35
L
1 сурет. Еңбекке сҧраным қисық сызығы.
4 сҧрақ. Еңбеке сұраным қисық сызығының теріс сипаты бар. Егер барлық қалған талаптар
ӛзгертілмесе, жалақы мӛлшерлемесі ӛскен сайын, фирма жұмысшыларды аз жалдайды және
керісінше.
Қисық сызығының теріс сипатын түсіндіру үшін ӛнімділік концепциясы қолданылады.
Еңбек шығындардың бір бӛлігі және ӛндірістің бір факторы болып табылады. Теорияны
қарастырып отырып, неоклассикалық теория – бұл еңбектің азаймалы қайтарым теориясы. Біз
кәсіпорынды капиталдың (құрал-жабдықтың) белгіленген мӛлшерімен қарастырамыз.
Еңбектің шекті ӛнімділіг құрал-жабдықтың толық қолданысқа жетуіне дейін үлкейеді.
Еңбектің жалпы ӛнімділігі тӛменде кӛрсетіледі, мұнда еңбектің ӛнімділік қызметінен біз
еңбектің орташа нақты ӛнімділігін (АРРL) және еңбектің шекті нақты ӛнімділігін (МРРL) ала
аламыз.
Еңбекке сұранымды талдау үшін мынадай сұрақ туады: неге жұмыс берушілер
жұмысшыларды жалдайды? Олар мұны еңбек қамтамасыз ететін пайданы алу үшін ӛндірістік
мақсатта жасайды. Тауар мен қызметке тұтыну сұранысына қарағанда еңбекке сұраным туынды
сұраныс болып табылады, ол жалақы мӛлшерлемесі сияқты фирманың ӛндірісі мен ӛндірістік
факторларға кеткен шығынға байланысты.
Фирма жұмысшыларды жалдайды. әрбір қосымша жұмысшыны жалдау оның фирма үшін
ӛндіретін қосымша ӛнім кӛлеміне байланысты, яғни нақты шекті еңбекті (МRРL) есептеу керек.
Ары-қарай жұмыс беруші қосымша жұмыс күшін жалдаған кезде фирмамен алынатын
қосымша табыс есептеледі. Ол – еңбек ӛнімінің шекті табыстылығы (МRРL) деп аталады.
Дайын ӛнімнің мүлтіксіз бәсеке нарығнда фирма барлық ӛз ӛнімін нарық бағасымен Р
сатады. Егер фирма бағаны түсірмей қосымша ӛнім бірлігін сата алса, онда түсім сатылған
бірлік бағасына ӛседі. Шекті табыс пен баға тең. Еңбек ӛнімінің шекті табыстылығы (МRРL)
еңбек ӛнімінің бағасына (Р) кӛбейтілген еңбектің шекті ӛніміне (МРL) тең:
МRРL = МРL * Р
5 сҧрақ. Пайданы барынша кӛбейту үшін фирма еңбек ӛнімінің шекті табыстылығы жұмыс
күшінің қосымша бірлігін жалдауға кеткен шекті шығынмен теңдескеннен кейін ғана
жұмысшылар санын кӛбейте алады.
Еңбектің шекті шығындары (МС) фирманың жұмыс күшінің қосымша бірлігін жалдаған
кездегі қосымша шығындар болып табылады.
Жалақы мӛлшерлемесі қабылданатын жаңа жұмысшылар санына байланысты болмаса,
еңбектің шекті шығыны жалақы мӛлшерлемесіне тең болады.
Осыдан, жұмысшыларды оңтайлы жалдаудың келесі ережесі қалыптасады:
1. МRРL > W – фирма қосымша жұмысшыны жалдайды;
2. МRРL < W - фирма қосымша жұмысшыны жұмыстан шығарады;
3. МRРL = W – жұмысшылардың оңтайлы санының шарты.
Мұндағы, W – күнделікті жалақы.
Мүлтіксіз бәсекелі фирма жалақы деңгейі еңбек ӛнімінің шекті табыстылығына тең болған
жағдайда жұмысшылар санын белгілей отырып, пайданы барынша кӛбейтеді:
36
МRРL = W
5 тақырып. Аймақтық деңгейдегі кәсіпорындардың ішкі еңбек нарығын реттеу мен талдау
жҥйесі.
Дәріс мақсаты: ішкі еңбек нарығын реттеу мен талдау. Кәсіпорында жасырын жұмыссыздықты
болдырмау. Жұмыс орындарын құру мен сақтауға, жұмыс күшіне тӛлем қабілеттілік сұраныстың
жақсарту.
