45
4 сҧрақ. «Жұмыс орнын бӛлу» – екі қызметкер арасындағы, сонымен қатар жұмыс
уақытын қысқартудағы тоқырау тәртібіне қатысты. Оған дәлел мұндай тәртіпті қолданудағы
түрі мен мақсаты жӛніндегі 1983 ж. Ұлыбританияның еңбеккер қамту туралы министрлігінің
жасаған мәлімдемесі.
Мәлімдемесінде «жұмыс орнын бӛлу бағдарламасы» – сізді кадр жӛнінде қабылдайтын
қатеден ұстап қалады делінген.
Егер, сіздің фирмаңыз ӛндіріс шығынын қысқартуды іздесе, оның бірден-бір дұрыс жолы
персоналдар шығынын қысқарту болып табылады. Бірақ, шешімнің теріс тиімділігі де
болады. Сіз білікті кадрларды жоғалтасыз және ӛндірісті қайта кеңейту кезінде оқыған
персоналдардың жетіспеу фактісіне душар боласыз. «Жұмыс орнын бӛлу» жоспары сізге
балама жасау мүмкіндігін береді. Ол жоспардың қысқаша қорытындысы бір жұмыс орнын екі
адамға бӛлу. Олар жұмыс сағатын, еңбек ақысын, демалыс, әлеуметтік тӛлем және жеңілдікті
бӛлуге ол бұл кейбір шығындарды кӛбейтуге ұластырады. Бірақ та үкімет сізге әрбір бӛлінген
жұмыс орнына 450 мың ф.ст. береді. Бұл жұмыс орнын бӛлісуге байланысты шығынның
толық болмағанмен бір бӛлігін жабады. «Жұмыс орнын бӛлу» сіздің саясатыңыздың белгілі
икемділігін қамтамасыз етеді, ол білікті кадрларды ұстап қалуға жәрдем береді.
.
9 тақырып. ҚР-дағы еңбек нарығының жағдайы мен оның даму болашағы
Дәріс мақсаты: Қазақстан еңбек нарығының моделі, оның қалыптасу перспективалары.
Қазақстан еңбек нарығының аймақтық және ұлттық ерекшеліктері. Аймақтық еңбек
нарығында жағдайды бағалау.
Дәріс жоспары:
Еңбек нарығының модельдері.
ҚР-ның еңбек нарығында жұмыссыздық пен жұмыстылық жағдайын талдау.
1 сҧрақ. Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін сату және сатып алу процесі ӛтетін нарықтық
ерекше түрі. Дәл осы жерде оның құны мен жалдау шарты бағаланады.
Еңбек нарығы – бұл экономиканың ахуалын, халықтың жұмысбастылығының ӛсімі мен
кӛлемін, кәсіби-маманданған, демографиялық және басқа да салалардағы белгілермен
жұмыссыздықтың құрылымы мен кӛлемін бейнелейтін айна. Осы жағдай АҚШ-тағы еңбек
нарығындағы айқын бейнеленеді. Кейбір жерлерге салалық құрылымда екі жақты пікір
қарастырылады:
Ауыл шаруашылығындағы жұмысбастылар салының күрт қысқаруы мен олардың қызмет
кӛрсету аумағындағы ӛзгеше үлкеюі, яғни қоғамдық еңбектің кеңеюі мен оның ондағы
атқарушы аумақпен байланыстылығында.
2 сҧрақ. Дәл осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасында еңбек нарығында болған емес.
Нарықтық экономикаға ӛту осы нарықтың бар болуымен белгілі. Еңбек нарығы – бұл
жұмысшы күшін тауар секілді емес, алып-сату негізіндегі экономикалық қатынастар жүйесі.
Еңбектің ықпалымен әрбір жұмыс орнының құны артып, жұмысшыларға жоғарғы дәрежелі
еңбектің еріксіз кӛтерілуіне әкеледі. Нарық әлсіздер, еңбекке жарамсыздар мен жалқауларды
аямайды. ҚР-да құрылған еңбек нарығы нақты еңбек нарығынан айрықшаланады. Еңбек
азығы әсер ететін нарықта ұсыныс пен сұраныс заңдары жүреді. Бұл жерде жұмыс күшін
сатушылар мен сатып алушылар кездеседі. Жұмыс күшіне қабілеті бар, ӛзінің күшін
ұсынатын жұмысшы-сатушы болып табылады. Еңбек ұғымы мен кәсіпкерлер жұмыс күшін
сатып алушылар ретінде алға шығады. Біздің елімізде жұмыс күшінің әлеуметтік-
экономикалық табиғаты мен оны қорларымен біріктіру әдісі ретінде тану еңбек нарығын
46
түпкілікті түрде ӛзгертеді. Жұмыскүшінің нарығында кӛбіне қызметкерлердің ӛзі ұсынады да,
қанша уақыт жұмыс істегісі келеді, қанша уақытта басқа баламалы еңбек түрлеріне және
демалысқа пайдаланатын ӛзі анықтайды. Осы жоғарыда айтылған жұмысшы мен жұмыс
берушінің арасындағы қатынас экономиканың әр секторында, егер де жұмысшыны еңбекақы
қанағаттандырса, жалдану туралы келісімшарт мерзімін белгілейді. Еңбек нарығында
пайдаланатын «жұмыс – бос уақыт» дилемасы деген атқа ие болады. Еңбекақы жоғарылаған
сайын қызметкерлер жұмысты кӛп істеп, тіпті кӛрсетілген сағаттан артық істейтін болады.
