31
4.2 Күш көрсету зорлық-зомбылығы
Кісі
өліміне
əкелген
тұрмыстық
зорлық-зомбылық
жасалғаны туралы хабарлама (шағым) түскенде ІІО кезекшісі
міндетті:
1) келесіні анықтауға:
- жасалған қылмыстың уақытын, орнын, қылмыс жағдайын;
қылмыс туралы хабарлаған тұлғаның жеке басын;
- егер ол мəлім болса, жəбірленушінің жеке басын;
- күдіктінің жеке басының белгілерін, қару қолданғанын, қашу
жолдарын жəне оның жасырынған жерін;
- қылмысқа куəгер адамның жеке басын;
2) алынған уақыты, шағымданушы туралы мəліметтер немесе
қылмыс туралы хабарлаған адам туралы мəліметтер көрсетілген
хабарламаны бекітілген тəртіпте тіркеуге [12], арызданушыға
анықтама қағазын беруге [13].
3) оқиға орнын күзету үшін, күдіктіні ізін суытпай ұстау үшін
тез арада жақын орналасқан полиция нарядын, осы аумаққа қызмет
көрсететін учаскелік полиция инспекторын жіберуге;
4) қылмыс туралы ІІО-ның бастығына немесе оның міндетін
атқарушы тұлғаға жəне жоғары тұрған ішкі істер органының кезекші
бөліміне баяндауға;
5) жасалған қылмыс туралы прокурорға хабарлауға;
6) ІІО-ның кешенді полиция күшін жəне көршілес ІІО-ын
күдіктіні іздестіруге бағыттайды;
7) жəбірленушінің өлімі фактісін анықтау үшін, сондай-ақ басқа
жəбірленушілерге жедел көмек көрсету үшін қылмыс оқиғасы болған
орынға медициналық жедел жəрдем жіберуге;
8) құрамында: тергеуші, сарапшы криминалист, сот-медицина
сарапшысы, инспектор-кинолог бар шұғыл іздестіру тобын
ұйымдастыруға, қажет болса, криминалды полиция бөлімшесінің
қызметкерін қылмыс орнына жіберуге;
9) ІІО-ның қызметкерлерімен, шұғыл іздестіру тобымен оқиға
орнындағы қылмыс жасаудың мəн-жайы мен себептерін анықтайтын
мəлімет алу мақсатында, қылмысты ашу бойынша қосымша шара
қабылдауға қажет басқа да мəлімет алу мақсатында тұрақты
байланыста болуға;
32
10) оқиға орнында жұмыс аяқталған соң, шұғыл іздестіру тобы
қайтыс болған адамның мəйітін сот-медициналық мəйітханаға
жеткізуін ұйымдастыруға;
11) қабылданған шаралар туралы ІІО-ның бастығына,
жоғарыда тұрған ІІО-ның кезекші бөліміне баяндауға жəне əрі қарай
солардың нұсқауларын орындауға.
