Методические рекомендации по предупреждению и профилактике бытового насилия органами внутренних дел қостанай 2016



жүктеу 456,13 Kb.
Pdf просмотр
бет2/25
Дата19.11.2018
өлшемі456,13 Kb.
#20902
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

6
КІРІСПЕ
Қазақстанда  тұрмыстағы  зорлық-зомбылыққа  қарсы  іс-əрекет
сұрақтарына үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының, мемлекеттік
органдарының  тарапынан 2009 жылғы 4 желтоқсанда  Қазақстан
Республикасының «Тұрмыстық  зорлық-зомбылық  профилактикасы
туралы» № 214 Заңы  қабылданғанға  дейін  көңіл  бөлінген, оның
бірнеше  нұсқалары  мен  сұрақтары, жүзеге  асыру  нышандары
талқыланған. Дегенмен 
аталған 
Заңды 
жəне 
Қазақстан
Республикасының  осыған  ұқсас  бірқатар  нормативтік-құқықтық
актілерін  қабылдау  отбасындағы  зорлық-зомбылықты  болдырмауға
жəне  оның  құрбандарына  көмек  көрсетуге  қатысты  құқық  қолдану
тəжірибесі  мен  тұрмыстағы  зорлық-зомбылықтың  алдын  алу
субъектілерінің  ведомствоаралық  өзара  байланыстары  мəселелерді
толықтай шешкен жоқ.
Ұлт  Көшбасшысы  Н.Ə. Назарбаев «Қазақстан – 2050»
Стратегиясы: қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты» атты
Қазақстан халқына Жолдауында: «Отбасында балалар мен əйелдерге
зорлық-зомбылық  көрсетудің  өршіп  отырғаны  мені  қатты
алаңдатады. Əйелдерді  жəбірлеуге  жол  беруге  болмайды. Бірден
ескертемін, мұндай зорлық-зомбылықты қатаң жазалау керек», - деп
ашық айтты [1].
Біздің  қоғамымыздың  саулығы  отбасы-тұрмыстық  қарым-
қатынастағы  зорлық-зомбылықтан  зардап  шегуде. Ол  отбасының
бұзылуына  əкеліп, кəмелетке  толмағандардың  дамып-жетілуіне  кері
əсерін  тигізуде. Соған  қоса  отбасылық-тұрмыстық  қарым-қатынас
саласындағы  құқық  бұзушылық  отбасы  аясынан  шығып  өзге  де
əлеуметтік  саладағы  өзара  қарым-қатынастарға, яғни  көршілік,
достық, өндірістік жəне т.б. қарым-қатынастарға кері əсерін тигізеді.
Құқық 
бұзушылықтың  профилактикасы  саласында  ІІО
қызметкерінің 
ұйымдастырушылық-басқарушылық 
қызметінің
желтілдірілген  механизмін  анықтау  жəне  əдеттегі  міндеттерді
орындаумен  қатар  тұрмыстық  зорлық-зомбылық  профилактикасы
субъектілерімен  өзара  əрекететсуді  жүзеге  асыру  осы  əдістемелік
ұсынымдардың мақсаты болып табылады.
Отбасылық-тұрмыстық  зорлық-зомбылықтан  жапа  шеккен
азаматтарға  көмек  көрсету  кезінде  ішкі  істер  органдарының


7
міндеттері:
1) қылмыс  туралы  ақпаратты  қабылдау  жəне  тіркеу, жедел-
тергеу шараларын өткізу;
2) тұрмыстық  зорлық-зомбылық  жасаған  тұлғаларға  қатысты
бұлтартпау шаралары мен өзге де мəжбүрлеу шараларын қолдану;
3) қылмыстық  іс  немесе  əкімшілік  іс  қозғау, материалды  сотқа
тапсыру;
4) қылмысты қайталаудың алдын алу шараларын жүргізу;
5) зорлық-зомбылықтан 
жапа 
шеккен 
азаматтарды
ведомствоаралық  өзара  əрекеттесу  туралы  тұрмыстық  зорлық-
зомбылық  профилактикасы  субъектілерінің  келісімінде  көзделген
тəртіпте  денсаулық  сақтау  жəне  əлеуметтік  қорғау  мекемелеріне
бағыттау (ақпараттанған  келісімге  қол  қоюды, тапсыруды  қоса
алғанда).
Құқық  қорғау  органдарының  ескерту  қызметінде  учаскелік
полиция  инспекторларының  бөлімшесі  айрықша  орын  алады, себебі
олар  өзіне  бөлінген  əкімшілік  учаскілерде  тұрмыстық  зорлық-
зомбылық  жасаған  тұлғаларды  анықтайды  жəне  бақылауға  алады.
Сондай-ақ  олар  тұрмыстағы  ережелерді  тұрақты  бұзатын, қоғамдық
орындарда  өздерін  тəртіпсіз  ұстайтын, спирттік  ішкілікке  салынған
тұлғалармен профилактикалық жұмыс жүргізеді. Сонымен, учаскелік
полиция  инспекторының  қолында  отбасындағы  əйелдің  құқықтары
мен  заңды  мүдделеріне  қол  сұғу  фактілері  болса,  онда  ол  бұндай
зорлық-зомбылықты тоқтату үшін жəне оның əр түрлі нысандарының
өмір  мен  денсаулыққа  қауіп  келтіретін  қылмысқа  айналынуына  жол
бермеу үшін бірқатар шараларды жүзеге асыруы тиіс.


