27
10) прокурор алдында қорғау нұсқамасының қолданылу
мерзімін ұзартуға санкция беру туралы өтініш жасайды;
11) əкімшілік ұстауды жүргізеді;
12) сот алдында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның
мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы өтініш жасайды;
13) қылмыстық ізге түсуді, əкімшілік құқық бұзушылық туралы
істер жүргізуді жүзеге асырады;
14) қылмыстық іс жүргізудің мəжбүрлеу шараларын қолданады;
15) жəбірленуші
қауіпсіздігінің
қылмыстық-құқықтық
шараларын қолданады;
16) ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін тұрмыстық
зорлық-зомбылық профилактикасы мəселелері бойынша арнайы оқу
курстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
28
4. ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ФАКТІСІ ТУРАЛЫ
АҚПАРАТ ТҮСКЕН КЕЗДЕГІ ІІО-ның БАСТАПҚЫ ІС-ƏРЕКЕТТЕРІ
Қазіргі уақытта түрлі объективті жəне субъективті себептерге
байланысты көпшіліктің санасында тұрмыстық зорлық-зомбылық
фактісі бойынша полицияға шағынудың пайдасыз екендігі, бұл оң
нəтиже бермейді, əділетті орнатпайды деген тұрақты пікір
қалыптасқан; арыз-шағым қағаз жүзінде қалады, не болмаса полиция
қылмыстық іс қозғаудан бас тартады. Сол себепті де осындай
жағдайда адамдардың көбі өз мəселелерін өз беттерінше шешуге
тырысады. Алайда мұндай ахуалдың жəбірленуші үшін де, қоғам
үшін де оң нəтижесінен гөрі теріс нəтижесі молырақ.
Қоғам
алдындағы
полицияның
жағымды
келбеті
ведомствоаралық өзара əрекеттесу арқылы қалыптасуы мүмкін, оған
қатысушылар тиімді тілдесімді орнатады, оның ішінде полиция мен
күйзеліске душар болған адамдар арасындағы азаматтарға қамқорлық
көрсету мен өзара сенімділік орнатуға негізделген өзара
əрекеттесудің қалыптасуына өз əсерін тигізеді.
4.1 Психологиялық зорлық-зомбылық
ҚР ƏҚБК-нің 73-бабымен көзделген əкімшілік құқық
бұзушылықтың жіктеу белгілері: балағаттау, ар-намысына тиіп
сөйлеу, кемсіту, үй тұрмыстық заттарды бүлдіру жəне құқық
бұзушымен отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынаста тұрған азаматқа
қатысты əдепсіздік таныту.
Осындай құқық бұзушылыққа құлақ асу төмендегідей өтуі тиіс:
1) бұндай ақпарат жеткенде ІІО кезекшісінің міндеттері:
- шағымданушы туралы нақты мəліметтерді, яғни тұрғылықты
жерін, отбасылық-тұрмыстық кикілжің болған уақытын, орнын
анықтау;
- хабарламаны белгіленген тəртіпте оның түскен уақытын,
шағымданушы жөніндегі немесе тұрмыстық кикілжің туралы
хабарлар
жөніндегі
мəліметті
қолдана
отырып
тіркеу.