Денсаулыққа
зиян
келтірген
тұрмыстық
зорлық-
зомбылықтың жасалуы туралы хабар (шағым) түскенде ІІО
кезекшісі міндетті:
1) келесіні анықтауға:
- жасалған қылмыстың уақытын, орнын, қылмыс жағдайын;
- қылмыс туралы хабарлаған тұлғаның жеке басын;
- жəбірленушінің (жəбірленуші тұлғалардың) жеке басын жəне
оның хал-жағдайын;
- қылмысқа куəгер адамның жеке басын;
- күдіктінің жеке басының белгілерін, қару қолданғанын, қашу
жолдарын жəне оның жасырынған жерін;
2) хабарламаның (өтінішті) бекітілген тəртіпте алынған
уақытын, шағымданушының немесе қылмыс туралы хабарлаған
тұлғаның анкеттік мəліметтерін көрсетіп, тіркеуге;
3) оқиға болған орынды күзету жəне қылмыс жасауға күдікті
тұлғаларды ұстау үшін тез арада ізін суытпай жақын орналасқан
полиция нарядын, осы аумаққа қызмет көрсететін учаскелік полиция
инспекторын жіберуге;
4) қылмыс туралы ішкі істер органы бастығына жəне жоғары
тұрған ішкі істер органының кезекші бөліміне баяндауға;
5) оқиға болған орынға жəбірленуші тұлғаға көмек көрсету үшін
жедел медициналық жəрдемді жіберуге;
6) КСП нарыдымен көршілес ІІО-ны қылмыс жасауға күдікті
тұлғаны іздестіруге (егер ол ізін суытса) бағыттауға;
7) құрамында: тергеуші, сарапшы криминалист, сот-медицина
сарапшысы, инспектор-кинолог, қажет болса, криминалдық полиция
қызметкері бар шұғыл іздестіру тобының оқиға орнына баруын
ұйымдастыруға;
8) ІІО-ның қызметкерлерімен, шұғыл іздестіру тобымен оқиға
орнындағы қылмыс жасаудың мəн-жайы мен себептерін анықтайтын
мəлімет алу мақсатында, қылмысты ашу бойынша қосымша шара
қабылдауға қажет басқа да мəлімет алу мақсатында, қылмыс жасауға
33
күдікті тұлғалардың белгілерін (егер ол ізін суытып үлгірсе) жəне
қылмысты ашу бойынша қосымша шара қабылдауға қажетті басқа да
мəлімет алу мақсатында тұрақты байланыста болуға;
9) қабылданған шаралар туралы ІІО-ның бастығына, жоғарыда
тұрған ІІО-ның кезекші бөліміне баяндауға жəне əрі қарай солардың
нұсқауларын іс-əрекет етуге.
Тұрмыста тəн зорлығын қолданып əкімшілік құқық
бұзушылық жасалғаны туралы ақпарат алынғанда
Мұндай əкімшілік қылықтар мыналар болуы мүмкін:
1) тəн ауруын келтіретін, бірақ денсаулыққа қасақана зиян
келтірмейтін ұрып-соғу немесе өзге де зорлық іс-əрекеттері (ҚР ҚК-
нің 109-бабы);
2) абайсызда денсаулыққа орташа ауыр зиян келтіру, егер бұл
əрекетте қылмыстық жазаланатын белгілер болмаса (ҚР ҚК-нің 107-
бабы);
3) денсаулыққа қысқа мерзімге нұқсан келтірген немесе жалпы
еңбекке қабілеттілігін төмендетіп, денсаулығына қасақана жеңіл зиян
келтіру (ҚР ҚК-нің 108-бабы);
Құқық бұзу туралы мəліметтер келіп түскенде, келесі іс-
əрекеттер жасалуы қажет:
1) аталған ақпарат келіп түскенде, ІІО-ның кезекшісі міндетті:
-
шағымданушының,
жəбірленушінің
анықтамалық
мəліметтерін: тұрғылықты жері, отбасылық-тұрмыстық дау-
жанжалдың болған уақытын, орны мен себептерін, мəн-жайын
айқындауға;
- хабарламаның, өтініштің түскен уақытын, шағымданушы
немесе тұрмыстық жанжал туралы хабарлаған тұлғаның анкеттік
мəліметтерін көрсетіп, белгілеген тəртіпте тіркеуге. Тұрмыстық
зорлық-зомбылық құрбаны ІІО-ның кезекші бөліміне өзі келсе,
шағымданушыға ескерту талонын беруге;
- тұрмыстық жанжал орнына учаскелік полиция инспекторының
жəне оның көмекшісін жіберуге;
- тұрмыстық жанжал орнына жедел медициналық көмек көлігін
жіберуге (қажет болса);
- егер құқық бұзушының жеке басы белгілі болса, онда оны
жергілікті
жəне
орталық
автоматтандырылған
мəліметтер
базасындағы есепте тұрғандар тізімінен тексеру керек жəне ерекше
қызықтыратын мəлімет табылса (мысалы, тұрмыстық бұзақы əуесқой
Достарыңызбен бөлісу: |