3.4 Бақылау сұрақтары
1 Жүргіншілер қозғалысы жағдайларының тиімділігі ретінде не түсіндіріледі?
2 Жүргіншілер қозғалысының қарқындылығын анықтау.
3 Сағаттық бірқалыпсыздық еселігі нені сипаттайды, оның тәжірибелік мәні?
4 Жүргіншілердің байланыс жолының өткізу қабілеті туралы түсінік.
5 Жүргіншілердің байланыс жолының өткізу қабілетіне қандай факторлар әсерін тигізеді?
6 Тіркеу жүргізу бекеттерінің орны мен санын анықтауда нені басшылыққа алады?
7 Жүргіншілер ағынының қарқындылығын оқып үйренудегі мәліметтер қалай қолданылады?
4 СТАЦИОНАРЛЫҚ БЕКЕТТЕГІ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЛЕЗДІК ЖЫЛДАМДЫҒЫН ОҚЫП ҮЙРЕНУ
Жұмыс мақсаты: Көлік құралдарының қозғалыс жылдамдықтарын өлшеудің әдістерін оқып үйрену, жылдамдықты өлшеуде қолданылатын құралдармен танысу, бақылаулар нәтижелерін өңдеудің әдістемесін меңгеру.
4.1 Қысқаша теориялық мағлұматтар
Қозғалыс жылдамдығы жол қозғалысының мақсаттық қызметін сипаттаушы маңызды көрсеткіш болып табылады. Жолдағы көлік құралының жылдамдығының анағұрлым объективті сипаттамасы ретінде қозғалыс маршрутының бүкіл енінде оның өзгеруін көрсетуші қисық болып табылады.
Қозғалысты ұйымдастыру тәжірибесінде көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығы жолдың жекелеген типтік нүктелеріндегі алынған оның лездік жылдамдығының мәндерімен Vа сипатталады. Олар қарастырылып отырған уақыт аралығындағы жолдың берілген қысқа бөлігіндегі қозғалушы көлік ағынының немесе жеке көліктердің қозғалыс жылдамдығын білдіреді.
Лездік жылдамдық мәні мына формула бойынша анықталады:
, (4.1)
мұнда lб – базалық қашықтық ұзындығы, м (өлшеу тәсіліне байланысты өзгереді);
tб – базалық қашықтықты жүріп өту уақыты, с.
Базалық қашықтық берілген жол бөлігіндегі жылдамдықтар деңгейіне сәйкес келуі тиіс. Типтік базалық қашықтық секундомер арқылы қолмен жүргізілген өлшеулерде 30-60 м құрайды.
Бұл жылдамдықтың мәні берілген уақыттағы және жолдың нақты жеріндегі қозғалыстың факті бойынша жағдайын сипаттайды.
Әртүрлі нүктелердегі лездік жылдамдықты өлшеу арқылы, жолдың ен бойындағы жылдамдықтар өзгерісінің эпюрін салуға болады, оның негізінде қозғалыс жайлылығы мен қауіпсіздігі сұрақтарын шешуге болар еді.
Лездік жылдамдық өз кезегінде көшедегі және жолдағы қозғалыс жағдайларының өзгеруіне жүргізушінің әрекетінің көрсеткіші ретінде танылады.
Лездік жылдамдық шамасы жолдың кең шектерінде қозғалыс жағдайлары мен көлік ағынының құрамына байланысты өзгеруі мүмкін.
4.2 Жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулық
Ағындағы көлік құралдары қозғалысының жылдамдықтарын анықтау тікелей Өскемен қ. жол-көше желісінің бөлігінде жүргізіледі. Ағындағы көлік құралдарының қозғалысының жылдамдықтарын анықтау жүргізілетін көше бөлігінің сипаттамасында №2 тәжірибелік жұмысты орындау барысында тіркелген мәліметтер алынады. Лездік жылдамдықты өлшеуде қарастырылатын бөлікке қатысты талаптар осыған ұқсас. Жол қиылысын немесе өлшем жүргізілетін бөлікті жол қиылысынан 300 м қашықтықта таңдап алады, яғни бұл орында жылдамдықтарды өлшеу көлік құралдарының қозғалыс режимі бақылануы тиіс.
Көлік құралдарының лездік жылдамдығын өлшеу үшін секундомерлер мен олардың негізінде жасалған жылдамдық өлшеуіштерді қолдану арқылы жүргізілетін қолмен өлшеу әдісі жиі қолданылады.
Жұмысты орындар алдында студенттер топшасы бір немесе екі жолақты қозғалыс жолымен жұмыс істеу үшін бригадаларға бөлінеді. Жұмысты бастамас бұрын өлшеулер жүргізілетін жолдың сұлбасын сызып алған жөн, белгісі бар жол бөлігін белгілеп, ондағы жолақтар санын көрсету қажет.
