11
конструкциялар мен жабдықтар жобалау және нормативтік-техникалық құжаттамаға
сәйкестігін, орындалған жұмыстың құрамы мен көлемі жобалау-смета құжаттамасына
сәйкестігін, жұмыс пен авторлық қадағалау журналдарында көрсетілген ақаулар мен
бұзушылықтардың жойылуын тексереді.
5.13.9 Жобалау-смета құжаттамасына толықтай сәйкес орындалған жұмыстар
қабылдауға
жатады.
Тапсырысшы
жобалау-смета
құжаттамасынан
барлық
ауытқушылықтарды жобалау ұйымымен келісуі тиіс.
Мұндай келісім болмаған жағдайда жұмыстар ауытқушылықтар жойылғаннан кейін
ғана қабылданады.
5.14 Тапсырысшы мен сарапшының техникалық қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі
жауапкершілігі.
5.14.1 Тапсырысшының құрылысты техникалық және авторлық қадағалаусыз жүзеге
асырғаны үшін жауапкершілігі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік бұзушылықтар
туралы» кодексінің 237-2-бабына сәйкес қарастырылады.
5.14.2 Сараптау жұмыстары мен инжиниринг қызметін жүзеге асырғанда Қазақстан
Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының
«Әкімшілік бұзушылықтар туралы» кодексінің 235-1-бабына сәйкес қарастырылады.
6 ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫ ҰСТАУ ҚАРАЖАТЫ
6.1 Тапсырысшының немесе сарапшылардың (ұйымның) келісімшарт негізінде
тартылатын техникалық қадағалау қызметі объект құрылысының жобалау-смета
құжаттамасында қарастырылған инвестициялық бағдарламалар құрамында осы мақсатқа
бөлінетін қаражаттан қаржыландырылады, сондай-ақ тапсырысшының құрылтай
құжаттарында қарастырылған басқа көздер де пайдаланылуы мүмкін.
6.2 А қосымшасына сай тәртіпте және көлемде жобалардың (жұмыс жобаларының)
жиынтық смета есептерінде құрылыстың сметалық құнын анықтау барысында бюджет
қаражаты есебінен толықтай немесе жартылай қаржыландырылатын күрделі құрылыс
объектісінің құрылысы кезінде жобаны басқару функциялары мен техникалық
қадағалауды жүзеге асыру үшін шығындар лимиті мен сан нормативтері қолданылады.
12
А ҚОСЫМШАСЫ
(міндетті)
Нормативтік сілтеме жасалатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен мемлекеттік нормативтер тізбесі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16-шілдедегі №242-ІІ «Қазақстан
Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңы;
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8-қаңтардағы № 373-ІІ «Инвестициялар
туралы» заңы;
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7-шілдедегі №180-ІІІ «Тұрғын үй
құрылысына үлестiк қатысу туралы» заңы;
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20-маусымдағы № 442-ІІ Жер кодексі;
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1-шілдедегі №409-І Азаматтық кодексі
(Ерекше бөлімі);
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі;
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8-шілдедегі № 477-ІІ Орман кодексі;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25-қаңтардағы № 165 қаулысымен
бекітілген «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық
жұмыстар мен инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау
қағидалары»;
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 19-тамыздағы № 918 қаулысымен
бекiтiлген «Қаржыландыру көздеріне қарамастан, құрылысқа арналған жобалау
алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық)
құжаттамасына сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен
салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі»;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20-қыркүйектегі № 958
қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын
жүргiзудiң ережесi»;
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
істері агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9-наурыздағы № 92 бұйрығымен бекітілген
«Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге арналған рұқсатты алуға қажеттi құжаттардың
тiзбесi»;
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының
2009 жылғы 10 шілдедегі № 292 бұйрығымен бекітілген «Телекоммуникация желілерінің
күзетілетін аймақтарын белгілеу және олардағы жұмыс режимі ережесі»;
Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 23-шілдедегі № 284-І
бұйрығымен бекітілген «Қорғалатын аймақ жерлерін пайдаланудың өлшемін, режимін
белгілеу және жерлерді бөлінген алқаптағы теміржол көлігінің мұқтаждықтары үшін
пайдалану жөніндегі ереже»;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық
шаруашылығы комитеті төрағасының 2005 жылғы 4-сәуірдегі № 93 бұйрығымен
бекітілген «Ағаш кесу мен орман билетін есепке алу, сақтау, толтыру және беру ережесі»;.
ҚР ҚН 1.03-00-2011 Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындар, ғимараттар мен имараттар
құрылысын ұйымдастыру;
ҚР ҚН 5.01-12-2003 Топыраққа темірбетон бағандарын ақаусыз қағу технологиясы
жөніндегі нұсқаулық;
ҚР ҚБҚ 5.01-19-2005 Темірбетон бағандарын қағды жобалау және өндіру жөніндегі
құралы.
13
Б ҚОСЫМШАСЫ
(ақпараттық)
Тапсырысшы:
Мердігер:
Құрылыстың атауы мен оның мекенжайы:
Жұмыстың орындалған көлемін қабылдау
АКТІСІ
20__жылғы _______ айы
_______________________ жұмысына
№
р
.н
.
Не
гіз
де
м
е
Ж
ұм
ыс
тың
а
та
уы
Өлше
у бірл
ігі
Оры
нда
лға
н
жұм
ыс
та
р с
ан
ы
Те
хқ
ада
ға
ла
уд
ың
ес
ке
рту
ле
рі
Оры
нда
лға
н
жұм
ыс
тың
ба
ға
ла
у
бір
лігі
, те
ңге
Ж
ала
қын
ың
ба
рлығы
, те
ңге
Ес
ке
рту
Учаске бастығы _____________________
Техникалық қадағалау
қызметі______________________________
Прораб _______________________________ ҚМБ бастығы ______________________
Шебер _______________________________ ӨТБ бастығы _______________________
Бригадир _____________________________ ӨТБ инженері________________________
Экономист/инженер
ЕжЖБ
________________________________