Дәріс жоспары:
1. Аймақтық деңгейдегі еңбек нарығын талдау.
2. Аймақтық деңгейдегі кәсіпорынның ішкі еңбек нарығын реттеу жүйесі (антидағдарыстық
шаралар).
1 сҧрақ. Еңбек нарығында экономикалық реформаның аймақтық қатарға кіру жолында сыни
(критикалық) жағдай пайда болды. Ол мыналармен сипатталады: дағдарыстық жағдайдан еңбек
нарығының тұжырымдарына бағытталған ішкі іс-әрекеттер мен шараларға, дағдарыстық жай-
күйдің ұдайы ӛндіріс жағдайының белгілі тенденцияларында аймақтық еңбек нарығының
«ӛздігінен реттеушілік» механизмінің жоғалуы.
Аймақтық еңбек нарығының жақсаруына ӛзінің сын жағдайларымен инерциялық процестер,
жұмысшыларды баяу алмастыру, жұмыс орындарына шектеулі ұсыныстар, жұмыссыздықтың
ұзақтығы кері әсерін тигізіп отыр. Аймақтық жағдайда жұмыссыздар санының жоғары деңгейде
тіркелуі жеткілікті тұрақты болып келеді.
Территорияның әлеуметтік, демографиялық және макроэкономикалық зерттеулеріндегі
кӛрсеткіштер еңбек нарығында сын жағдайлармен бірге тенденциялардың қабілетті дамуы пайда
болды деп немесе керісінше оның пайда болуына кері әсерін тигізеді деп кӛрсетті. Әрбір аймақта
еңбек нарығы ондағы ӛткізілетін саясатқа әлеуметтік, мәдени және еңбектік дәстүрмен
қалыптасқан ықпалын тигізумен құрылады. Еңбек нарығындағы сын жағдайларды қайта бӛлуде
қауіп-қатердің тӛну белгілерін аймақтың әлеуметтік сферасы мен экономикалық жағдайының
нашарлауында байқауға болады. Жұмыссыздық деңгейінің кӛрсеткіштеріне қарағанда еңбек
нарығындағы жағдайларға ӛзгерісіне тез әсер ететін бірнеше кӛрсеткіштер бар. Мұндай
кӛрсеткіштерге мыналар жатады: бір бос орындағы жұмыссыздар саны; жұмыссыздықтың
орташа ұзақтығы; «жасырын» жұмыссыздықтың масштабтары. Бір бос орынға келетін
жұмыссыздар саны еңбек нарығында тек сын жағдайлары бар аймақтарда ғана емес, сонымен
қатар тұрақтылық жағдайларымен ерекшеленетін аймақтарда да тез ӛсті.
Еңбек нарығындағы жағдайларды талдау кезінде бір бос орынға «жүктеменің» қосымша
кӛрсеткішін пайдалану, бір жағынан – сын жағдайлардың дамуын болжауға мүмкіндік берсе,
екінші жағынан – жұмыссыздар тіркелімінің деңгей кӛрсеткіштерінің дағдарыстық жағдайға
әсерін тигізеді.
Аймақтық еңбек нарығы жағдайының маңызды кӛрсеткіші жұмыссыздық орташа ұзақтығы
болып табылады. Жоғары ұзақтығымен ұштастырылған жұмыссыздар тіркелім деңгейі орташа
аймақтарға қарағанда, жоғары аймақтарда жұмыссыздар тіркелім деңгейі жұмыссыздықтың
орташа ұзақтығымен жақсы ұсынылған.
Аймақтық еңбек нарығындағы экономикалық реформалардың алғашқы жылында ең негізгі
дағдарыстық жағдайдың белгісі «жасырынды жұмыссыздық» болды. Бұл мыналармен
байланысты:
Мемлекеттің заңдық және нормативтік актілерін қабылдауда азаматтардың жаппай жұмыстан
босатылуын тежеу әлеуметтік шиеленістің ӛсімінің жалтырауына әкеледі;
Экономикалық реформалардың ӛзі және жұмыссыздықтың тез ӛсіміне әсер теуші заңдар қатары
жеткіліксіз тез дамыды.
Аймақтардың еңбек нарығындағы сын жағдайлардың тууы, кӛбінесе тұрғындар табысының
азаюына және ӛмір деңгейінің тӛмендеуіне, жұмыспен қамту формаларының нашарлауына,
қоғамның әлеуметтік құрылымының бұзылуына әкеліп соғады.