16
зомбылық туралы айтылғанда, көбінесе айуан ата-ананың бейнесі,
маскүнемнің бейнесі немесе баланың қиналғанынан лəззат алатын
жүйке ауруына шалдыққан адамның бейнесі көз алдымызға келеді.
Ал дене жазалауы туралы айтылғанда, өз баласының тағдыры үшін
алаңдайтын кəдімгі ата-ана көз алдымызға елестейді. Ішкі істер
органдары қызметкерлері аталған жайттардың барлығын тұрмыстық
күш көрсету зорлық-зомбылығына жатқызып, тиісті алдын ала
шараларын қабылдауы керек.
Бұрын тұрмыстық күш көрсету зорлық-зомбылығы Қазақстан
Республикасының ҚР ƏҚБК-нің «
Жеке адамға қол сұғатын жəне
отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы əкiмшiлiк құқық
бұзушылықтар
» атты 9-1-тарауында қамтылған нақты баптары
бойынша жазалануға жататын. Жаңа кодификацияланған заңнаманы
қабылдауға байланысты аталған құқық бұзушылықтар қылмыстық
теріс қылық мəртебесіне ие болды жəне құқық
бұзушылықтың жалпы
объектісін жоғалтты, себебі ҚР ҚК-нде Ерекше бөлімінің "Отбасы-
тұрмыстық қатынастар саласындағы əкiмшiлiк құқық бұзушылықтар"
атты арнай тарау жоқ.
Тұрмыстық күш көрсету зорлық-зомбылығы көп жағдайда
қылмыстық заңмен қылмыстық жаза көзделген ауыр қылмыстар
қатарына жататын тиісті іс-əрекетке ұласып кетеді. Халық
арасындағы «тұрмыстағы зорлықшы – бұл болашақ кісі өлтіруші»
деген пікір текке айтылмаған.
Сонымен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне
сəйкес отбасылық зорлықпен тікелей байланысты немесе мақсаты
осындай зорлық-зомбылық болып табылатын жеке тұлғаға қарсы
қылмыстарға, мəселен, кісі өлтіруді, жəбірленушінің денсаулығына
кез-келген ауырлықтағы қасақана зиян келтіруді жатқызуға болады.
Мұндай жағдайларда құқық қорғау органдарының қызметкерлері
шиеленісудің бастапқы кезеңінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың
белгілерін анықтамаған, ал ішкі істер органдарының қызметкерлері
Қылмыстық жəне Қылмыстық іс жүргізу кодексін басшылыққа алуы
тиіс деп есептеу қажет. Ал профилактика туралы сөз тек қана
тұрмыстық зорлық жасаған тұлға қоғамнан
оқшаулаумен байланысты
емес қылмыстық жазаға татартылғанда қозғалады.
17
2.2 Психологиялық зорлық
Психологиялық зорлық-зомбылық –
адамның психикасына
қасақана əсер ету, қорқыту-үркіту, балағаттау, бопсалау арқылы
адамның ар-намысын таптау немесе құқық бұзушылыққа
мəжбүрлеу, немесе өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін іс-
əрекетке мəжбүрлеу, сондай-ақ психологиялық, тəн, тұлғалық
дамуын тежейтін іс-əрекет.
Зорлық-зомбылықтың бұл түрі кей жағдайда эмоциялық деп те
аталады – дөрекі, анайы, ұстамсыз мінез-құлықтың нəтижесі. Ол
дөрекі сөйлесу, қатыгез əрі əділетсіз тыйым салу, əдепсіз түрде
менсінбеу жəне т.б. түрде көрінеді. Мұндай зорлық-зомбылық
тəжірибесі билік пен мансаптың, іріліктің уақытша елесін тудырады,
ал іс жүзінде зорлық-зомбылықтың бұл түрі қарама-қарсы мəнге ие –
бұл адам өте əлсіз. Сол себепті де ол өзінен де əлсіздеу құрбанды
таңдайды [18, 66 б.].
Психологиялық зорлық-зомбылық ретінде жіктелетін мінез-
құлық ең алдымен мынадай:
1)өзгелердің көзінше мұқату, кекету, мысқылдау, атқарылған үй
шаруасын кекету, пікірімен санаспау;
2)жақындарымен жəне отбасымен байланысын қиындататын
жəне мүмкін етпейтін телефон арқылы сөйлесулерді бақылау мен үзіп
тастау; кіммен жəне қайда
кездесу керектігін мойындату;
3)жұбайына қысым көрсету, оның ішінде ол жөнінде ойдан
шығарылған əңгіме негізінде себепсіз кінəлау, айқай-шу, тіптен
кекетіп-мұқату, балаларды, ақшаны, көлікті
тартып алу;
4)қорқыту, үркіту, əріптесінің мүлкін жою, қол астындағы
заттарды лақтыру, пышақ кезену.
Тұрмыстағы психологиялық зорлық-зомбылық үшін құқықтық
жауапкершілік ҚР ƏҚБК-нің «Отбасы-тұрмыстық қатынастар
аясындағы құқыққа қарсы əрекеттер» атты 73-бабында көзделген,
оның диспозициясы бойынша: «егер бұл əрекеттерде қылмыстық
жазаланатын іс-əрекет белгiлерi болмаса» деп көзделгендіктен,
тұрмыстағы психологиялық зорлық-зомбылықтың бəсекелес құқық
нормалары ретінде ҚР КК-нің келесі нормаларын есептеу керек: 115-
бап "Қорқыту", 131-бап "Қорлау", 202-бап "Бөтеннің мүлкін
қасақана
жою немесе бүлдiру", 204-бап "Бөтеннің мүлкін абайсызда жою