Жұмыс уақыты ұзарған сайын еңбекақы да жоғарылай береді. Экономикалық әдебиетте бұл
жағдайды «орнын баса тұру» тиімділігі деген терминге ие болады. Бірақ, қызметкерлер бұл
уақытта еңбекақының әрі қарай жоғарылауына кемқұрайлы қарап, жұмыс уақытын бос
уақыты есебінен қысқарып, бос уақытты ӛзінің жеке басының немесе жанұясының бейнесін
кӛтеруге, демалыста спортпен шұғылдануға пайдаланады.
Еңбек ӛнімділігінің жалпы деңгейі капиталды қорларды, технологияларды, жетілген
ӛндіріс тәсілдерін кооперациялауға байланысты. Бірақ та еңбекті ұсыну ӛндірістің басқа
факторларымен салыстырғанда шектелген және жұмысшы күшіне сұраным белгіленген
болса, онда еңбекақының деңгейі кӛтеріңкі болады. Біздің экономикамыздың басқарудың
әкімшіл-әміршіл жүйесін нарықтық әдіске кӛшуі жұмыс күшінің босау процесін
интенсивтендіреді. ҚР-да халықтық жұмыс бастылығы жӛнінде арнаулы бағдарлама
әзірленді. Еңбек нарығындағы іс-шаралар нәтижесінде жұмыссыздарды қайта оқыту мен
жастарды, әйелдерді, мүгедектерді жұмысқа тарту шаралары қарастырылуда.
Республикалық экономикалық жағдайы еңбек нарығының күшеюіне әкеліп, осы уақытта
нақты заң шығарушы негізінің жоқтығымен сипатталып келе, жалданбалы еңбек күші мен
екінші жағынан жұмыс берушілер арасындағы қарым-қатынасты реттейді.
Осы кезеңде Республикадағы еңбек нарығы бір жақты негативте процестік сипатқа ие
болады: жұмыстан босаған еңбекшілер санының ӛсуі, жұмыс күшіне сұраныстың тӛмендеуіне
әкеледі.
Ауылдық жерлердегі жұмыссыздар саны – 106 есе артық шамаға ӛсті. Агроӛнеркәсіп және
жаңа агроқұрылымды реформалау жұмыс жұмыс орнын қысқартумен бірге келеді.
Бірақ, бюдинт есебінен 3,5 млрд. теңге ауыл шаруашылығында кіші және орта бизнесті
қолдау мен дамытуға бағытталып, жұмыссыздар жағдайы біршама жеңілдеуі мүмкін.
Республикадағы экономикалық қалыптасуы әрі қарай тӛмендеу мен дамыту, қайта ӛндіру
мен іске асыру шараларын қажет етіп, жұмыссыздықтың әлеуметтік маңызын жеңілдетуге
бағытталған. Жұмысшылық аумағындағы кӛрсетілген кӛзқарастарды есепке ала отырып,
еңбек нарығындағы жағдайды жақсарту, біздің пікіріміз бойынша:
Тұтас еңбек және әлеуметтік заңдылықтарды қайта қарау;
Жаңа және реформалауға жататын келбетсіз ӛнеркәсіптердің экономикалық
құрылымдарын қайта құру;
Қосымша жұмыс орнын ашу мақсатымен қаржы және салық саясатын ӛзгерту;
Шетелдік инвесторларды тарта отырып, қосымша бос орындарын ашатын кіші және орта
кәсіпкерліктің дамуын жеделдету;
Кадрлардың кәсіби даярлығынжақсарту;
Ішкі еңбек нарығын шетелдік жұмыс күшінен қорғау;
Жергілікті басқару органдарының аймақтық жұмысбастылық проблемаларын шешудегі
ролін жоғарылату;
Жұмыссыздардың әлеуметтік қорғалуын жақсартқанда ғана қол жеткізе аламыз.
10 тақырып. Қазіргі кезеңдегі еңбек нарығының кӛкейтесті мәселелері
Дәріс мақсаты: Қазақстанда еңбек нарығы тұрғызылуының ерекшеліктері мен жұмыстылық
саласындағы құрылымдық ілгерілуі. Нарықтық экономика кезеңіндегі еңбек нарығының
актуалды мәселелерін қарастыру