Методические указания к практическим занятиям для студентов специальности 5В090100 «Организация перевозок, движения и эксплуатация транспорта»


АҒЫНДАҒЫ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ



жүктеу 1,12 Mb.
бет7/10
Дата22.05.2018
өлшемі1,12 Mb.
#16184
түріМетодические указания
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

6 АҒЫНДАҒЫ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ

ЖОЛАРАЛЫҚТАРДЫ ОҚЫП ҮЙРЕНУ

Жұмыс мақсаты: Ағындағы көлік құралдары арасындағы уақыттық жоларалықтардың бөлінуінің негізгі теориялық заңдылықтарымен танысу, оларды өлшеу әдістерін оқып үйрену.


6.1 Қысқаша теориялық мағлұматтар
Көлік ағындарының маңызды сипаттамасы ретінде бірінен соң бірі қозғалушы көлік құралдары арасындағы жоларалықтардың бөлінуі болып табылады.

Нақты мәнге жақын, көлік ағындарының теориялық үлгілерін жасау үшін, сондай-ақ статистикалық үлгілеудің тиімділігін көтеру үшін көлік ағындары арасындағы уақыт жоларалығы бойынша, және ұзындығы бойынша да бөлінуін тәжірибелі түрде зерттеу үлкен мәнге ие, сондай-ақ әртүрлі жиіліктегі және әртүрлі жол жағдайларында да аралықтардың бөлінуі де үлкен мәнге ие.

Мүмкіндік теориясында кездейсоқ құбылыстың сипаттамасын анықтағанда есептік формулаларды шығару үшін оқиғаның кездейсоқ оқиғалар арасындағы аралық бөлінуі негізгі болып табылады. Оқиғалардың келіп түсуімен аралықтардың таратылуы заңын дұрыс таңдаудан шынайы нәтижелер алу қажетті шынайылық пен дәлдікке байланысты.

Дискреттік таратылымдар. Дискреттік бөлінулерге жатады: Бернулли бөлінуі, биномдық және кері биномдық бөлінулер, гипергеометриялық бөліну, Пуассон бөлінуі және т.б.



Пуассон бөлінімі ықтималдылық теориясында кеңінен қолданылады, әсіресе бұқаралық қызмет көрсетуде, көлік ағындарының теориясында қолданылады екен. Ол мына түрде болады:
, (6.1)
Бұл теңдеу (o, t) уақыт аралығындағы, λ жиілікпен түсуші, n оқиғалардың пайда болу ықтималдылығын көрсетеді.

Үздіксіз таратылымдар. Үздіксіз таратылымдарға жатады: қалыпты таратылым, Граме–Шарлье, Вейбулла, Максвелл, Парето, Пирсон, Эрланг, гамма – и бета–таратылымдары, қоспаның таратылымы, экспоненциалды және гиперэкспоненциалды таратылымдар және т.б.

Жоғарыда келтірілген таратылым заңдары тәжірибе тұрғысынан көлік құралдарының қозғалысының сипаттамаларын оқып үйрену барысында кездесетін барлық мүмкін болатын қисықтар таратылымыдарын қамтиды.

Көлік ағынының ықтималдылық үлгілері көмегімен шешілетін тәжірибелік есептер.

Ықтималдылық үлгілерінің қолданысын бағалау нәтижелері мынаны көрсетеді, яғни үлгілер төменгі тығыздықты (жүктелу еселігі Z  0,5) көлік ағындарын теориялық тұрғыда бейнелеу үшін негізгі болып табылады. Көлік ағынының мұндай жағдайы өзіне тән және қозғалыстың қауіпсіздігі мен жайлылығын көтеру бойынша әртүрлі шараларды ойлап табуды талап етеді. Мұндағы бұл шаралар жоспарлы болуы мүмкін, сондай-ақ жол қозғалысын ұйымдастыруға қатысты болуы мүмкін. Ықтималдылық үлгілері көмегімен келесі міндеттер тобын шешуге болады: жоспарлы шешімдер мен жол қозғалысын басқару құралдарының тиімділігінің бағасын, қиылыстардың, тоғысулардың, келіп қосылулардың бөліктерінің өткізу қабілетінің бағасын, бағдаршамдық реттелудің тиімді режимін таңдауды, апаттықтың бағасын, автокөлік жолдарындағы (көлік тұрақтарының, демалу орындарының, жанармай станцияларының және т.б.) қызмет көрсету жүйесінің жұмысының тиімділігінің бағасын беруді.