Содан соң жұмысқа арналған секундомер немесе жылдамдық өлшеуішті жұмысқа әзірлеп аламыз және оны сынама жасап қосып көру арқылы жұмысқа жарамдылығын тексереміз.
4.3 Жұмыстың орындалу реті
Лездік жылдамдықтарды өлшеу.
Табиғи зерттеулер кезінде қозғалыс жылдамдықтарын бағалауда секундомерлерді қолдану қарапайым, әрі жайлы болып табылады. Бұл тәсілді қолдануда көлік құралының белгілі бір ұзындықтағы базалық қашықтықты жүріп өтуі тіркеліп отырады. Өлшенетін жол бөлігінің ұзындығын қала жағдайында 50 м етіп қабылдайды, ол нақты дәлдіктегі бақылауларды қамтамасыз етеді. Лездік жылдамдықтарды өлшеу нәтижелері кесте 4.1. түсіріліп отырады.
Кесте 4.1
Қозғалыстың лездік жылдамдықтарын өлшеу хаттамасы
Уақыты ----------------------------------------------------------- Көше-----------------------------------------------------------------------
Жол бөлігі (бекет) ----------------------------------------Жолақ № -------------------------------------------------------------
Бақылаушының аты-жөні ------------------------------------------------------------------------------------------------------------
№
р/с
|
Көлік құралының түрі
|
Жүріп өту уақыты, с
|
Жылдамдық
|
Ескерту
|
м/с
|
км/сағ
|
…
|
…
|
…
|
…
|
…
|
|
Жылдамдықтарды өлшеуге барлық бригадалар бір уақытта кіріседі. Мұнда базалық қашықтықты барлық автокөліктердің жүріп өтуін тіркеуге тырысу қажет.
Қозғалыстың лездік жылдамдығын жеткілікті түрдегі дәлдікпен тану үшін, қозғалысты ұйымдастырудың тәжірибесінде есептеулер көрсеткендей 200 өлшеулер өткізу қажет болады.
Қажетті өлшеулер көлемі алынған соң, алынған нәтижелерді статистикалық талдауға кіріседі.
Жылдамдықты өлшеу нәтижелерін статистикалық өңдеу.
Бақылаулар мәліметтерін өңдеудің бірінші сатысы қорытынды мәліметтер құрумен шектеледі (кесте 4.2). Қорытынды мәліметтерді құру үшін қатарлықтарға сәйкес келуші, өлшеулер нәтижесінде алынған жылдамдықтардың барлық мәндерін біріктіреді. Қозғалыс жылдамдығын оқу барысында қатарлық шамасын - 5 км/сағ деп қабылдаған жөн.
Кесте 4.2
Қозғалыстың лездік жылдамдықтарын бақылау мәліметтерін өңдеудің хаттамасы
№
р/с
|
Жылдам-дықтар аралығы
км/сағ
|
Мәлімет
|
Жиілік
mi
|
Жиі аралық
Pi
|
Жинақталған жиіаралық
Fi
|
1
|
35,1-40,0
|
|
10
|
0,05
|
0,05
|
2
|
40,1-45,0
|
|
22
|
0,11
|
0,16
|
3
|
45,1-50,0
|
|
32
|
0,16
|
0,32
|
4
|
50,1-55,0
|
|
56
|
0,28
|
0,60
|
5
|
55,1-60,0
|
|
40
|
0,20
|
0,80
|
6
|
60,1-65,0
|
|
22
|
0,11
|
0,91
|
7
|
65,1-70,0
|
|
14
|
0,07
|
0,98
|
8
|
70,1-75,0
|
|
4
|
0,02
|
1,00
|
Қорытынды
|
|
200
|
1,00
|
|
Жылдамдықтардың бірқатар мәндерін алу үшін жиілікті, жиі аралықты және жинақталған жиі аралықты анықтайды. Жиілік – белгілі бір қатарлыққа сәйкес жылдамдықпен қозғалатын көліктер саны.
Жиі аралық Pi келесі түрде анықталады:
, (4.2)
мұнда mi - i-ші қатарлыққа сай келуші жылдамдық мәндерінің саны;
N - бақылаулардың жалпы саны (өлшеулер).
Жинақталған жиі аралық Fi әрбір қатарлықтың жиілік аралықтарының тізбектелген қосындысы түрінде беріледі.
Жиі аралықты және жинақталған жиі аралықты есептеу нәтижелері бойынша гистограмма және кумулятивті қисық тұрғызамыз, олар 4.1 және 4.2 суреттерде көрсетілген.
Pi
0,3
0,2
0,1
40 45 50 55 60 65 70 75 80 Va, км/сағ
Достарыңызбен бөлісу: |