көлемі мен жүзеге асыру мерзімін, оның ішінде Қазақстан Республикасының
заңнамасына және мемлекеттік нормативтерге сәйкес әзірленген және бекітілген қажетті
жобалау-смета құжаттамасын қамтитын құжат.
3.7 Объектiнiң техникалық күрделiлiгi: Объектiнiң функционалдық қызметiне,
оның
тiрек
және
қоршау
конструкцияларының
ерекшелiктерiне,
қабаттар
(конструкциялық қатарлар) санына, сейсмикалық қауiптiлiгiне немесе салынатын жерiнiң
(ауданының) өзге де айрықша геологиялық, гидрогеологиялық, геотехникалық
жағдайларына қарай мемлекеттiк және (немесе) мемлекетаралық (халықаралық)
нормативтермен белгiленетiн, табандары мен конструкцияларының сенiмдiлiгi мен
берiктiгiне қойылатын техникалық талаптардың дәрежесi бойынша құрылыс объектiсiнiң
жауапкершiлiк деңгейi, олар:
жауапкершiлiктiң бiрiншi деңгейi - күшейтiлген;
жауапкершiлiктiң екiншi деңгейi - қалыпты;
жауапкершiлiктiң үшiншi деңгейi - төмендетiлген болып бөлiнедi.
3.8 Техникалық қадағалау: Орындалған жұмыстың сапасын, мерзiмiн, құнын,
қабылдап алынуын және объектiнiң пайдалануға берiлуiн қоса алғанда, жобаны iске
асырудың барлық сатысында құрылысты қадағалау.