8
1. ТҰРМЫСТЫҚ  ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ  ТҮРЛЕРІ  БОЙЫНША
ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР
АДАМДЫ  ҚАНАУ – Қазақстан  Республикасының  заңдарында
көзделген жағдайларды қоспағанда, кiнəлi адамның мəжбүрлi еңбекті,
яғни адам оны орындау үшiн өз қызметтерiн ерiктi түрде ұсынбаған,
осы  адамнан  күш  қолдану  немесе  оны  қолдану  қатерін  төндіру
арқылы  талап  етiлетiн  кез  келген  жұмысты  немесе  қызметті
пайдалануы (ҚР ҚК-нің 3-б.).
АЙТАРЛЫҚТАЙ  ЗАЛАЛ (АЙТАРЛЫҚТАЙ  МӨЛШЕР)  –
ҚР  ҚК  202  б.  «Бөтеннің  мүлкін  қасақана  жою  немесе  бүлдiру»  -
айлық  есептік  көрсеткіштен  бір  жүз  есе  асатын  сомадағы  залал (ҚР
ҚК-нің 3-б.).
АСА ІРІ  ЗАЛАЛ (АСА  ІРІ  МӨЛШЕР)  -  ҚР  ҚК  204  б.
«Бөтеннің  мүлкін  абайсызда  жою  немесе  бүлдіру» - айлық  есептік
көрсеткіштен  екі  мың  есе  асатын  мүлік  құны  немесе  залал  мөлшері
(ҚР ҚК-нің 3-б.).
АУЫР  ЗАРДАПТАР – осы  Кодексте  көзделген  қылмыстық
құқық  бұзушылық  құрамының  белгісі  ретінде  көрсетілмеген
жағдайлардағы мынадай зардаптар:
1) адам өлiмi;
2) екі немесе одан да көп адамның өлiмi;
3) жəбірленушінің  немесе  оның  жақынының (жақындарының)
өзiн-өзi өлтiруі;
4)  денсаулыққа  ауыр  зиян  келтіру;  екі  немесе  одан  да  көп
адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру;
5) адамдардың жаппай сырқаттануы, ауру жұқтыруы, сəулеленуі
немесе улануы;
6) халық  денсаулығы  мен  қоршаған  орта  жай-күйінің
нашарлауы;
7) қаламаған жүктіліктің болуы;
8) ірі немесе аса ірі залал келтіру;
9) келтірілген  зиянның  ауырлығын  куəландыратын  өзге  де


9
зардаптар (ҚР ҚК-нің 3-б.).
ДЕНСАУЛЫҚҚА  АУЫР  ЗИЯН – адамның  денсаулығына,
оның  өміріне  қауіпті  зиян  не  денсаулыққа: көру, сөйлеу, есту
қабілетінен  немесе  қандай  да  бір  ағзадан  айырылуға; ағзаның  өз
функцияларын  жоғалтуына; бет-əлпетінің  қалпына  келмейтіндей
бұзылуына; жалпы  еңбек  қабілетінің  кемінде  үштен  бірін
айтарлықтай  тұрақты  түрде  жоғалтумен  ұласқан  денсаулықтың
бұзылуына; кəсіби еңбек қабілетін толық жоғалтуға; жүктілікті үзуге;
психиканың  бұзылуына; нашақорлықпен  немесе  уытқұмарлықпен
ауыруға əкеп соққан өзге де зиян (ҚР ҚК-нің 3-б.).
ДЕНСАУЛЫҚҚА АУЫРЛЫҒЫ ОРТАША ЗИЯН – адамның
денсаулығына, оның  өміріне  қауіпті  емес, денсаулықтың  ұзақ  уақыт
(жиырма бір күннен астам мерзімге) бұзылуына немесе жалпы еңбек
қабілетін (үштен  бір  бөлігінен  кем) тұрақты  түрде  айтарлықтай
жоғалтуға əкеп соққан зиян (ҚР ҚК-нің 3-б.).
ДЕНСАУЛЫҚҚА  ЖЕҢІЛ  ЗИЯН  –  денсаулықтың  қысқа
мерзімге (жиырма  бір  күннен аспайтын мерзімге) бұзылуына  немесе
жалпы  еңбек  қабiлетiн  (оннан  бiр  бөлігiнен  кем)  тұрақты  түрде
болмашы  жоғалтуға  əкеп соққан  адамның  денсаулығына  келтірілген
зиян (ҚР ҚК-нің 3-б.).
ЕЛЕУЛI ЗИЯН – осы  Кодексте  көзделген  қылмыстық  құқық
бұзушылық құрамының белгісі ретінде көрсетілмеген жағдайлардағы
мынадай зардаптар:
1) адамның  жəне  азаматтың  конституциялық  құқықтары  мен
бостандықтарын, ұйымдардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін,
қоғамның жəне мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін бұзу;
2) айтарлықтай залал келтіру; жəбірленуші адамда өмірлік қиын
жағдайдың туындауы (ҚР ҚК-нің 3-б.).
ЖАҚЫНДАУҒА  ТЫЙЫМ  САЛУ  жəбірленушіні  жəне  іске
қатысатын  өзге  адамдарды  қорғау  мақсатында  күдіктінің,
айыпталушының, сотталушының  оларды  іздестіруін, олардың  ізіне
түсуін, оларға баруын, олармен телефон арқылы сөйлесуін жəне өзге
де  тəсілдермен  қарым-қатынас  жасауын  шектеуден  тұрады (ҚР
ҚІЖК-нің 165-б.).


жүктеу 456,13 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау