24
1-таблица - Тұрмыс саласында құқық бұзушылық жасаған адамдарға
профилактикалық бақылау жүргізудің тəртібі
№ Профилакти-
каға жататын
адамдардың
санаты
Есеп жүргізу
нышаны
Есепке қою
негізі
Есеп
жүргізу
мерзімі
Тексеру
уақыты-
ның
жиілігі
1 Əкімшілік
құқық
бұзушылық
бойынша
тəртібіне
қатысты сот
ерекше
талаптар
белгілеген
Профилакти-
калық іс
Ерекше талаптар
белгілеу туралы
сот Қаулысы
Ерекше
талаптар-
дың
белгіленген
мерзімі
аяқталған-
ша
Аптасына
бір
реттен
кем емес
2 Қорғау өкімі
шығарылған
Профилакти-
калық іс
Баяндама-хат,
қорғау өкімі
Қорғау
өкімінің
əрекет
мерзімі
аяқталған-
ша
Екі күнде
бір
реттен
кем емес
Сонымен қатар, біздің пікірімізше, жақындауға тыйым салу
түріндегі қылмыстық-процессуалдық мəжбүрлеу шарасы белгіленген
адамдар да осындай есепте тұру керек жəне олар алдын ала тергеу
жəне анықтаудың барлық мерзімінде есепте тұру керек.
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап кез келген күш көрсету зорлық-
зомбылығы қылмыстық теріс қылық деген жаңа мəртебеге ие болды,
сондықтан тұрмыстық зорлаушының тəртібіне ерекше талаптар қою
мүмкін емес. Бірақ тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адам
күдікті, айыпталушы немесе сотталушы болса, оған қатысты ҚР
ҚІЖК-нің 165-бабының негізінде «жақындауға тыйым салу»
түріндегі қылмыстық-процессуалдық мəжбүрлеу шарасын қолдануға
болады [19].
Осындай редакциядағы аталған мəжбүрлеу шарасы отандық
қылмыстық-процессуалдық заңнама үшін ғана емес, барлық заң
ғылымы үшін де новелла болып табылады. Бірақ жақындауға тыйым
салумен байланысты шектеу шараларының мақсаты қорғау
нұсқамасында немесе тұрмыстық зорлаушының тəртібіне ерекше
талаптар қоюда көзделген құқық бұзушының тəртібіне қойылатын
25
осындай тыйым салулармен сəйкес келеді.
Ішкі істер органдары «тұрмыстық бұзақылардың» қорғау
нұсқамасын орындамау мəселесін көтеріп отыр, құқық бұзушы
жəбірленушіні іздеп табуға, қудалауға, ізіне түсуге, баруға, ауызша,
телефон арқылы сөйлесуге жəне жəбірленушімен басқа да
байланысқа түсуге тыйым салынғанына қарамастан, тұрмыстық
зорлық-зомбылықтың құрбанымен əрі қарай бірге тұра береді, себебі
оның басқа тұратын жері жоқ жəне ол заң бойынша тіркелген мекен-
жайында тұруы тиіс. Осыған ұқсас себеп бойынша ІІО кəмелетке
толмаған құқық бұзушының тəртібіне қатысты қорғау нұсқамасын
қолданып, ерекше талаптар қою мүмкін еместігін айтады. Оның
үстіне заң бойынша зорлықтың құрбаны болып отырған ата-ана
балаларының тəрбиесі үшін өздері жауап беруі тиіс [9, 159 б.].
Жоғарыда
көрсетілген
санаттардан
басқа
ішкі
істер
органдарының профилактикалық есебінде тұрмыстық-отбасылық
қатынастар саласында құқық бұзушылық жасауы мүмкін өзге де
азаматтар тұрады [8]. Олар:
1) сотталу белгісі бойынша Қазақстан Республикасының «Бас
бостандығынан айыру орнынан босаған тұлғаларды əкімшілік
қадағалау туралы» Заңына
жатқызылатын азаматтар;
2) жазасын өтемеген немесе жазасы алынып тасталмаған бұрын
сотталған азаматтар;
3) денсаулық сақтау органдарында ішкілікке салынған
азаматтар ретінде
диспансерлік есепте тұрғандар;
4) денсаулық
сақтау
органдарында
есірткі
заттарын,
психотроптық жəне улы заттарды пайдаланатын азаматтар ретінде
диспансерлік
есепте тұрғандар;
5) жүйке ауруымен ауыратын əлеуметке жат мінез-құлқы бар,
қоғамға қауіпті адамдар ретінде денсаулық сақтау органдарында
диспансерлік есепте тұрғандар;
6) ішкі істер органдары кəмелетке толмағандардың ісі жөніндегі
бөлімшелерде есепте тұрғандар;
7) қоғамнан
оқшаулаумен
байланысты
емес
жаза
тағайындалған, сондай-ақ жазасын шартты түрде өтеуші немесі
жазаның орындалуы кейiнге қалдырылған адамдар.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 15 шілдедегі «Ішкі
істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды
профилактикалық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қағиданы
бекіту туралы» № 432 бұйрығына сəйкес келесі адамдар да есепте
26
тұрады:
1) қылмыстық жауапкершілікке тартуға жататын жасқа
жетпеуіне байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартуға
жатпайтын қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін қамтитын
əрекеттер жасаған кəмелетке
толмағандар;
2) қамауға алумен байланысты емес жазалау шарасы
таңдалғанға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп
айыпталушы немесе күдікті кəмелетке толмағандар;
3) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған
кəмелетке толмағандар;
4) арнайы білім беру жəне ерекше ұстау режиміндегі білім беру
ұйымдарының түлектері;
5) кəмелетке толмағандарды тəрбиелеу, оқыту жəне (немесе)
ұстау
бойынша
өз
міндеттерін
орындамайтын
кəмелетке
толмағандардың, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс əсер ететін
ата-аналары немесе басқа да заңды өкілдері.
Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зобылықтың
профилактикасы туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214
Заңының 10-бабына сəйкес ішкі істер органдарының құзыреті
келесіні қамтиды:
1) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы
нормативтік құқықтық актілердің жобаларын əзірлеуге қатысады;
2) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі
шараларды жүзеге асырады;
3) балаларын тəрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамайтын
немесе тиісінше орындамайтын, оларға қатысты құқыққа қарсы іс-
əрекеттер жасайтын ата-аналарды немесе олардың орнындағы
адамдарды
анықтайды;
4)
профилактикалық
есепке
алуды
жүргізеді
жəне
профилактикалық бақылауды жүзеге асырады;
5) тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері немесе олардың
жасалу қаупі туралы өтініштер мен хабарламаларды сол жерге барып
қарайды жəне олардың жолын кесу жөніндегі шараларды қолданады;
6) жəбірленушілердің өтініші бойынша оларды көмек көрсету
жөніндегі ұйымдарға немесе денсаулық сақтау
ұйымдарына жібереді;
7) профилактикалық əңгімелесу жүргізеді;
8) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды ішкі істер
органдарына жеткізеді;
9) қорғау нұсқамасын шығарады;