Жəбірленушінің өзі ІІО-на келгенде, оған анықтама қағазын беру (2-
қосымша);
- тұрмыстық кикілжің болған орынға учаскелік полиция
29
инспекторын жəне оның көмешісін жіберу;
- егер құқық бұзушының жеке басы белгілі болса, онда
жергілікті жəне орталық автоматтандырылған мəліметтер жинағынан
қарап тексеріп, егер қызықтыратын мəлімет табылса (мысалы, бұзақы
əуесқой аңшы болуы мүмкін), оны оқиға орнына кеткен полиция
қызметкеріне хабарлау;
- учаскелік полиция инспекторымен тұрақты байланыста
болып, қажет болғанда ең жақын орналасқан полиция наряды
қатарынан немесе шұғыл бөлімше наряды қатарынан тиісті көмек
ұйымдастыру;
2) учаскелік полиция инспекторының оқиға орнына
келгендегі міндеттері:
- психологиялық зорлық-зомбылық көрген жəбірленушіден
шағым алу, оған анықтама қағазын беру;
- жəбірленушіден, куəгерден, құқық бұзушыдан жауап алу;
- егер құқық бұзушы үй тұрмысы затына зиян келтірсе, онда
ҚР ƏҚБК-нің 627-бабы тəртібінде тексеру хаттамасын толтыруы (3-
қосымша);
- құқық бұзушының жеке басын анықтау: аты-жөнін, жасы,
азаматтығын, заңды жауапкершілікке иммунитетін;
- тұрмыстық психологиялық зорлық-зомбылық жасаған
тұлғаның физикалық жағдайын анықтау; мастығын, мүгедектігін,
созылмалы ауруын, дене жарақаттарын;
- құқық бұзушыны əкімшілік ұстау немесе қорғау өкімін
шығару үшін ІІО-на жеткізу (4 жəне 5-қосымшалар);
- егер құқық бұзушы тұрмыстық психологиялық зорлық-
зомбылықты бірінші рет жасап отырса, өкініп, қайталамауға уəде
берсе, ІІО-ның бастығы қорғау өкімін шығару жөнінде шешім
қабылдауы тиіс;
- егер құқық бұзушы өз кінəсін мойындамаса, қорғау өкімінің
шектеулерімен келіспесе немесе құқық бұзушы қорғау өкімі туралы
қаулыға қол қоюдан бас тартса, онда құқық бұзушы сотта сұрақ
шешілгенге дейін əкімшілік тəртіппен ұсталуы тиіс, бірақ ол 48
сағаттан аспауы тиіс (ҚР ƏҚБК-нің 622-бабының 3-бөлімі) [10];
- құқық бұзушы ұсталған жағдайда учаскелік полиция
инспекторы хаттама толтырады, жеке тұлғаның заттары мен
құжаттарының тіркелгені жөнінде хаттама толтыру (ҚР ƏҚБтК-нің
628-бабы) (6-қосымша);
- КУЗИ–де материалды тіркеу;
30
- психологиялық зорлық-зомбылық құрбанына қажет болса
Дағдарыс орталығына баруына немесе білікті психологиялық көмек
көрсететін өзге де ұйымдарға жүгінуге кеңес беру;
3) əйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғайтын бөлімше штат
саны жеткіліксіз болғандықтан, өз бетінше психологиялық зорлық
фактісіне құлақ аса алмайды. Олардың қызметін реттейтін
ведомстволық Нұсқаулыққа сай олар ішкі істер органдары
бөлімшелерінің əйелдерге қатысты зорлықты ескерту, тоқтату
сұрақтары жөніндегі қызметін үйлестіруге міндетті [11].
Жоғарыда айтылған Нұсқаулық ережелеріне сəйкес олар
төмендегі іс-əрекеттерді жүзеге асырады:
1) тұрмыстағы зорлық-зомбылық фактілері туралы ақпаратты
күн сайын учаскелік полиция инспекторынан, кəмелетке толмағандар
ісі жөніндегі комиссиядан, криминалды полиция қызметкерлерінен
жəне аумақтық ІІО-ның кезекші бөлімінен алып отырады;
2) тұрмыстық отбасылық қарым-қатынаста əйелге қатысты
құқыққа қайшы іс-əрекет жасаған тұлғаны ішкі істер органына
шақыртады, зорлыққа итермелеген себептер мен шарттарды зерттеуге
қажет түсініктеме алады;
3) əйелдерге қатысты зорлық белгілері бар құқық бұзушылық
пен қылмысқа итермелеген себептер мен шарттарды анықтауға қажет
ақпаратты алу үшін мекемелер, кəсіпорындар,ұйымдар, барлық
жекеменшік нышандары, оқу орындары басшыларына, лауазымды
тұлғаларға сұраныс жібереді;
4) психологиялық зорлық-зомбылық фактілері анықталған
жағдайда Қазақстан Республикасының «Тұрмыстағы зорлық-
зомбылықтың алдын алу туралы» Заңымен қарастырылған жеке
профилактикалық шараларды қабылдайды;
5) əйелдерге қатысты зорлықтың қосымша фактілерін анықтау
мақсатында Дағдарыс орталықтарымен бірлесіп əрекет жасайды жəне
заңнамамен бекітілген шаралар қабылдайды;
6) əйелдердің конституциялық құқықтары мен бостандықтары
бұзылғаны туралы жеке жəне заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын
қарайды.
Достарыңызбен бөлісу: |