Пуассон таратылымының қолданылуын ерекше айта кету қажет. Бұл таратылым аз мөлшердегі тура нәтижелер береді және басқа да күрделі үлгілеріне қарағанда қолданылу аясы тар ауқымды қамтиды. Сондықтан да Пуассон таратылымын тек тәжірибелік есептерді шығару үшін ұсынуға болады. Мұнда жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдары мен жол жағдайларының әсерін немесе жиілігін ескеруші түзетулер енгізу қажет болады. Анағұрлым дәл, нақты нәтижелер алу үшін аралықтардың теориялық және факті бойынша таратылымдарын қолданып, ЭЕМ де статистикалық үлгілеуді пайдаланады.



6.2 Жұмысты орындау реті
Көліктер арасындағы уақыт жоларалықтарының мәндері екі секундомерді қолдану арқылы екі бақылаушының жүргізуі нәтижесінде қамтамасыз етіледі. Бақылаушылар үшін қиылысқа тақау әр тексеру бөлігінде тоқтау-сызығынан 50-100 м қашықтықта уақытты санаудың шартты қимасы бекітіледі. Егер өлшеулер қала көшелерінің тоғысуларында жүргізілсе, онда шартты қима бағдаршамдық реттелуі бар қиылыстардан 300 м алшақ қашықтықта таңдалады, яғни көліктердің белгіленген қозғалысы бақыланатын аймақта.

Таңдалынған қима арқылы бірінші көлік өтісімен бірінші секундомер іске қосылады. Қиманы екінші көліктің өту сәтінде бірінші және екінші секундомерді де қосады. Бірінші секундомер көрсеткіштерін жазып алады. Осыған ұқсас түрде келесі көлік құралдарының уақыттық жоларалғын өлшеуді жүргізеді, мұнда секундомерлерде бірінен соң бірі орындалған уақыт жоларалықтарының қосынды мәні тіркеліп отырады.

Уақыттық жоларалықтарды өлшеу нәтижелерін кесте 6.1 түрінде толтырады.

Кесте 6.1

Көлік құралдары арасындағы уақыттық жоларалықтарды өлшеу хаттамасы
Объект атауы ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Бағыт (келу) --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Күні --------------------------------------------Бақылау уақыты ------------------------------------------------------------------------

Бақылаушының аты-жөні ө-----------------------------------------------------------------------------------------------------------




№ п/п

Жоларалық өлшенуші көлік құралдарының типтері

Секундомер көрсетілімдері

бірінші

екінші












Қажетті көлемдегі бақылаулар алынған соң (ережеге сай, өлшеулерді бір сағат бойы орындайды), алынған мәліметтерді статистикалық өңдеуге көшеді.

Көлік құралдарының арасындағы уақыт жоларалықтары алдыңғы мәндерден кейінгісін алып тастау нәтижесінде жүргізіледі. Алынған мәндер негізінде құрама мәлімет құрылады (кесте 6.2), ондағы өлшеулер нәтижесіндегі уақыттық жоларалықтардың барлық мәндері сәйкес қатарлықтарға біріктіріледі. Жоларалықтарды оқу барысында қатарлық шамасын – 2 с етіп алған дұрыс болады.

Үздіксіз жиілікті есептеу нәтижелері бойынша уақыт жоларалықтарының таратылуының гистограммасын тұрғызады.

Кесте 6.2

Уақыт жоларалықтары өлшемдерін өңдеу хаттамасы




п/п


Уақыт жоларалық -тары, с

Құрама мәлімет

Жиілік

Жиіаралық

Жинақталған жиіаралық

1

2

3



4

11



12


0 – 2,0

2,0 – 2,4

4,0 – 6,0

6,0 – 8,0

20,0 – 22,0



22,0 – 24,0

Қорытынды














6.3 Бақылау сұрақтары
1 Ағындағы көлік құралдарының арасындағы жоларалықтардың таратылуын зерттеудің негізгі мақсаты.

2 Көлік ағындарының теориясында қолданылушы таратылымның дискреттік заңдарын атап беріңіз.

3 Көлік ағындарының теориясында қолданылушы таратылымның негізгі үздіксіз заңдары.

4 Көлік ағындарының ықтималдылық үлгілері көмегімен қандай тәжірибелік есептер шешіледі?

5 Көлік құралдары арасындағы уақыт жоларалығы қандай түрде шешіледі?

7 ҚОЗҒАЛЫСТАҒЫ АВТОКӨЛІК-ЗЕРТХАНАСЫ КӨМЕГІМЕН

АҒЫНДАҒЫ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫН ОҚЫП ҮЙРЕНУ


жүктеу 1,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау